Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы n 251 Кодексі


-бап. Еңбек шартының жарамсыздығы



жүктеу 0,64 Mb.
Pdf просмотр
бет11/51
Дата16.01.2020
өлшемі0,64 Mb.
#26935
түріКодекс
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51

      
39-бап. Еңбек шартының жарамсыздығы
 
      1. Еңбек шарты: 
      1) алдау, күш кӛрсету, қауіп тӛндіру арқылы ықпал етіп; 
      2) нақты немесе заңды салдар туғызу ниетінсіз (жалған еңбек шарты); 
      3) әрекетке қабілетсіз деп танылған адаммен; 
      4) осы Кодекстің 30-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында кӛзделген 
жағдайларды қоспағанда, он тӛрт жасқа толмаған адаммен; 
      5) ата-анасының біреуінің, қамқоршысының, асырап алушысының 
келісімінсіз, он алты жасқа толмаған адаммен жасалған жағдайларда, сот оны 
жарамсыз деп таниды. 
      2. Еңбек шартының жұмыс берушінің кінәсінен жарамсыз деп танылуы 
бұрынғы қызметкердің еңбегіне ақы алу, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының 
пайдаланылмаған күндері үшін ӛтемақы тӛлемін, ӛзге де тӛлемдер мен 
жеңілдіктер алу құқығынан айрылуына әкеп соқпайды. 
      3. Еңбек шартының жұмыс берушінің немесе қызметкердің кінәсінен 
жарамсыз деп танылуы олардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес 
жауаптылығына әкеп соғады. 
      4. Еңбек шартының жекелеген талаптарының жарамсыз деп танылуы еңбек 
шартының тұтастай жарамсыздығына әкеп соқпайды.  
      
40-бап. Еңбек шартында келісілмеген жҧмысты орындауға
 
              тыйым салу
 
      Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында кӛзделген 
жағдайларды қоспағанда, жұмыс беруші қызметкерден еңбек шартында келісілмеген 
жұмысты орындауды талап етуге құқылы емес. 
      
41-бап. Қызметкерді басқа жҧмысқа ауыстыру
 
      1. Қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру деп: 
      1) қызметкер жұмысының (еңбек функциясының) ӛзгеруі, яғни жұмысты басқа 
лауазым, мамандық, кәсіп, біліктілік бойынша орындау; 
      2) орындау кезінде еңбек шартында келісілген еңбек жағдайлары (жалақы 
мӛлшері, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, жеңілдіктер мен басқа да 
жағдайлар) ӛзгеретін жұмысты тапсыру; 
      3) жұмыс берушінің оқшауланған құрылымдық бӛлімшесіне ауыстыру; 
      4) жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру есептеледі. 
      2. Осы Кодексте кӛзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкерді басқа 
жұмысқа ауыстыруға қызметкердің келісімімен жол беріледі, ол еңбек шартына 
тиісті ӛзгерістер енгізумен және жұмыс берушінің актісімен ресімделеді. 
      3. Қызметкерді сол ұйымда басқа жұмыс орнына, осы ұйымның сол жердегі 
басқа құрылымдық бӛлімшесіне ауыстыру, оған басқа механизмде немесе агрегатта 
жұмыс істеуді тапсыру, егер бұл осы баптың 1-тармағында кӛзделген 


ӛзгерістерге әкеп соқпаса, басқа жұмысқа ауыстыру болып табылмайды және бұған 
қызметкердің келісімін алу талап етілмейді. 
      
42-бап. Қызметкерді жҧмыс берушімен бірге басқа
 
              жерге ауыстыру
 
      1. Егер еңбек шартында, ұжымдық шартта ескертудің анағұрлым ұзақ 
мерзімі кӛзделмесе, жұмыс беруші жұмыс берушінің басқа жерге кӛшетіні туралы 
қызметкерге кемінде бір ай бұрын жазбаша ескертуге міндетті. 
      2. Қызметкер жұмыс берушімен бірге басқа жерге жұмысқа ауыстырылған 
жағдайда, жұмыс беруші қызметкердің кӛшуіне байланысты осы Кодекстің 153-
бабында кӛзделген ӛтемақы тӛлемдерін жасайды. 
      3. Қызметкер жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауысудан жазбаша түрде 
бас тартқан жағдайда, қызметкермен еңбек шарты осы Кодекстің 59-бабы 1-
тармағының 1) тармақшасында кӛзделген негіз бойынша тоқтатылады. 
      
43-бап. Ӛндірістік қажеттілік жағдайында басқа жҧмысқа
 
              уақытша ауыстыру
 
      Ӛндірістік қажеттілік болған, оның ішінде жоқ қызметкерді уақытша 
алмастырған жағдайда, жұмыс берушінің қызметкерді оның келісімінсіз 
күнтізбелік жыл ішінде бір айға дейінгі мерзімге, орындалатын жұмыс бойынша 
еңбегіне ақы тӛлеп, бірақ бұрынғы жұмысындағы орташа жалақысынан кем емес 
жалақымен, еңбек шартында келісілмеген және денсаулық жағдайы бойынша қайшы 
келмейтін сол ұйымдағы, сол жердегі басқа жұмысқа ауыстыруға құқығы бар. 
       
44-бап. Бос тҧрып қалу жағдайында басқа жҧмысқа
 
              уақытша ауыстыру
 
      1. Жұмыс берушінің бос тұрып қалу жағдайында қызметкердің мамандығын
біліктілігін ескере отырып, оның келісімінсіз, күнтізбелік жыл ішінде бір 
айдан аспайтын мерзімге, оны денсаулық жағдайы бойынша қайшы келмейтін басқа 
жұмысқа ауыстыруға құқығы бар. 
      2. Бос тұрып қалу жағдайындағы ауыстыру кезінде қызметкердің еңбегіне 
ақы тӛлеу орындалатын жұмыс бойынша, бірақ оның бұрынғы жұмысындағы орташа 
айлық жалақысының кемінде үштен екісі мӛлшерінде жүргізіледі.  
      Еңбек жағдайының ӛзгеруіне байланысты қызметкер жұмысты жалғастырудан 
жазбаша түрде бас тартқан жағдайда, қызметкермен еңбек шарты осы Кодекстің 
59-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында кӛзделген негіздер бойынша тоқтатылады. 
      
45-бап. Денсаулық жағдайы бойынша басқа жҧмысқа
 
              уақытша ауыстыру
 
      1. Қызметкер денсаулық жағдайы бойынша медициналық қорытындыда 
кӛрсетілген мерзімге неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауыстырылады. Тараптардың 
келісімімен қызметкердің бұрынғы жұмысы бойынша жалақысы сақталуы мүмкін. 
      2. Қызметкердің еңбек міндеттерін орындауға байланысты жарақаттануына, 
кәсіптік ауруға шалдығуына немесе денсаулығына ӛзге де зақым келуіне 
байланысты еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенше немесе мүгедектік 
белгіленгенге дейін жұмыс беруші қызметкерді анағұрлым жеңіл жұмысқа 
ауыстыруға не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына, сондай-ақ 
еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес залалдың ӛтемін тӛлей 
отырып, оны жұмыстан босатуға міндетті. 
      3. Қызметкер еңбек міндеттерін атқаруға байланысты ӛндірістік жарақат 
алған, кәсіптік ауруға шалдыққан немесе денсаулығына ӛндіріске байланысты 
емес ӛзге де зақым келген кезде басқа жұмысқа ауысудан жазбаша түрде бас 
тартқан жағдайда қызметкермен еңбек шарты осы Кодекстің 59-бабы 1-тармағының 
4) тармақшасында кӛзделген негіз бойынша тоқтатылады. 
      
46-бап. Қызметкерді басқа жҧмысқа ауыстыруды шектеу
 


жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау