Ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл



жүктеу 22,61 Mb.
Pdf просмотр
бет21/24
Дата14.01.2020
өлшемі22,61 Mb.
#26543
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

консультанттар топтарын (ГКТ) құрды. ГКТ Біріккен 

Ұлттар Ұйымының резидент-үйлестірушісінің бас-

шылығымен жұмыс істейді, сондай-ақ аймақтың 

қалған елдерін қамтиды. Олар Қырғызстандағы 

Төтенше жағдайларды үйлестіру мен жауап беру 

тобы (ТЖҮЖТ), Тәжікстандағы Төтенше жағдай-

ларды жылдам бағалау мен жауап беруді үйлестіру 

тобы (РЕАКТ) және басқалар сияқты жергілікті 

үйлестіруші механизмдері арқылы өздерінің үй-

лестірушілік және қосымша қызметтерін орындай-

ды. Бұл механизмдер Төтенше жағдайларға жауап 

беру жөніндегі ұлттық құрылымдарды қоса алған-

да, гуманитарлық салада жұмыс істейтін әріпте-

стерден құралады. ГКТ ГМҮБ-тың аймақтық офисі-

нен техникалық қолдау мен ұсынымдар алады.

ГУМАНИТАРЛЫҚ 

МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҮЙЛЕСТІРУ 

ЖӨНІНДЕГІ БҰҰ БАСҚАРМАСЫ

Миссиясы

Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі 

БҰҰ басқармасының (БҰҰ ГМҮБ) Орталық Азия ел-

деріне арналған субаймақтық офисі 2007 жылдың 

қыркүйегінде Қазақстан, Алматы қ.-да құрылған. 

Аймақтағы төтенше жағдайлар жағдайында дай-

ындықты жоспарлау, жауап беру және күшейту 

саласындағы аса қажеттілік субаймақтық офистің 

2012 жылдан бері Кавказ мемлекеттерімен де жұ-

мыс жасайтын аймақтық офиске айналуына әкел-

ді. Украинадағы гуманитарлық жағдайдың салда-

рынан аймақтық офистің географиялық қамтылуы 

2014 жылы одан әрі ұлғайтылып, осы елді қата-

рына қосты. Қазіргі таңда бүкіл аймаққа халықта-

рының саны 131 миллион адамды құрайтын тоғыз 

мемлекет кіреді (Армения, Әзірбайжан, Грузия, 

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, 

Өзбекстан, Украина).

Орталық Азия мен Кавказға арналған ай-

мақтық офис (КОАӨО) 2012 жылы Арменияда, 

Қырғызстан мен Тәжікстанда төтенше жағдай-

ларға дайындықты қамтамасыз ету бойынша 

келісілген күш-жігерді жоспарлау және үйлестіру 

бойынша ұлттық деңгейде үкіметтер мен әріпте-

стерге мақсатты қолдау көрсететін Гуманитарлық 

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл



72


2018 жылғы 1 сәуір күнгі жағдай бойынша ГМҮБ 

аймақтық офисі жабылған, әйтсе де ГМҮБ Грузия, 

Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстандағы төрт 

ГКТ арқылы аймақта жұмыс істеуін жалғастыруда.

 

Негізгі жетістіктері

ГМҮБ Қазақстанды мынадай салаларда қолдайды:  

•  Халықаралық және жергілікті гуманитар-

лық әріптестермен ынтымақтастықта төтенше 

жағдайларға жауап беру саласындағы Үкіметтік 

құрылымдардың әлеуетін нығайту. 2009-2017 

жылдары бірқатар шаралар ұйымдастырылды, 

соның ішінде Гуманитарлық іс-қимылдарға үй-

рету бағдарламасы, табиғи апаттар жағдайын-

да азаматтық тұлғалардың құқықтарын қорғау, 

дағдарыстық коммуникациялар жөніндегі 

семинарлар, төтенше жағдайларда мекеме-

аралық жоспарлау, гуманитарлық ақпаратты 

басқару және ГАЖ, Қазқұтқару бойынша се-

минарлар, азаматтық-әскери үйлестіру бой-

ынша дөңгелек үстел, даладағы оқу-жаттығу, 

Дүниежүзілік гуманитарлық саммитке арналған 

аймақтық консультацияларды қолдау бойын-

ша тақырыптық талқылаулар, төтенше жағдай-

ларға жауап беру және қауіп-қатерлерді басқа-

ру бойынша семинарлар.

•  Аймақтағы және бүкіл әлемдегі төтенше 

жағдайларға жауап беру және гуманитарлық 

көмек көрсету бойынша аймақтық лидер ретін-

дегі Қазақстанның рөлін қолдау. Қазақстан 

Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі 

гуманитарлық донорлардың бірі болып табы-

лады. ГМҮБ Қазақстандық халықаралық даму 

агенттігімен (KazAID) тығыз ынтымақтастықты 

қолдайды. 2007 жылдан бастап Қазақстан 

тарапынан көрсетілген ресми көмек гумани-

тарлық қаржыландыру ағынын бақылауға 

мүмкіндік беретін қаржылық қадағалау жүй-

есіне (FTS) енгізілуде.

•  Қазақстанның Іздеу және құтқару мәселелері 

жөніндегі халықаралық консультативтік топ 

(ИНСАРАГ) және Апаттар салдарларын баға-

лау мен халықаралық жауап беруді үйлестіру 

жөніндегі БҰҰ сарапшылар тобы (ЮНДАК) си-

яқты халықаралық төтенше жағдайларға жау-

ап беру механизмдеріне қатысуын ілгерілету. 

Қазақстан – 2011 жылдан бастап ИНСАРАГ 

мүшесі. Оған қоса, Қазақстанның өкілдері 

оларды жою үшін халықаралық көмек ресур-

стары тартылатын төтенше табиғи апаттар 

жағдайында маңызды құрал – Жергілікті жер-

лердегі операцияларды үйлестіру орталығы 

(OSOCC) бойынша семинарларға қатысты.

•  ҚР Үкіметімен тығыз ынтымақтастықта та-

биғи апаттарға дайындығының ұлттық және 

аймақтық құқықтық базасын жетілдіру. ГМҮБ 

Елдегі Даму мақсаттарында көмек көрсету 

жөніндегі БҰҰ негіздемелік бағдарламасының 

(БҰҰДҚНБ) үдерісін қолдау бойынша БҰҰ бір-

лескен күштерінің бөлігі болып табылады.

•  Ерте алдын алу, апаттар қауіп-қатерін қысқар-

ту және төтенше жағдайларға жауап беру 

саласында аймақтық және халықаралық 

ынтымақтастықты нығайтуға қызмет ететін 

аймақтық үкіметаралық үйлестіру органы – 

Төтенше жағдайлар мен апаттар қауіп-қатерін 

қысқарту жөніндегі орталық (ТЖАҚҚО) құру-

ды және оның әлеуетін өсіруді қолдау. 

Болашақ жоспарлары

ГМҮБ БҰҰ-ның басқа агенттіктерімен қатар өзінің 

мандатын жүзеге асыруды және Қазақстанның 

Үкіметіне қолдау көрсетуді жалғастыруға ниет 

етіп отыр.

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл



73


жүктеу 22,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау