Жүзеге асырылуы  Еңбек шартын жасасу



жүктеу 38,54 Kb.
Pdf просмотр
Дата01.01.2018
өлшемі38,54 Kb.
#6582


ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗДЫҢ 

ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ



Еңбек шартын жасасу



Жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ мерзімі 



Тараптар айқындаған еңбек шарты



    талаптарының өзгерістері, сонымен қатар

    басқа жұмысқа ауыстыру 



Еңбек шартын бұзу 



Оқыту шарты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КƏСІПОДАҚТАРЫНЫҢ ФЕДЕРАЦИЯСЫ 



Қазақстан Республикасы 

Кəсіподақтарының  Федерациясы

Астана қ., Абай даңғ., 38, www.fprk.kz

ҚРКФ Оқыту-əдімтемелік орталығы

тел./факс:  8 (7172) 21-61-63; 21-58-31;

e-mail: kursyfprk@fprk.kz




3

ЕҢБЕК ШАРТЫН ЖАСАСУ

  Жұмыс  беруші  жұмысқа  қабылдаған  кезде 



қызметкерлермен  еңбек  шартын  жасасуға  міндетті 

(ҚР ЕК 23-б.).



Жүкті  немесе  үш  жасқа  дейінгі  балалары 



бар  əйелдерді  жұмысқа  қабылдаудан  негізсіз  бас 

тартқаны  немесе  жұмыстан  негізсіз  босатқаны  үшін 

жауапкершілік белгіленген (ҚР ЕК  25, 185-б.).

 Егер саған еңбек шартын жасасудан бас тарт-



са,  жұмыс  берушіден  себебін  жазбаша  нысанда  ха-

барлауын талап ет.  



  Еңбек  шартын  жасасудан  бас  тартқанда – 

сотқа жүгін.

 Еңбек шартының жазбаша нысанда ресемделуін 



талап  ет,  жұмыс  беруші  онда  сенің  жалақынды 

құрайтын (нақты айлық, сыйақы, қосымша төлемдер 

жəне т.б.) жəне басқа талаптарды көрсетуге міндетті 

(ҚР ЕК 28-б.).                             

  Қызметкерге  еңбек  шартында  ол  жұмысқа 



қабылданатын  нақты  бөлімшенің  көрсетілуі  аса 

маңызды 


  Ұйымның  мөрі  басылған  жұмыс  беруші  қол 

қойған  шарттың  екінші  сондай  данасын  саған  бер-

генде  ғана  жұмыс  берушіге  берілетін  данасына  өз 

қолынды қой (ҚР ЕК 32-б.).

  Еңбек  шартының  осы  данасын  өзінде  сақта. 



Жұмысқа қабылданған жағдайда еңбек шартына қол 

қоюдан, ішкі еңбек тəртібі ережесімен қол қойып та-

нысудан,  қызметкердің  еңбегімен  тікелей  байланы-



4

сты  өзгеде  актілермен,  ұжымдық  шартпен  олармен 

танысқаннан  кейін  қол  қоюдан  бас  тартпа.  Жұмыс 

беруші  қызметкерге  осындай  мүмкіндік  беруге 

міндетті. 

 

ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ КЕЗІНДЕГІ 



СЫНАҚ МЕРЗІМІ 

  Егер  еңбек  шартында  сынақ  мерзімі  тура-



лы  талап  болмаса,  сен  жұмысқа  сынақ  мерзімсіз 

қабылданды деп біл  (ҚР ЕК 36-б).

  Сынақ  мерзімі  бəріне  бірдей  қойылмайды. 



Жұмысқа  қабылдау  кезінде  тиісті  лауазымға 

орналасуға конкурс бойынша жұмысқа қабылданатын 

адамдарға;  орта  бiлiмнен  кейiнгi,  жоғары  жəне 

жоғары  оқу  орнынан  кейiнгi  бiлiм  беру  ұйымдарын 

бiтiрген,  оларды  бiтiрген  күннен  бастап  бiр  жылдан 

кешiктiрмей  алған  мамандығы  бойынша  жұмысқа 

алғаш кiретiн адамдарға; мүгедектерге сынақ мерзімі 

белгіленбейді (ҚР ЕК 36-б.).

  Есіңде  сақта,  сынақ  мерзімі  үш  айдан  аспа-



уы  тиіс.  Бұл  ретте  сынақ  мерзімі  жұмыс  стажына 

қосылады.  Қызметкер  жұмыста  іс  жүзінде  болмаған 

кезең сынақ мерзіміне есептелмейді.   

ТАРАПТАР АЙҚЫНДАҒАН ЕҢБЕК ШАРТЫ 

ТАЛАПТАРЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ, СОНЫМЕН ҚАТАР 

БАСҚА ЖҰМЫСҚА АУЫСТЫРУ

  Осы  Кодексте  көзделген  жағдайларды 




5

қоспағанда,  тараптар  белгілеген  еңбек  шар-

ты  талаптарының  өзгеруіне,  сонымен  қатар  басқа 

жұмысқа  ауыстыруына  еңбек  шартын  жасасқан 

тараптардың  келісімісіз  жол  берілмейді  (ҚР  ЕК 43, 

44, 47-б.).

 Тараптар белгілеген еңбек шарты талаптарының 



өзгеруі туралы келісім жазбаша түрде жасалады (ҚР 

ЕК  48-б.).

  Сенің  еңбек  функцияңның  тұрақты  немесе 



уақытша өзгеруі, орындау кезінде еңбек жағдайлары 

өзгеретін жұмысты тапсыру, оқшауланған құрылымдық 

бөлімшеге  ауыстыру,  жұмыс  берушімен  бірге  басқа 

жерге  ауыстыру  басқа  жұмысқа  ауыстыру  болып 

табылатындығын  есіңде сақта (ҚР ЕК  41-б.).

  Өндірістік  қажеттілік  болған,  бос  тұрып  қалу, 



оның ішінде жоқ қызметкерді алмастырған жағдайда 

қызметкер  келісімісіз  күнтізбелік  жыл  ішінде  бір 

айға  дейінгі мерзімге, орындалатын жұмыс  бойын-

ша еңбегіне ақы төлеп, бірақ бұрынғы жұмысындағы 

орташа  жалақысынан  кем  емес  жалақымен,  еңбек 

шартында  тікелей  белгіленген    жəне  денсаулық 

жағдайы  бойынша қайшы келмейтін сол ұйымдағы, 

сол жердегі басқа жұмысқа  ауыстырылады  (ҚР ЕК 

43, 44-б.).

  Сенің  денсаулық  жағдайыңа  қайшы  келетін  



жұмысқа ауысуға келіспе, оған тиым салынған (ҚР 

ЕК 46-б.).

  Сенің  жазбаша  келісіміңмен  ғана  төмен 



біліктілік  талаптарын  қоятын  жұмысқа  ауыстыруға 

жол беріледі (ҚР ЕК 41, 48-б.).




6

ЕҢБЕК ШАРТЫН БҰЗУ  

Егер Еңбек кодексінде немесе ұжымдық шартта 

ескертудің анағұрлым ұзақ мерзімі белгіленбесе, 

Жұмыс  берушіні  кемінде  бір  ай  бұрын  жазбаша 

ескерте  отырып,  еңбек  шартын  кез-келген  уақытта 

бұзуға сенің құқығың бар (ҚР ЕК 57-б.).



Сенің  жұмыстан босату туралы өтінішіңді  жұмыс 

беруші алғаннан кейін  келесі күні белгіленген мерзім 

басталады, Сенде  оның жұмыс берушіге берілгендігі 

туралы расталған қолы немесе почта ескертуі болуы 

тиіс.

Еңбек  шарты  ескерту  мерзімі  ішінде  жұмыс 



беруші келісімін берген жағдайда жалпы ереже бой-

ынша тоқтатылады. 



Сондай-ақ  еңбек  шартын    бұзу  жұмысты 

жалғастыру    мүмкіндігінің  болмауына    бай-

ланысты  жағдайларда,  қызметкер  еңбек  шар-

тын  өтініште  көрсетілген  мерзімде  бұзу  туралы 

жұмыс берушіні жазбаша ескерте алады.

Қызметкер жұмыс берушінің  еңбек шарты та-

лаптарын  орындамағаны  туралы  оған  жазбаша 

хабарлауға    құқылы.  Егер  жазбаша  хабарланған 

күннен  бастап  жеті  күн  мерзім  өткен  соң  жұмыс 

берушінің еңбек шарты талаптарын орындамауы 

жалғасқан жағдайда, қызметкер үш жұмыс күнінен 

кешіктірмей жұмыс берушіге  жазбаша ескерте от-

ырып, еңбек шартын бұзуға  құқылы.

Сонымен 

қатар 

қызметкер 

осы 

бапта  

көзделген  ескерту мерзімі ішінде  еңбек шартын 


7

бұзу туралы өтінішін жазбаша  нысанда қайтарып 

алуға құқылы.

Жұмыс  беруші  еңбек  шарты  тоқтатылған  күні  

қызметкерге еңбек кітапшасын немесе қызметкердің 

еңбек  қызметін  растайтын  өзге  де  құжатты  беруге 

міндетті (ҚР ЕК 63-б). Еңбек шарты тоқтатылған кезде 

жұмыс  берушіден  қызметкерге  тиесілі  барлық  сома-

ларды төлеу шарт аяқталған күннен кейінгі үш жұмыс 

күнінен кешіктірілілмей жүргізіледі (ҚР ЕК 134-б).  



ОҚЫТУ ШАРТЫ

Еңбек  кодексі  қызметкерлерді  немесе  өзге 

тұлғаларды  кəсіптік  даярлау,  қайта  даярлау 

жəне олардың біліктілігін арттыру шарттарының 

келесі 3 түрін белгілейді (ҚР ЕК 140-б).:



 тiкелей ұйымда;



  техникалық  жəне  кəсiптiк,  орта  бiлiмнен 

кейiнгi, жоғары жəне жоғары



  оқу  орнынан  кейiнгi  бiлiмнiң  бiлiм  беру 



бағдарламаларын  iске  асыратын  бiлiм  беру 

ұйымдарында;



 кадрларды кəсiптiк даярлауды, қайта даяр-



лауды жəне олардың

бiлiктiлiгiн  арттыруды  жүзеге  асыратын  өзге 

де ұйымдарда. 

Оқыту  шарты - жұмыс  беруші  мен  оқитын 

адамның  арасындағы  кəсіптік  даярлау,  қайта  даяр-

лау жəне біліктілікті арттыру шарттары туралы жаз-

баша келісім.



8

Оқыту  шарты  осы  шарта  белгіленген  күннен  ба-

стап көзделген мерзім ішінде күшінде болады. Оқыту 

шартының мазмұны оның белгіленген мерзімі ішінде 

тараптардың келісімі бойынша ғана өзгеруі мүмкін.

Ұйымдарда оқытудан өтетін қызметкерлер жұмыс 

берушімен  келісе  отырып  жұмыстан  босатылуы  не 

жұмысты  толық  емес  жұмыс  уақыты  жағдайында 



орындауы мүмкін.

жүктеу 38,54 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау