175
4. Тәрбие мазмұнындағы тұлғалылықты күшейтудің бастамасы: өзін-өзі
тану, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу.
5. Оқушының өмірлік өзін-өзі анықтауы, әлеуметік белсенділігі.
Тәрбие
кеңістігі – оқушыны әлеуметтендіру факторы.
3.2.2 Тәрбиенің формалары мен құралдары
ТПП-нің
қозғаушы
тетіктері
ретінде
тәрбиенің
құралдары,
формалары, әдістері туралы түсінік. Олардың өзара байланысы мен бір-
біріне тәуелділігі.
Тәрбие – оқу процесі секілді нақтылы қалыптасқан,
мақсатты, жүйелі
процесс. «Тәрбие жұмысының формасы» тәрбиеленушілердің нақты тәрбие
әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендермен
өзара әрекеттестігін,
нақтылы істің құрылымын, оның мазмұнын, әдістемесін, дайындық және өткізу
технологиясын анықтайды.
Тәрбие жұмысының формасында оның мазмұны жүзеге асады. Тәрбие
жұмыстарының мазмұны тәрбиеленушілердің теориялық білімін кеңейте түсуге
лайықталып, олардың жеке қабілетін дамытатындай болғаны жөн. Ондағы
материалдың мазмұндылығы
тәрбиешінің шеберлігіне, ұйымдастыру тәсіліне
байланысты.
Қазіргі
тәрбиені
ізгілендіру,
тұлғалық-бағыттаушылық
көзқарас
жағдайында тәрбие процесінің тек мақсаттылығы,
мәні және мазмұны ғана
өзгермейді, сонымен бірге тәрбиенің ұйымдастыру формасына тікелей қатысы
оның әдістемесі де өзгереді. Ол өзімен бірге дәстүрлі формаларды қайта қарау
және
қайта құруға, дәстүрлі емес формаларды шығармашылықпен іздестіруге
ықпал етеді.
Тәрбие формасы
– тәрбие процесінің сырттай көрінісі;
тәрбиелік
жұмыстардың сырттай көрінуін қамтамасыз ететін ұйымдастыру тәсілдері мен
тәрбиелік шаралардың бірлікті жиынтығы; тәрбиеленушілердің ұжымдық және
жеке, дара іс-әрекеттерін жоспарлы ұйымдастыру жүйесі.
Тәрбие жұмыстары формаларын түрліше топтастыру мүмкіндіктері бар.
Бір форманың басқаларынан ерекшеленуі төмендегі шарттарға тәуелді:
- уақыт ұзақтығы
: қысқа мерзімді (бірнеше сағат, минут); ұзаққа созылған
(бірнеше күн, апта);
-
тәрбиеленушілер қызметтерінің түрі
: оқу, еңбек, спорт, көркем өнер;
-
педагогтың ықпал жасау тәсілі
: тікелей, жанама;
-
жалпы тұжырым жасау тәсілі
: тікелей, жанама;
- нәтиже: ақпарат алмасу, жалпы тұжырымға келу, қоғамдық мәнді өнім;
-
қатысушылар саны
: жеке-дара (тәрбиеші-тәрбиеленуші),
топтық
(тәрбиеші-оқушылар тобы), жаппай көпшілік (тәрбиеші-бірнеше топ)
формалары.
Достарыңызбен бөлісу: