177
қалаған нысаны: зат, мүлік, дыбыс, аң, жануарлар, өсімдіктер, шығармашылық
туындылары, құбылыстар, оқиғалар, өмірлік сәт көріністері және т.б. –
тәрбиелік ықпалға ие. Тәрбие құралдары тәрбиеленушіге өздігінен әсер етеді,
сонымен бірге оларды тәрбиеші мақсатты бағытта пайдалануы да мүмкін.
Тәрбие құралдары қандай да тәрбие мақсатын іске асыру үшін іріктеледі.
Мұндайда таңдау тәрбие әдісіне орайлас орындалады. Құралдар өмір
құбылыстарын көз алдына келтіреді, тәрбиеленушілердің белсенділігін
көтереді, материалдық-техникалық тұрғыдан қамсыздандырады, психологиялық
көңіл-күй шуағын береді, іс-әрекет сайманы ретінде қолданылады, қандай да
қызметтің астарлы рәмізін айқындай түседі, т.с.с.
Құралдар белгілі гигиеналық, эстетикалық, экономикалық, құқықтық
талаптарға сай болуы шарт. Тәрбие құралдарын таңдап, іріктеудегі басты
мақсат – олардың білім беру, дамыту және тәрбиелеу қызметтерінің толық іске
асуы, дербес қарым-қатынас жасауға жәрдем беруі (75-сурет).
Сурет-75. Тәрбиенің негізгі құралдары
Бұдан шығатын тұжырым – тәрбиелік жұмыстарда жоғарыдан берілетін
нұсқауларға таңылып не нақты ұжыммен байланысы жоқ сырттай біреулердің
дайын сценарийлерін ойсыз пайдаланып, іс жүргізуге болмайды. Жұмыстар
жалықтыратындай біртекті де болмағаны жөн. Бұрыннан бар, тәжірибеде
сыналып, тиімділігі сенімді тәрбиелік жұмыс формаларының кейбір
элементтерін
заман
ыңғайы
мен
тәрбиеленушілер
ерекшеліктеріне
сәйкестендіре пайдаланған ойға қонымды.
Сонымен, шығармашылық іс-әрекеттерді ұйымдастырушы мұғалім
оқушылар тарапынан анықталып, белгіленген тақырып әрбір қатысушының
қызығушылықтары мен тілектеріне сәйкес жұмыс түрлерін таңдауға тәрбие
формалары мен құралдары маңызды рөл атқарады.
Тәрбиелік іс-әрекеттің тиімді болуы осы мәселенің дұрыс шешіміне
тәуелді. Тәрбиелік істердің әрбір жекеленген жағдайларында өзіндік
ерекшеліктерімен, қызығулары және мүмкіндіктерімен дараланған әртүрлі
тәрбиеленушілер қатысады. Мұндай жұмыстарға араласқан ересектердің өздері
де балалар сияқты қайталанбас сипатқа ие.
Достарыңызбен бөлісу: