ретінде бастады, ал 2001
жылдан бастап Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығының барлық 12 елі үшін
әйелдер арасындағы кедейлікті, әйелдерге қа-
тысты зорлық-зомбылықты түп-тамырымен жою
және демократиялық басқаруды ілгерілету бой-
ынша бастамалармен жұмыс істеп келеді.
ЮНИФЕМ-нің Қазақстан Үкіметімен ынтымақта-
стығының елеулі жетістіктерінің бірі 2000-шы
жылдардың басында гендерлік тұрғыдан деза-
грегацияланған деректерді талдауға негізделген
ұлттық гендерлік саясатты әзірлеуі, сондай-ақ
«Қазақстанның әйелдері мен ерлері» бірінші ста-
тистикалық жинағының басылымы болды. Осы
статистикалық жинақ Қазақстанда гендерлік
теңдікті ілгерілету жөніндегі «Сандар сөйлейді»
атауымен алғашқы ақпараттық-түсіндіру науқан-
дарының біріне негіз болды .
ЮНИФЕМ техникалық және қаржылық көмегімен
әзірленген және Қазақстан Республикасының
Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы
Жарлығымен бекітілген 2006-2016 жылдарға
арналған Гендерлік теңдік стратегиясы мен оның
орта мерзімді 2006-2008 жылдарға арналған
іс-қимыл жоспары ЮНИФЕМ мен Қазақстан
Республикасының Президенті жанындағы
Әйелдер істері мен отбасы-демографиялық са-
ясаты жөніндегі ұлттық комиссия әріптестігінің
маңызды межесіне айналды.
БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл
65
«БҰҰ-әйелдер» құрылымының басым күш-жігері
Қазақстандағы әйелдер мен қыздарға қатысты
зорлық-зомбылықтың алдын алуға және оны
түп-тамырымен жоюға бағытталған. 2000-шы
жылдардан бастап ұйымның қолдауымен азамат-
тық қоғамның көптеген бастамалары жүзеге асы-
рылған. Олардың ішінде тұрмыстық зорлық-зом-
былық құрбандарын қолдау үшін дағдарыс
орталықтарын құру, зорлық-зомбылықтың алдын
алу және оған жауап беру бойынша қызмет көр-
сету үшін дағдарыс орталықтарының әлеуетін арт-
тыру. 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында
«БҰҰ-әйелдер» мен ҚР жол картасы шараларын
іске асыру жөніндегі Бас прокуратурасы жүзеге
асырған «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз
Қазақстан» бірлескен пилоттық жобасы, сон-
дай-ақ әйелдерге қатысты кемсітушілік пен зор-
лық-зомбылыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру
жұмысы (мысалы, UNiTe және «Гендерлік зор-
лық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні»
науқандары) маңызды мәнге ие.
«БҰҰ-әйелдер» құрылымы мен ҚР Үкіметі ынты-
мақтастығының елеулі нәтижесі бірқатар зерт-
теу жобалары болды. 2008 жылы Қазақстан мен
Орталық Азиядағы әйелдер көші-қон мәселелері
бойынша бірінші зерттеу жүргізіліп, ол көші-қонды
басқаруды жетілдіру, сондай-ақ адам құқықтары
мен гендерлік теңдік жөніндегі стандарттарды осы
саладағы заңнама мен саясатқа енгізу жолымен
өңірде қауіпсіз еңбек көші-қонын ілгерілетуге
жәрдемдесу үшін Халықаралық көші-қон ұйы-
мымен (ХКҰ) және Дүниежүзілік банкпен (ДБ)
бірлескен бесжылдық бағдарламасының баста-
масына себеп болды. 2013 жылы «БҰҰ-әйелдер»
құрылымы ҚР Үкіметі 2016 жылы қабылдаған
Елдің отбасылық және гендерлік саясатының жаңа
тұжырымдамасына осы мәселелер жинағын енгізу
нәтижесінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Әйелдер,
бейбітшілік және қауіпсіздік» қарарын іске асыру
міндеттемелерін елдің орындауына жәрдемдесу
үшін ақпараттық-түсіндіру науқанын сәтті өткізді.
2017 жылы «БҰҰ-әйелдер» құрылымы БҰҰ тұрғын
халық саласындағы қорымен (ЮНФПА) және
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДҰ)
бірге Орталық Азиядағы Қазақстандағы әйелдер-
ге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың та-
ралуына тұңғыш репрезентативті зерттеу жүргізді.
Дәл сол жылы «БҰҰ-әйелдер» көмегімен тұрмы-
стық зорлық-зомбылық нәтижесінде экономика-
лық тәуекелді бағалау бойынша өңірде алғаш рет
зерттеу жүргізілді, ол халыққа арнайы әлеуметтік
қызмет көрсету, денсаулық сақтау, сот төрелігіне
қол жеткізу шығындары түрінде тұрмыстық зор-
лық-зомбылық құнын бағалауға, сондай-ақ отба-
сындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және
оған қарсы күрес бойынша бюджеттік жоспар-
лау шараларының тиімділігін талдауға мүмкіндік
берді.
«БҰҰ-әйелдер»
құрылымы өз мандатына және
стратегиялық жоспарына сәйкес ақы төленбей-
тін еңбек мәселелерін шешуге және елдің эконо-
микалық дамуына әйелдердің үлесін кеңейтуге;
алдын алу шараларын қоса алғанда, тұрмыстық
БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл
66
зорлық-зомбылық мәселелерін шешуде кешенді
тәсілді енгізуге, заңнаманы жетілдіруге, сектора-
ралық үйлестіруді жақсартуға, зорлық-зомбылық
құрбандарына сапалы қызмет көрсетуге, сон-
дай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық саласын-
дағы жоспарлау, есепке алу және статистика жүй-
есін жетілдіруге және т. б.-ға бағытталған жобалар
арқылы ТДМ іске асыруға жәрдемдесу тұрғы-
сынан гендерлік теңдікті және Қазақстандағы
әйелдер үшін мүмкіндіктерді кеңейтуді ілгеріле-
ту жұмыстарын жалғастыруда. Барлық деңгейде
жоспарлау үдерістеріне гендерлік-бағдарланған
бюджеттеуді енгізу жөніндегі ұйымның бағдар-
ламалық қызметі гендерлік аспектіні ескере оты-
рып, жоспарлау және бюджет қаражатын пай-
далану саясатының нәтижелілігі мен тиімділігін
арттырудың маңызды құралы болып табылады,
сондай-ақ «Халықаралық күн тәртібі-2030»-дың
«Ешкімді артта қалдырмау» деген негізгі қағида-
тын іске асыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Өзінің қызметінде Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер»
құрылымы тұрақты түрде гендерлік теңдік
мәселелерінде хабардарлықты арттыруға және
әйелдердің, әсіресе ер балалар мен ерлер ара-
сында құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге
арналған коммуникациялық құрамдас бөлікке
көп көңіл бөледі. «БҰҰ-әйелдер» орыс тіліндегі
гендерлік мәселелер жинағы бойынша білім хабы
болып табылады, әйтседе қазақ тілінде ақпарат-
тық және методологиялық материалдарды дай-
ындауға баса назар аударады.
2017 жылдан бастап Қазақстанның Үкіметі «БҰҰ-
әйелдер» құрылымының бағдарламалық қыз-
метін қаржыландырып келеді. Гендерлік теңдікті
ілгерілетуге және әйелдердің құқықтары мен мүм-
кіндіктерін кеңейтуге бағдар алған ел басшылығы-
ның саяси еркі мен Қазақстан Республикасының
Президенті жанындағы Әйелдер істері мен от-
басы-демографиялық саясаты жөніндегі ұлттық
комиссия бастаған Қазақстанның мемлекеттік
органдарымен, сондай-ақ азаматтық қоғаммен,
жеке сектормен және халықаралық қауымда-
стықпен арадағы сапалы әріптестік барлық баста-
малар табыстылығының кепілі болса керек.
БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл
67