192
түсіретін капиталының қолда болуы бизнесте маңызды орын алады.
Мұндай капитал айналымға ақшалай түрде түсуі міндетті емес, ол
тауар түрінде және қызмет түрінде ұсынылуы ықтимал.
Бизнес түпкі есебінде әрдайым нәтижесінде пайда алуды
немесе залал келтіруді көздейтін тауарларды немесе қызметтерді
айырбастау бойынша коммерциялық операцияларды іске асыруды
ұйғарады.
Кәсіпкерлік қызметке қарағанда бизнестің ұғымы кең, өйткені
бизнеске табыс алуға бағытталған кез келген қызмет саласындағы
кез келген бір жолғы коммерциялық мәмілені жасауды да қамтиды.
Бизнестегі субъект бизнесмен немесе коммерсант деп аталады.
Коммерсанттың мәртебесі заң бойынша қызметі мына
белгілермен сипатталатын тұлғаға беріледі:
- мәміле бекіту және басқа шаруашылық операцияларын
кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыру;
- кәсіпкерлік қызметті өз атынан, яғни нарықтық қатынастың
дербес экономикалық субъектісі ретінде жүзеге асыру.
Жеке кәсіпкер де, кәсіпкерлердің бірлестігі де коммерсант бола
алады.
Бизнестің нарықтық экономикада өзіне тән белгілері болады.
Оған мыналарды жатқызуға болады:
- экономика субъектілерінің қызмет алмасуы;
- әрбір қызмет алмастырушыға қатысушылар, контрагенттердің
мүддесі жүзеге асырыла ма, жоқ па, оған қарамастан тек өз
мүдделерін жүзеге асыруға ұмтылады;
- контрагенттер өз көңілінен шықпаған іскерлік шарттарды
(мәмілені) қабылдаудан бас тартқанына қарамастан өз мүддесін
жүзеге асыруға талпынады;
- мәмілені дайындау және жасау үрдісінде бір өзі жеке немесе
ұжыммен бірге (немесе ұжымның атынан) бастама көтереді;
- пайдалы жағы мол мәмілені жүзеге асыру үшін жеке (немесе
ұжым атынан) тәуекелге бел бууға, яғни қатерге бара алатын қабілеті
және соған дайын болуы;
- мол табысқа қол жеткізу мақсатын көздейтін іскерлік
қатынастың әр түрлі тәсілдерін көре білуі, жүзеге асыра білуі,
дайын болуы;
- таңдап алынған іскерлік қатынас тәсілінің пайдалы жағынан
қамтамасыз ету мақсатында әр түрлі бағыттарда әр қилы қадамға
193
бара алуы керек;
- мәміленің болуы ықтимал және нақты нәтижелерін саралай
білуі, қызметтің басым жақтарын анықтап, оған іскерлік қатынастың
логикасын бағындыра (қисындай) білуі керек.
Бизнестің өз стратегиясы мен тактикасы бар. Бизнестің
стратегиялық мақсаты – әр түрлі мәмілені жүзеге асыру үрдісінде
мол табыс табу.
Тактикалық мақсат – әр контрагентпен әрбір нақты себеп
бойынша мәміленің нақты мерзімі мен мазмұнын, жүзеге асыру
шарттарын пайдалану арқылы осы стратегиялық нұсқаманы жүзеге
асыру.
Барлық аты аталған бизнестің өзіне тән белгілері, оның
стратегиясы мен тактикасы осы заманғы нарықтық экономикадан
толық көріне алады.
Бизнесті дамытудың шарттары:
- меншіктің аман сақталуына кепілдік болуы керек;
- шаруашылық ұйымның әр түрлі нысандарының қатар өмір
сүруі;
- кәсіпорындарға мүмкіндігінше экономикалық еркіндік беру;
- мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлардың
серіктестігіне, кәсіпкерлікке мемлекеттік тұрғыдан қолдау көрсету;
- монополизмді шектеп, бәсекелестікті одан ары дамыту;
- мемлекет экономикалық, әлеуметтік және саяси тұрғыдан
тұрақты болуы қажет;
- заңмен қорғалатындығы.
Бизнес жүйесі
Бизнес – істі жүргізу жүйесі. Бизнес – бұл адамдарға қажетті
өнімді жасау. Бизнес – бұл біздің әлеуметтік-экономикалық
жүйеміздегі орталық магистраль.
Бизнес (іскерлік қатынас) барлық бизнесмендерді қамтып,
олардың қызметтерін тұтас бір арнаға біріктіреді.
Бизнес субъектілеріне мыналар жатады:
- кәсіпкерлер, яғни өзі бастама етіп көтерген қызметін қатерге
бел буып (яғни, өз тәуекелдігімен), осы қызметін заңға қайшы
келтірмеу жауапкершілігін өз мойнына алатын тұлға;
- кәсіпкерлердің ұжымдары мен кәсіпкерлік қауымдастықтар;
- кәсіпкерлер ұсынатын өнімді (жұмысты, қызметті), тұтынатын
194
жеке адамдар мен ұжымдар, сондай-ақ тұты¬нушылардың одағы
мен қауымдастықтар;
- келісімшарт немесе басқа негізде жалданып еңбек ететін
жұмыскерлер, сондай-ақ олардың кәсіподақтары;
- мемлекеттік құрылымдар. Олар тек мәмілеге тікелей қатысқан
жағдайда ғана бизнес субъектісі бола алады (кәсіпкерлерге үкімет
тапсырыстарын беру, бағаны белгілеу, әлеуметтік жұмыстарды
орындаудағы жеңілдіктердің құрамы мен объектілері және т.б.).
Кәсіпкерлік – бизнес жүйесінің элементі. Оның негізін
жеке меншіктегі өндіріс құралдары құрайды. Ал, жеке меншік
өндіріс құралдарынан мемлекеттік емес меншіктің осы заманғы
формалары пайда болды. Олар – топтық меншік, ұжымдық меншік,
кооперативтік меншік, акционерлік меншік, пай.
Кәсіпкерлік бизнестің үш негізгі компонентері бөліп көрсетіледі:
- өнім өндірісі;
- коммерция (сауда);
- коммерциялық делдалдық.
Бизнесті тек сауда және делдалдық қана деп жансақ ұғуға
болмайды.
Иә, бизнес тек сауда мен делдалдық қана емес, ол сондай-ақ кез
келген мемлекеттің экономикалық өмірінің негізін (ең алдымен)
құрайтын өндіріс болып табылады. Нақты осы өндіріс арқылы ең
маңызды іс бастамалары жүзеге асырылады.
Барлық қызметті бизнеспен шатастыруға болмайды. Бұл
жөнінде Г. Форд былай дейді: «… өнімді дайын күйінде алып-сату
(алыпсатарлық) нағыз іспен ешқандай байланысы жоқ – ол заң
жолымен жоюға келмейтін ұрлықтың әдепті түрін ғана танытады».
Іскерлік қатынастағы субъектілердің екінші категориясына
тұтынушылар жатады. Олар кері байланысты тудырады әрі өндіріске
ықпал етеді. Кәсіпкерге табыс қажет болса, ал тұтынушыларға
өз қажеттіліктерінің толық қанағаттандырылғаны керек. Өзінің
тұтынушылық мүддесін жүзеге асыру бұл өзіндік ерекшелігі бар
тұтыну бизнесі.
Бизнестің осы нысандарының ерекшеліктері: біріншіден, оны
кәсіпкерлік бизнеске қарсы барлық азаматтар жүзеге асырады
(іскерлік қатынастар жүйесіне адамдардың жаппай қатысуы);
екіншіден, тұтыну бизнесі өндірістің түпкі нәтижесіне адамдардың
мүдделілік танытуын бейнелейді; үшіншіден, тұтыну бизнесі бір
Достарыңызбен бөлісу: |