• ЮНИСЕФ қолдау көрсететін йод тапшылығын
алдын алу бағдарламасы халықтың йодталған
тұзды тұтынуын 93%-ға дейін арттыруға
мүмкіндік беру арқылы қазақстандық
балаларды ми дамуының бұзылуы қауіпінен
қорғап отыр.
• Бүгінде әйелдердің барлығы дерлік
медициналық мекемелерде бала туады.
Елімізде балаға мейірімді клиникаларда,
сондай-ақ балаға мейірімді ауруханаларда
33 акушерлік мекеме құрылды.
• Жастар денсаулық орталықтарын құру
бойынша пилоттық жобалар ашылып,
қазіргі уақытта олар Қазақстанның барлық
аймақтарында жұмыс істеуде.
• Ұлттық нормативтерді жетілдіру және
бірқатар тренингтерді өткізу арқылы АИТВ-
ның анадан балаға берілуі айтарлықтай
төмендеп, елеулі жақсартуларға қол
жеткізілді.
• ЮНИСЕФ ҚР Үкіметіне БҰҰ-ның Мүгедектер
құқықтары туралы конвенциясын
ратификациялауға дайындық үдерісі ретінде
әлеуметтік жұмысты кеңейту мақсаттарында
«Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы
Заңды» өңдеуде және қабылдауда қолдау
көрсетті. Сондай-ақ ЮНИСЕФ мүмкіндігі
шектеулі балалар мен жасөспірімдердің
Фото ЮНИСЕФ/А.Ким
БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл
48
Болашақ жоспарлары
Қазіргі уақытта Қазақстанның Үкіметі мен
ЮНИСЕФ арасындағы ынтымақтастықтың тағы
бір бес жылдық бағдарламасы 2016-2020 жыл-
дарға жүзеге асырылуда. Психикалық және фи-
зикалық даму ерекшеліктері бар балаларды қоса
алғанда, неғұрлым осал топтағы балаларға елеулі
көңіл бөлінеді.
стигматизациялануын болдырмауға
бағытталған «Әртүрлі, бірақ тең» ақпараттық
кампаниясын өткізді.
• Қазіргі уақытта балалардан бас тартуды
болдырмау және балалардың мемлекеттік
мекемелерге ағылып келуін қысқарту
үшін қауымдастықтар негізінде қызметтер
және балаларды күту саласында баламалы
шешімдер әзірленуде.
• Ювеналды әділет жүйесін дамыту арқылы
заңмен қиындықтары бар балаларға қолдау
көрсету жүзеге асырылуда.
• Мектептердегі зілзалалардың қауіп-қатерін
азайтуы жайлы тренингтерді енгізу және
интеграциялау арқылы зілзала қауіп-қатерін
төмендетуге бастамашылық жасалды.
• Үкіметпен бірлесе балалар құқықтарының
жағдайын анықтау үшін көптеген зерттеулер,
шолулар мен зерттеулер жүргізілді.
• ЮНИСЕФ Үкіметпен және басқа әріптестермен
бірге ұлттық заңнама мен нормативтік актілер
балалардың құқықтарын жүзеге асыруға
ықпал ету және олардың мүдделерін көрсету
үшін қызмет етеді.
• ЮНИСЕФ-тің «Балаларға мейірімді
қалалар» бастамасы шеңберінде жергілікті
билік органдары өз стратегияларында
жоспарлау, бюджеттеу және саясатты әзірлеу
саласындағы балалардың мүдделеріне басым
назар аудару міндетін өз мойнына алды.
Қалалық ортаның балалар өміріне жағымсыз
әсерін төмендетіп, балалар мен жастардың
қызметтерге жақсартылған қолжетімділігін
қамтамасыз етуге жұмыс істейді.
ЮНИСЕФ Қазақстанда негізгі үш
бағыт бойынша жұмыс істейді:
Барлық балалар, жасөспірімдер және
олардың отбасылары теңдігі:
Оларды сапалы әлеуметтік қызметтер мен
жәрдемақыларға тең, толық қолжетімді ету
арқылы мақсаттық топтардың әлеуметтік
қолдауын кеңейту.
Балаларға мейірімді әлеуметтік орта:
Кез келген өмір жағдайларында балаларға
қолайлы әлеуметтік орта жасау, атап айтқан-
да, физикалық және психологиялық зор-
лық-зомбылықтың барлық нысандарын қоса
алғанда, зорлық-зомбылықтан және қатыгез
қараудан қорғау.
Балалардың мүддесі үшін әріптестік:
Қазақстандағы және одан тыс жерлердегі ең
қорғансыз балалар мен жасөспірімдердің
құқықтарын көтермелеуде бірлескен күш-жі-
герді жұмылдыру үшін мемлекеттік институт-
тарды, қоғамдық бірлестіктерді, бұқаралық
ақпарат құралдарын, жеке секторды және
ғылыми топтарды біріктіру.
БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл
49
БҰҰ ҚОҒАМДЫҚ
АҚПАРАТ ДЕПАРТАМЕНТІ
Алматыдағы БҰҰ Ақпараттық бюросы
БҰҰ Ақпараттық орталықтары (UNIC/БҰҰАО) мен
БҰҰ Ақпараттық бюросы (/UNOИБООН) жергілікті
жерлердегі БҰҰ жүйесі туралы қоғамдық ақпарат-
тың негізгі көздері болып табылады. Олар өңірлер-
де халықты ақпаратпен қамтамасыз етуді күшейтеді
және ең заманауи ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар мен әлеуметтік желілерді пайда-
лану, әріптестіктерді ұйымдастыру және жергілікті
жерлердегі жұмыстарға стратегиялық коммуника-
циялық тәсілдерді қолдану арқылы ұлттық деңгей-
дегі коммуникацияларға ықпал етеді.
БҰҰ Ақпараттық орталықтары мен БҰҰ Ақпараттық
бюролары қоғамдық түсіністікті күшейту және БҰҰ-
ның мақсаттары мен қызметін қолдау үшін, сон-
дай-ақ жергілікті халық арасында, әсіресе дамушы
елдерде ұйымның жұмысы туралы ақпаратты тара-
ту үшін жауап береді.
Қазіргі кезде БҰҰАО мен БҰҰАБ негізгі міндет-
терінің бірі елдер халқының Тұрақты даму мақсат-
тары (ТДМ) туралы хабардарлығын арттыру болып
табылады.
Қазақстанда және Орталық Азия өңірінде 1993
жылдан бастап өзінің қызметін жүзеге асырып жүр-
ген Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоғамдық ақпарат
департаментінің (БҰҰ ҚАД) өкілдігі/Алматыдағы
БҰҰ Ақпараттық бюросы Нью-Йорктегі БҰҰ
штаб-пәтерінде орналасқан БҰҰ Қоғамдық ақпа-
рат департаменті бөлімшелерінің бірі болып та-
былады және БҰҰ Ақпараттық Орталықтарының
(United Nations Information Centers – UNICs) жаһан-
дық желісі құрамына кіреді.
БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл
50