184
прогрестің (жетістіктің) шешуші шарты болып табылады.
Жаңашыл менеджер. Бұл арада менеджердің инновациялық түрі
айтылып тұр. ҒТП қарқыны жоғары болып тұрғанда инновацияға
(жаңаны енгізу) немқұрайлы қараушылық артта қалдырады. Тозған
құралдарды ұдайы тәртіпке келтіріп, жаңаны енгізуге жұмсалатын
қаражатты үнемдегеннен гөрі жаңа техника мен технологияны
өндірісте қолдану еңбектің өнімділігі мен өнімнің сапасын
арттыруда әлдеқайда тиімді.
Адами қасиеті мол менеджер. Ол әлеуметтік сапаларға ие
тұлғаны білдіреді. Әрбір менеджердің өз мінезі бар – өз-өзін ұстау
тәртіптерінің жиынтығы.
Менеджмент бойынша капиталдық еңбек менеджер тұлғасынан
табылатын сапа мен мінездік сипатының тізбелерін қамтиды.
Мысалы, Ф. Тейлор мінсіз менеджерді ақылды, білімді, техниканы
жете меңгерген, күш-жігерлі, сыпайы, батыл, адал, оң мен солын,
яғни жақсы мен жаманды айыра алатын адам ретінде сипаттайды.
Бағыныштыларды, яғни қол астындағыларды басқарғанда
«адами тәсілдемеге» ие болуы керек. Менеджер жемісті еңбек етуі
үшін мыналарды естен шығармайды: жұмыскерлер оған емес, ол –
жұмыскерлер үшін қызмет етуі керек. Жүйе тоқтаусыз жұмыс істеуі
үшін ол екі жаққа да пайдалы болуы керек (Питер Э. Лэнд).
Өз кәсіпорны үшін жаңа нарықты таба алатын әрі нарықтағы
өзгерістерге бәсең (әлсіз) жауап беріп қана қоймай, нарықты
өзгертуге
ықпалы бар маман, білікті менеджер болып саналады.
Менеджердің жұмыс тиімділігі қол жеткен нәтижелер мен
кәсіпорын шығындарының арақатынасымен өлшенеді. Мұндай
ұйымдағы менеджменттің мақсаты – аз шығынмен мол нәтижеге
қол жеткізу болып табылады.
Тиімді басшылық пен басқаруды мұны қалай істеуді білетін
адам емес (бұл өте маңызды болса да), мұны істей алатын адам ғана
жүзеге асыра алады! (Питер Э. Лэнд).
Басшылық ісінде жетістікке жету үшін менеджердің үш ептілігі
(амалы) болуы керек: біріншісі – нақтылығы, мұның мағынасы
былай: ол нақты пәндермен (құралдармен, саймандармен, өндіріспен
және т.б.) жұмыс істей алуы керек; екіншісі – тұжырымдамалығы,
яғни тұжырымдамалық ептілігі; үшіншісі – адами – ең басты
ептілігі.
Танымал менеджер Ли Якокка менеджердің рөліне қатысты
185
маңызды қорытынды шығарған болатын: «Барлық шаруашылық
операцияларын түпкі түйінінде үш ауыз сөзбен айтуға болады:
адамдар, өнім, таза табыс. Адамдар алдыңғы кезекке шығады. Егер
сіздің сенімді тобыңыз болмаса, онда басқа факторларда көп нәрсе
тындыра алмайсың».
Әлбетте, менеджер – ол топтың өзінше жаттықтырушысы, оның
міндеті – топты жасақтап, олардың өзара әрекетін қамтамасыз ету.
Ф. Энгельс былай жазды: «... «тарих» емес, нақты, тірі адам –
міне
осының бәрін істеген, бәріне ие және бәріне араласады».
Жетістік формуласы: дайын болу ниеттену істей білу =
орындау (Питер Э. Лэнд).
Аттестациялық көрсеткіштер
және орташа менеджерді бағалау
Басқарушы қызметкердің міндеті игіліктер мен қызметтерді
тікелей өндірушілердің жұмыс істеуіне арналған мүмкіндіктер мен
жағдай тудыру. Егер басқарушы қызметкер мұндай жағдайларды
жасамайтын болса, онда ол қызметінен кетеді.
4-кесте – Ұйымда басқарушы қызметкер тарапынан атқарыла-
тын міндеттер
Басқару машықтарына ие болу:
Жеке бағдарлық деңгейі:
-
жоспарлау;
- үйлестіру;
- стандартты емес шешімдер;
- әкімшіліктігі (әкімгерлігі);
- ресурстарды пайдалану.
-
табандылық;
- мақсатты естен шығармау;
-
жаңаға ұмтылу;
- біліктілігін арттыру.
Қызметкерлерді (персоналды)
басқару машықтары:
Жұмыс сапасы:
- бағыныштыларды үйрету;
- олардың қызметін бақылау;
-
қол астындағылардың
мотивациясы;
- күш-жігерді үйлестіру;
- өкілеттіліктерді делигирлеу.
- бақылаудың қажеттілігі;
- тәртіп;
- нәтижелердің тиімділігі.