Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі с. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан



жүктеу 2,05 Mb.
Pdf просмотр
бет13/30
Дата06.02.2020
өлшемі2,05 Mb.
#28314
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30

 

38 


арасында  алғаш  рет  «Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  әлеуметтік  және 

медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңы қабылдады. Осы заң 

аясында  жарымжан  балаларға  ерте  бастан  білім  беру  мәселесіне  мән 

берілген.  Оларды  білім  беру,  әлеуметтік,  медициналық  тұрғыда 

қамтамасыз ету қарастырылған [1, 17]. 

Инклюзивті  білім  беру  -  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  жалпы 

білім  беретін  мектептерде  тең  жағдайда  бірдей  білім  алуына 

қолжетімділігін ұйымдастыру.  

Инклюзивті  оқыту  негізінде  балалардың  қандай  да  бір 

дискриминациясын  жоққа  шығару,  барлық  адамдарға  деген  теңдік 

қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттігі бар 

балаларға  арнайы  жағдай  қалыптастыру.  Тәжірибе  көрсеткеніндей  қатаң 

білім  беру  жүйесінен  балалардың  бір  бөлігі  шығып  қалады,  өйткені 

қалыптасқан 

жүйе 

мұндай 


балалардың 

даралық 


қажеттілігін 

қанағаттандыра алмайды. 

Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал 

етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады [2, 19].  

Инклюзивті  білім  беруді  ұйымдастыру  үшін  қандай  арнайы 

жағдайлар қажет: 

Ең  алдымен,  даму  мүмкіндігі  шектелген  балалармен  жұмыс 



жасай алатын мамандар даярлау. 

Екіншіден архитектуралық кедергілерді жою.  



Білім  мекемелерін  арнайы  тұтқалармен,  парталармен, 

үстелдермен  және  басқа  да  компенсаторлық  құралдармен  жабдықтауды, 

көтергіш  қондырғылар,  пандустар,  санитарлық  бөлмелердің  арнайы 

қондырғыларын орнататын іс-шаралар кешенін бастау қажет. 

Қазақстан  Республикасындағы  білім  беруді  дамытудың  2011-

2020жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  инклюзивті  білім 

беруді  жетілдіру  мақсатында  төмендегідей  мәселелерді  қарастырады.  

Инклюзивті білім беру шеңберінде жалпы және арнайы білім берудің өзара 

әрекетінің  тетігі  әзірленеді, мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  біріктіріп 

оқытудың  модульдік  бағдарламалары  әзірленеді  мүгедек  балаларға 

қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың тәртібі әзірленеді. 

Осы  жұмыстардың  барлығы  да  Қазақстан  Республикасының  «Білім 

туралы»,  «Бала  құқықтары  туралы»,  «Кемтар  балаларды  әлеуметтік  және 

медициналық-педагогикалық  түзету  арқылы  қолдау  туралы»  Заңдарын 

және Ережелерді басшылыққа алады.  

Білім  берудің  бұл  түрінде  мүмкіндігі  шектеулі  баланың  өз-өзіне 

сенімі артады, ол маңайындағылардың тарапынан өзіне қолдау бар екенін 

сезінеді,  бұл  баланың  өзін-өзіне  бағалай  білуіне,  қоршаған  ортасына 

сүйіспеншілікпен  қарауына,  өзін  қоғамның  толыққанды  мүшесі  сезінуіне 

жол  ашады.  Оқытудың  бұл  түрі  арқылы  мүмкіндігі  шектеулі  бала  өз 

қабілетіне  сай  ата-анасынан  алшақтамай,  яғни  арнайы  мектеп-

интернаттарда  тұрып  оқуға  мәжбүр  болмай,  тұрғылықты  жерде  білім 



 

39 


алады.  Қоғаммен  біте  қайнасып,  әлеуметтік  жағынан  бейімделеді.  Ата-

анасы  да  баласының  дамуы  мен  тәрбиесіне  белсене  қатысып,  жеткіншек 

алдында жауакершіліктері артады. 

Инклюзивті  оқытуды  ашқан  мектептерде  оқыған  балалар  адам 

құқығы  туралы  білім  алуға  мүмкіншілік  алады,  өйткені  олар  бір-бірімен 

қарым-қатынас жасауға, таным-білуге, қабылдауға үйренеді. 

ХХ  ғасырдың  басында  неміс  педагог-дефектологы  П.Шуманның 

«Бала  кемістігінің  даму  деңгейі  неғұрлым  төмен  болса,  соғұрлым 

мұғалімнің  білім  деңгейі  жоғары  болу  керек»  деген    сөзінен  даму  екенін 

ұғынамыз. Дамуында әр түрлі кемшіліктері бар балаларды арнайы оқытуға 

деген  сұраныс,  әсіресе  олардың  танымдық  процестерін  психологиялық 

жағынан зерттеу қазіргі таңда өзекті мәселе болып отыр [3, 67].  

Мүмкіндігі  шектеулі  балалармен  жұмыс  мақсаты  жеке  тұлғаның 

әлеметтік  өзіндік  танымға  қабілеттілігі  және  оның  бағытталуы, 

қызығушылығының қалыптасуы мен дамуы, оқыту іс-әрекетіндегі негізігі 

білімділік  және  біліктілік  дағдыларын  үйрену  үшін  жағдай  жасау.  Осы 

мақсаттарға жетуде келесі міндеттерді шешіледі: сәйкес келетін деңгейіне 

психофизилогиялық  мүмкіндігін  дамыту:  артикулярлық  аппаратын, 

фонематикалық  есту  қабілеті,  қолының  ұсақ  бұлшық  еттерінің  дамуы, 

көру-моторлық  қозғалыс  т.б.;  мектеп  жағдайына  тез  бейімделуге  қажет 

әлеуметтік-адамгершілік  жағымды  мінез-құлық  қалыптастыру;  оқуға 

қызығушылығын  дамыту;  жеке  тұлғалық  ерекшеліктерін  дамыту  (оқу 

белсенділігі,өз  бетімен  жұмыс  істеу  т.б.)  арқылы  оқудағы  негізгі 

қиындықтарды  жою;  жалпы  интеллектуалдық  жас  ерекшелігіне  қарай 

дамыту  (салыстыру  қарым-қатынас,  практикалық  топ,  ойлау  т.б.);  жалпы 

даму деңгейін көтеру және жеке дамуындағы ауыртпашылықты түзету; өз 

жасына  сәйкес  баланың  жалпы  дамуына  және  біліктілік  дағдыларын 

нығайту үшін жағымды әлеуметтік орта қалыптастыру [4, 95]. 

Осы  міндеттерді  шешкенде  жететін  нәтиже:  психофизиолгиялық 

мүмкіндігі дамиды; оқудағы негізігі қиындықтары жойылады; әлеуметтік-

адамгершілік қасиеттері дамиды, жағымды мінез-құлық қалыптасады. 

Психологиялық  диагоностикада  таным  процестерін  зерттеу,  қарым-

қатынас  диогностикасы,  мінез-құлық  ерекшеліктерін  зерттеу  жұмыстары 

жүргізіледі. 

Психологиялық дамыту және түзету жұмысында таным процестерін 

дамыту және түзету, мотивациялық және эмоциялық саласын дамыту және 

түзету,  қарым-қатынас  саласын  түзету  және  дамыту  бағытындағы 

жұмыстар жүгізіледі. 

Психологиялық  кеңес  беру  бағытында  баланың  дамуындағы  ата-

ананың  көмегі,  дау-жанжал  жағдайындағы  мінез-құлқы  және  оны  басу 

әдісі, баламен жағымды қарым-қатынасқа жету жолы туралы ата-аналарға 

кеңес, жадынамалар беріледі. 

Психологиялық  ағарту  бағытында  мұндай  балаларды  қалай 

тәрбиелеу,  қалай  қарым-қатынас  жасау  керектігі  туралы  әңгіме,  дәріс, 




жүктеу 2,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау