174
тұрғыдан қорғау ғана емес, сондай-ақ, шығармашылық дамыту, рухани байыту
мен интеллектуалдық ахуалын кеңейту үшін жағдай жасалған.
Сондай-ақ, тәрбиеленушінің бос уақытын тиімді өткізу үшін, дебаттық,
спорттық, өнертапқыштық клубтар және әртүрлі конкурс ұйымдастырған жөн.
Ең бастысы,
жеке тұлға өз денін сауықтырып, денсаулығын қалпына
келтіре алады деген қағидаға сену керек. Тәрбиеленуші өзі жеке тұлға ретінде
өзінің денсаулығы үшін, жауап бере алуы керек. Бұл тұста ата-ананың және
тәрбиешінің қолдауы болуы шарт.
Тәрбиеленушінің өзін-өзі жетілдіруі– тәрбиеленуші өзінің дұрыс отырған,
отырмағанын біліп, отырысын алмастырып отыруы. Оны бір рет үйренген ол
өзінің отырысын ұдайы қадағалай алады. Ол омыртқа жотасының түзулігін
сақтауға мүмкіндік береді, өйткені омыртқа адамның өмірінде өте үлкен қызмет
атқарады, Көптеген аурулар оның дұрыс қалпының бұзылуынан туындайды.
Жеке тұлға
дегеніміз –
туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімі
қалыптасқан, мемлекеттің гүлденуіне, өсіп-өркендеуіне үлес қосатын,
ұлтжанды, өз елінің патриоты және бойында мәдени құндылықтары мол,
адамгершілік қасиеті жоғары, жаңа ақпараттармен таныс,
білім алуға жаны
құмар, жаңа технологияларды меңгерген, саналы, білімді, дербес өмір сүруге
икемді, толерантты, белсенді де құзыретті үлкен әріппен жазылатын азамат.
Ал адамгершілігі мол, иманды, тәрбиелі адам – кез келген мемлекеттің
байлығы, әлеуметтік өмірдегі бейбітшілік пен мәдениеттіліктің кепілі.
ХХІ ғасырда өркениетті елдерде ұлттық білім жүйесін дүниежүзілік
тенденциялармен байланысты жетілдіру процесі жүріп жатыр.Ақпараттық
ғасырда интеллектуалды қызметтің дамуы компьютер және қазіргі
коммуникация құралдарымен тығыз байланысты.
Ақпараттық қоғамда тәрбие міндеттерін жүзеге
асырудың ең тиімді
технологияларының бірі тәрбие кеңістігін құру жолдары болып табылады.
Тәрбие кеңістігі тұлғаның дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыру процесіне тәрбиенің
басқа барлық факторлары мен кеңістіктердің (пәндік, экологиялық, ақпараттық,
білімдік, әлеуметтік және басқа да) ықпалы арқылы байқалатын көпөлшемді
және көп қызмет атқаратын кеңістік болып табылады: қарым-қатынас тәрбие
процесінің алғашқы сипаттамасы болып табылады; тәрбие кеңістігінің екінші
сипаттамасы – бұл оның жүйелілігі; тәрбие кеңістігінің үшінші сипаттамасы –
көпөлшемділік, тығыздық және ұзақтық.
Достарыңызбен бөлісу: