Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдарының



жүктеу 417,03 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.11.2018
өлшемі417,03 Kb.
#22152


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ 

МИНИСТРЛІГІ 

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 

«Махамбет» гуманитарлық зерттеулер институты 

 

 



 

 

Текті



 

сөздің

 

зергері

  

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қазіргі әдебиеттану, тілтану мәселелері және 

жазушы-драматург Рахымжан Отарбаев шығармашылығы» 

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы 

материалдарының 

Ж И Н А Ғ Ы 

 

*** 


 

С Б О Р Н И К 

научных статей республиканской научно-практической конференции на 

тему:«Актуальные проблемы современного литературоведения и 

языкознания и творчество 

писателя-драматурга Рахымжана Отарбаева» 

 

 

 

 

 

                                                 

24 қараша 2016 жыл 

Орал қаласы  

 



ӘОЖ: 82:316.3 

 

ЖАЗУШЫ-ДРАМАТУРГ РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВТЫҢ 

ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ӨМІРЛІК ПРОБЛЕМАЛАР 

КӨРІНІСІ 

 

М. О.  Кенжеғалиева  

 

Бір ұрпақ екінші ұрпаққа тек өмір сыйлап қана қоймайды, 

өмір сүре білудің тәсілі мен тәжірибесін де мұраға қалдырады. 

                                                                       Әбіш Кекілбаев 

 

Қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі,Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген 



қайраткері,  «Парасат»орденінің  иегері,  «Махамбет»  сыйлығының  лауреаты,халықаралық 

Айтматов 

академиясының 

академигі, 

жазушы, 

драматург 

Рахымжан 

Отарбаев 

Қазақстанның  жаңа  бақытының,  тәуелсіздік  бақытының  үлкен  жазушысы.Тарихтағы 

табандылық  пен  тамырдағы  тектілікті  ұштастыра  отырып,  адам    мен  қоғам,  тұлға  мен 

тобыр  тартысқан  мына  заманда  замана  шындығын  бүкпесіз  суреттеген  жазушының    әр 

туындыдағы айтар ойы ойлы оқырманның ойына ой салары сөзсіз. Рахымжан Отарбаев – 

прозаның не екенін білген, керемет меңгерген хас суреткер.Ол шындықты жалаңаш түрде 

айтпайды,  үлкен  ойдың  астарында,  жасырып,  көміп  бірақ  адам  санасына  түсінікті 

етіп,керемет  жеткізе  біледі.  Өзінің  оқырманы  бар,  шығармашылығын,  стилін,  өрнегін 

сыйлайтын,құрметтейтін  жазушы. 

Рахымжан ағаның өзіне байланысты туған жер,ұстаз жөнінде сұрақ қойса: 

Теңіздің қуысында, 

Құдайдың уысында... - деп өзін таныстыруы, 

Әбіш Кекілбаев - ұстазым, 

Шерхан аға – жұмысқа алды, 

Оралхан ағаның шапағатына бөлендім, 

Тұтқабай Иманбеков туған аға болды, 

Фариза апа-алғашқы шығармамды басты, 

Әбіш аға маңдайымнан сипады,арқамнан қақты, 

Әбдіжамал аға – Мәскеуге танытып, кітабымды шет елге шығуына ықпал етті. 

Шерхан ағаның шекпенінен шықтық, солар қолдан жетектеді, жолымызды ашты. 

Ізгілік  сапарына  сол  жерден  іліктік  қой,  -  деп  өзінің  оқу-тәлім  алған  ортасын    да 

ерекше, көркем сөзбен айтуы бір бөлек. 

Жазушының  бағасы  айтқан  сөзінен  ғана  емес,  келтірген  немесе  өзінше  қажаған,  я 

болмаса  өзгеше  айшығынан  білінеді.  Оның  кім  екені  қаламынан    шыққан  қуатты  ойдан, 

соны  өрнегінен    де    танылмақ.  Отарбаевтың   қай   шығармасына  үңілсеңіз  де  қоғамды 

ірітіп-шірітіп, жегідей жеп жатқан былық-шылықты әшкерелегенін көруге болады. 

Бұл  үзінділерде  ақшақұмарларды   тоғышарлық  дәрежесіне  жеткізген  нәрсе  – 

азғындық.  Кәдімгі  Абай  айтқан  «Тамағы  тоқтық,  жұмысы  жоқтық,  аздырар  адам 

баласының» өзі. Содан барып ол «санасыз, ойсыз, жарым ес» болып шығады да, адамдық 

ізгі қасиеттен толық айырылады.  

Бәрі Абайдың ескерткішінің алдына келеді. Қыз бен жігіт тағзым етеді. Гүл  шоғын 

қояды. 

БІР ТОП ЖАС:Абай атамыз бен Әйгерімдей болыңдар! 



-Бақтарың ашылсын! 

-Давай, сол үшін ішеміз! 

-Шампан ашыңдар, шампан! 

ЖІГІТ: Ұлымыз болса, атын Абай қоямыз. 

ҚЫЗ: Қыз болса - Әйгерім...  



БІР ТОПЖАС: Горько!  Горько! 

-Ащы! Ащы! 

АБАЙ:    Ұлымыз    болса  атын  Абай  қоямыз  дейді  мына  заманның  жастары.  Абай 

емес есімін Абайла деп қой, А-бай- ла! Абайла,бауырым, Абайла!  

«Кер кеткеннің сақалы кеңірдегіне бітеді» деген. Ынтық болған ғашығын аузынан 

сүйеді  екен...  кенедей  жабысып.  Біздің  кезімізде,  ой-хой,  дәурен  (ойланып,  мұңданып), 

Тоғ-жан,  Сал-та-нат...  (Басын  шайқайды)  Ақ  бетінен  аялап  өбіп,  ақ  тамақтан  иіскеп... 

Қалқам деп,  қарағым деп... [42 , 43б] АБАЙ: СОТ 

Ойланып қарасақ, оқырманды шошытқан жаңа әрекеттерді істейтін адамдар бүгінгі 

заманда  өркениетке  жеткен,  демократиялық  елдерде  өмір  сүреді.  Демократия  дегенді 

«бәрін  өзім  білем,  не  істеймін  десем  –  өз  еркім»  деп  түсінген  олар  –  аш  емес,  жалаңаш 

емес,  бірақ  гомосексуалистер,  көшеде  тыр  жалаңаш  жүретіндер,  ішіп,  қалай  болса  солай 

жыныстық  қатынасқа  ашық  түсетіндер…  Олар  неге  бұлай  болды?  Себебі  –  өзімшілдік, 

жауапсыздық, қоғамда тежегіш күштің жоқтығы. Дәл осыған ұқсас жағдай бізде де көрініс 

беруде.  Бірақ  біздегінің  себебі  сәл  басқаша.  Дамыған  елдегілер  «тойып  секірсе», 

біздегілер «тоңып секіруде». Нарықтық экономикаға көшкен сәттен бастап, бұқара халық 

орасан  қиыншылыққа  тап  болды:  жұмыссыздық,  баспанасыздық,  аштық  –  бұлардың  бәрі 

қосыла  келіп,  адамдардың  біраз  бөлігін  рухани  азғындыққа  әкелді.  Соның  салдарынан 

олар  есірткіге,  ішкілікке,  әйелдер  жезөкшелікке  салынды,  еркектер,  әсіресе,  жастар 

рэкеттік  әрекеттер  мен  зорлық-зомбылық  жасауға  көшті.  Рухани  азғындау,  түптеп 

келгенде,  оларды  адамгершіліктен  жұрдай  қылды,  не  құдайдан,  не  адамнан  қорықпаған 

олар өз әкесін, шешесін, баласын, әйелін өлтіруде, қызын, қарындасын зорлады, жазықсыз 

жандарды жайратты… «Ашынғанның тілі шығады, ашыққанның қолы шығады» демекші, 

кедейшілік, жоқшылық адамдарды ессіздікке, тағылыққа апаруда. Сонымен бірге мұндай 

хайуандыққа тек ашыққандар ғана емес, «тамағы тоқ, көйлегі көктер» де  барып жатқаны 

елге  аян.  Бұның  себебі  –  «аттылыға  ілесіп,  жаяудың  таңы  айырылыптының»  кері. 

«Демократиялық елміз» дегенді желеу етіп, бас-көз жоқ Батысқа еліктеудің салдары. Ебін 

тауып, екі асап, тез арада байып алғандардың бір бөлігі дамыған елдердің «рахат өмірін» 

өздерінше түсініп, игеріп алған сыңайлы. 

Биік-биік  үйлер.  Сол  көшенің  бойында  екі  есік.  Бірінде  «Әкімшілік»,  екіншісінде 

«Казино»  деген  жазуы  бар.  Автобустың  келіп  тоқтағаны  естіледі.  «Абай  атындағы 

аялдама!  Әй,шал,  сен  осы  жерден  түсесің.  Здаш  жоқ.  Все.  Кеттік.  Келесі  аялдама  - 

«Біржан сал» деген жүргізушінің  дауысы. 

-Тоқта, шал. Стой! 

-Ал, тоқтадық, шырағым (бұл Абайдың сөзі) 

-Қоржыныңда не бар? Шығар, наркотик пе? 

-Наркотыңды білмедім. Мұның ішінде ... 

-Иә, ішінде не бар?... Уақыт жоқ. Давай. 

-Халқымның мұңы мен зары бар! 

-О-хо-хо-хо! Халқым дейтін кім едің сонша? 

-Ел ардақтаған Қыдыр атамын. 

-Бар, бар жөніңмен. Қайқай, әйда! Адақтай бер елді. 

АБАЙ: Үһ! Қазағымның кең даласын түгел адақтап шықтым десем, кім сенер. Арқа 

мен  Атырау,  Алтай,  Бетпақдала    мен  Жетісу...    Қалмақтан  арашалап  қалған    жер 

халқымның  игілігінде  екен.  Бәрі  сатылған  мына  заманда  саудаға  салып,  бұлдап 

жібермепті, оған да шүкір.  

Қажыдық, қайғы ойладық ұлғайды арман, 

Шошимын кейінгі жас балалардан. 

Ісін сатпай, мөлиіп көзін сатып, 

Жұрттың бәрі бұл күнде болды аларман. 

АБАЙ:  Құлға  бостандық  берсең,  құдыққа  құлап  өледі  деген.  Бір-бірін  алдаған, 

арбаған, тонаған халық. Сонда мұның аты қазақ болғаны ма? 




КҮТБАЙ:  Ал,ақсақал,  келген  шаруаңа  көш.  Уақыт  тығыз.  Алдын-ала  кесіп 

айтайын,  ауылдан  қаланы    сығалап  келіп  жүрген  біреу  шығарсыз,  прописка  жасай 

алмаймын,  пәтер  бере  алмаймын.  Кезекте  кісі  көп.  Материалдық  көмек  және  таусылды. 

Кассада  тиын-тебен  қалды.  Зейнетақыңды  көтере  алмаймын.  Бюджетте  ақша  жоқ.  Бала 

жетелеп  келсең  оқуға  түсіре  алмаймын.  Оған  тамыр-таныстық,  ең  бастысы  ақша  керек. 

Сосын не? 

АБАЙ: Жетті, Күтбай,жетті. Алла риза болсын. Тек қояр бір сауалым бар. Әлгінде 

депутат болам деп бар уәдеңді үйіп-төгіп қазақ баласын бұрын-соңды көрмеген мырғамға  

батырып ең ғой.  

Қайда кетті соның бәрі? 

КҮТБАЙ: Ой, ақсақал-ай сізде бір... Уәдеде не тұр. Айтылды, сенді, бітті. Кейін кім 

тексеріпті. 

АБАЙ:  Ей,  Күтбай  шырақ,  сенің  ел  алдап  әкім  болғаныңды  алаяқтықпен  депутат 

атанғалы жүргеніңді ана жерде, биікте отырған үлкен кісіге айта барсам қайтеді? Менімен 

оның ағайындығы бар еді. 

КҮТБАЙ:  Не  дейді?  Үлкен  кісі?  Келген  бете-ақ  айтпайсыз  ба,  ақсақал-ау?  Үлкен 

кісі... Сонда сіз ағасысыз ба?  

АБАЙ:   Иә ағалы-інілі... 

КҮТБАЙ: Тұрекеңнің бе, кәдімгі? 

АБАЙ: Одан да биіктеу. 

КҮТБАЙ:  Апыр-ай, Нұрекең бе? 

АБАЙ: Таппадың, Күтбай әкім. 

КҮТБАЙ: Одан биік пәнде баласы жоқ қой (дағдарып). Енді қайттім? 

АБАЙ: Бар болғанда қандай! Құрекең! Ұмыттың ба немене? Құдайды ұмыттың ба 

антұрған?! Ең үлкен  иман – таразы сол! 

Баяғы  құлқын  бір  құлқын!  Баяғы,  баяғы,  баяғы  бәрі!  Заман  қанша  құбылса  да 

пәндесінің ниетін тазалай алмаған екен... Әттеген-ай!  Аманат қоржынды  табыстар адам 

таппадым-ау... 

ҚОҢҚИ:  Онда  жүр,  бүгінгі  жастарыңды  көр  («Казиноға»  жетелейді).  Өнерін 

тамашала. Көңілің сүйсінсін. Жүр,жүр... 

АБАЙ: Осы заман жастары ма? Жә, жүр онда. 

АБАЙ:  Аллам  сақтасын.  Жын-перінің  ойнағы  ғой  мынау.  Қайтпасам  болмас 

мәңгілік мекеніме. Әттең, қоржын, қоржын, кімге аманаттасам екен? 

ҚОҢҚИ:  Тұра  сала  неге  қаштың?  Жастар  аташкі  жақсы  екен  деп  жатыр.  Абайға 

ұқсаған дейді. Мен орталарына түсіп билеп те жібердім. Гак-калина, гак-калина гамая. Еду 

я...  Көрдің бе? 

АБАЙ: Қазақтың қайғысы тойған жерінде қалады. Солай, солай. 

АБАЙ: Бір қадақ ар бер, екі қадақ ұят бер, таудай талап бер, таусылмас намыс пен 

жігер бер, тарыдай бақ бер. 

ӘЙЕЛДЕР: Ойбай, оны қайдан таптық? 

-Қоржыныңыз  толы доллар ма? Өңшең қымбат нәрсе сұрадыңыз. 

-Жож...жоқ, бізде жоқ, бәрі түгесілген Келмеске кеткен. Қазір шығармайды. 

ҚОҢҚИ:  Ендеше  маған  көсіп-көсіп  арсыздықтан,  ұятсыздықтан    сал.  Намыссыз 

нәйістіктен, өтіріктен, жаладан, ойнақтан өлшеп-өлшеп, кесі-кесіп бере қойыңдар. 

ӘЙЕЛДЕР: Бұл сұрағандарыңыз  табылып қалар. 

АБАЙ: Бастарың байлы ма, шырақтарым? Менің Әйгеріміме  ұқсаған жан екенсің. 

Уа, дариға-ай! 

ӘЙЕЛДЕР: Бай бар, ата. Жұмыста. 

-Бай жоқ, ата. Өліп қалған. 

АБАЙ: Қызылшақа кішкенелерің  өсіп жатыр ма? 

ӘЙЕЛДЕР: Садикте. 

-Ала таңнан сүйреп апарып тастаймыз 




-Тамақ асырау керек, сауда жасаймыз. 

АБАЙ: Кішкенесінен ананың жылуына, әкенің мейіріміне шөлдеп, жарымай, ортақ 

қазанда өскен бала жатбауыр болмай қайтсін 

АБАЙ: Бір Аллаға аманатсыңдар! 

ЖІГІТ: Ата, Абай ата. 

ҚЫЗ: Ата 

ЖІГІТ: Абай ата біз сізді  іздеп шарламаған  жеріміз қалмады. 

ҚЫЗ: Табанымыздан таусылдық. 

АБАЙ: Жайшылық па, қаорақтарым? 

ЖІГІТ:  Былтыр  үйленерде  сіздің  ескерткішіңізге  гүл  қойып,ұлымыз  болса,  атын 

Абай қоямыз дегенбіз. 

ҚЫЗ: Қыз болса Әйгерім... 

ЖІГІТ: Ұлымыз бар, ата. Атын өзіңіз қойып беріңіз 

АБАЙ: Кішкене екен өзі. Маңдайы жазық, қыран қабақ жігіт болғалы тұр екн. Тфә, 

тфә,  тіл  көзден  аулақ.  Атыңды    Абай  емес,    Абайла  деп  қойдым.  А-бай-ла!  Еліңнің 

үзілмеген  үмітін    сенің  қолыңа  бердім.  Саған  аманат,  Абайла.  Жез  бұйдалы  халқыңды 

болашаққа өзің жетелеп апар. 

Мынау қоржынды ержетіп, оңы мен солын, баысы мен шығысын, досы мен қасын 

анық таныған соң табыстарсыңдар! Аманаттың жүгі ауыр. Абайла, бауырым, абайла! 

ЖІГІТ: Рахмет, ата! 

ҚЫЗ: Аманатыңызды орындаймыз. 

АБАЙ:  Хош,  менде  қайттым,  мәңгілік  мекеніме.  Ризамын  тағдырға.  Жасаған  ием 

қазақ  дейтін  халықтың  ұлы  ғып жаратып,  басыма  сана,  тіліме  бояу,  қолыма  қалам  берді. 

Жарқыратып  маңдай,  жабылдырып  дұшпан  берді.  Алдымды  сағым,  артымды  сағыныш 

қып өмір берді. Бәріне де шүкір, ана. Бір жарым ғасырдан соң оянып кетіп, еліме қайтып 

оралып  ем,  орталарыңа    бір  Абай  сыймады.  Ел  жаңарған,  жасарған.  Әттең,  тереңіне 

бармай бетінен қалқиды, ойсыз сәби секілді [81-92б.]. 

Өзінің  мүддесі  үшін  олар  ешқандай  зорлық-зомбылықтан,  кісінің  қанын  төгуден, 

бір  үйлі  жанды  сойып,  тонап  кетуден  қашпайды.  Бұлардың  азғындауы  –  аштықтан  емес, 

имансыздықтан,  өзімшілдіктен,  тойымсыздықтан,  ашқарақтықтантуған  нәрсе.  Ендеше, 

бұндай  адамдардың    адами  болмысы-оу  бастан  шірік,  арам.  Реті  келіп,  өздері  қалаған 

жағдай туғанда олар тағылыққа көшіп, жабайы әрекеттерін іске асырады.  

Міне, осындай адамдардың ішкі дүниесін ашып, оларды  психологиялық  тәсілімен 

әшкерелеу  –  көркем  әдебиеттінің  бүгінгі  таңдағы  өзекті  міндеттерінің  бірі.  Әшкерелеп 

қана  қою  емес,  сондай  былықты,  зияпатты  істердің  алдын  алып,  адамдарды  сақтандыру, 

сол арқылы қоғамды тазарту, жетілдіру – әдебиет пен өнер үшін зор мақсат. Жазушы  осы 

мәселелерді көркем тілмен зерттей де, зерделей де білген. 

Бірақ өкінішке орай қазіргі ұрпақ кітап оқымайды, осы ақынның шығармаларын ел 

басында  отырған  ел  ағаларына  да оқытса  артық  болмас  еді,  жастарға  қалай оқыту  керек, 

қалай  ұғындыру  керек.  Бұл  кітаптар,  шығармалары  «Абай  жолынан»кейінгі,  екінші 

«Абай:соты» түсінген оқырманға қол жетпес тәрбие, тағылым. 

Рахымжан  Отарбаевтың  «Американың  ұлттық  байлығы»  әңгімесіне  келейік:  «–

Аллам-ау,  деді  амалы  таусылған  аңшы  үні  тозып,  мұржаға  сүйене  кетіп.  –  Шәуілдеген 

жаман  шибөрі  Американың  ұлттық  байлығы  болсын.  Мен  сонда  Қазақстанның  кімімін? 

Өкпесіне  тебер  өгейімін  бе?  Бұ  дүниеде  жиғаным,  о  дүниеде  иманым  бұйырмай 

кететіндей сұрауым жоқ па? Оң қол қиянатқа жүгірсе, сол қол арашаға ұмтылмас па?.. Бұл 

ел ел ме әлде ашық-тесік жатқан малқора ма?.. Көзінен екі тамшы жас езіліп түсті»,– міне, 

... 

«Осы жұртта ес бар ма өзі? Таң торғайы шырылдағанда басталған қаңқу қара қарға 

қанатын  жайып,  қонар  ұясына  қайыра  ұшқанда  қиқуға  ұласып,  айналаң  арқасы  бар 

бақсыдай  зікір  салып,  арпалысады  да  жатады.  Берместің  пұлын,  көрместің  көзін  сұраған 

өңшең  қайыршы  қайдан  ғана  қаптап  жүр  осы?»  –   бұл  мекемесі  банкрот  болған  бүгінгі 




араны  ашылған  пасық  адамның ойы.  Осыдан-ақ  оның  халыққа  жаны  ашымайтын  кісәпір 

екенін  көруге  болады.  Тек  құлқынының  қамын  ғана  көздеген  бас  кейіпкердің  өзімен-өзі 

сөйлесуі    шығарманың    түпкі  ойын  көркем  көрсетеді.  Осы  арқылы  жазушының  сыны 

кекесінмен  көрініс  тауып,  улы  сарказмын  .  Жазушы  қол  астындағы  жұмысшыларға,  елі 

мен  жеріне  жаны  ашымайтын  бастықтарды  осылай  әшкерелейді,  астарлы  сөзбен 

масқаралайды. 

Рахымжан Отарбаевтың «Бас» романының тақырыбының тарихы. Тарихтан белгілі 

Махамбет  ақынның  басына  байланысты  дау-дамай  жазушының  жанын  ауыртқан. 

Ауыртып 

қана 


қоймаған, 

жандүниесіне, 

санасына  

қылбұрау 

салып 

қинаған 


сыңайлы.   Олай  дейтініміз,  ХІХ  ғасырдағы  Кіші  Ордадағы  Исатай  Тайманов  пен 

Махамбет  Өтемісұлы  бастаған  көтеріліске  қатысты  тұлғалар  да осы  романда   қамтылған. 

Тарихи шындықтың да беті біршама ашылған. Көп адамдар айтып жүргендей емес, бірақ... 

Сонымен қатар, ұлтының болашағы үшін  жанын шүберекке түйген ақынның өлімі туралы 

да  тарихи  деректер  келтіріледі.  Өлгенге  дейін  қудаланып,  өлгеннен  кейін  де  тыныштық 

таба  алмаған  ақын  рухына  тағзым  ете  отырып  жазушы  осы  жерде  өзіміз  елей  бермейтін 

жерлік  тірлікке  қатысты  көп  нәрсенің  бетін  ашады.  Жаратушының  адамзатты  о  баста 

барлық мақұлықтан, жанды-жансыз табиғат иелерінен бөлек жаратып, сана дарытып, оған 

сәйкес мінсіз келбет бергеніне қарамастан, қазіргі таңда табиғат-анаға қанжар сілтейтін, о 

бастағы  жаратушы  берген  сертті  аяққа  таптаған  нағыз  ішмерез  топасқа,  сатқын,  қу 

дүниенің  құлына  айналу  процесінің  жүріп  жатқанын  жан  даусымен  бүкіл  адамзатқа 

ескерткісі келеді. Егер, қу құлқынға құл болуды, қарын қамын ойлауды доғармаса адамзат 

баласына  ақырзаманның  келіп  қалғанын,  одан  құтылудың  жолы  жоқ  екенін  айтады 

суреткер. 

Жер  бетіндегі  тіршіліктің  бір-бірімен  көзге  көрінбес  нәзік  жіптермен,  рухани 

сәулелермен  байланысып  тұрғанын  түйсіне  отырып,  дәл  осынау  тоғышарлықтар, 

күншілдік пен пасықтықтан арылмаса, адамзат баласының құрдымға кететін болашағына 

көз жеткізгендей боласың.

 

 

«Бас»  романы  –  өте  күрделі  дүние.  Оған  теңдес  туынды  әлем  әдебиетінде  бірен-



саран. Романда  сақ  қорғанынан  тарихи  мәні  зор,  қымбат  бұйым  тапқан,  онда  жазылған 

сына жазудың  философиялық мәніне  дүниежүзі  ғалымдары  таңдай  қаққан  сәттен  бастап, 

антропологты қудалау басталады. Ол да әліптің артын бағып, үнсіз қалатынның сойынан 

емес.  Не  де  болса,  шындықты  бетке  айтады.  Әсіресе,  үш  би  –  Төле,  Қазыбек,  Әйтеке 

билердің  суретін  сомдаған  кезде  тағы  да  ағынға  қарсы  жүзіп,  суретшілерді,  мүсіншілер 

мен  тарихшы,  әдебиетші  ғалымдарды  өзіне  қарсы  қойып  алады.   Барар  жер,  басар  тауы 

қалмаған  Ноэльдің  ұстазы  Герасимовқа  мұң  шағып,  рух  алатын  эпизод  бар.  Оның 

тақырыбы – қудалау, идеясы-қызғаныш. 

Жәңгір:  –  Басыма  қонған  құдайы  күлшедей  бақты  көре  алмай,  қотанда  тұрып 

ортасынан  жарылып  үріккен  қойдай  боп  ең.  Әй,  қазақ,  сені  билеген  әкімнің  соңында 

жақсы  аты  қалмас.  Тақырға  гүл  өсер  деп  су  құйып  ем,  оным  өзімнің  үстімді  былғар 

шалшыққа  айналды.  Махамбет,  бұ  қазақтан  жақсы  болсаң  да  еститінің  бір  атаңа  нәлет, 

жаман болсаң да еститінің бір атаңа нәлет. «Қара албасты басқырсың» дегенің маған емес, 

үйдегі қатыныңа айтатын қарғысың еді ғой. 

–  Эрмитаждың  қоймаларының  бірінде  Кенесарының  басы  сақтаулы.  Мен  жолай 

алмаймын.  Құйрығымда  қоңырауым  бар.  Сенің  жөнің  бөлек.  Әзірге  өмірбаяның  таза. 

Қырағы көзге ілінбегенсің. 

– Сонда... 

– Сол басты алуымыз керек. Сақтапқоямыз. Қазақтартүбі оны да іздейді. Сол кезде 

сауда қызады. Қымбатқа өткіземіз», –  уақыт желі құйындап соққанда адамның алтыннан 

да  қымбат  басының  қай  тентектің  қолында  кететінін  тек  жаратқан  Алла  ғана  біледі. 

Өзіміздің  небі  расылдарымызды  бағаламай  жүріп,  өзгенің  жылтырағына  құмармыз. 

Еліктегішпіз.  Өз  жұртымыздың  мұрасын  сақтауға  келгенде  салақпыз.  Жазушы  күйіне 

отырып жеткізеді. Сарказм де жоқ емес. Уытты мысқылға да орын берілген. Жазушы улы 




кекесінді, сын найза сын түйрей отырып, іштей егіледі, жылайды. Осыны сезінуге болады. 

Жүрек шымырлап кетеді. Ол – жазушы шеберлігі. 

Қара  сөзіндегі  ақынның  халқын  намысқойлыққа,  еңбексүйгіштікке,  іскерлікке 

шақырған  идеялары,  халықтың  бойындағы  жағымсыз  қылықтарды  сынай  отырып,  одан 

арылудың  жолдарын  көрсетуі,  ұлттық  дамудың  тиімді  экономикалық  маңызын  назарға 

салуы, еліне еңбекқорлықты, іскерлікті, мал табу жолдарын айтқан өсиетнамасын болашақ 

ұрпаққа,  ел  сенімін  арқалаған  ағаларымызға  оқытып,  таныстыру  бүгінгі  біз    бен  сіздің 

парызымыз. 

  Құдайға тәуба, көзі ашық ел ағаларымыз, ер ағаларымыз аман болсын! 

 

– Заман қалай, аға? 



– Қыс келді. Кейде жүрем ақылды басыма ақымақ бөрікті киіп алып. Біреулер сол құндыз 

бөркіме сәлем беріп жатады. Заман солай, інім! 

– Уақыт қалай, аға? 

– Студент кезімде Астрахан қаласында екі сыған келіншек кезіккен. Бал ашқан. 

«Красавец, позолоти ручку» деп бар ақшамды сыпырып алып еді. Қазір де сығансыз да 

тоналып жүрмін. Уақыт солай, інім! 

– Егде тартып келесіз, аға? 

– Солай. Көп нәрсеге көңіл қарайды, шаш ағарды. Мен шашымды ешқашан бояған 

емеспін. Өйткені, олар мен үшін тым қымбатқа түскен. 

– Билікте жүрген жас жігіттерге не айтасыз? 

– «Қараңғы қазақ көгіне, 

Өрмелеп шығып күн болам» – дегендер көбейіп кетті. Қорқынышты. 

– Ел ішіндегі кейбір келеңсіз көріністерге ойыңыз қандай? 

– Бір қарғаны атып алып қора басына байлап қойса, өзгесі безіп кететін. Қарапайым 

қойшы білген қағиданы кейбіреулердің білмегеніне таңқалам.  

– Өкінішіңіз қандай? 

– 25 жасымда ойладым. Әкем ештеңе білмейді. Мен оқығанмын, бәрін білемін деп. 50-ге 

толғанда өкіндім, әкем тірі болса, көп нәрсені сол кісіден сұрап алар едім-ау деп. 

– Жазуға отырғанда ұстанар қағидаңыз? 

– Жұрт жаза алатынды жазып қажеті қанша? Жұрт көре алатынды көріп қажеті 

қанша? 

– Сонымен... 

– Сөз өсірдім, баптадым, семірттім. Қазақтың соғымына сойдым. Енді жіліктей 

беріңдер.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


М А З М Ұ Н Ы 

 

Алғы сөз.  Иманғалиев А.С. Рахымжан Отарбаев текті сөздің зергері.................... 

4 



Құлкенов М. Теңіздей терең, даладай кең.................................................................... 

8 



Бақтыгереева А. Рахымжан – өзіндік мінез, өзіндік қолтаңбасы бар қаламгер....... 

9 



Сәрсенбай Қ. Рахымжан Отарбаев шығармашылығындағы саз, 

әуенгершілік төңірегіндегі бірқыдыру ойлар................................................................ 

 

12 



 Шахин А. Оралыңа оралып тұр сағынтып................................................................... 

15 



Сұлтанғалиева Р.Б. Рахымжан Отарбаев драматургиясы: тарихи драма, 

тарихи тұлға, көркемдік шешім және жаңашыл көзқарас............................................ 

 

18 



 

 

I секция. Жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың шығармашылық 



шеберханасы және әдебиеттану, тілтану мәселелері 

 

 

 

Ниетқалиева Г.Н. Мәңгілікті бетке алған жалғыз атты жолаушы............................ 

24 



Камиева А.Г. Жазушы, драматург Рақымжан Отарбаев туындыларының  

тақырыптық, тілдік ерекшеліктері.................................................................................. 

 

33 



Кенжеғалиева М.О. Жазушы-драматург Рахымхан Отарбаевтың 

шығармаларындағы өмірлік проблемалар көрінісі....................................................... 

 

38 



КОНФЕРЕНИЯНЫҢ   ФОТОКҮНДЕЛІГІ.............................................................. 

44 


Пангереев А.Ш., Бексұлтанова А.А. Қазіргі қазақ прозасындағы 

постмодернизм көріністері.............................................................................................. 

 

55 



Абдульманов А.А. Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» 

романындағы мәңгүрттік идеясы және бүгінгі заман көрінісі..................................... 

 

60 



Исабай А.К. 

Шағын шығармалардағы адам мен табиғат байланысының көрінісі.......................... 

 

62 



Исмагулова А.М. Марат Қабанбай – балалар әдебиетінің көрнекті өкілі.................  68 

Ахметқалиева С.Б. Қазақ әдебиетіндегі поэзияның дамуы........................................  72 

Наби А.Ғ. ХХ ғасыр басындағы қазақ газеттеріндегі лингвомәдени бірліктер.........  78 

Қапашева А.А. Концептілік құрылым: «әйел» концептісі..........................................  82 

Туремуратова К.  

Қазақ әдебиетін оқытудың заманауи инновациялық технологиялары........................ 

 

85 



Ахметова С.Бастыны еңкейткен, тізеліні бүктірген Бейбарыс Сұлтан......................  89 

Қонысбайұлы Е.Қ. Қазақтың құсбегілік өнерінің ерекшеліктері.............................. 

92 

 

 

II секция. Қазіргі қоғамдағы және білім беру саласындағы сөйлеу мәдениеті: 



теориясы, тәжірибесі, оқыту технологиясы және тәрбиелік мәні 

 

 

 

Қыдыршаев А.С., Шакуова Д.А., Қыдыршаева Қ.С. Заманауи білім беру 

жүйесінде риторикалық технологияны қолдану мәселесі............................................ 

 

99 



Кыдыршаев А.С., Тулегенова Д.К., Қыдыршаев О.А. Ораторское искусство-

основа лидерства............................................................................................................... 

 

104 



Қыдыршаев А.С., Шакуова Д.А., Ғазез Н.Н. Педагогтың шешендік шеберлігі-

кәсібилікке негіз................................................................................................................ 

 

111 



Меңдіғалиева А.С. Көшбасшы тұлғасы сөйлеу мәдениетінің 

аспектілері.......................................................................................................................... 

 

119 



Қыдыршаев А.С., Шакуова Д.А., Латифова М.С. Іскерлік сөйлеу 

мәдениеті:іскерлік этикет, қағидаттары, іскер тұлға имиджі....................................... 

 

121 



Большебек Т.Е. Лингвомәдениеттану және когнитивтік лингвистика......................  130 

Еркналиева М.К. Вопросы  о процессах преобразования речевой культуры 

условиях современного общества.................................................................................... 

 

133 




Каирова Р.А. Білім беру саласындағы сөйлеу мәдениетінің өзекті мәселелері........  137 

Базарова И.Б. Қазақ тілін оқытудың заманауи инновациялық 

технологиялары................................................................................................................. 

 

140 



Бекмухамбетова С.Б. Шетел тілінде жазуға үйретудің маңызы және 

әдістемелік негіздері.........................................................................................................      

 

144 



Магауова А.Т.

 О роли коммуникативной компетенции студентов на 

занятиях русского языка...................................................................................................                      

 

149 



Тулегенова Э.С., Наурзгалиева Г.А. Развитие коммуникативной компетенции 

студентов на занятиях по русскому языку в технической вузе....................................                                                                                                    

 

152 



Утарова А.Г. Оқытудың орта деңгейінде лексикалық дағдыларын дамыту 

үшін өлеңдер мен әндерді қолдану ерекшелігі.............................................................. 

 

157 


Садықова А.М. Интернет ресурстарын пайдалану арқылы тілдік мамандық 

студенттерінің шет тілдік құзыреттілігін қалыптастыру.............................................. 

 

163 



Қыдыршаев А.С., Қыдыршаев О.А. Шешендік – ұлт тектілігінің негізі................  166 

Қыдыршаев А.С., Шакуова Д.А., Қабдол А.А.

 Шешен сөйлеу 

мәдениетіне,тіл әдебіне қатысты афоризмдер жүйесі................................................... 

 

181 



Қыдыршаев А.С.,  Шакуова Д.А.,  Шынарова А.Ғ. Қазіргі шешендіктану: 

мақсат-міндеттері, риторикалық канондар, сөйлеу этикеті.......................................... 

 

191 


Жунусова А.М. Сөйлеу мәдениетінің өзекті мәселелері.............................................  195 

Мырзагалиева А.С. Важные требование в ораторской искусстве.............................  199 

Ракымгалиева А.О. Как сделать ораторское выступление эффективным................  201 

Отарбаев Р. Ғұмырлық құрмет.......................................................................................  204 

Сағидуллиева С.  Ілгері жасқа бірер кеңес...................................................................  204 

 

 

Авторлар туралы мәлімет.............................................................................................  208 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

жүктеу 417,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау