Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы n 251 Кодексі



жүктеу 0,64 Mb.
Pdf просмотр
бет12/51
Дата16.01.2020
өлшемі0,64 Mb.
#26935
түріКодекс
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51

      Қызметкердің денсаулық жағдайы бойынша медициналық қорытындымен 
расталған қайшылықтар болған кезде, оны басқа жұмысқа ауыстыруға жол 
берілмейді. 
      
47-бап. Қызметкерді басқа жҧмыс орнына ауыстыру. 
 
              Лауазым (жҧмыс) атауының ӛзгеруі
 
      1. Құрылымдық бӛлімшедегі, белгілі бір жұмыс орнындағы, механизмдегі 
немесе агрегаттағы жұмыстың ӛзгеше еңбек жағдайлары болуын қоспағанда, 
қызметкерді басқа жұмыс орнына не сол жердегі басқа құрылымдық бӛлімшеге 
ауыстыруға, не оған еңбек шартында келісілген лауазым, мамандық, кәсіп, 
біліктілік шегінде басқа механизмдегі немесе агрегаттағы жұмысты тапсыруға 
қызметкердің келісімі талап етілмейді. 
      2. Қызметкер үшін еңбек жағдайларын және (немесе) еңбек шартын 
ӛзгертуге әкеп соқпайтын қызметкер лауазымының (жұмысының), құрылымдық 
бӛлімшенің атауын ӛзгертуді, басқару құрылымын ӛзгертуді жұмыс беруші 
қызметкердің келісімінсіз жүзеге асыра алады. 
      
48-бап. Еңбек жағдайларының ӛзгеруі
 
      1. Ӛндірісті ұйымдастырудағы, соның ішінде қайта ұйымдастыру кезіндегі 
ӛзгерістерге және (немесе) жұмыс берушінің жұмыс кӛлемінің қысқаруына 
байланысты, қызметкер еңбек шартында келісілген тиісті біліктіліктегі 
лауазым, мамандық немесе кәсіп бойынша жұмысын жалғастырған кезде, оның еңбек 
жағдайларын ӛзгертуге жол беріледі.  
      Еңбек жағдайлары ӛзгерген кезде еңбек шартына және (немесе) ұжымдық 
шартқа тиісті толықтырулар мен ӛзгерістер енгізіледі. 
      2. Егер еңбек шарты мен ұжымдық шартта ескертудің анағұрлым ұзақ 
мерзімі кӛзделмесе, жұмыс беруші қызметкерге және (немесе) оның ӛкілдеріне 
еңбек жағдайларының ӛзгеруі туралы бір айдан кешіктірмей жазбаша түрде 
ескертуге тиіс. 
      Егер қызметкер жұмысты жаңа жағдайда жалғастыруға келіспесе, онда жұмыс 
беруші - бар болса, қызметкердің біліктілігі мен денсаулық жағдайына сәйкес 
келетін ӛзге жұмысты, ал мұндай жұмыс болмаса, қызметкердің біліктілігі мен 
денсаулық жағдайы ескеріліп, ол орындай алатын, бос тұрған тӛмен лауазым 
немесе ақысы тӛмен бос жұмысты жазбаша нысанда ұсынуға міндетті. 
      3. Еңбек жағдайларының ӛзгеруіне байланысты қызметкер жұмысты 
жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда, қызметкермен еңбек шарты 
осы Кодекстің 59-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында кӛзделген негіз бойынша 
тоқтатылады. 
      4. Егер осы баптың 1-тармағында кӛзделген мән-жайлар қызметкерлердің 
санын немесе штатын қысқартуға әкеп соғуы мүмкін болса, жұмыс берушінің жұмыс 
орындарын сақтау мақсатында, қызметкерлер ӛкілдерінің пікірін ескере отырып, 
толық емес жұмыс уақыты режимін енгізуге құқығы бар. 
      Жұмыс беруші қызметкерлердің санын немесе штатын қысқартуға әкеп соғуы 
мүмкін толық емес жұмыс уақыты режимін тоқтатуды қызметкерлер ӛкілдерінің 
пікірін ескере отырып жүргізеді. 
      
49-бап. Жҧмыс берушінің атауы, ведомстволық тиесілігі
 
              ӛзгерген, мҥлкінің меншік иесі ауысқан немесе
 
              жҧмыс беруші қайта қҧрылған кездегі еңбек
 
              қатынастары
 
      Жұмыс берушінің атауы, ведомстволық тиесілігі ӛзгерген, мүлкінің меншік 
иесі ауысқан немесе жұмыс беруші қайта құрылған жағдайларда қызметкерлермен 
еңбек қатынастары ӛзгеріссіз жалғаса береді. 
      
50-бап. Жҧмыстан шеттету
 


      1. Қазақстан Республикасының заңдарында кӛзделген жағдайларда, жұмыс 
беруші тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде 
қызметкерді жұмыстан шеттетуге міндетті. 
      2. Жұмыс беруші осы баптың 1-тармағында кӛзделген жағдайлардан басқа: 
      1) жұмыста алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық масаңдық (соларға 
ұқсас) жағдайында болған немесе жұмыс күні ішінде осындай масаңдық туғызатын 
заттарды пайдаланған; 
      2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері бойынша емтихан 
тапсырмаған; 
      3) жұмыс беруші берген жеке және (немесе) ұжымдық қорғану құралдарын 
пайдаланбаған; 
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болып 
табылатын болса, медициналық тексеруден не ауысым алдындағы медициналық 
куәландырудан ӛтпеген; 
      5) егер оның іс-әрекеттері немесе әрекетсіздігі авариялық ахуал 
туғызуға, еңбекті қорғау, ӛрт қауіпсіздігі ережелерінің не кӛліктегі қозғалыс 
қауіпсіздігінің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін болса, қызметкерді жұмыстан 
шеттетуге міндетті. 
      3. Жұмыстан шеттету кезеңінде қызметкердің жалақысы сақталмайды және 
еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша жұмыс берушінің қаражаты есебінен 
жәрдемақы тӛленбейді. 
      4. Қызметкерді жұмыстан шеттету оны шеттету үшін негіз болған себептер 
анықталғанға және (немесе) жойылғанға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады. 
      5. Жұмыс беруші қызметкерді жұмыстан заңсыз шеттеткен жағдайда оның 
жалақысы сақталады. 
      
Ескерту. 50-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 
2007.12.19. 
N 9
 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 
Заңымен.
 
      
51-бап. Еңбек шартын тоқтату негіздері
 
      Мыналар: 
      1) тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу; 
      2) еңбек шарты мерзімінің аяқталуы; 
      3) жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу; 
      4) қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу; 
      5) тараптардың еркінен тыс мән-жайлар; 
      6) қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы; 
      7) Қазақстан Республикасының заңдарында кӛзделген жағдайларды 
қоспағанда, қызметкердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуы немесе еңбек 
қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын лауазымға тағайындалуы;  
      8) еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы; 


жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау