1) медициналық қорытынды негізінде адамның денсаулық жағдайы бойынша
қайшы келетін жұмысты орындауға;
2) ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және
(немесе) қауіпті жұмыстарға, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлкі мен басқа да
құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етпегені үшін қызметкердің толық
материалдық жауапкершілігі кӛзделетін лауазымдар мен жұмыстарға, он сегіз
жасқа толмаған азаматтармен;
3) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес белгілі бір лауазымға тұру
немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айырылған азаматтармен;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен шетелдік
жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсатын алғанға дейін
немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе
алып тастауларды сақтамай, Қазақстан Республикасы аумағында уақытша тұратын
шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен жасасуға жол берілмейді.
27-бап. Еңбек шартының шарттардың ӛзге тҥрлерінен
ерекшелігі
Еңбек шартында мына талаптардың біреуінің болуы:
1) қызметкердің жұмысты (еңбек функциясын) белгілі бір біліктілік,
мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша орындауы;
2) міндеттемелердің еңбек тәртіптемесіне бағына отырып жеке орындалуы;
3) қызметкердің еңбегі үшін жалақы алуы еңбек шартының шарттардың ӛзге
түрлерінен ерекшелігі болып табылады.
28-бап. Еңбек шартының мазмҧны
1. Еңбек шартында:
1) тараптардың деректемелері:
жұмыс беруші-жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын
куәландыратын құжатта кӛрсетілген болса), оның тұрақты тұратын мекен-жайы,
жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нӛмірі, берілген күні, салық
тӛлеушінің тіркеу нӛмірі;
жұмыс беруші-заңды тұлғаның толық атауы мен орналасқан жері, жұмыс
беруші-заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу нӛмірі мен күні, салық тӛлеушінің
тіркеу нӛмірі;
қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын
құжатта кӛрсетілген болса), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нӛмірі,
берілген күні, жеке сәйкестендіру нӛмірі және салық тӛлеушінің тіркеу нӛмірі,
әлеуметтік жеке коды;
2) белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы
(еңбек функциясы);
3) жұмыстың атқарылатын орны;
4) еңбек шартының мерзімі;
5) жұмыстың басталу күні;
6) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі;
7) еңбекке ақы тӛлеу мӛлшері мен ӛзге де шарттары;
8) егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және (немесе) зиянды
(ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жағдайларда орындалатын болса, еңбек
жағдайларының сипаттамасы, кепілдіктер мен жеңілдіктер;
9) қызметкердің құқықтары мен міндеттері;
10) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;
11) еңбек шартын ӛзгерту мен тоқтату тәртібі;
12) кепілдіктер мен ӛтемақы тӛлемдері, оларды тӛлеу тәртібі;
13) сақтандыру жӛніндегі талаптар;
14) тараптардың жауапкершілігі;
15) жасалу күні мен реттік нӛмірі болуға тиіс.
2. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартына Қазақстан Республикасының
заңнамасына қайшы келмейтін ӛзге де талаптар енгізілуі мүмкін.
3. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда
қызметкердің жағдайын нашарлататын еңбек шартының ережелері жарамсыз деп
танылады.
29-бап. Еңбек шартының мерзімі
1. Еңбек шарты:
1) белгіленбеген мерзімге;
2) осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында белгіленген
жағдайларды қоспағанда, бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы
мүмкін.
Бұрын бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге шарт жасасқан
қызметкермен жеке еңбек шарты қайтадан жасалған жағдайда, оның ішінде еңбек
шартының мерзімі ұзартылған кезде, ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып
есептеледі.
Еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалған қызметкерлер үшін кӛзделген
кепілдіктер мен ӛтемақыларды беруден жалтару мақсатында еңбек шарттарын
белгілі бір мерзімге жасауға тыйым салынады.
Егер еңбек шартының қолданылу мерзімі аяқталған кезде тараптардың
бірде-бірі тәулік ішінде еңбек қатынастарын тоқтатуды талап етпеген болса,
онда ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі;
3) белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына;
4) жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына;
5) маусымдық жұмысты орындау уақытына жасалуы мүмкін.
2. Жұмыс беруші-заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы лауазымындағы
жұмысқа еңбек шарты жұмыс берушінің құрылтай құжаттарында немесе тараптардың
келісімінде белгіленген мерзімге жасалады. Мұндай шартқа осы баптың 3-
тармағында белгіленген ережелер қолданылмайды.
3. Егер еңбек шартында оның қолданылу мерзімі айтылмаса, онда шарт
белгіленбеген мерзімге жасалған деп есептеледі.
30-бап. Еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мӛлшері
1. Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол
беріледі.
2. Ата-анасының біреуінің, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап
алушысының жазбаша келісімімен:
1) орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған
жағдайда, он бес жасқа толған азаматтармен;
2) сабақтан бос уақытында, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу
процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін, он тӛрт жасқа толған оқушылармен;
3) кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт
ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және адамгершілік тұрғысынан дамуына
нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін, осы
баптың 2-тармағы 2) тармақшасында айқындалған талаптарды сақтай отырып, он
тӛрт жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін.
3. Осы баптың 2-тармағында айқындалған жағдайларда еңбек шартына
кәмелетке толмаған адаммен қатар оның ата-анасының біреуі, қорғаншысы,
қамқоршысы немесе асырап алушысы қол қоюға тиіс.
Ескерту. 30-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2007.07.27.
N 320
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз) Заңымен.
31-бап. Еңбек шартын жасасуға қажетті қҧжаттар
1. Еңбек шартын жасау үшін мынадай құжаттар:
1) жеке басының куәлігі немесе тӛлқұжаты (он алты жасқа толмаған
адамдар үшін тууы туралы куәлігі);
2) ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан
Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдар үшін);
3) тиісті білімді, дағдылар мен машықтарды талап ететін жұмысқа еңбек
шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі туралы, арнаулы білімі немесе
кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;
4) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін);
5) әскери есеп құжаты (әскери міндеттілер мен әскери қызметке
шақырылуға жататын адамдар үшін);
6) алдын ала медициналық куәландырудан ӛткені туралы құжат (осы
Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай
куәландырудан ӛтуге міндетті адамдар үшін);
7) салық тӛлеушінің тіркеу нӛмірін және әлеуметтік жеке код беру туралы
куәліктердің кӛшірмелері қажет.
2. Жұмыс беруші осы баптың 1-тармағында кӛзделмеген құжаттарды талап
етуге құқылы емес.
3. Қызметкердің келісімімен құжаттардың түпнұсқалары жұмыс берушіде
сақталған не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімдерді
орындау үшін уақытша қалдырылған жағдайда, жұмыс беруші қызметкерге
құжаттарды қайтару туралы жазбаша міндеттеме береді.
Достарыңызбен бөлісу: |