Талдау
Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жеке профилактиканы қолданудың мәселелері
1. Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың жағдайын талдау.
Бүгінгі таңда кәмелетке толмағандардың құқықтарын, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылықтардан қорғау Қазақстан Республикасындағы саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында Парламентке және Үкіметке жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық және жеке адамға, әсіресе балаларға қарсы басқа да ауыр қылмыстар үшін жазаны қатаңдату жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. [1]
Жыл сайын кәмелетке толмағандарға қатысты 2 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылық жасалады.
Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны туралы мәліметтер
Достарыңызбен бөлісу: |