РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНОЙ АККРЕДИТАЦИИ ВЫСШИХ УЧЕБНЫХ ЗАВЕДЕНИЙ
69
30. ЖОО басқару жүйесінің ашықтығын дәлелдеп
көрсетуі міндетті.
31. Алқалы басқару ұйымдарының құрамында
мүдделі тұлғалар (жұмыс берушілердің,
профессорлық-оқытушы
құрамының,
білім алушылардың) өкілдерінің қатысуы
маңызды фактор болып табылады.
32. ЖОО студенттер мен түлектер контингенті,
бар ресурстар, қызметкерлер құрамы,
ғылыми және халықаралық қызметтер,
тағы басқа бағыттар бойынша статистиканы
жинақтау және талдау жүйесінің басқару
үрдістерінде бар болуын және қарқынды
қолдануын дәлелдеп көрсетуі міндетті.
33. Ішкі және сыртқы ортадағы өзгерістерді
зерттеу нәтижелері негізінде жоғары оқу
орынды басқару маңызды фактор болып
табылады.
34. ЖОО сақтау және бұзу туралы ақпаратқа
қолжетімділік және кері байланыс жүйесінің
болуы, басқару органдарында қарастырылуы,
тәртіптік органдармен уәждемелік жүйенің
тиімді қызмететуі арқылы қатынастар мен
мүдделер қақтығысын шешу тетіктерін
көрсету міндетті.
35. ЖОО профессорлық-оқытушы құрамының,
қызметкерлердің,
білім
алушылардың
қажеттiлiктерін қанағаттандыру деңгейін
өлшеуді қамтамасыз етіп, өлшем үрдістері
аясында табылған кемшіліктерді жойғанын
көрсетуі міндетті.
36. ЖОО білім алушыларға, профессорлық-
оқытушы
құрамына,
ата-аналарға
басшылардың және әкімшіліктің ашықтығын
(жеке сұрақтар бойынша ресми қабылдау
уақыты, e-mail қатынасу және т.б.) көрсетуі
міндетті.
37. ЖОО
басқарушы
органдарға
және
басшылыққа кез келген мүдделі тұлға
өзінің ЖОО қызметін жақсарту жайындағы
инновациялық ұсыныстарын байланыс арна
арқылы беруге мүмкіндіктері бар екендігін
көрсетуі міндетті. ЖОО осы ұсыныстарды
талдау және ұқсас ұсыныстарды ЖОО-ның
өміріне мысалдарын енгізу міндетті.
ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЖҮРГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУ
70
Қорытынды
Стандарт БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
38. ЖОО білім беру бағдарламасын әзірлеуде,
басқаруда
және
олардың
сапасын
қамтамасыз етуінде профессорлық-оқытушы
құрамы мен жұмыс берушілердің қатысуын
дәлелдеуге міндетті.
39. ЖОО білім алушылардың жеке білім беру
траекториясының мазмұнын, көлемін, құру
логикасын, түлектердің кәсіптік құзыретінің
қалыптасуына
пәндер
мен
кәсіптік
тәжірибелердің әсерін анықтауы міндетті.
40. ЖОО
әртүрлі
деңгейлі
білім
бағдарламаларының
(бакалавриат
–
магистратура - докторантура - қосымша білім
беру) үздіксіздігін, соның ішінде пәндердің
өзара академиялық байланыста болуын
және олардың дәйектілігі мен бірізділігін
көрсетуі міндетті.
41. ЖОО пәндердің оқу-әдістемелік кешенінде
белгіленген білім алушылардың білімдер
мен дағдыларының, кәсіптік біліктіліктерінің
қалыптасуына пәндердің ықпалын көрсетіп,
пәндер курстарының қисынды дәйектілігін
нақты
анықтап,
оқу
нәтижелеріне
қойылған негізгі талаптарды жұмыс оқу
бағдарламаларында көрсетуі міндетті.
42. ЖОО
оқу
жоспарлары
мен
оқу
бағдарламаларын құрастыру қисыны мен
себептерін, әсіресе оқу жоспарының тізіміне
сол пәнді таңдау себептерін, пост- немесе
пререквизит мәртебесін беру себептерін,
пәндердің атаулары мен мазмұндарының
оқып жатқан ғылыми/қоғамдық және
т.б. саладағы өзекті даму бағыттарына
сәйкестілігін көрсетуі міндетті.
43. ЖОО оқу пәндердің мазмұнын оқу деңгейіне
(бакалавриат, магистратура, докторантура)
және ұсынылған оқу нәтижелеріне сай
болуын қамтамасыз етуі керек.
РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНОЙ АККРЕДИТАЦИИ ВЫСШИХ УЧЕБНЫХ ЗАВЕДЕНИЙ
71
44. Пәндердің тізімі мен мазмұны білім
алушыларға ашық болу тиіс. Пәндер ең өзекті
ғылыми-зерттеу жұмыстардың нәтижелерін
және оқытылып жатқан сала туралы басқа
да ақпаратты қамтиды. Пәндер оқытылып
жатқан саладағы әлемдік күн тәртібіндегі
барлық сұрақтарға, мәселелерге толық
жауап беруі керек.
45. Оқу бағдарламасының мазмұнын жетекші
шетел және Қазақстанның жоғары оқу
орындарының оқу бағдарламаларымен
үйлестіруі маңызды фактор болып табылады.
46. Оқу бағдарламасының құрылымында білім
алушылардың өзіндік ерекшеліктеріне қарай
кәсіптік дағдылардың дамуына мүмкіндік
тудыратын түрлі қызметтердің мазмұндары
ескерілу керек.
47. ЖОО кәсіби дағдылардың қалыптастыруға
бағытталған жеке оқу бағдарламасын
қалыптастыру бойынша оқу тіліне қарамай,
білім алушыларға тең мүмкіндіктерді
қамтамасыз етуі қажет.
48. Жұмыс берушілердің мүдделерін ескере
отырып, оқу бағдарламаларды жаңарту
маңызды фактор болып табылады.
49. ЖОО
нарықтағы
өзгерістерді,
білім
алушылар мен оқытушылардың қалауларын
ескере отырып, шешімдерді қабылдауға
жұмысберушілердің, білім алушылардың,
оқытушылардың және мүдделі тұлғалардың
өкілдерін тартып, оқу жоспарлары мен оқу
бағдарламаларының мазмұнын жыл сайын
қайта қарауын қамтамасыз етеді.
50. Оқу бағдарламаларын меңгеру мақсатында
қолданылатын оқу жабдықтары мен
бағдарламалық құралдары тиісті салада
қолданылатын жабдықтарға ұйқсас болып,
пайдаланудағы қауіпсіздік талаптарына сай
болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |