РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНОЙ АККРЕДИТАЦИИ ВЫСШИХ УЧЕБНЫХ ЗАВЕДЕНИЙ
61
руге, зерттеулерді iске асыруына. Дәрiсханалар, кеңселер, зертханалар,
коммуникациялық және компьютер жабдықтары және тағы басқа бөлмелер
жоғары талаптарға сәйкес келуi керек».
·
Қолда бар ресурстар негізгі қызметке қатысты бекітілген талаптарға
сәйкес келеді ме?
·
Қолданылып жүрген бөлмелер мен жабдықтардың жалпы жағдайы
қандай?
«15.2.2 ЖОО білім беру бағдарламасы материалдық-техникалық ресурстар
мен ақпараттық қамтамасыз етуді дамытудың динамикасын, бюджетті жо-
спарлау мен үлестіруді түзету үшін бағалау нәтижелерінің қолдану тиімділігін
бағалауы керек».
·
Материалдық ресурстарды дамыту қалай жоспарлануда?
·
Ақпараттық ресурстарды дамыту қалай жоспарлануда?
·
Жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру үшін қандай іс-қимылдар жа-
салуда?
·
Сабақтан тыс уақытта компьютерлерге қол жеткізу мүмкіндігі бар ма?
«15.2.3 ЖОО ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың болашақта
енгiзуi мен қолданудың бағалауына мүмкiндiк беретiн мақсаттар мен
міндеттердің көрсеткіштерінің бар болуын қамтамасыз етуi керек».
·
Үдерістерді бағдарламалық қамтамасыз ету қаншалықты заманауи?
·
ЖОО-да ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың
қандай перспективалары анықталған?
·
Оқыту үдерісі мен ҒЗЖ-ны өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды қолданудың мониторингі қалай жүргізіледі?
·
Оқыту үдерісі мен ҒЗЖ-ны өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды ПОҚ қаншалықты тиімді қолданады?
«
15.2.4 ЖОО-да:
-
бағдарламалар мен (мысалы, онлайн-оқу, сыныпта үлгілеу) зияткерлiк
сұранысқа (дерекқорлар, мәлiметтердi талдау бағдарламасы) сәйкес ПОҚ және
студенттердiң
технологиялық қолдауы;
-
академиялық қолжетімдік – студенттердің дербестендірілген
интерактивті ресурстарына (оқудан тыс уақытта да ашық болатын), сонымен бiрге
оқу материалдары мен тапсырмаларға кіруге мүмкіндіктері бар болуы, сондай-
ақ, ЖОО-ның порталына (сайтқа) кіру арқылы білім алушылардың бiлiмін өзін-өзі
бағалау мүмкiндiктеріне ие
болуы;
-
академиялық кеңестер – студенттерге академиялық бағдарламаларды
жоспарлап, орындауға көмектесетiн дербестендірілген интерактивті қорлардың
бар болуы;
-
кәсiптiк бағдар – студенттер, мансап бағыттарын таңдауда және оларға
жету жолында көмек беретін дербестендірілген интерактивті ресурстарға кіру
мүмкіндіктеріне ие болуы;
-
заманауи техникалық оқыту құралдар мен жабдықталған қажеттi
дәрiсханалардың саны: оқу және ғылыми лабораториялар, заманауи оқу-жаттығу
ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЖҮРГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУ
62
полигондар, жүзеге асырылатын бiлiм беретiн бағдарламаларға, санитарлық-
эпидемиологиялық ережелер мен талаптарға сәйкестелген қазiргi жабдықтармен
құраландырылған
технопарктердің бар болуы;
-
компьютер сыныптарының, оқу залдарының, мультимедиялық, линга-
фон және ғылыми-әдiстемелiк кабинеттердiң қажетті саны, олардағы отыратын
орындардың
санының жеткілікті болуы;
-
кітаптар қоры, соның ішінде жалпы білім беру, базалық және бейінді
пәндер бойынша қағаз және электронды тасымалдағыштарда оқу, әдістемелік
және ғылыми әдебиеттердің қоры, оқыту тілдері шеңберіндегі мерзімдік
басылымдардың болуы;
-
ғылыми деректер қорлары, электрондық ғылыми журналдар және
олардың
қолжетімді болуы;
-
басылып шығарылатын журналдардың электрондық нұсқаларының бар
болуы;
-
ҒЗЖ-ның нәтижелерін, бітіру жұмыстарын, диссертацияларды плагиатқа
сараптамалау;
-
ЖОО-ның барлық аумағында бiлiм беретiн интернет-ресурстарына еркін
кіру, тегiн Wi-Fi жұмыс істейтін оқыту ортасы жасалуы тиіс».
·
ЖОО-да жасалған оқыту ортасы белгіленген өлшемдерге қаншалықты
сәйкес келеді?
·
Әртүрлі өлшемдер шеңберінде ЖОО-ның жағдайын сипаттап беріңіз.
Кем дегенде соңғы 3 жылдағы динамиканы көрсетіңіз.
·
ЖОО-да сәйкестік мониторингі қалай жүзеге асырылады?
·
Оқу ортасына деген талаптар қалай анықталады?
·
Оны жетілдіру қалай жүзеге асады?
«15.2.5 ЖОО білім алушыларға академиялық қолдаудың бар болу-
ын қамтамасыз етуi керек, соның iшiнде білім алушылар бiлiм беретiн
бағдарламаны игеруi үшiн қажеттi ақпараттық-анықтамалық және әдiстемелiк
материалдарды (анықтамалық-нұсқаулық, академиялық күнтiзбе, нұсқау
және т. б.) пайдалануға беруі керек».
·
ЖОО-да білім алушыларды академиялық қолдау қалай жүзеге асады?
·
Білім алушылардың бiлiм беру бағдарламасын игеруi үшiн қажеттi
ақпараттық-анықтамалық және әдiстемелiк материалдардың мазмұны мен
берілу мерзімділігі қалай анықталады?
·
Осындай басылымдардағы берілген материалдардың толықтығы мен
тиістілігі үшін кім жауапты?
·
Көрсетілген материалдар ашық қол жеткізуде бар ма? Электрондық ме-
кен-жайды көрсетіңіз.
«15.2.6 Оқу материалдары, бағдарламалық құралдар, оқу әдебиетi,
қосымша қорлар және жабдықтар барлық білім алушыларға қолжетімді бо-
луы керек».
·
ЖОО-да көрсетілген ресурстарға қолжетімділік қалай қаматмасыз
етіледі?