Ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл



жүктеу 22,61 Mb.
Pdf просмотр
бет17/24
Дата14.01.2020
өлшемі22,61 Mb.
#26543
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24

күтілетін қауіпсіз, тәртіпке келтірілген және ретте-

летін көші-қон туралы жаһандық шарт бойынша 

келісімге қол жеткізілді.

Қоршаған орта және даму жөніндегі 

министрлер конференциясы (2010)

2010 жылғы 27 қыркүйектен 2 қазанға дейінгі 

аралықта Астана қаласында өткен Қоршаған орта 

және даму жөніндегі министрлердің алтыншы 

конференциясында қатысушылар тұрақты дамуға 

саяси бейілділігін қайта растап, 2006-2010 жыл-

дарға Тұрақты даму мақсаттарында аймақтық жү-

зеге асыру жоспарын қоса алғанда, халықаралық 

және аймақтық деңгейлерде келісілген «жасыл» 

өсу бағдарламаларын іске асырудың қол жеткізіл-

ген үдерісі мен қиындықтарын қарастырды.

Конференцияның қорытындылары негізінде Азия-

Тынық мұхит өңіріндегі қоршаған орта мен даму 

жөніндегі министрлердің Астана декларациясы 

және аймақтық басымдықтар анықталған, одан әрі 

ілгерілету жолдары көрсетілген және нақты тақы-

рыптық және бағдарламалық бастамалар әзірленген 

2011-2015 жылдарға Тұрақты даму мақсаттарында 

аймақтық жүзеге асыру жоспары қабылданды.

«Жасыл көпір» Астана бастамасы да қазіргі дәстүр-

лі даму үлгілерінен «жасыл» өсу тұжырымдама-

ларына көшуді қолдау мақсатында Азия, Тынық 

мұхит және Еуропа елдері арасындағы ынты-

мақтастықты нығайтуға арналған. Осы Бастаманы 

іске асыру үшін Қазақстан «Жасыл көпір» әріптестік 

бағдарламасына, сондай-ақ АТМЭӘК-пен ынты-

мақтастықта Тынық мұхиттың шағын аралдық да-

мушы мемлекеттеріне арналған «Климаттың өзге-

руіне қарсы күресте және жаңартылатын энергия 

көздеріне негізделген шешімдерді іздестіруде 

Тынық мұхиттың рөлін қолдау» әлеуетін арттыру 

жөніндегі жобаға бастама жасады.



Болашақ жоспарлары

БҰҰ Орталық Азия экономикасына 

арналған арнайы бағдарламасы (1998 

жылдан бастап)

Субаймақтық деңгейдегі Біріккен Ұлттар Ұйымының 

Орталық Азия елдеріне арналған Арнайы бағдарла-

масы (СПЕКА) 1998 жылы құрылған сәтінен бастап 

Ауғанстан, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, 

Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан арасын-

дағы саяси диалогқа арналған бірегей платформа 

қызметін атқарып келеді.

Оның экономика, инклюзивті және тұрақты даму 

саласында нәтижелерге қол жеткізудегі қамқор-

лығымен көлік, сауда, энергетика, су ресурстары 

мен қоршаған орта, статистика, гендерлік мәселе-

лер және білімге негізделген экономиканы дамыту 

жөніндегі жұмыс топтары қарқынды жұмыс істеп 

келеді. СПЕКА-ның жиырма жылдығын атап өте 

отырып, Қазақстан Алматыда 2018 жылғы қыр-

күйектің 20-21-інде Экономикалық форум-2018 

бен СПЕКА Басшылық кеңесінің кезекті сессиясын 

өткізеді, онда Бағдарламаның негізгі жетістіктері 

көрсетіледі және 2030 жылға дейінгі кезеңге Күн 

тәртібін іске асыруды қолдау механизмі ретінде 

Бағдарламаның перспективалары талқыланады.

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл

59



БІЛІМ, ҒЫЛЫМ 

ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ 

МӘСЕЛЕЛЕРІ 

ЖӨНІНДЕГІ БІРІККЕН 

ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ 

Миссиясы

Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған 

агенттігі – ЮНЕСКО білім, ғылым, мәдениет, ком-

муникация мен ақпарат арқылы бейбітшілікті 

нығайту, кедейлікті түп-тамырымен жою, тұрақты 

даму және мәдениетаралық диалог ісіне үлес 

қосады.

ЮНЕСКО әрбір қыз бен әрбір баланың сапалы 



білімге қол жеткізуі үшін күш салады. Ұйым ашық 

және төзімді, зорлық-зомбылыққа, экстремизмге 

және өшпенділікке қарсы тұруға қабілетті болашақ 

азаматтарын қалыптастыруға арналған білім беру 

құралдарын әзірлейді. ЮНЕСКО мәдени мұраны 

сақтауға жәрдемдесе және көрнекті әмбебап құн-

дылығы бар объектілерді қорғай отырып, мәде-

ниеттер арасындағы байланыстарды нығайтады. 

ЮНЕСКО даму мен ынтымақтастықтың қозғайтын 

күші болып табылатын ғылыми-зерттеу және ин-

новациялық саясатты әзірлеуге көмектеседі.

ЮНЕСКО идеялар лабораториясы ретінде қыз-

мет етеді, халықаралық стандарттарын белгілей-

ді және ойлармен еркін алмасуға, мәдени өзара 

түсіністікке, барлық адамдар үшін сапалы білім 

алуға қол жеткізуге және ғылыми ынтымақта-

стықты дамытуға ықпал жасайтын ынтымақта-

стық бағдарламаларын жүзеге асырады.

1994 жылы ЮНЕСКО қызмет аясы Қазақстанға, 

Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанға тарала-

тын Алматыдағы Кластерлік бюроның ашылуы 

негізінде Орталық Азияда өзінің қатысуын қамта-

масыз етті.

United Nations 

Educational, Scientific and 

Cultural Organization 



Almaty

Office

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл



60


 

Негізгі жетістіктері 

Алматыдағы ЮНЕСКО бюросы төмендегідей 

әртүрлі мекемелермен жұмыс істейді: Үкімет пен 

ҚР салалық министрліктері, халықаралық агент-

тіктер, ҮЕҰ, сарапшылар, жеке компаниялар, 

бұқаралық ақпарат құралдары мен ЮНЕСКО 

қызмет бабымен жұмылдырған басқа ұлттық ұй-

ымдар, оның ішінде ЮНЕСКО клубтары, ЮНЕСКО 

қауымдастырылған мектептері және бағдар-

ламаларды жүзеге асыру жөніндегі ЮНЕСКО 

кафедралары. ЮНЕСКО елде болған жылдары 

агенттіктің ЮНЕСКО істері жөніндегі Қазақстанның 

Ұлттық комиссиясымен тығыз ынтымақтастықта 

жиі жүзеге асырылатын Қазақстанмен ынты-

мақтастығының аясы мен әртүрлілігі кеңейді.

Білім беру саласында Алматыда өткен тұрақты су-

баймақтық кездесулер «Баршаға арналған білім» 

және «Тұрақты даму» (ЦУР4) күн тәртібі сияқты 

халықаралық деңгейде келісілген даму мақсатта-

рына қол жеткізудегі өз мемлекеттерінің прогресін 



Ұлы Алтай шекарааралық биосфералық резерватының Қазақстандағы бөлігі © Сергей Стариков

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл



61


жүктеу 22,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау