57
образовательными потребностями учатся оценивать свои возможности,
чувствовать себя равными среди других, осознавать свою человеческую
ценность. Эта взаимосвязь разных по своей сути детей приносит двойную
пользу, поскольку обычные дети в свою очередь также приобретают
бесценный опыт общения и понимание того, что все мы разные, но все мы
живем в едином общем пространстве и имеем равные права.
Стамбекова Асел Серкебаевна
оқыту мен тәрбиелеу әдістемелері кафедрасының меңгерушісі,
п. ғ. к.
Ержанова Гульнур Жарболғановна
оқыту мен тәрбиелеу әдістемелері кафедрасының аға оқытушысы, магистрі
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті,
Талдықорған қ.
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІГІ МЕН
ҰСТАНЫМДАРЫ
«Кемсітуді білмейміз, бәріміз де бірдейміз» - деген ұстанымды
негізге ала отырып, қазіргі қоғамымызда өзекті мәселеге айналған
мүмкіндігі шектеулі балалар тағдырын талқылаудағы инклюзивті білім
берудің негізгі түсінігі мен ұстанымдары қарастырылады.
Осы тұрғыдан келгенде, Қазақстан Республикасы дүниежүзілік
қауымдастықтың мүшесі ретінде халықаралық Конвенциялар мен
Декларациялардың
негізгі
қағидаларын
басшылыққа
алынады.
Халықаралық Конвенциялар мен Декларациялар: Бала құқықтары туралы
Конвенция, Адам құқығы туралы жалпыға ортақ Декларация,
Мүгедектердің құқықтары туралы Декларация, Саламанк Декларациясы
«Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы білім беру және
жағдайын реттеу үшін».
Мүмкіндігі
шектеулі
балалардың
құқықтары
Қазақстан
Республикасының
Заңдарында
қарастырылған:
Қазақстан
Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім
туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік
және медициналық-педагогикалық қолдау туралы» Заңы, Қазақстан
Республикасының «Бала құқықтары туралы» Заңы.
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» атты Жолдауында: «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек
көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс».
Мүмкіндігі шектеулі бала (балалар) – белгіленген тәртіппен
расталған, туа біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан
немесе жарақаттардың салдарынан тіршілік етуі шектелген, дене және
(немесе) психикалық бұзылыстары бар он сегіз жасқа дейінгі бала
(балалар).
58
Инклюзия» - «inclusif» француз тілінен аударғанда «өзімді қосқанда»
ал, «include» латын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны
білдіреді.
Инклюзивті білім беру – барлық балалардың психикалық және
физикалық
мүмкіндіктеріне,ата-аналарының
әлеуметтік
және
экономикалық мәртебесіне, мәдениетіне, жеке ерекшеліктеріне қарамастан
білім алуы мен нәтижелі табысқа жетуі үшін қажет жағдайлар жасау және
білім берудің баршаға қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Инклюзивті білім берудің мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалардың
эмоционалдық ерік-сезім, физикалық, танымдық даму ерекшеліктерін
ескере отырып, жалпы білім беру бағдарламасын (мемлекеттік білім беру
стандарты) меңгерту.
Инклюзивті білім берудің негізгі ұстанымдары:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен,
жеткен жетістіктермен анықталады;
2. әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті;
3. әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы;
4. барлық адам бір-біріне қажет;
5. білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады;
6. барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын
қажет етеді;
7. әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай
орындай алатын әрекетін жүзеге асыру;
8. жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті білім берудің артықшылықтары
Инклюзивті білім беруді дамытудың екі магистральды бағыты:
-
Бірінші бағыты – бала дамуындағы психофизиологиялық
бұзылыстарды ерте жас кезеңінде (0 мен 3 жасқа дейін) анықтау және
түзетушілік-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру.
-
Екінші
бағыты
–
мүмкіндігі
шектеулі
балалардың
психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен
тәрбиелеуде «Кедергісіз аймақтар» құру арқылы жалпы білім беру
үдерісіне енгізу.
Бірінші бағыты: Ерте көмек көрсетудің артықшылығы
1. Түзетушілік-педагогикалық жұмыстардың нәтижесінің жоғары
болуы:
ҚАЛЫПТЫ БАЛАЛАРДЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ
59
-
30-40%
дамуында
ауытқуы
бар
балалар
норманың
көрсеткішіне жетеді;
-
90% балаларда тұрақты оң нәтиже болады;
2. Экономикалық жағынан үнемді;
3. Мүмкіндігі шектеулі балалар санының азаюы.
Екінші бағыты: I-кезең – мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау
және білім беру ұйымдарына бағыттау: Психологиялық - медициналық –
педагогикалық кеңес
Мүмкіндігі шектеулі баланың жағдайын анықтайды;
-
оқу бағдарламасының түрін анықтайды;
-
білім беру ұйымының типін ұсынады
II-кезең. Мүмкіндігі шектеулі баланы оқыту үшін ата-аналарының
білім беру ұйымын таңдауы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы: 49-бап. Ата-
аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері:
Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды
өкілдерінің: баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере
отырып білім беру ұйымын таңдауға құқығы бар;
Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру ұйымдарына
енгізу
III кезең – мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру
ұйымдарын анықтау: Арнайы мектептер мен балабақшалар, Жалпы білім
беретін мектептердегі арнайы сыныптар, Инклюзивті сыныптар.
Жалпы білім беретін мектептерде білім алатын мүмкіндігі шектеулі
оқушылар:
Нашар еститін және кохлеарлы имплант жасалған балалар;
Нашар көретін балалар;
Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалар;
Психикасының дамуы тежелген балалар;
аутизмге шалдыққан балалар;
Тірек қимыл-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балалар.
Аутизмге шалдыққан балалар: Аутизм – бала дамуындағы
ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың
жоқтығын білдіреді. Бұл балаларға тән белгілер: жалғыздықты жақсы көру,
ешқашан адаммен көзбе-көз кездеспеу, мимикасының, дауысының,
дыбысының ырғағының, жесттарының болмауы, бағытының шарттары
тұрақты болуына тырысуы бәрі біркелкі болып өзгермеуі керек,
эмоциялық тұрғыдан ешкіммен араласпау, біркелкі қимылдарды қайталай
береді. Аутист баланың сөйлеу үдерісі бұзылғандықтан, олардың 50
пайызында мутизм, эхолалия жиі болады.
Нашар еститін және кохлеарлы имплант жасалған балалар. Есту
қабілеті бұзылған балалар сөйлеу тілін және басқа дыбыстарды нашар
қабылдап ажыратады. Көп жағдайда дыбыстарды есту үшін оларға есту
Достарыңызбен бөлісу: |