Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы n 251 Кодексі


-бап. Еңбек шартын жасасу, ӛзгерту және толықтыру



жүктеу 0,64 Mb.
Pdf просмотр
бет10/51
Дата16.01.2020
өлшемі0,64 Mb.
#26935
түріКодекс
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51

      
32-бап. Еңбек шартын жасасу, ӛзгерту және толықтыру
 
              тәртібі
 
      1. Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі дана етіп жасалады және оған 
тараптардың қолдары қойылады. Еңбек шарты бір-бір данадан қызметкер мен жұмыс 
берушіде сақталады. Қызметкердің еңбек шартының бір данасын алуы жазбаша 
нысанда расталады. 
      2. Еңбек шартына, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру кезінде
ӛзгерістер мен толықтырулар енгізуді тараптар осы баптың 1-тармағында 
кӛзделген тәртіппен жазбаша нысанда жүзеге асырады. 
      Еңбек шартының талаптарын ӛзгерту туралы ұсынысты еңбек шарты 
тараптарының бірі жазбаша нысанда береді және екінші тарап оны берілген 
күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде қарайды. 
      3. Ұйымның атқарушы органының лауазымды адамдарымен еңбек шартын ұйым 
мүлкінің меншік иесі не ол уәкілеттік берген адам немесе орган ұйымның 
құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіппен жасайды. 
      
33-бап. Жҧмысқа қабылдауды ресімдеу
 
      1. Жұмысқа қабылдау жасалған еңбек шарты негізінде шығарылатын жұмыс 
берушінің актісімен ресімделеді. 
      2. Жұмыс беруші үш күн мерзімде қызметкерді актімен таныстыруға 
міндетті. Жұмыс берушінің актісімен танысқаны қызметкердің қол қоюымен 
куәландырылады. 
      3. Қызметкердің талап етуі бойынша жұмыс беруші оған актінің тиісінше 
расталған кӛшірмесін беруге міндетті.  
      Жұмысқа қабылдаған кезде жұмыс беруші қызметкерді ұйымдағы ішкі еңбек 
тәртіптемесі ережелерімен, жұмыс берушінің қызметкердің жұмысына (еңбек 
функциясына) қатысы бар ӛзге де актілерімен, ұжымдық шартпен таныстыруға 
міндетті. 
      
34-бап. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын қҧжаттар
 
      Мына құжаттардың кез келгені: 
      1) еңбек кітапшасы; 
      2) тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің 
белгісі бар еңбек шарты; 
      3) еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек 
қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен 
үзінді кӛшірмелер; 
      4) қызметкерлерге жалақы тӛлеу ведомосынан үзінді кӛшірмелер; 
      5) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мӛрімен расталған не нотариат 
растаған қызмет ету тізімі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы 
мәліметтер тізбесі); 
      6) қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық 
анықтама қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат болып табылады. 
      
35-бап. Еңбек кітапшасы
 


      1. Еңбек кітапшасы қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді 
қамтитын құжат болып табылады. 
      2. Еңбек кітапшаларының нысанын, оны жүргізу және сақтау тәртібін еңбек 
жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. 
      3. Жұмыс беруші қызметкердің еңбек кітапшасына (ол бар болған кезде) 
ұйымдағы еңбек қызметі туралы тиісті жазбалар енгізуге міндетті. 
      4. Еңбек кітапшасына еңбек шартын тоқтатудың себептері туралы жазбалар 
осы Кодекстің нормаларын кӛрсете отырып жүргізілуге тиіс. 
      
36-бап. Еңбек шартындағы сынақ мерзімі туралы талап
  
      1. Еңбек шартында қызметкердің тапсырылатын жұмысқа біліктілігінің 
сәйкестігін тексеру мақсатымен сынақ мерзімі туралы талап белгіленуі мүмкін. 
Бұл талап еңбек шартында болмаса, қызметкер жұмысқа сынақ мерзімінсіз 
қабылданды деп есептеледі. 
      2. Сынақ мерзімі еңбек шарты күшіне енген кезден басталады. 
      3. Сынақ мерзімі кезеңінде қызметкерлерге осы Кодекстің нормалары, 
еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптары қолданылады. 
      4. Сынақ мерзімі қызметкердің жұмыс стажына қосылады және үш айдан 
аспауға тиіс. Қызметкер жұмыста іс жүзінде болмаған кезең сынақ мерзіміне 
есептелмейді. 
      5. Жұмысқа қабылдау кезінде: 
      тиісті лауазымға орналасуға конкурс бойынша жұмысқа қабылданатын 
адамдарға; 
      орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымын бітірген және алған 
мамандығы бойынша жұмысқа алғаш кіретін адамдарға; 
      мүгедектерге сынақ мерзімі белгіленбейді. 
      
Ескерту. 36-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 
2007.07.27. 
N 320
 (қолданысқа енгізілу тәртібін 
2-баптан
 қараңыз) Заңымен.
 
      
37-бап. Жҧмысқа қабылдау кезіндегі сынақ нәтижесі
 
      1. Сынақ мерзімі кезеңінде қызметкердің жұмысы теріс нәтиже берсе, 
жұмыс беруші сынақ мерзімі аяқталуына күнтізбелік жеті күн қалғаннан бастап 
қызметкерге жазбаша түрде ескертіп, бұл қызметкерді сынақ мерзімінен ӛте 
алмады деп тануға негіз болған себептерді кӛрсете отырып, онымен еңбек шартын 
бұзуға құқылы. 
      2. Егер сынақ мерзімі аяқталса және тараптардың ешқайсысы еңбек 
шартының бұзылуын талап етпесе, онда қызметкер сынақтан ӛткен болып 
есептеледі. 
      3. Жұмыс беруші сынақ мерзімі аяқталғанға дейін қызметкерді одан жоғары 
лауазымға тағайындаған жағдайда да қызметкер сынақтан ӛткен болып есептеледі. 
      
38-бап. Еңбек шарты қолданылуының басталуы
 
      1. Еңбек шартының қолданылуы оған тараптардың қолы қойылған күннен не 
шартта белгіленген күннен басталады. 
      2. Қызметкерді жұмысқа нақты жіберу еңбек шартына тараптардың қолы 
қойылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. 
      3. Жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты болмаған және (немесе) тиісті 
үлгіде ресімделмеген жағдайда, ол Қазақстан 
Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады. Бұл 
жағдайда еңбек қатынастары қызметкер жұмысқа кіріскен күннен бастап туындады 
деп есептеледі. 


жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау