ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЖҮРГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУ
58
14. Стандарт «ҚАРЖЫ»
Өзін-өзі бағалауды өткізген кезде қаржылық ресурстардың жалпы деңгейін
және университеттің даму стратегиясы мен миссиясының мүмкіндіктері білім
беру бағдарламаларының мақсаттарына сай болуы талданады.
ЖОО өзін-өзі бағалау барысында орнықтылық, тиiмдiлiк, нәтижелiлiк,
басымдылық, айқындық, жауапкершiлiк, өкiлеттiктi табыстау, шектеу және ЖОО-
ның қаржыландыру жүйесiнiң дербестік қағидаларын жүзеге асыру дәрежесiн
көрсетедi.
14.2 Бағалау өлшемдері
«14.2.1 ЖОО даму стратегиясы мен қаржы ағындарын басқарудың өзара
келiсушiлiгін көрсетуi керек».
·
Стратегияны жүзеге асырудың негізгі бағыттарына қаржыны бөлу қалай
іске асады?
·
ЖОО қаржылық ағындарды қалай басқарады?
·
Стратегия мен қаржы ағындарын басқарудың өзара келiсушiлiгін
қамтамасыз ету тетіктерін сипаттап беріңіз.
·
Стратегиялық міндеттерге сәйкес қаржының бөліну динамикасын
көрсетіп беріңіз.
«14.2.2 ЖОО ЖОО-ның бюджетiн жоспарлауды, жобалық әдістің негiзiндегі
қысқа және орта мерзімді жоспарлардың бар болуын көрсетуi керек».
·
ЖОО-да бюджетті жоспарлау қалай жүзеге асады?
·
Оны жоспарлау кезіндегі басымдылықтар?
·
Бюджетті жоспарлау кезінде жобалық тәсіл қалай есепке алынады?
·
ЖОО-да бюджетті орташа мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау
қалай жүзеге асады? Ол қандай құжаттарда көрініс табады?
·
Жобаларға қаржының бөлінуі қалай жүзеге асады?
«14.2.3 ЖОО қаржы менеджментінің нысандалған саясатының болу-
ын көрсетуi керек: ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп, меншiктi
капиталдағы өзгерiстерi туралы есеп».
·
ЖОО-ның қандай ішкі құжаттарында нысандандырылған қаржыларды
басқару саясаты көрініс тапқан?
·
Соңғы 3 жыл ішіндегі ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есептерді
талдаңыз, жалпы үрдістерді көрсетіңіз.
·
Кем дегенде соңғы 3 жыл үшін өзінің капиталындағы өзгерістер динами-
касын келтіріңіз.
·
Ұйым үшін бюджеттік және бухгалтерлік рәсімдер тиімді ме?
«14.2.4 ЖОО iшкi аудит жүйесінiң болуын және сыртқы тәуелсiз аудиттің
тұрақты түрде өткiзу нәтижелерiн көрсетуi керек».
·
ЖОО-да ішкі қаржылық аудит қалай жүргізіледі? Оны өткізу тетіктерін си-
РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНОЙ АККРЕДИТАЦИИ ВЫСШИХ УЧЕБНЫХ ЗАВЕДЕНИЙ
59
паттап беріңіз.
·
Оның нәтижелерін және соның негізінде қабылданатын шешімдерді
сипаттаңыз. Оны өткізудің күнін көрсетіңіз. Ішкі аудит қандай өзгерістер енгізді?
·
Сыртқы тәуелсіз қаржылық аудиттің нәтижелерін көрсетіңіз.
·
Оны кім жүргізді? Оның нәтижелері қандай?
·
Сыртқы аудит қызметте қандай өзгерістерге әкелді?
«14.2.5 ЖОО өзінің қаржылық тұрақтылығын және өміршеңдігін дәлелдеуi
тиіс».
·
ЖОО өзінің қаржылық тұрақтылығын және өміршеңдігін қалай
қамтамасыз етеді?
·
ЖОО-ның қызметін қолдау үшін, соның ішінде оның стратегиясы мен
миссиясын орындау бойынша ресурстардың жалпы деңгейі жеткілікті ме?
·
ЖОО-ны дамыту мен қолдау үшін қаржылық қамсыздандыру жеткілікті
ме?
·
Оны соңғы 5 жылдағы деңгеймен қалай салыстыруға болады?
«14.2.6 ЖОО жыл сайынғы тәуекелді бағалау негiзінде дамудың баламалы
жолдарын қалыптастыруы керек».
·
ЖОО үшін негізгі қаржылық тәуекелдер салалары қандай? Тәуекелдің
осындай деңгейі жарамды ма?
·
ЖОО-да жыл сайынғы тәуекелді бағалау қалай жүзеге асады?
·
Кем дегенде соңғы 3 жыл ішінде ЖОО-да қандай тәуекелдер анықталды?
·
Тәуекелді бағалау негiзінде қандай балама даму жолдары құрастырылды?
·
Тәуекелдердің қайсысы жүзеге асырылды? Олардың ықпалын алдын алу
үшін қандай сценарилер қолданылды?
·
Қандай тәуекелдер есепке алынбай қалды? Олардың салдары қалай
еңсерілді?
«14.2.7 ЖОО-да ЖОО-ның әртүрлi қызметiнiң қаржылық қамтамасыз
етуiнiң сәйкестілігін бағалау тетігі, соның ішінде ЖОО-ның даму стратегиясы,
бiлiм беру бағдарламасы, ғылыми жобалардың болуы тиіс».
·
Жоспарлау үдерісінде ресурстар мен шығындар арасындағы теңгерімі
тиісті түрде қарастырылады ма?
·
ЖОО-да қаржыландырудың тиістілігін бағалау қалай жүзеге асады?
«14.2.8 ЖОО бюджеттiң үлестiру айқындығын және оның тиiмдiлiгiн
қамтамасыз етуi керек».
·
Барлық мүдделі жақтар үшін қаржылық есептілік қаншалықты айқын
және қол жетімді?
·
Бюджеттен қаражат бөлу рәсімі қалай белгіленген? ЖОО-ның
қызығушылық танытқан қызметкерлері онымен қалай таныса алады?
·
Бюджетті үлестіру туралы шешім кіммен қабылданады?
·
Жылдың қаржылық қорытындысы қай жерде тыңдалады?
·
Бюджетті тиімді бөлу өлшемдері не?
·
Соңғы 5 жылдағы қаржылық қорытынды нәтижелерін сипаттап беріңіз.
·