Графика. Орфография. Орфоэпия



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет90/152
Дата13.09.2023
өлшемі2,09 Mb.
#43345
түріМонография
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   152
fce55c58e23c15bef10aa33237001bcc

бас, аяқ, қол, ғалам, әлем, оқиға, уақиға
т.б. Орфоэпиялық норма 
тілдің конвенционалды сипатына тәуелді: тілдік ұжым
[бас], [тау], [бала

]
деп дыбыстайды, бұларды басқаша дыбыстау мүмкін емес. 
Әдетте парадигмадағы дыбыстық бірліктер (тілдік санада вертикал 
қатардағы вертуалды бірліктер) 
а, ә, о, ө, ы, і, ұ, ү, е
және 
б, п, т, д, қ, к, ғ, г, 
с, ш, з, ж; й, р, л, м, н, ң, у
синтагмалық қатынасқа түскенде парадигмадағыға 
сәйкессе, кей тұста парадигмадағымен сәйкеспей, түрленіп кететін 
жағдайлары болады. Парадигмадағы дыбыстың санынан синтагмалық 
тізбекке түскендегі дыбыстың саны әлдеқайда көп болады. Міне, мәселенің 
осы тұсында шешімі қиын түйіндер болады. Мұндайда орфоэпия қалайда бір 
теориялық базаға сүйенуге тиіс. Қазақ орфоэпиясының теориялық базасының 
мәселелері 
А.Байтұрсынұлы, 
Қ.Жұбанов, 
І.Кеңесбаев, 
Р.Сыздық, 
Ә.Жүнісбеков т.б. зерттеулерінде жазылды. Сөздің бірыңғай жуан/жіңішке 
айтылып, сөз ішіндегі дыбыстардың бір-біріне ілгерінді//кейінді ықпал 
ететіні, бірін-бірі игеретіні, артикуляциялық, акустикалық жақтан бір-біріне 
бейімделетіні айқындалды. 
Міне, дыбыстардың синтагмалық қатардағы қатынасқа түсетіндегі 
күйін: қатаңдардың ұяңдануы, ұяңдардың қатаңдануы, жиылыңқылардың 
жайылыңқы, жайылыңқылардың жиылыңқы болуы, жуысыңқылардың 
тоғысыңқы, тоғысыңқылардың жуысыңқы т.б. болуы – акад. Р.Сыздықтың 
«Сөз сазы» кітабында жеке сөз, микромәтін деңгейінде талданып, көрсетілді
[79]. Сөйтіп, автор орфоэпиялық норманы кодификациялауда дыбысталған 
сөздің тілдік базасын негізге ала отырып, сегменттік, суперсегменттік (буын, 
пауза, ырғақты тип, интонация) деңгейде қазіргі орфоэпиялық норманы 36-
бапқа топтастырып жүйелеп береді. Әдеби тілдің дәстүрлі орфоэпиялық 
нормасын 
саралап 
берудің 
нәтижесінде 
орфоэпиялық 
норманы 
кодификациялаудың негізі жасалды. 
Орфоэпиялық нормаларды кодификациялау ісі практикаға сүйенумен 
бірге теориялық тұрғыдан қарастыруды да қажет етеді. Әсіресе шаршы топ 


алдындағы сөздің түрлері мен жанрлары көбейіп отырған кезде, ауызша сөз 
арналары қоғамдық-әлеуметтік маңыз алып отырған тұста орфоэпиялық 
нормаларды теориялық тұрғыдан тиянақтап отырудың маңызы айрықша. Бұл 
ретте оның теориялық мәселелері фонема, фонология ілімдерімен тығыз 
байланысты қаралатыны белгілі.
Тілдің мағыналық бірліктерін бір-бірінен ажыратуға қабілеті бар 
парадигмадағы фонологиялық бірліктер (19 дауыссыз, 9 дауысты) 
синтагмалық қатынасқа, яғни көлбеу тізбекке түскенде уақыт жағынан 
бірінен кейін бірі келе отырып, әртүрлі дыбыстық реңкте объективтенеді. 
Мысалы, 
тас
дегендегі [с] индивидтің, тілдік ұжымның психикалық 
санасындағы осы дауыссыздың дыбыстық образына сәйкес келсе, та[с]-ша 
дегендегі <с> көршілес [ш]-ның әсерінен түрленіп [ш] түрінде айтылады. 
Сөйтіп, психикадағы, яғни парадигмадағы <с> 
шана
дегендегі өзге бір [ш]-
ның дыбыстық образына сәйкес келеді. МФМ өкілдері психикадағы, яғни 
парадигмадағы фонемаларды инвариант, ал инварианттың синтагмалық 
қатынасқа түскендегі, парадигмадағы өзге бір дыбысқа ұқсап кететін 
түрленімін вариант деп атайды. Мысалы, кө[з] дегендегі <з> парадигмадағы 
инвариант <з>, ал синтагмалық қатынасқа түскенде бұл <з> әлсіз позицияда 
[с] түрінде дыбысталады. [к
01
өс
01
с
01
үз] (көзсіз), сөйтіп, ол 
сөн 
дегендегі 
инвариант [с]-ның әлді позициядағы репрезентантына сәйкес келеді. 
Фонема теориясы бойынша әр фонема-инварианттың дыбыс шоғыры 
болады. Ол шоғыр инварианттың синтагмалық қатынасқа түскендегі әртүрлі 
дыбыстық қоршауына (позицияға) байланысты түзіледі. Мысалы, <з> 
фонема-инварианттың әлсіз позицияда [ж], [ш:], [с] түріндегі варианттары 
бар. Осы фонеманың жалпы әлді және әлсіз позицияларда әзірге бізге белгілі 
16 дыбыстық репрезентанты бар. Ал осы дыбыстық репрезентанттар 
инвариант фонеманың дыбыс шоғырын (қорын) құрайды. 
[р] [зат] 
зат

0
] [з
0
ор
0

зор
[з] [з
1
] [з
1
ер
1

зер

01
] [т
01
өз
01

төз 
 
[ж] [қажжұуа] 
қаз жуа
<з> –– [ж] [ж
0
] [бож

ж

ор

ға] 
боз жорға

1
] [т
1
еж

ж
1
ет
1

тез жет 

01
] [к
01
өж
01
ж
01
ақсы] көз жақсы 
[ш] [жашшықты] жаз шықты 
[ш] [ш
0
] [с
0
ош
0
ш
0
ы] созшы 

1
] [с
1
әб
1
іш
1
ш
1
өп] сәбізшөп

01
] [т
01 
өш
01 
ш
1
і] төзші 
[с] [с] [жассын] жазсын 

0
] [с
0
ос
0
сүн
0
] созсын 

1
] [бес
1
с
1
із
1
] безсіз 

01
] [к
01
өс
01
с
01
үз
01
] көзсіз 


Осы кезге дейін орфоэпиялық норманың тілдік базасы ретінде фонема-
инварианттың әлсіз позициядағы дыбыстық өзгерісі, яғни варианттары 
негізге алынды: [ағалма] 
ақ алма
, [ақпілек] 
ақ білек
т.б.
Алайда фонема теориясы бойынша инвариант-фонеманың әлсіз 
позициядағы дыбыстық өзгерісі, осы көрсеткендегідей тек в а р и а н т 
түрінде ғана жүзеге аспайды, оның в а р и а ц и я деп аталатын түрленімі де 
болады.
Парадигмадағы фонемалардың қайсыбірі (инвариант-фонемалар) 
синтагмалық қатынасқа (көлбеу шынжыр қатар тізбекке) түскенде, олар сол 
тілдің фонологиялық парадигмасында жоқ өзгеше бір дыбыстық реңкте 
материалданады. Мысалы [атцыз] 
атсыз
, [қатчы] 
хатшы
, [авайбол] 
абай бол
т.б. 
Парадигмадағы фонеманың синтагмалық қатынасқа түскенде, сол 
тілдің фонологиялық парадигмасында жоқ өзгеше бір дыбыстық реңкте 
объективтенуі 

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау