Руководство по проведению самооценки для институциональной аккредитации высших учебных заведений



жүктеу 2,84 Kb.
Pdf просмотр
бет22/58
Дата01.12.2017
өлшемі2,84 Kb.
#2587
түріРуководство
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   58

РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНОЙ АККРЕДИТАЦИИ ВЫСШИХ УЧЕБНЫХ ЗАВЕДЕНИЙ
53
· 
ЖОО  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  басымдылықтарының  бiлiм  беру, 
ғылым және инновациялық даму саласындағы ұлттық саясатқа сәйкестiгі қалай 
жүзеге асырылады? 
· 
ЖОО-да  қолға  алынған  ҒЗЖ-да  қандай  республикалық  басымдықтар 
көрініс тапқан? 
  «13.2.2  ЖОО  студенттердi  ғылыми-зерттеу  қызметіне  қызықтыра  оты-
рып,  түрлі  ғылыми  ұжымдардың,  ғылыми-зерттеу  зертханалардың,  ғылыми 
мектептер  мен  шеберханалардың  дамуына  жағдай  жасауы  тиіс;  ПОҚ  және 
студенттердің ғылыми конференциялар мен жарыстарға қатысуын қамтамасыз 
ете  отырып,  жетекші  ғалымдар  мен  тәжірибелі  қызметкерлерді  жұмысқа 
қабылдауы тиіс».
· 
ЖОО-да ҒЗЖ-ны жүзеге асыру үшін қалай жағдай жасалады? 
· 
ҒЗЖ білім алушыларды тарту үшін қалай жағдай жасалады? 
· 
ЖОО-да қандай ғылыми мектептер, ғылыми ұжымдар қызмет етеді? 
· 
ЖОО ПОҚ пен студенттердің ғылыми конференцияларға және жарыстарға 
қатысуы үшін қалай жағдай жасап отыр?  
· 
Жетекші ғалымдар мен тәжірибелі қызметкерлерді жұмысқа қабылдау 
үшін қандай жағдай жасалады? 
«13.2.3  ЖОО  жас  ғалымдар  мен  білім  алушылардың  ғылыми  әлеуетін 
дамытуға жағдай жасауы керек».
· 
Жас  ғалымдар  мен  білім  алушылардың  ғылыми  әлеуетін  дамыту  үшін 
қандай жағдай жасалады? 
· 
ЖОО  жас  ғалымдар  мен  білім  алушылардың  ҒЗЖ-ға  қатысуына  қалай 
көмек көрсетеді? 
· 
Осы мақсаттар үшін қандай ресурстар мен қаражат бөлінеді? 
«13.2.4 Ғылыми-зерттеу қызметiнің әртүрлi қаржыландыру нысандарын – 
әртүрлi  ғылыми  қорлардың  қаражаттары,  құрылтайшылардың  қаражаттары, 
шаруашылық  қызмет  субъектілерінің  қаражаттары,  жергiлiктi  бюджеттердiң 
қаражаттары,  шаруашылық  келiсiм  шарттардың  қаражаттары,  халықаралық 
ғылыми-зерттеу гранттарын қолдану маңызды фактор болып табылады».
· 
ҒЗЖ-ны қаржыландыру үшін қандай құралдарды қолданады? 
· 
Ғылыми-зерттеу жұмысының әртүрлi қаржыландыру нысандарын талдап 
беріңіз және олардың үлестік арақатынасын көрсетіңіз. 
· 
ЖОО-да  ҒЗЖ-ны  қаржыландыру  көздерін  әртараптандыру  үшін  қандай 
мүмкіндіктер бар? 
«13.2.5 ЖОО әртүрлi уәждемелеу түрлерін қолдана отырып, ғылыми-зерттеу 
қызметін ынталандыруы тиіс».
· 
ЖОО ҒЗЖ-ны ынталандыру үшін қандай құралдарды қолданады?  
· 
Осы құралдардың қайсысы тиімдірек? 
· 
ЖОО-да ҒЗЖ-ны уәждемелеу бойынша қандай перспективалар бар? 
«13.2.6 Шетел ЖОО-ларымен бiрлескен ғылыми-зерттеу бағдарламаларын 
жүргiзу маңызды фактор болып табылады».
· 
Соңғы  3  жыл  бойы  шетел  ЖОО-ларымен  қандай  бірлескен  зерттеулер 


ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЖҮРГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУ
54
жүзеге асырылуда? ҒЗЖ-ны сипаттап беріңіз және олардың негізгі нәтижелерін 
келтіріңіз. 
· 
ҒЗЖ-ны өткізуге шетел ғалымдары қалай тартылады? 
· 
Олар кім ретінде шақырылады (жетекшілер, орындаушылар, сарапшы-
лар, пікір берушілер және т.б.)? 
· 
Бірлескен ҒЗЖ-лардың нәтижелілігі қалай? 
«13.2.7  ЖОО  бiлiм  беру  үдерісіне  ғылыми  зерттеулердің  нәтижелерiн 
енгiзуiн қамтамасыз етуi керек».
· 
ЖОО  бiлiм  беру  үдерісіне  ғылыми  зерттеулердің  нәтижелерiн  енгiзудi 
қалай қамтамасыз етеді? 
· 
Өнеге  боларлық  оқиғаларды  сипаттаңыз.  ҒЗЖ  нәтижелерін  енгізудің 
негізгі жолдарын көрсетіңіз. Сәтті тәжірибені көрсетіңіз. 
· 
Бiлiм беру үдерісіне ҒЗЖ нәтижелерiн енгiзудi ынталандыру үшін қандай 
құралдар қолданылады? 
· 
ЖОО-ның  ҒЗЖ  нәтижелері  қолданылатын  оқыту  пәндерін  көрсетіп 
беріңіз. 
«13.2.8  ЖОО-ның  халықаралық,  ұлттық  және  аймақтық  кәсiби  одақтарға, 
қауымдастықтарға және т.б., сонымен бiрге олардың іс-шараларына қатысуы 
маңызды фактор болып табылады».
· 
ЖОО  қандай  халықаралық,  ұлттық  және  аймақтық  кәсiби  одақтарға, 
қауымдастықтарға және т.б. қатысады? 
· 
Оларды  атап  беріңіз.  Осындай  ұйымдарда  қатысудан  ЖОО  қандай 
артықшылықтарға ие болады? 
· 
ЖОО аталған ұйымдардың қандай іс-шараларына қатысып отырады? 
  «13.2.9  ЖОО  ғылыми-зерттеу  жұмыстардың  нәтижелерiн,  сонымен  бiрге 
жүзеге асырылған және жүзеге асырып жатқан ғылыми-зерттеу қызметi тура-
лы мәлiметтiң ғылыми-зерттеу қызметiнiң жетiлдiру үрдісінде жинау, талдау 
және қолдануды қамтамасыз етуi керек».
· 
ЖОО ҒЗЖ нәтижелерін таратуды қалай жүзеге асырады? 
· 
ҒЗЖ қызметінің мониторингі қалай жүзеге асады? 
· 
Оның негізінде қандай шешімдер қабылданады? 
· 
Осындай шешімдердің мысалдарын келтіріңіз. 
«13.2.10 Бiлiм беру ұйымының инновациялық қызметiнiң жүзеге асырылуы 
және оның мониторингі маңызды фактор болып табылады».
· 
ЖОО инновациялық қызметін қалай басқарады? 
· 
ЖОО-да инновациялық қызметті қалай түсінеді? 
· 
ЖОО-да инновациялық қызметтің қандай түрлері жүзеге асырылады? 
· 
Инновациялардың мониторингі қалай жүзеге асырылады? 
· 
Олардың  тұрақты  түрде  қызмет  етуі  мен  енгізуі  үшін  қандай  тетіктер 
қолданылады?


РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНОЙ АККРЕДИТАЦИИ ВЫСШИХ УЧЕБНЫХ ЗАВЕДЕНИЙ
55
«13.2.11  ЖОО  инновациялық  ұсыныстар  мен  ғылыми-зерттеу  қызметінің 
нәтижелерiн әзірлеумен жүзеге асыруын көрсетуi керек».
· 
ЖОО-да инновациялық ұсыныстар қалай жасалады? 
· 
Оларды жүзеге асыру туралы шешім қалай қабылданады? 
· 
ҒЗЖ нәтижелері іс жүзінде қалай қолданылады? 
· 
Керек болған жағдайда авторлық құқықты қорғау қалай жүзеге асады? 
 «13.2.12 ЖОО ҒЗЖ-ны жүргізудің тетiктерін бағалауды қамтамасыз етуi ке-
рек».
· 
ЖОО-да жүзеге асырылатын ҒЗЖ-лар қалай бағаланады? 
· 
ҒЗЖ-ны бағалаудың шынайылығы қалай қамтамасыз етіледі? 
· 
ҰҒТАО-да тіркелген ҒЗЖ-лардың тізімін көрсетіңіз. 
· 
ЖОО-ның  қандай  ішкі  құжаттарында  ҒЗЖ-ны  бағалау  тетіктері 
келітірілген?
· 
Бағалауды  өткізу  әдістері  мен  түрлері  туралы  ақпарат  қалай  ҒЗЖ-ның 
орындаушыларына жеткізіледі? 
«13.2.13 ЖОО ғылыми-зерттеу үдерісін барлық қажеттi ресурстармен, ең ал-
дымен зерттеудің әдiстемелiк жабдықтарын дамыту үшiн қажетті әдебиетпен 
және ақпаратпен қамтамасыз етуi керек».
· 
Ғылыми-зерттеу  үдерісін  барлық  қажеттi  ресурстармен  қамтамасыз 
етілуін көрсетіңіз. 
· 
ҒЗЖ  орындаушылары,  білім  алушылар  және  ПОҚ  ғылыми  әдебиет 
қорларына қалай қол жеткізе алады? 
· 
ЖОО қандай ғылыми мәліметтер қорларына қосылған? Олардың тізімін 
және келісім-шарттардың мерзімдерін көрсетіңіз. 
«13.2.14 ЖОО ғылыми-зерттеу қызметiнiң өзінің миссиясы мен стратегиясы-
на сәйкестiгін қамтамасыз етуi керек».
· 
ҒЗЖ-ның  стратегияда  анықталған  қызмет  көрсеткіштеріне  сәйкестігін 
көрсетіңіз.
· 
Стратегияда ҒЗЖ-ны сипаттайтын қандай тапсырмалар мен көрсеткіштер 
келтірілген? Олар ЖОО-ның қызметінде қалай жүзеге асырылады? 
· 
ЖОО-дағы  ғылыми  зерттеулер  ЖОО-ның  миссиясын  жүзеге  асыруға 
қалай жәрдемдеседі?     
«13.2.15  ЖОО  ғылыми  зерттеулер  тақырыптарының  өзектiлiгін,  олардың 
халықаралық нарықтағы және дүниежүзілік қауымдастықтағы соңғы оқиғалар 
мен маңызды сұрақтарға сай болуын қамтамасыз етуi керек».
· 
ЖОО-да  ғылыми  зерттеулер  тақырыптарының  өзектiлiгі  қалай 
қамтамасыз етіледі? 
· 
ҒЗЖ-ның ҚР-да, сондай-ақ шетелдегі өзектілігін көрсетіңіз. 
 «13.2.16 ЖОО пәнаралық ғылыми зерттеулердiң жүргізілуін және оларды 
әзірлеуі бойынша белсендi түрде қолдау көрсетуін дәлелдеуі тиіс».
· 
ЖОО-да  пәнаралық  ғылыми  зерттеулердiң  жүргізілуіне  қолдау  көрсету 
қалай жүзеге асырылады? 
· 
Осындай ҒЗЖ-лардың тізімін және олардың нәтижелерінің қысқаша си-


жүктеу 2,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау