Елдің дамуына
орай ЮНФПА-ның Қазақстанға
көрсететін қолдауының сипаты да өзгерді. Уақыт
өте келе Қор көбінесе сексуалдық және ұрпақ
жаңғырту денсаулығын қамтамасыз етуде жәр-
дем көрсетуге баса назар аудара отырып, тех-
никалық және консультациялық көмек көрсе-
те бастады. Бұл жұмысқа сондай-ақ денсаулық
сақтау, тұрғын халық санының динамикасы және
ерлер мен әйелдердің тең құқылығы мәселелері
арасындағы өзара байланысты ескере отырып,
тұрақты дамуға арналған ұлттық стратегияларды
әзірлеуге қолдау кірді.
ЮНФПА
ана өлім-жітімін азайту мен ана ден-
саулығын жақсартуды қоса алғанда, бірқатар
ұлттық басымдықтарға қол жеткізуге үлес қосты.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика ко-
митетінің деректері бойынша, 1991 жылы елдегі
ана өлім-жітімінің коэффициенті 100 000 туғанға
шаққанда 67,20-ны құрады. Тиімді перинатал-
дық технологияларды сәтті енгізудің арқасында,
Қазақстандағы ана өлім-жітімінің коэффициенті
2017 жылы төрт еседен көбірек, 100 000 туғанға
шаққанда 12,5-ке дейін қысқарды. 2017 жылы
нәресте өлімінің коэффициенті 1991 жылғы көр-
сеткішпен салыстырғанда үш жарымға дерлік
есеге (1000 туғанға шаққанда 27,30-дан 7,93-ке
дейін) төмендеді.
БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл
77
ЮНФПА халықтың неғұрлым осал топтарының:
жасөспірімдер мен жастардың, қарт адамдар-
дың, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың, ми-
гранттардың, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың
жағдайы туралы дәлелді деректерімен ұлттық
даму бағдарламаларын өңдеуді қамтамасыз етті.
Бұл жұмыс осы топтардың ана және репродуктивті
денсаулықтың сапалы қызметтеріне қол жеткізуін
кеңейтуге мүмкіндік берді, сондай-ақ Қазақстанға
Мүгедектер құқықтары туралы конвенцияны ра-
тификациялауда қолдау көрсетті. Бұдан басқа,
ЮНФПА-ны қоса алғанда, БҰҰ агенттіктерін
қолдау нәтижесінде елде денсаулық сақтау қыз-
меттері жетілдіріліп, кеңейтілді. Осылайша, тегін
медициналық қызметтердің көлеміне АИТВ-мен
өмір сүретін адамдарға арналған антиретровиру-
стық препараттар қосылды.
Жастардың репродуктивті денсаулықты қорғау
туралы ақпаратқа кең қол жеткізуі көп жағдай-
да ұлттың денсаулығын тұтастай айқындайты-
нын мойындай отырып, ЮНФПА «теңімен тең»
қағидаты бойынша ақпараттық-ағартушылық
жұмысты белсенді қолдайды. Соның негізінде,
Қазақстанда қазірдің өзінде осы қағидат бой-
ынша жұмыс істейтін он жастар оқу орталығы
(Y-PEER centres) жұмыс істейді. 200-ге жуық
жаттықтырушы жасөспірім-құрдастарын қауіпсіз
жыныстық мінез-құлық туралы сауатты хабардар
етуді үйренді.
Колледж студенттері үшін жыныстық және репро-
дуктивті денсаулық пен репродуктивті құқықтар
туралы ақпаратты дұрыс беруге бағытталған
оқу курсы әзірленді және сынақтан өткізілді.
Колледждердің 300-ден астам оқытушысы сту-
денттерге репродуктивті денсаулықты сақтау
мәселелерін оқыту дайындығынан өтті. Бұл пе-
дагогтар 30 мыңнан астам жасөспірім мен жа-
сты репродуктивті денсаулықты сақтау, қажетсіз
жүктілік пен түсік тастаудың алдын алу, жыныстық
жолмен берілетін инфекцияларды жұқтырудың
алдын алу сияқты мәселелер жайында оқытып
шығарды.
Жасөспірімдерге олардың сексуалдық және ре-
продуктивті денсаулығына қатысты мәселелерде
кешенді ақпарат пен қызметтер ұсыну үшін жастар
денсаулық орталықтарын жетілдіру бойынша жұ-
мыс жүргізілуде.
Сондай-ақ ЮНФПА әйелдер мен қыздарға қаты-
сты зорлық-зомбылықтың болдырмауға ерекше
назар аудара отырып, гендерлік теңдік, сондай-ақ
ерте және мәжбүрлі некелер сияқты денсаулыққа
зиян келтіретін тәжірибелер мәселелерін бел-
сенді түрде көтеруде. Қазіргі уақытта ЮНФПА ҚР
Үкіметіне денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау
және полиция секторларының гендерлік зор-
лық-зомбылыққа ведомствоаралық жауап беру
БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл
78
көптеген индикаторлар бойынша кластерлік зерт-
теу (2005, 2010, 2015 жж.); әйелдерге қатысты
зорлық-зомбылықтың таралуын зерттеу (2016)
мен «Ұрпақтар және Гендер» бағдарламасы
бойынша зерттеу (2018) жүргізу мен талдауға
жәрдем көрсете отырып, деректерді жинау мен
таратудың ұлттық жүйелерін нығайтуды және ха-
лықтың динамикасын ғылыми негізделген талда-
удың қол жетімділігін арттыруды, сондай-ақ олар-
дың тұрақты дамумен байланысын қолдайды.
ЮНФПА
жастарға ерекше назар аудара отырып,
отбасын жоспарлау, ана денсаулығы мен репро-
дуктивті денсаулықты қорғау және репродуктивті
құқықтарды іске асыру саласындағы қызмет-
терді кеңейту және жетілдіру бойынша; гендерлік
теңдікті ілгерілету және гендерлік зорлық-зом-
былықты болдырмау жөніндегі ұлттық институ-
ционалдық механизмдерді нығайтуды қолдау
бойынша және халық динамикасын ұлттық сая-
саттар мен даму бағдарламаларына тұрақты да-
мытумен өзара байланыстыра отырып, ғылыми
негізделген талдауды біріктіру бойынша жұмысты
жалғастырады.
жүйесін күшейтуде техникалық қолдау көрсетуде.
Қазақстанның Үкіметімен Халықтың қоныстануы
мен дамуы жөніндегі Каир халықаралық конфе-
ренциясының Іс-қимыл бағдарламасының, ұлт-
тық стратегиялық бағдарламалардың мақсатта-
рын алға жылжыту бойынша, сондай - ақ елдің
үшінші және бесінші Тұрақты даму мақсаттары-
на жетуге арналған ынтымақтастық шектерінде,
ЮНФПА елдің жетекші діни ұйымдары – ислам-
мен және православие христиан дінімен ана ден-
саулығы мен репродуктивті денсаулықты жақсар-
ту, гендерлік зорлық-зомбылықты болдырмау
және отбасы жағдайын жақсарту мәселелері бой-
ынша ынтымақтаса әрекет етеді. ЮНФПА-ның
техникалық қолдауымен жастарға, гендерлік зор-
лық-зомбылыққа және қыздардың денсаулығы
мен әл-ауқатына нұқсан келтіретін ерте және
мәжбүрлі некелерге қарсы тұруға баса назар ау-
дара отырып, ана денсаулығы мен репродуктивті
денсаулықты қорғау мәселелері бойынша діни
лидерлердің әлеуеті күшейтілді. Бүкіл Қазақстан
бойынша мешіттерде жұма намаздарын және
шіркеулерде жексенбілік литургияларды өткі-
зу үшін әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа
жол бермеу мәселелері бойынша уағыз мәтіндері
әзірленіп, бекітілді. Сондай-ақ, ЮНФПА діни ли-
дерлерге осы мәселелер бойынша діни орында-
рының оқу үдерісіне енгізу және болашақ діни
қызметкерлерді діни қоғам мүшелеріне тиісті
уағыз айтуға үйрету үшін ақпараттық және оқыту
материалдары мен оқу курстарын әзірлеуде қол-
дау көрсетті.
ЮНФПА
демографиялық талдау және халық са-
нын болжау, Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ)
қол жеткізуді мониторингілеу мәселелері бойын-
ша ұлттық институционалдық әлеуетті нығайтуға,
халықаралық стандарттар мен БҰҰ ұсынымдары-
на сәйкес 2000, 2010 және 2020 жылдары халық
санағын жүргізуге, мынадай ұлттық зерттеулерді:
БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл
79