Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі с. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан



жүктеу 2,05 Mb.
Pdf просмотр
бет2/30
Дата06.02.2020
өлшемі2,05 Mb.
#28314
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

 

Пусть  наш  первый  в  данном  направлении  научно-методический 



семинар 

в 

стенах 



Восточно-Казахстанского 

государственного 

университета  им.  С.Аманжолова  станет  местом  для  дальнейших 

интересных и плодотворных встреч. 

 

С уважением,  

Б.А. Ердембеков 

проректор по стратегическому развитию и научной работе  

ВКГУ им. С.Аманжолова, д.филол.н, профессор  

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 



Құрметті әріптестер! 

 

Сәрсен  Аманжолов  атындағы  ШҚМУ  қабырғасында  өтіп  жатқан 



«Инклюзивті  білім  беру:  тәжірибе,  мәселелер  мен  даму  болашағы»  атты 

ғылыми-әдістемелік  семинарға  қош  келдіңіздер!  Инклюзивті  білім  беруді 

дамыту  мәселесі  –  отандық  білім  беру  саласының  басым  бағыттарының 

бірі.  Бүгінгі  таңда  әлем  жұртшылығының  жіті  назарындағы  мәселе. 

Инклюзивті  білім  беру  жүйесін  іске  қосу  -  қоғамды  ізгілендірудің  

маңызды  шарттарының  бірі.  Олай  дейтініміз  -  инклюзивті  білім  беру  

барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы 

білім  үрдісіне  толық  қатыстыруға,  әлеуметтік  бейімдеуге,  жынысына, 

шығу тегіне, дініне, әлеуметтік жағдайына қарамай қолдауға, жалпы білім 

беру  бағдарламалары  бойынша  тиімді  оқытуға  бағытталған  мемлекеттік 

саясат.  

Инклюзивті  оқыту  балалар  дискриминациясын  жою,  баршаға  тең 

дәрежеде қарым-қатынас жасауды қамтамасыз ету, ерекше қажеттілігі бар 

балаларға  арнайы  жағдай  тудыру  идеясы  негізінде  жүзеге  асырылады. 

Статистикалық  мәліметтерге  жүгінсек,  қазір  Қазақстанда  47  мыңнан  аса 

мүмкіндігі шектеулі балалар бар. Бұл дегеніміз – қазақстандық білім беру, 

денсаулық  сақтау  саласы  ғана  емес,  заң  шығарушы  органдар,  қоғамдық 

ұйымдар мен ата-аналар, БАҚ т.б. түрлі деңгейдегі органдардың, ұйымдар 

мен  мекемелердің  бірлесіп  шешуін  қажет  ететін  қоғамдық-әлеуметтік 

мәселе шешімін күтіп тұр деген сөз.  

Инклюзивті  білім  беру,  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  білім  алу 

құқықтары  бірқатар  заңнамалық-құқықтық  актілер  мен  құжаттарда 

негізделген.  Атап  айтқанда,  «Қазақстан  Республикасының  балалардың 

құқықтары  туралы»,  «Білім  беру  туралы»,  «Мүмкіндігі  шектеулі 

балалардың  әлеуметтік  және  медициналық-педагогикалық  түзетуге  ықпал 

ету туралы», «Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау 

туралы», 

«Арнайы 


әлеуметтік 

қызмет 


туралы» 

Қазақстан 

Республикасының 

Заңдарында, 

Қазақстан 

Республикасының 

Конституциясында  бекітілген.  Инклюзивті  білім  берудің  теориялық 

аспектілеріне қатысты ғылыми еңбектер қоры да ауқымды. Бірақ тәжірибе 

жүзінде талқылайтын, ортаға салатын, бірлесіп ойланатын мәселелер әлі де 

баршылық.  Өйткені,  инклюзивті  оқыту  –  баланың  ерекше  сұраныстарын 

қанағаттандыруға  бағытталған  оқыту.  Әр  бала  ерекше  болса,  оған  білім 

мен тәрбие беру, дамыту жолдары да әрқилы болмақ.  

Инклюзивті  білім  беру   мәселесі  шет  елдерде  1970  жылдан  бастау 

алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына 

осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру 

жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім  

беруді 

дамытудың 



2010-2020 

жылдарға 

арналған 

мемлекеттік  

бағдарламасында»  көрсетілді.  Осы  бағдарлама  аясында  инклюзивті  білім 



 

беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді 



шешу көзделген: 

-мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  біріктіріп  оқытудың  модульдік 

бағдарламалары жасалады; 

-  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  жалпы  білім  беретін  ортада 

біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді; 

- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады; 

-мүгедек  балаларға  қашықтықтан  білім  беруді  ұйымдастыру 

қағидалары әзірленеді. 2016, 2017  жылдары аталған бағыттағы іс-шаралар 

тиянақталып,  ары  қарай  жалғастырылады.  2020  жылға  қарай  мектептерде 

мүгедек  балалар  үшін  көтергіш  жабдықтар,  пандустар,  санитарлық 

бөлмелерде  арнайы  құралдар  орнату,  тұтқалармен,  арнайы  парталармен, 

үстелдермен  және  басқа  да  арнайы  компенсаторлық  құралдармен 

жабдықтау  арқылы  «кедергісіз  аймақтар»  құруы  жоспарланған.  3030 

мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге қол 

жеткізу  үшін  жағдайлар  жасалу  міндеті   (мектептерде  педагог-

дефектологтардың, 

балаларды 

психологиялық-педагогикалық 

сүйемелдеудің,  арнайы  жеке  техникалық  және  компенсаторлық 

құралдардың  болуы)  қойылған.  Үйде  білім  алатын  мүгедек  балалар  жеке 

мүмкіндіктері  мен  қажеттіліктері  ескеріле  отырып,  компьютерлік 

техникамен  қамтамасыз  ету  жүзеге  асырылмақшы.  Түйіндей  айтсақ, 

мемлекетіміз  мүмкіндігі  шектеулі  жандарды  әлеуметтік  тұрғыдан  қорғау, 

олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру 

және  жаңа  жұмыс  орындарын  құру,  білім  алу,  оқыту,  қайта 

мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы. 

Білім  беру  жүйесіндегі  инклюзивті  бағыт  ЖОО  маман  даярлау 

бағытын өзгертуді талап етеді, ал бұл өз кезегінде бітіруші моделін, білім 

беру  бағдараламасының  мазмұнын,  оқу  жоспарларын  түбегейлі  өзгертіп, 

педагогикалық 

мамандықтарды 

даярлайтын 

оқу 

орындарының 



материалдық-техникалық  базасын  жаңғыртуды  және  нығайтуды  қажет 

етеді.  Бүгінгі  ғылыми-әдістемелік  семинардың  басты  мақсаты  – 

инклюзивті  білім  беру  үрдісін  жандандыру  үшін  болашақта  не  істелмек, 

бүгінгі  күнін  кезегін  күтіп  тұрған  қандай  мәселелер  бар,  қазіргі  ахуалы 

қандай  екенін  ашық  талқыға  салу,  ой  бөлісу,  тәжірибе  алмасу.  Осы 

мақсатта  бүгінгі  семинарға  түрлі  ұйымдар  мен  орталықтар,  ЖОО  –ның 

өкілдері шақырылды.   

Құрметті 

әріптестер! 

Қоғамды 


ізгілендіру 

бағытындағы 

әрқайсыларыңыздың 

еңбектеріңізге 

жеміс 

тілеймін.  Семинардың 



шешімдері  мен  қорытындылары  инклюзивті  білім  беру  ісінің  тиісті 

деңгейде  жолға  қойылуына  ықпал  етеді  деген  сенімдемін.    Семинардың 

жұмысына сәттілік тілеймін!  

Б.Б. Келгембаева 

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Біліктілікті бекіту 

орталығының директоры, к.филол.н, доцент  



жүктеу 2,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау