СЫНЫП: 5
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
5.Т/А4. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.
5. Т/ А5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру. 5.ӘТН1. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлесін ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.
5.Ж4. Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу.
|
Сабақ мақсаттары:
|
Барлық оқушылар орындай алады:
- тірек сөздерді таба алады, орфографиялық нормаға сай жаза алады;
- жетекші сұрақтарға жауап бере алады, үндестік заңын меңгере алады;
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
-негізгі ойды анықтай алады; эссе жазады; нақты сұрақтар қоя алады, оқиғаны сипаттап жаза алады;
|
Кейбір оқушылар орындай алады: тірек сөздердің мағынасын аша алады; эссені ерекше түрде құрастыра алады;
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады:
- тірек сөздермен жұмыс жасайды;
- сұрақтарды құрастырады және жауап береді;
-эссе құрастырып жаза алады.
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: бағдаршам, көлік, жол т.б.
|
Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Көлік және жол белгілері
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
Не себепті көлік түрлерін және жол белгілерін білу керек деп ойлайсыз?
|
ишара:бірін-бірі шапалақ арқылы қолдау.
|
Алдыңғы оқу
|
Көлік түрлерін біледі, бағдаршам түстерін ажыратады.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Басы
5 минут
|
Психологиялық жағымды ахуал тудыру
Сергіту сәті «Тілек тілеу»
Оқушыларды топқа бөлу (суреттер арқылы)
Сынып 3 топқа бөлінеді.
қызыл 1 –топ сары 2 –топ жасыл 3-топ
|
Бағдаршам, жол белгілері, көлік түрлері
|
Ортасы
15 минут
10 минут
10 минут
|
Сұрақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу
- Неліктен біз осы суреттерді алдық?
- Сабақтың тақырыбы қандай болмақ?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту, оқушыларға жеткізу
1-тапсырма Оқулықпен жұмыс (Жеке жұмыс) [О., Т]
Оқулықта берілген «Бағдаршам» атты мәтінмен танысу. INSERT әдісі арқылы оқушылар мәтіннің мазмұнымен танысады.
+ маңызды мәлімет – жаңа мәлімет
? түсінікті қажет ететін сөздер немесе сөйлемдер
Жұппен жұмыс [О., Ж] Түсінікті қажет ететін сөздермен жұмыс жасайды. Жұппен отырып оқушылар ол сөздердің мағынасын ашады, сөздік дәптерлеріне жазады.
Мысалы: бағдаршам, тоқта, дайындал, жүр т.б.
Топтық жұмыс Оқушылар мәтіннен тірек сөздерді табады, дәптерлеріне жазады. [Ж]
Бағалау критерийлері
|
Ойлау деңгейі
|
Дескрипторлары
|
Тірек сөздерді таба алады, INSERT әдісін қолданады
|
Қолдану, түсіну
|
Тірек сөздерді анықтайды. Мәтіндегі түсініксіз сөздердің мағынасын ашады. INSERT әдісін пайдалана алады.
|
Мәтіннің негізгі ойын анықтау мен сұрақтарға жауап беру жұмыстары
2-тапсырма Деңгейлік тапсырмалар
1-деңгей мәтіннен үндестік заңын табады ,
2-деңгей дыбыстар түрлерін ажыратады,
3-деңгей мәтіннен нақты ақпаратты анықтап, орфографиялық нормаға сай жасайды
Бағалау критерийлері
|
Ойлау деңгейі
|
Дескрипторлары
|
Негізгі ойды анықтайды, нақтылау сұрақтарына жауап береді,
мәтіннен үндестік заңын табады, орфографиялық нормаға сай жазады
|
қолдану, түсіну, жинақтау
|
Мәтіннің идеясын түсінеді.
Нақтылау сұрақтарын құрастырады.
Сұрақтарға жауап береді.
Мәтіннен үндестік заңын таба алады. Орфографиялық нормаға сай жаза алады.
|
Жеке жұмыс «Маған таныс көлік» тақырыбында әр топ өздеріне таныс көлік туралы эссе жазады.
Бағалау критерийлері
|
Ойлау деңгейі
|
Дескрипторлары
|
Эссенің құрылымын сақтайды, тақырыпты ашады;
|
қолдану, түсіну, жинақтау
|
Ойын тиянақты жеткізеді.
Эссенің құрылымын сақтай алады.
Тақырыпты аша алады;
|
Кері байланыс «2 жұлдыз, бір тілек»
|
оқулық, мәтін
түсіндірме сөздік
Бағдаршам, жол белгілері
|
Соңы
5 минут
|
Рефлексия «Бағдаршам» әдісі
|
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау – оқушыға
мейлінше қолдау
көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Қабілетті
оқушыға тапсырманы
қалай түрлендіресіз?
|
Бағалау - оқушы білімін
тексеруді қалай
жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс - Денсаулық жəне қауіпсіздік,АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тəрбие элементі).
|
Түсіндірме сөздік беру;
Көлік түрлерін көрсету;
Эссе жазудың талаптарын ұсыну;
|
Қ/Б:
Бағдаршам түстері арқылы бағалау;
«2 жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы
|
Дене шынықтыру сабағы, жол белгілерін, қауіпсіздік ережелерін сақтау;
|
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?
(тапсырмалар сəйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім жəне неге?
|
Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Сабақтың мақсаты мен міндеттеріне жеттім. Оқушылар көпшілік ортада қалай сөйлеу керек екенін білді. Көлік түрлерін білді, бағдаршам түстерін ажырата алды. Сабақ өз дәрежесінде өтті. Жоспарланған саралау жұмысы жақсы іске асты. Әр тапсырмаға берілген әдіс–тәсілдер сәйкес келіп отырды. Қазіргі таңда жаңартылған оқу бағдарламасын оқып, көптеген тың жаңалықтарды үйрендім. Уақытты тиімді пайдаландым. Қысқа мерзімді жоспар жасауды, критерий, дескриптор құруды үйрендім.
|
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)
1. Оқушылар «Көлік және жол белгілері» тақырыбы бойынша мәтінмен жұмыс жасай алды;
2. Эссені ерекше түрде жаза алды;
Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1. INSERT әдісі тиімді қолданылды.
2.Мәтінмен жұмысты қызыға орындады.
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
1.Үндестік заңы, емлесін ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға назар аудару;
2.Жол көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі бойынша өз ойларын білдіреді;
|