Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы n 251 Кодексі



жүктеу 0,64 Mb.
Pdf просмотр
бет6/51
Дата16.01.2020
өлшемі0,64 Mb.
#26935
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51

басталуға тиіс оқиғаны кӛрсетумен де айқындалуы мүмкін. 
      2. Осы Кодексте кӛзделген жағдайларда мерзім жұмыс күндерімен 
есептеледі. 
      3. Уақыт кезеңімен айқындалатын мерзімнің ағымы оқиғаның басталуы 
белгіленген күнтізбелік күннен кейінгі күні басталады. 
      4. Жылдармен, айлармен, апталармен есептелетін мерзімдер соңғы жылдың, 
айдың, аптаның тиісті күндері бітеді. Егер айлармен есептелетін мерзімнің 
бітуі тиісті күні жоқ айға келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күні 
бітеді. Күнтізбелік апталармен немесе күндермен есептелетін мерзімге жұмыс 
күні емес күндер де қосылады. 
      5. Егер осы Кодексте ӛзгеше кӛзделмесе, мерзімнің соңғы күні жұмыс күні 
емес күнге келсе, онда одан кейінгі бірінші жұмыс күні мерзімнің аяқталған 
күні болып есептеледі. 
      
14-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын
 
              бҧзғаны ҥшін жауаптылық
 
      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғалар 
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. 
 
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ 
ҚҦЗЫРЕТІ
 
      
15-бап. Қазақстан Республикасы Ҥкіметінің еңбек
 
              қатынастарын реттеу саласындағы қҧзыреті
 
      Қазақстан Республикасының Үкіметі: 
      1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы 
мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және іске асырылуын 
қамтамасыз етеді; 
      2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік 
бағдарламалардың әзірленуін және орындалуын ұйымдастырады; 
      3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік 
бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін белгілейді;  
      4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және 
мемлекеттік статистика жүргізу тәртібін айқындайды; 
      5) шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін белгілейді; 
      6) еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақының 
мӛлшерін, оны тағайындау және тӛлеу тәртібін айқындайды; 
      7) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі 
мүмкін ауру түрлерінің тізбесін бекітеді; 
      8) орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібін белгілейді;  
      9) Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық 
компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы 
тӛлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекітеді; 
      10) азаматтық қызметке орналасу және азаматтық қызметшінің бос 
лауазымына тұруға конкурс ӛткізу тәртібін айқындайды; 
      11) азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін айқындайды; 


      12) жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерімен және 
қызметкерлердің республикалық бірлестіктерімен бас келісім жасасады; 
      13) тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 
саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау 
тәртібін белгілейді; P080217 
      14) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар 
қызметкерлерінің еңбегіне ақы тӛлеу жүйесін бекітеді; 
      15) ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың 
біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды; 
      16) салалық келісімдерде айқындалатын салалық арттырушы 
коэффициенттерді бекітеді; 
      17) бес адамнан кӛп адам қаза тапқан кезде топтық жазатайым оқиғаларды 
тергеуге комиссия құрады. 
      
Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 
2007.12.19. 
N 9
 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 
Заңымен.
 
      
16-бап. Еңбек жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік органның
 
              еңбек қатынастарын реттеу саласындағы қҧзыреті
 
      Еңбек жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік орган: 
      1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы 
мемлекеттік саясатты іске асырады; 
      2) қызметтің барлық салаларына арналған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті 
қорғауға қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін Қазақстан 
Республикасының нормативтік құқықтық актілерін қабылдайды;  
      3) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы 
мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына 
мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады; 
      4) мемлекеттік органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 
саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу жӛніндегі қызметін үйлестіреді; 
      5) еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында 
басқа мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қызметкерлердің және жұмыс 
берушілердің ӛкілдерімен үйлестіруді және ӛзара іс-қимылды жүзеге асырады; 
      6) еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау 
тәртібін белгілейді; 
      7) еңбек жӛніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді ауыстыру және 
қайта қарау тәртібін белгілейді; 
      8) кӛрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді 
(бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек 
нормаларын ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді; 
      9) кӛрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді 
(бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар 
қызметкерлерінің еңбегіне ақы тӛлеу жүйесі  бойынша параметрлерді ұсыну, 
қарау және келісу тәртібін белгілейді; 


      10) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде жасалған 
салалық келісімдер мен ӛңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асырады; 
      11) мемлекеттік еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды 
жүргізеді; 
      12) ӛндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің уақтылы және 
объективті жүргізілуін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген 
тәртіппен бақылауды жүзеге асырады; 
      13) еңбек қатынастарын реттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты 
жүзеге асырады; 
      14) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары жӛніндегі 
зерттеу бағдарламаларын әзірлейді; 
      15) жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-
профилактикалық тағам, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа да жеке 
қорғану құралдарын беру тәртібі мен нормаларын әзірлеп, бекітеді, сондай-ақ 
қызметкерлерді ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-
жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді; 
      16) анықтамалықтарды, біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, қайта қарау, 
бекіту және қолдану тәртібін айқындайды;  
      17) экономикалық қызметтің әрқилы түрдегі ұйымдарының басшылары, 
мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік 
сипаттамаларын қарайды және келіседі; 
      18) тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың еңбек 
жӛніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді бекіту тәртібін айқындайды; 
      19) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім 
бойынша он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым 
салынатын жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің ауыр 
заттарды тасуы мен жылжытуының шекті нормаларын айқындайды; 
      20) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім 
бойынша әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, 
әйелдердің ауыр заттарды қолмен кӛтеруінің және жылжытуының шекті 
нормаларын айқындайды; 
      21) еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті 
ӛндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр 
жұмыстардың, жұмыстардың тізбесін айқындайды; 
      22) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторингті және 
тәуекелді бағалауды ұйымдастырады; 
      23) ӛндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік 
аттестаттау тәртібін белгілейді; 
      24) Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі 
туралы үлгілік ережені бекітеді. 
      
17-бап. Еңбек жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік органның
 
              аумақтық бӛлімшелерінің еңбек қатынастарын
 
              реттеу саласындағы қҧзыреті
 
      Еңбек жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бӛлімшелері: 


жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау