9 апта: Әлеуметтік жаңғыру – қоғамның әл-ауқат тірегі
Әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңару: кедейшілікті еңсеру, халықты еңбекпен қамтуды көтеру, жастарды, студенттерді қолдаужөніндегі мемлекеттік бағдарламалар, зейнетақы мен жәрдемақыны арттыру реформасы. 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы: «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты». Адам капиталын, елдің еңбек қуатын дамытудың страгетгиясы. Жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің жаңа стратегиясы, тұрғы-үй коммуналдық шаруашылықты жаңарту. Денсаулық сақтау, спорт және дене шынықтыруды дамыту. Астана және Алматы қалаларында өткен қысқы Олимпиада ойындары, 7-ші Азия ойындарындағы қазақстандық спортшылардың жетістігі. Ел халқының табысы аз топтарын қолдау және көмек беру. Бюджеттік ұйымдарда жалақыны көтеру. Салауатты өмур салты-ұлт болашағын қалыптастырудың негізі.
Жоспар:
1. Әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңару.
2. Адам капиталын, елдің еңбек қуатын дамытудың
страгетгиясы.
3. Салауатты өмур салты-ұлт болашағын қалыптастырудың
негізі.
Қазіргі білім жүйесін жаңартудың өзекті мақсаттары мен міндеттері. Білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту. 2010 жылы Қазақстанның Болон үрдісіне қосылуы және Болон декларациясында қол қою.Мамандарды дайындаудың үш деңгейлі жүйесін енгізу: бакалавр-магистр-PhD доктор. Техникалық және кәсіптік білім беруді қайта құру.
2005-2010 жылдардағы Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының нәтижесі. Инновациялық негіздегі жоғары білім беруді дамыту стратегиясы. Президенттің «Интеллектуалды ұлт-2020» бағдарламасы және оның маңызы. Қазіргі білім беру моделі.
ЖОО-ның инновациялық қызметке көшуі. Оның дамуының тетіктері. «Назарбаев–университеті» негізінде жоғары оқу орындарының инновациялық үлгісін қалыптастыру.
«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша білікті мамандар даярлау мәселесі.
Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу міндеттеріне сәйкес ғылымның дамуына және ҒТҮ (ғылыми-техникалық үдеріс)-ті басқаруға жаңа көзқарас қалыптастыру.
Қазақстанның тәуелсіздікке қол жетуімен қазақ халқының рухани өмірінде жаңа мәдени процестер кеңінен өріс алды. Халыққа білім беру, ғылым мен мәдениет өз дамуының даңғыл жолына шықты. Олар бұрынғы Кеңес Одағы кезеңіндегі партиялық идеология мен саяси қағидалардың қыспағынан құтылды.
Өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына қарамастан Қазақстанда білім жүйесінде көптеген оң өзгерістер орын алды. Соңғы жылдары оқу мазмұны өзгерді, білім стандарттары жасалды, оқытудың жаңа әдістемесі енгізілді. Бірыңғай орта мектептермен қатар гимназиялар, лицейлер, жеке және авторлық мектептер ашылып, жұмыс істей бастады. Көптеген жаңа оқулықтар шығарылды. Мектептерде бұрын КСРО тарихы оқытылып келсе, енді қазақ халқының өз тарихы терең талданып оқытылатын болды.
Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің мәліметтері бойынша 2000/2001 оқу жылында елде жалпы білім беретін мектептердің саны 8007 болған. Олардың 3545-і (44,2%) қазақ, 2356-сы (29,4%) орыс, 13-і ұйғыр, 81-і өзбек, 3 тәжік, 1 украин мектебі. Соңғы жылдары республикада қазақ тілінде оқитын оқушылардың саны едәуір артып, 2003 жылы олар барлық мектеп оқушыларының 54,4%-ін қамтыған. Республика мектептерінде техникалық ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларын енгізуде де оң қадамдар өріс алды. 2001 жылы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың бірінші кезеңі негізінен аяқталды, нәтижесінде 58 оқушыға бір компьютерден келген. “Интернет-мектепте” бағдарламасы аясында 1414 оқу орны, оның ішінде 868 ауыл мектебі ақпарат желісіне қосылған. Жалпы білім беретін мектептерді «интернеттендіру» жөніндегі жұмыстар белсенді түрде жалғастырылып келеді. Бүгінде интернет жүйесіне ауыл мектептерін қосқанда, мектептердің 95 % қосылды.
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде 388 мектеп пайдалануға берілді. Соңғы он жылда (1997-2007 жж.) білім саласын мемлекеттік қаржыландыру көлемін 6,7 есе арттыруға қол жеткізілді. (Тәуелсіздіктің 16 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың сөзінен. /Егемен Қазақстан. 15.12. 2007 ж.).
Жылма жыл мұғалімдердің жалақысы 30 пайызға көтеріліп келеді. 2006 жылдан бері жоғары оқу орындарының таңдаулы 200 оқытушысына конкурстық негізде құны 15 мың АҚШ долларына тең «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» гранты тапсырылып жүр. Жыл сайын республикалық бюджет қаржысының есебінен 30 мыңнан астам педагогтың қайта дайындықтан өтуі мен біліктілігінің арттырылуы жүзеге асырылуда.
Еліміз егемендік алған жылдары жоғары және орта арнаулы білім беретін оқу орындарында да бірсыпыра жаңа өзгерістер орын алды. Республиканың жетекші оқу орындары - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Алматы университеті, Қазақ ұлттық техникалық университеті және басқалар Қазақстанның тәуелсіз ішкі және сыртқы саясатын жүргізуге қабілетті маман кадрлар даярлайтын жаңа факультеттер ашты. Түркістандағы Ахмет Яассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Сыртқы істер министрлігі жанынан Дипломатиялық Академия ашылып, жұмыс істеп жатыр. 1997 жылы республикада мемлекеттік 53 жоғары білім беретін және 40-тан астам жеке меншік жоғары оқу орындары жұмыс істеді. 2002 жылы мемлекеттік жоғары оқу орындары 47-ге дейін азайды, оған керісінше мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының саны 160-тан асты. 2003 жылы Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің шешімімен 43 мемлекеттік, 130 жеке жоғары оқу орындары қалдырылды.
Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты халыққа білім беру саласында халықаралық қарым-қатынас кеңейді. Бүгінгі күндері мыңдаған оқушылар, студенттер және аспиранттар оқуларын шет елдерде жалғастырып жатыр. Осы мақсатта Қазақстан Президенті жанынан “Болашақ” бағдарламасы бойынша арнаулы қор құрылып, республиканың жоғары оқу орындарынан жыл сайын жүздеген студент шетелдерге, соның ішінде АҚШ-қа, Ұлыбританияға, Францияға, Қытайға, Түркияға және т.б. жерлерге оқуға жіберіледі. Қазақстан мемлекет есебінен жылына 3 мың студентті әлемнің 25 университетіне оқуға жіберуде. Соңғы 13 жылда 2 мың қазақстандық шетелдердің жоғары оқу орындарында білім алыпқайтты (Егемен Қазақстан, 27.11.2007). Бүгінде жалпы саны 20 мыңнан асатын қазақстандық шетелдерде білім алуда. Олар Қазақстанның кадрлық әлеуетінің перспективалық негізі болады (Егемен Қазақстан. 15.12.2007).
2000 жылдан бастап қазақстандық ғылымды қаржыландыру 7 есеге артты. Бүгінде Қазақстанда бір мың жұмыс істеушіге 3 ғалымнан келеді, ал енді Ресейде бұл көрсеткіш 7,5-ке, ЕО-да – 5,8-ге, АҚШ-та – 9,3-ке тең. Біздің деңгейді орташа еуропалық деңгейге дейін көтеру үшін біз ғылымды қаржыландыруды 2012 жылы 25 есе ұлғайтып, оны жылына 350 миллиард теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз (ҚР Президентінің Интернет-конференциясы. Егемен Қазақстан, 8.06.2007). Сондықтан да бүгінде ғылым және білім беру салаларында жоғары қазақстандық стандарттарға қол жеткізу үшін барлық жағдайлар жасалуда. Ғылымды дамытуда бірқатар басым бағыттар белгіленді. Астанада арнаулы ғылыми зертханалар құрылды.
Кейінгі жылдары әдебиет пен ұлттық тілдің мәртебесін көтеруде бірқатар шаралар іске асырылуда. 30-шы жылдары нәубетке, жазықсыз жазаға ұшыраған ғалымдарды, жазушыларды, мамандарды ақтау жүзеге асты. А.Байтұрсыновтың, М.Жұмабаевтың, М.Дулатовтың, Ш.Құдайбердиевтің, Ә.Бөкейхановтың, Х.Досмұхамедовтың, Ж.Аймауытовтың және басқалардың кітаптары жарық көрді. Іс жүргізуді қазақ тіліне көшіру жөнінде жан-жақты шаралар белгіленіп, олар жүзеге асырылуда. Барлық жоғары және арнаулы оқу орындарында қазақ тілінде оқыту бөлімдері ашылды.
Экономикалық қиындықтарға қарамастан республикада мемлекеттік театрлардың бірде-бірі жабылған жоқ. Қайта жаңадан Көкшетауда қазақтың музыкалық драма театры, Батыс Қазақстан облысында мәдениет институты, Мәдениет министрлігі жанынан күрделі мәдениет мәселелері бойынша ғылыми орталық ашылды. Өнерде менеджменттің тиімді үлгілері өмірге келді. Мысалы, Айман Мұсаходжаева "Солистер академиясы" оркестрін ұйымдастырып, бүкіл музыкалық білім беруді қайта құру жөнінде ұтымды жұмыс жүргізді. Соның нәтижесінде 1998 жылы Астана қаласында тұңғыш рет ұлттық музыка Академиясы құрылды. Жәния Әубәкірова музыкалық мектептің негізінде колледж, ал жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов “ПЕН-клубын” ашты. Осының бәрі өнер саласындағы дарынды адамдардың өз идеяларын жүргізу үшін тиімді де пайдалы нысандар тауып жатқанын көрсетеді.
Мәдениетті дамытуда жоғары кәсіби мәдениет кадрлары мен мамандардың атқаратын рөлі зор. Осы жағдайды ескере отырып, мәдениет саласына қажетті кадрларды дайындау ісі республиканың 5 жоғары 39 орташа арнайы оқу орындарында жүзеге асырылып келеді.
Еліміздің мәдениеті мен рухани өрлеуіне Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2000 жылды – Мәдениетті қолдау жылы деп жариялауының үлкен маңызы болды. Бұл жылы мәдениет мекемелерін дамытуға, олардың материалдық базасын нығайтуға бағытталған едәуір жұмыстар атқарылды. 727 мәдениет мекемелері жаңадан ашылды. Олардың қатарында Астанада, Петропавлда, Оралда, Өскеменде және Түркістан қаласында ашылған театрлар бар. Мәдениетті қолдау жылының шарықтау шегі Түркістан қаласының 1500 жылдық тойын тойлаумен сабақтас келді. Бұл үлкен тойды дайындау және өткізу барысында Күлтөбе, Отырар, Қожа Ахмет Яассауидің кесенесі, Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы т.б. нысандар қайтадан жаңғыртылды. 2002 жылы Тараз қаласының 2000 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде атап өтілді.
Қазақстанның 1997-2001 және 2008-2010 жылдары Болон декларациясына қосылуы білім кеңістігінде әр түрлі фигуралар мен олардың жұмыс атқару мінездеріне үлкен өзгерістер енгіздірді. "Болоньядан келген желдің" арқасында жоғарғы мектептегі инновациялар толқыны қазақстандық, сондай ақ, ресейлік академиялық қоғамнан жаңа көзқарастарды, әдістерді және қарым-қатынастарды талап етті. Болондық жаңа өзгерістерді жоғарғы оқу орындардың қызметкерлері, административті және академиялық қоғамдастықтар ырғақты қарастыруда. Олар бір жағынан - жаһанды құбылыстарға европалық жауап ретінде, басқа жағынан - жоғарғы білімге европалық өлшеу хабарламасының тәсілі ретінде қабылдануда.
Басты бет Қазақстан тарихы Тәуелсіз Қазақстан Болашаққа ұмтылған Қазақстан Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесінің қалыптасуы мен дамуы Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесінің қалыптасуы мен дамуы 20 Желтоқсан 2013 Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қауымдастықпен нарықтық экономикалы ел деп танылып отыр.
Шын мәніне келгенде, елдер тек тауарлар мен қызметтер өндіре отырып бәсекелеспейді, сонымен бірге олар қоғамдық құндылықтар жүйесі мен білім беру жүйесі арқылы бәсекеге түседі. Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену міндеті елде ғылыми сыйымды технологиялық білімі бар, басқарушылық қабілетке ие, нарықтық экономикада дұрыс бағыт таңдай алатын жоғары білікті мамандар болған кезде және дүниежүзілік нарықтық экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін тиімді білім беру жүйесі құрылғанда шешіле алады.
Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесін бетбұрыстандыру бірнеше кезеңнен тұрды:
1 кезең – жоғары білім жүйесінің заңдық және нормативтік құқықтық базасының қалыптасуы (1991-1994 жылдар);
2 кезең – жоғары білім жүйесін модернизациялау, оның мазмұнын жаңарту (1995- 1998 жылдар);
3 кезең – білім беру жүйесін қаржыландаруды орталықсыздандыру, білім беру мекемелерінің академиялық еркіндігін кеңейту (1999-2000 жылдар);
4 кезең – жоғары кәсіптік білім беру жүйесін стратегиялық дамыту (2001 жылдан бастау алған қазіргі кезең). Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесі «Білім туралы» Заң (1999 жыл), «Білім» мемлекеттік бағдарламасы (2000 жыл), «2010 жылға дейінгі білімді дамыту стратегиясы» (2001 жыл), «2005-2010 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (2004 жыл) сияқты стратегиялық нысандағы құжаттармен бекітілген.
Қазақстанның жоғары білім жүйесінің қалыптасуының келесі бір жағымды тұсы – институционалдық құрылымдардың, оқыту бағдарламалары мен формаларының әртараптандырылуы, олардың университеттік білім беру жүйесіне бейімделуі. Қарастырылып отырған үдерістің маңызды бір тұсы жеке білім беру секторының дамуы мен кеңеюі болды.
2012 жылы еліміздегі жоғары оқу орындарының саны 139 болса, олардың 66-сы жеке меншік иелігінде болды. Қазақстанның жоғары білім жүйесін талдау мемлекеттің нарықтық қатынастарға көшуімен байланысты қоғамдық үрдістерге сәйкес эволюциялық үдеріспен сипатталатынын көрсетеді. Ол ең алдымен сандық көрсеткіштердің өсуінен байқалады.
Қазақстандағы білім мен ғылымды мемлекет тарапынан қаржыландыру 2006 жылы тиісінше – 331,5 млрд. теңге, 14,2 млрд. теңге болса, 2008 жылы ол 627,3 және 18,6 млрд. теңгені құраған. (дерек көзі – www.edu.gov.kz)
Әлем елдеріндегі білімге жұмсалатын мемлекеттік шығындар Елдер ЖІӨ % жоғары білімге шығындар 1 2 Дания 2,5 Финляндия 2,1 Германия 1,2 Ирландия 1,2 Корей Республикасы 2,4 Швеция 2,2 Ұлыбритания 1,1 АҚШ 1,5 ОЭСР бойынша орташа 1,7 Қазақстан 0,3 Қытай 0,8 Үндістан 0,7 Малайзия 2,8 Ресей 0,7 Таиланд 0,8 Дерек көзі: Education at a Glance: OECD Indicators 2006
Осылайша, АҚШ-та жоғары білімге ЖІӨ 1,5% жұмсайды, ол көрсеткіш Финляндиядағы осы көрсеткіштен 2,1% аз. Ал Ұлыбританиядағы аталған көрсеткіш 1,1% құрайды. Сонымен бірге, жоғары білімді қаржыландыру мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазіргі күні АҚШ-та бұл мәселе өте өзекті болып табылады. Мұндай құбылыстың себебі экономикалық даму саласына қатысты және де АҚШ-тағы белгіленген әлеуметтік топтардың әлеуметтік теңсіздік мәселесінен туындаған. Алайда аталған факт АҚШ-қа қарағанда жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейі төмен елдерде, әрине оған Қазақстан да енеді, жоғары білім саласын жеткілікті мөлшерде қаржыландыру қажеттілігін ойландырады.
Егер Қазақстанның қаржылық күштерін басқа елдермен салыстыратын болсақ, Қазақстандағы білімге жұмсалатын мемлекеттік шығындар үлесінің тым төмен екендігі айқын. Осылайша, Қазақстан ЖІӨ 0,3% жоғары білімге жұмсай отырып, Малайзия, Таиланд, Қытай сияқты елдермен салыстыруға келмейтінін және ОЭСР елдерінің орташа көрсеткішінен (1,3%) біршама төмен екендігін байқаймыз.
Мемлекеттік қаржыландырудың төменгі деңгейін өтемақылау үшін үкімет үш элементтен тұратын ресурстарды шоғырландырудың көпжақты стратегиясын қабылдады:
- жеке жоғары білімді жедел дамыту;
- мемлекеттік университеттер мен колледждерінің шығындарына үлестік қатысу;
- кей мемлекеттік университеттерді жекешелендіру.
Алайда ресурстарды жай ғана арттыру әрдайым да қажетті нәтижежелер бермеуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған: «Қазақстандық ЖОО міндеті - әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру, ал жетекші ЖОО дипломдары әлемде танылуы тиіс. Олар мұны жасауға міндетті. Біз әрбір қазақстандыққа жоғары білім алудың нақты мүмкіндігін беруіміз керек. Студенттердің оқуын қаржыландырудың бірыңғай жүйесін құру мақсатында үкіметке бюджеттен білім беру несиелерінің есебінен білім беру гранттарының көлемін 50% арттыруды тапсырамын.
Сонымен қатар екінші деңгейлі банктер арқылы несиенің қайтарымын мемлекеттік кепілдемемен қамсыздандыру жолымен студенттік несиелендірудің заманауи жүйесін құру». Қазақстандағы ЖОО білім беру бағдарламаларының санына, ғылыми-зерттеу жұмыстарының көлеміне, ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілік деңгейіне байланысты бірнеше типтерге бөлінеді, атап айтатын болсақ: университеттер, академиялар және институттар. Тәуелсіздігін алғаннан бері Қазақстанда университеттер саны артып, ол көпшілікті құрап отыр Әрбір екінші қазақстандық студент университетте білім алады.
Университет – бұл жоғары білім жүйесіндегі білім беру мекемелерінің маңызды типі болып табылады. Университет жөніндегі дәстүрлі таным яғни ғылыми-зерттеу және оқыту қызметі тең мағынада болуы, келешекте де өз маңызын сақтап қалатын тәрізді. Университеттер бүкіл әлем бойынша тараушы жаңа ғылыми мәліметтердің бұқаралық ағымынан базалық мәндегі идеяларды алудың ерекше және дербес қызметін орындауға бағытталған. Ізденіс, анықтау, өңдеу, біріктіру, тәжірибелік нәтижелерге жеткізу ғылыми-техникалық прогреске ықпал етеді. Бұл міндет университеттік біліммен біріге отырып ойтайлы шешімін табады.
Қазіргі күні Қазақстанда жоғары білімді мамандарды даярлаудың салалық жүйесі басым, ол гуманитарлық және техникалық ғылымдар саласындағы білімін үйлестіретін, жан-жақты білім алған, бірнеше шет ел тілдерін меңгерген, басқарушылық бейімі бар жаңа ғасырдың жұмысшы күшін дайындауды біршама шектейді. Даярлаудың мұндай деңгейін негізінен университеттер қамтамасыз етуге қабілетті. Мұны жоғары білім жүйесінде университеттік типтегі білім беру мекемелері басым дамыған елдер тәжірибесі көрсетеді. Білім жүйесі, оның ішінде жоғары мектеп халықты жұмыспен қамтуды ынталандырып, жұмыссыздықты қысқартуда маңызды рөл атқарады. Ол еңбек рыногынан жастардың бір бөлігін тарта отырып, әлеуметтік шиеленісті әлсіретеді.
Кәсіптік білім – жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдайлар құруға, жекелеген мүдделер мен қажеттіліктерді, оның ішінде мамандық пен біліктілік алуды ескеретін, әлеуметтік институт болып табылады. Еңбек рыногындағы сұраныстың қарқынды өзгерісі жоғары білімнен өз қызметі экономиканың жаһандануы мен өңірленуі жағдайында өтетін жаңа кәсіптік, технологиялық, басқарушылық салаларда мамандар даярлауды талап етеді. Осыған сәйкес жоғары мектептің педагогикалық және ғылыми-зерттеу функцияларын қайта ұйымдастыру қажет, ол академиялық пәндерді әрі қарай әртараптандыру барысында пайда болатын ғылым мен техниканың көптүрлі жетістіктерін ескеруі керек.
Оқу жоспарларының түрлілігі, оған енетін пәндер мен курстардың тізімі, кадрларды даярлауды әмбебаптандыру пәнаралық және көппәндік бағыттардың күшеюіне, оған қатысты оқыту әдістері мен ғылыми зерттеулерді жүргізуді күшейтеді. Жоғары білімді қайта ұйымдастыру мен бетбұрыстандыру ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың жедел дамуын және оған деген жоғары білім мекемелерінің артып отырған қажеттіліктерін басты назарда ұстауы қажет. Көптеген елдер шешуші маңызды экономикалық міндеттердің арасынан жылдам өзгеруші экономика, технология мен халықаралық сауда жағдайларына бейімделу мүмкіндіктерін күшейту қажеттілігін ерекше көрсетеді. Жоғарыда аталған үдерістердің қарқынына теңсіз әсер теріс өңірлік, ұлттық, жергілікті салдарға алып келетін тұтас бір мәселелер кешенін тудыруға қабілетті.
Тәуелсіздігіміздің барлық жылдары шамамен 140 мың азаматымыз шетелдік ЖОО-ларда жоғары білім алды. TIMSS-2015 зерттеуінде біздің оқушыларымыз халықаралық орташа көрсеткіштен және АҚШ, Англия, Германия, Канада, Австралия, Израиль, Швеция, Дания, Нидерланды, Польша, Чехия, Литва, Малайзия, Түркия және басқа мемлекеттердегі қатарластарының қатарына қосылды.
Қысқаша түйіндеме: Қазақстан тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде жалпы ішкі өнім номиналдық мәнде шамамен 500 еседен астам артқан. Жылдық өсімнің қарқыны орташа есеппен жылына 2,9% құрады 1998 жылдан бастап Қазақстанда өсімнің теріс қарқыны тіркелмеді. Көрсеткішті американдық доллармен есептегенде, соңғы 3 жылда ЖІӨ-нің төмендеуі байқалады. Жан басына шаққанда ЖІӨ-нің жылдық орташа өсімінің қарқыны жылына 2,6% құрады Орташа есеппен, еңбек өнімділігінің өсімі жылына 5% құрайды. Соңғы 17 жылда Еңбек өнімділігінің индексі (ЕӨИ) 2008-2009 жж. әлемдік экономикалық дағдарыс кезеңі ішінде де алдыңғы жылғы деңгейден төмен түспеді ЕӨИ білім беруде ел бойынша көрсеткіштің орташа мәнінен артта қалып отыр. 2016 жылы Қазақстанда ақшаның құнсыздану деңгейі 8,5% құрады. Осы мерзімде ЭЫДҰ елдерінде осы көрсеткіш 1,1% тең болды БҰҰ 4-ші Жаһандық ОДМ міндеттеріне қол жеткізу үшін білім беруді қаржыландыруды нысаналы арттыруға және оның қажеттіліктеріне ЖІӨден кем дегенде 4-6% бөлуге кеңес береді. Қазақстанда білім беруге жұмсалатын инвестициялардың жылдық көлемі ЖІӨ-ден 3% төмен түспеді. 1991 жылдан бастап осы көрсеткіш жыл сайын ЖІӨ-ден орташа есеппен 3,8% құрайды 2001 жылдан 2016 жылға дейін орта білімге жұмсалатын жылдық шығыстар білім берудің басқа деңгейлерін қаржыландыруды қоса алғанда 2 еседен астам артық болды. Соңғы 16 жылда мектепке дейінгі білім беруге жұмсалатын шығыстар 54 есеге, орта білім беру 12 есе, ТжКБ 36 есе және жоғары білім беру 20 есеге артты. 2011 жылдан 2016 жылға дейінгі мерзімде жан басына шаққанда білім беруге орташа есеппен жылына 15,7 мың теңге немесе айына 1 мың теңгеден сәл астам қаражат жұмсалды
1993 жылдан бастап халықтың орта айлық еңбекақсының артуы тіркелген. 2016 жылы ол 142,4 мың теңгені құрады. Соңғы 22 жылдың ішінде көрсеткіш өсімінің орташа қарқыны 4,9% құрады. 2001 жылдан 2016 жылға дейін білім беру саласындағы қызметкерлердің еңбекақысы 6,5 есе артты.
1999 жылдан 2016 жылға дейін елімізде жұмыссыздардың саны 2 еседен астам, жұмыссыздық деңгейі 13,5%-дан 5%-ға азайды. Бұл, ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда, 2016 жылы 1,3%-ға аз болды Жаңа мыңжылдықта Қазақстан жастар жұмыссыздығының деңгейін 4 есе қысқарта алды. 2016 жылы 15-28 жас және 15-24 жас аралығындағы жастар жұмыссыздығының ең төмен деңгейі - сәйкесінше 4,1% және 3,8% тіркелді 2016 жылы мемлекет халқының саны 17,6 млн адамды құрады. Соңғы 7 жылда халық санының өсу қарқыны жылына 1,4-1,5% деңгейде.
Қазақстан тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде жалпы ішкі өнім номиналдық мәнде шамамен 500 еседен астам артқан. Жылдық өсімнің қарқыны орташа есеппен жылына 2,9% құрады
1998 жылдан бастап Қазақстанда өсімнің теріс қарқыны тіркелмеді.
Көрсеткішті американдық доллармен есептегенде, соңғы 3 жылда ЖІӨ-нің төмендеуі байқалады. Жан басына шаққанда ЖІӨ-нің жылдық орташа өсімінің қарқыны жылына 2,6% құрады. Орташа есеппен, еңбек өнімділігінің өсімі жылына 5% құрайды. Соңғы жылда Еңбек өнімділігінің индексі (ЕӨИ) 2008-2009 жж. әлемдік экономикалық дағдарыс кезеңі ішінде де алдыңғы жылғы деңгейден төмен түспеді ЕӨИ білім беруде ел бойынша көрсеткіштің орташа мәнінен артта қалып отыр 2016 жылы Қазақстанда ақшаның құнсыздану деңгейі 8,5% құрады. Осы мерзімде ЭЫДҰ елдерінде осы көрсеткіш 1,1% тең болды БҰҰ 4-ші Жаһандық ОДМ міндеттеріне қол жеткізу үшін білім беруді қаржыландыруды нысаналы арттыруға және оның қажеттіліктеріне ЖІӨ-ден кем дегенде 4-6% бөлуге кеңес береді.
Қазақстанда білім беруге жұмсалатын инвестициялардың жылдық көлемі ЖІӨ-ден 3% төмен түспеді. 1991 жылдан бастап осы көрсеткіш жыл сайын ЖІӨ-ден орташа есеппен 3,8% құрайды 2001 жылдан 2016 жылға дейін орта білімге жұмсалатын жылдық шығыстар білім берудің басқа деңгейлерін қаржыландыруды қоса алғанда 2 еседен астам артық болды. Соңғы 16 жылда мектепке дейінгі білім беруге жұмсалатын шығыстар 54 есеге, орта білім беру 12 есе, ТжКБ 36 есе және жоғары білім беру 20 есеге артты. Қазақстанда орта білім беруге жұмсалатын ЖІӨ-ден шығыстардың үлесі ЭЫДҰ елдерімен салыстыруға келеді (сәйкесінше 2,1% және 2,2%). Осы уақытта мектепке дейінгі, ТжКБ мен жоғары білімге жұмсалатын шығыстардың үлесі ЭЫДҰ елдеріне қарағанда, үш есеге төмен 1996 жылдан 2016 жылға дейінгі мерзімде халықтың қаржы шығыстары үнемі артып отырды және 18 есе артты.
2016 жылы халықтың жалпы шығыстарынан білім беруге жұмсалатын шығыстардың үлесі 3,3% құрады 2011 жылдан 2016 жылға дейінгі мерзімде жан басына шаққанда білім беруге орташа есеппен жылына 15,7 мың теңге немесе айына 1 мың теңгеден сәл астам қаражат жұмсалды. 1993 жылдан бастап халықтың орта айлық еңбекақсының артуы тіркелген. 2016 жылы ол 142,4 мың теңгені құрады. Соңғы 22 жылдың ішінде көрсеткіш өсімінің орташа қарқыны 4,9% құрады. 2001 жылдан 2016 жылға дейін білім беру саласындағы қызметкерлердің еңбекақысы 6,5 есе артты. Бұл ретте, 2016 жылы ол ел бойынша орташа еңбекақыдан әлі де 1,5 есе төмен болды. Қазақстанда халықтың кірісі, әлемнің басқа мемлекеттерімен салыстырғанда, неғұрлым біркелкі үлестіріледі. Джини коэффициенті, ЭЫДҰ елдерінің арасындағы 0,32 салыстырғанда, ҚР-да 0,28 тең. Қазақстанның ең жоғары кірісі бар халқының оннан бір бөлігі еліміздің ең кедей халқының оннан бір бөлігінен 5,6 есе артық қаражат табады.
1999 жылдан 2016 жылға дейін елімізде жұмыссыздардың саны еседен астам, жұмыссыздық деңгейі 13,5%-дан 5%-ға азайды. Бұл, ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда, 2016 жылы 1,3%-ға аз болды. Жаңа мыңжылдықта Қазақстан жастар жұмыссыздығының деңгейін есе қысқарта алды. 2016 жылы 15-28 жас және 15-24 жас аралығындағы жастар жұмыссыздығының ең төмен деңгейі - сәйкесінше 4,1% және 3,8% тіркелді. 2016 жылы мемлекет халқының саны 17,6 млн адамды құрады. Соңғы 7 жылда халық санының өсу қарқыны жылына 1,4-1,5% деңгейде сақталған. Қазақстан тәуелсіздігі кезеңінде халық санының табиғи өсімі (туу және өлім арасындағы айырмашылық) әрдайым оң болды. Сыртқы көші-қонның ең көп теріс сальдосы 1994 жылы тіркелді. Сол жылы халықтың жалпы санының 5% елден кетті. 2012 жылдан бастап Қазақстаннан кеткен адамдардың саны елге келген адамдардың санынан артық болды. Сыртқы көші-қонның теріс сальдосы 2015 жылы 13,5 мың адамды құрады.
2003 жылдан 2015 жылға дейін көші-қонның оң сальдосы жалпы орта және толық емес орта білімі бар халықтың арасында ғана байқалды. Ең көп теріс сальдо жоғары және арнайы орта білімі бар халық тобында тіркелді, бұл біліктілігі бар адамдардың кетуін және жоғары біліммен еңбекке жарамды халықтың білім деңгейі төмен мигранттармен алмасуын дәлелдейді және адами капиталдың сапасы мен жалпы елдің экономикасына теріс ықпал етеді. Жалпы алғанда, Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесі салыстырмалы қолайлы әлеуметтік-экономикалық жағдайда дамыды.
Достарыңызбен бөлісу: |