Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы « »
№ бұйрығымен бекітілген
«Жол бойы белдеулерінде жол бойы қызметі объектілерін немесе қолжетімді болуы үшін кіреберіс талап етілетін жағдайда олардан тыс жерлерде объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін беру туралы шешім қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жол бойы белдеулерінде жол бойы қызметі объектілерін немесе қолжетімді болуы үшін кіреберіс талап етілетін жағдайда олардан тыс жерлерде объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін беру туралы шешім қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрікөрсетілетін қызметті берушілер)көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz«электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, порталға жүгінген кезде 30 (отыз) жұмыс күні, көрсетілген мерзімге жерге орналастыру жобасын әзірлеу кезеңі кірмейді;
құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде өтінішті қараудан бас тарту 2 (екі) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жол бойы белдеулерінде жол бойы қызметі объектілерін немесе қолжетімді болуы үшін кіреберіс талап етілетін жағдайда олардан тыс жерлерде объектілерді орналастыру үшін жер учаскесін беру туралы шешім неосы стандарттың 10-тармағында көрсетілген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтіңнәтижесін қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда,мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондықнысанда ресімделеді, қағазға басылып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен расталады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейін;
мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) порталда жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы(көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілеттілігін растайтынқұжат бойыншазаңды тұлғаның уәкілетті өкілі, нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартынақосымшағасәйкес нысан бойыншаөтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат (тұлғаның жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
порталға:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық өтінім.
Көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға өз келісімін береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге құжаттартоптамасы қабылданған күн мен уақыт көрсетіле отырып, кеңседе тіркелгені туралы белгі соғылған көшірмесі өтініштің қағаз жеткізгіште қабылданғанын растау болып табылады;
порталда «жеке кабинетке» мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күн мен уақыт көрсетілген хабарлама жолданады.
10. Мыналар:
1) егер көрсетілетін қызметті алушы жер учаскелері мәжбүрлеп алынған тұлғалар тізілімінде тұрса;
2) көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесіне құқық ұсыну туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда;
3) жер учаскесіне құқық беруге Ұлттық оператор келісуден бас тартқан жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының және (немесе) олардың жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оны лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не жоғары тұрған мемлекеттік орган басшысының атына (жоғары тұрған лауазымды тұлғаға) беріледі;
шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің не жоғары тұрған мемлекеттік органның кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады;
шағымды көрсетілетін қызметті берушінің нежоғары тұрған мемлекеттік
органның кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның көшірмесінде немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) шағымның қабылдағанын растау болып табылады;
портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 777 телефондары бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жөнелткен кезде, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы оны өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның оның тегі, аты,әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы;
2) заңды тұлғаның оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің нежоғары тұрған мемлекеттік орган басшысының атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесежоғары тұрған мемлекеттік орган кеңсесіне қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетуерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13.Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктіңwww.economy.gov.kzинтернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің ғимаратындағы стенділерде.
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414,8 800 080 777.
«Жол бойы белдеулерінде жол бойы қызметі объектілерін немесе қолжетімді болуы үшін кіреберіс талап етілетін жағдайда олардан тыс жерлерде объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін беру туралы шешім қабылдау» мемлекеттік көрсетілетінқызмет
стандартына қосымша
нысан
_________________________________ әкіміне
(облыс, астана, республикалық маңызы бар қала, аудан, облыстық маңызы бар қала)
________________________________________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда) жеке тұлғаның
________________________________________
немесе заңды тұлғаның толық атауы)
ЖСН (БСН)_____________________________
________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның жеке басын растайтын
________________________________________
құжаттың деректемелері
________________________________________
байланыс телефоны, мекен-жайы)
Жол бойындағы сервис объектілерін орналастыру үшін жер учаскесіне құқық алуға өтініш
________________________________________________________________
(жер учаскесінің орналасқан жері (мекен-жайы)
орналасқан, ауданы ___________ гектар, _________________________________
________________________________________________________________ үшін
(жер учаскесінің мақсатты тағайындалуы)
жол бойындағы сервис объектілерін орналастыру үшін жер учаскесіне_______ жыл мерзімге уақытша жер пайдалану құқығын беруді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Өтінішке сұратылып отырған жер учаскесінің орналасқан жерінің ситуациялық сызбасының қағаз немесе электрондық форматта қоса тіркеледі.
Көрсетілетін қызметті алушы___________________________________________
(жеке тұлғаның не уәкілетті тұлғаның Т.А.Ә. (болған жағдайда) не заңды тұлғаның атауы
__________________________ «_______» ______________ 20____ жыл.
(қолы) (күні)
Достарыңызбен бөлісу: |