Литературоведение



жүктеу 9,27 Kb.
Pdf просмотр
бет18/86
Дата28.11.2017
өлшемі9,27 Kb.
#2113
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   86

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
39 
 
дамуының шешуші  факторы, адамның танымдық қажеттілігін,  шығармашылық қабілетін 
дамытатын,  оны  белгілі  бір  салада  кәсіби  әрекет  етуге,  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуға 
дайындайтын ғажайып құбылыс.  
Еліміздің  Болон  үрдісіне  қосылуы  отандық  білімнің  жаңа  талаптары  мен 
республиканың  саяси-экономикалық таңдауына толық  жауап береді. Қазақстан әлемдегі 
бәсекеге  барынша  қабілетті  30  елдің  қатарына  енуі  үшін  білім  саласында  да  үлкен 
реформалар жүргізілуі тиіс. 
Жоғары  оқу  орнының  негізгі  мақсаты 

  студентке  теориялық  білім  беріп  қана 
қоймай,  сол  білімді  өз  бетінше  ізденіп  табу  қабілетін,  оқу  әрекетін  ғылыммен,  кәсіби 
әрекетімен байланыстыра білу дағдысын қалыптастыру. Студенттің өз бетінше білім алу 
дағдысы 

  ең  түпкі  нәтижеге  жету.  Сол  арқылы  маман  өмір  бойы  шығармашылықпен 
жұмыс  істейді,  ізденеді,  білімін  толықтырады.  Оқыту  жүйесінің  қандай  түрі  болмасын 
белгілі бір әдістемеге негізделеді. Әдістеме жан-жақты және өз алдында дұрыс қолданса, 
өтілетін  әрбір  тақырыптың  мазмұны  да  ойдағыдай  ашылып,  студенттердің  жан-жақты 
меңгеруімен  ұстаздың  қызметінің  іс-тәжірибесімен,  сабақ  өтілу  процесімен  тығыз 
байланысып  жатады.  Осылардың  негізінде  әр  мұғалімнің  бойында,  ой-санасында 
әдістеменің озық үлгілері жинақталады. Оқытушылардың алдына қойылып отырған басты 
міндеттердің  бірі  –  оқытудың  әдіс-тәсілдерін  үнемі  жетілдіріп  отыру.  Жаңашыл 
мұғалімдер  дәрісі,  семинарлар,  практикалық  сабақтар,  конференциялар,  іскер  ойындар, 
сын  тұрғысынан  ойлау  жобалары,  тағы  басқалары  дәстүрге  енгізіліп  отырғаны  абзал. 
Сондықтан  да  қазіргі  қоғамымызда  әр  мұғалім  өз  іс-әрекетінде  қажетті  өзгерістерді, 
әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, 
дұрыс  пайдалана  білуі  керек.  Студенттердің    маман  ретінде  қалыптасуына  ең  алдымен 
оның  оқып  білуі,  саналы  білім  алуы  басты  негізгі  күш  болады.  Сабақ  беру  нысандарын 
таңдау кезінде студенттердің танымдық мүмкіндіктерін ескеру қажет. Дәстүрлі әдістерден 
гөрі ізденімпаздық жұмысты неғұрлым кеңірек пайдалануда танымдық қызығушылықты, 
студенттердің  танымдық  белсенділігін  қалыптастыруға  септігін  тигізеді.  Сондай-ақ 
студенттердің танымдық белсенділігін дамытуда оқу орындарында проблемалық оқытуды 
ұйымдастырудың,  проблемалық  жағдайларды  жасау  мен  шешудің,  пән  бойынша 
танымдық  міндеттерді  кеңінен  пайдаланудың,  оқу  үрдісінде  студенттердің  ғылыми 
ізденістерін  ұйымдастырудың,  өзіндік  жұмысқа  баулудың,  оқып-үйрену  барысында 
тақырыптық ойындарын және т.б. кеңінен қолданудың маңызы ерекше. Студент  ғылыми 
жұмыспен шұғылданып, зерттей білуге үйренеді. Сонымен қатар, студентте шыдамдылық, 
жүйелі  жұмыс  дағдысы  пайда  болып,  өмірге  деген  көзқарасы  өзгереді.  Студент  алған 
теориялық  білімді  практика    жүзінде  өмірде  қолдана  біледі.  Ақпараттық  технологиялар 
арқылы студенттің сөйлеу қабілеті мен сауаттылығы артады. 
Осыдан  келіп,  студенттердің  танымдық  белсенділігін  дамытуды  арнайы 
ұйымдастыру  –  оқу  үрдісін  жетілдірудің  негізгі  шарты  болып  табылады.  Оны  жүзеге 
асыру студенттердің танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын ынталандыруға септігін 
тигізетін  оқу  үрдісін  ұйымдастырудың  тәсілдерін,  әдістері  мен  нысандарын  іздестіруге 
өзекті  сипат  береді.  Жалпы  студенттердің  танымдық  белсенділігін  дамыту  өзекті 
мәселелердің бірі болуы тиіс, себебі қоғам мүшелерінің білімдарлығы, түрлі жағдайларға 
бағдарлануы,  алдына  қойған  міндеттерді  шешудің  қолайлы  тәсілдерін  таңдай  білуі 
көбінесе олардың дайындығына байланысты болады. Жаңа ақпараттық  технологияларды 
қолдану  арқылы  студенттердің  қызығушылығын,  интеллектуалдық  танымын,  білім 
сапасын арттыруға болады. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану соңғы уақытта 
білім  беру  жүйесінде  маңызды  бағыттардың  бірі  болып  табылады.  Мультимедиялық 
технологиялар  көбіне  компьютерлік  сыныптарда  қолданылады.  Қазіргі  уақытта  сабақ 
материалына  байланысты  көптеген  компакт-дискілер  бар.  Шетел  тілі  сабағын 


 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
40 
компьютердің  көмегіне  сүйеніп  өткізуге  көп  мүмкіндіктер  жасалған.  Жаңа  материалды 
түсіндіруде  интерактивті  компьютерлік  графиканы  пайдалануды  көздейтін  ақпараттық-
бағдарламалық  құралдарды  пайдалануға  болады.  Компьютерлік  графикалық  материал 
презентациялық  монитор  көмегімен  көрсетіледі.  Ағылшын  тілі  пәні  бойынша 
компьютерлік  тестілеуді  қолдану  студенттердің  интеллектуалдық  танымын  арттырады. 
Студенттер  бір  тестілеуден  жақсы  нәтижеге  жеткенше  бірнеше  қайтара  өтеді.  Бұл 
тестілердің барлығы шетел тілі бойынша минимум талаптарына сәйкес келеді. Келесі бір 
маңызды жағдай – уақытты үнемдеу. Аз уақыттың ішінде бағдарламаның көптеген қиын 
сұрақтары  формулалар  мен  эксперименттер  көрсету  арқылы  түсіндіріліп,  бекітіледі. 
Электрондық  байланыс  жүйелері  арқылы  ақпарат  алмасудың  тиімділігі  өркениетті 
елдердің  іс-тәжірибелерінде  айқын  сезіледі.  Республикамызда  білім  беру  жүйесі  мен 
білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселеге айналды. 
Қазақстандағы  барлық  орта  мектептердің  компьютермен  жоспарлы  түрде  жабдықталуы 
оның  айқын  дәлелі.  Заман  ағымына  сай  күнделікті  сабаққа  видео,  аудио  қондырғылары 
мен  теледидарды,  компьютерді,  интерактивті  тақтаны  қолдану  айтарлықтай  нәтижелер 
береді.  Мұндай  қондырғылар  студенттердің  қызығушылығын  арттырып,  зейін  қойып 
тыңдауға және алған мәліметті нақтылауға мүмкіндік береді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1. Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан 
халқына Жолдауы, «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 
бағыты». – Астана, 2013. 
2. Мұраталиева  Н.  Жаңа  формациядағы  ұстаз,  оның  кәсіби  мәдениеті  //Мектеп 
директоры, №3– 2006. 
3. Бейсенова  Г.  Жаңа  ақпараттық  технологиялардың  тиімділігі  //  Қазақстан  мектебі, 
№ 6 –2006. 
4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2004. 
5. Хмель  Н.Д.  Теоретические  основы  профессиональной  подготовки  учителя.  – 
Алматы: Ғылым, 1998.  
6. Қазақстан Республикасының  2005-2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту 
тұжырымдамасы. 
 
РЕЗЮМЕ 
Беркутбаева М.З., преподаватель 
(г.Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
 
ПУТИ РАЗВИТИЯ ПОЗНАВАТЕЛЬНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ СТУДЕНТОВ С 
ПОМОЩЬЮ ИННОВАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИИ 
В данной статье рассматриваются развитие познавательной деятельности студентов, 
применение инновационной технологии на занятиях иностранных языков. 
Ключевые  слова:  информационные  технологии,  педагогическая  коммуникация, 
инновационный метод, методы обучения, активность студентов, качества образования. 
 
SUMMARY 
Berkutbaeva M.Z., 
teacher 
(city Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University) 
 


жүктеу 9,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   86




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау