Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет62/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   95

195
мезгілде  кәсіпкерлерді  тұтынушылардың  сұранысымен  санасуға 
мәжбүрлеп  қана  қоймай,  сонымен  бірге  тұтынушыларды  іскерлік 
байланыс  бойынша  шынайы  серіктес  ретінде  танып,  қабылдауға 
итермелейтін  кәсіпкерлік  бизнеске  қатысты  ынталандырушы  әрі 
теңестіруші  күш  болып  табылады.  Кәсіпкерлер  де  теңестіруші 
күш. Кәсіпкерлер де басқа фирманың өнімдерін тұтынушы ретінде 
тұтынушы бизнесінің қатысушылары.
Тұтыну бизнесінің негізін жеке меншіктегі тұтыну мен қызмет 
пәндері құрайды.
Іскерлік қатынастарға қатысушылардың үшінші категориясына 
жалдамалы жұмысшылар, яғни жалданып жұмыс істейтін азаматтар 
жатады.
Бұл  категориядағы  азаматтар  кәсіпкерлермен  жасасқан 
мәміледен  табыс  табу  арқылы  өздерінің  еңбек  мүдделерін  жүзеге 
асырып, өзіндік ерекшелігі бар еңбек бизнесін қалыптастырады.
Еңбек  бизнесінің  негізін  жеке  меншіктегі  тұтыну  пәніне  және 
өндіріс құралына толық сәйкесетін жеке меншіктегі жұмысшы күші 
құрайды.
Іскерлік қатынастарға қатысушылардың төртінші категориясына 
мемлекеттік  органдар  жатады.  Олар  нарыққа  іскерлік 
ұсыныстарымен  тікелей  шыққан  жағдайда  ғана  осы  категорияға 
жататынын естен шығармайық. Осы тұрғыдан алғанда бұл органдар 
іскерлік қатынастағы басқа қатысушылармен тең құқылы болады.
Мемлекеттік  бизнестің  негізін  мемлекет  меншігіндегі  өндіріс 
құралдары,  ақпарат,  ой  еңбегінің  өнімдері,  құнды  қағаздар,  ақша 
ресурстары құрайды.
Басқару саласы. Бизнестің барлық жүйелері мен оның элементтері 
белгілі бір ықпал мен іс-қимыл жасайды. Басқаша айтқанда, олар 
басқару  саласында  әрекет  етеді.  Дамыған  елдердегі  нарықтық 
экономика, оның (нарықтық экономиканың) аясында бәсекелесуші 
экономикалық субъектілердің қоғамдық нәтижелерін қалыптастыру 
нәтижесінде,  біртұтас  жүйеге  айналды.  Бәсекелестіктегі  еркіндік 
экономикалық  қатынастардағы  басқа  субъектілердің  объективті 
мүдделерінің есебіне негізделетін экономика саласында қоғамдық 
пайдалы  істерді  жүзеге  асырудың  қажеттілігін  әрбір  субъектінің 
мойындауы ретінде болады.
Басқарушылық ықпалды жүзеге асыру барысында осы заманғы 
нарықтық экономиканың ерекшеліктерін ескеру қажет:


196
- тұрақты түрде ұзақ уақыт бойы салааралық және аймақаралық 
байланыстар арқылы қалыптасатын бірыңғай нарықтық кеңістікті 
қалыптастыру;
-  бір  жағынан  –  «тұтынуды  арттыруды»,  екінші  жағынан 
ұсынысты кеңейтуді бір-біріне себепкер ету;
- бәсекелесуші әлеуметтік топтардың (ең алдымен кәсіпкерлер 
мен жалдамалы жұмысшылардың арасындағы) әлеуметтік қарама-
қайшылығын  бәсеңдетуге  (амортизация)  мүмкіндік  тудыратын 
экономикалық реттеудің әлеуметтік бағдарлануы;

экономиканы 
монополизациялауға, 
теріс 
пиғылды 
бәсекелестікке қарсы бағытталған тауар нарығындағы бәсекелестік 
қатынастарды  заң  тұрғысынан  да,  экономикалық  тұрғыдан  да 
орталықтандырып, реттеу;
-  акционерлік  және  басқа  да  ұжымдық  меншік  формаларын 
дамыту  арқылы  тауар  нарығындағы  бәсекелестік  қатынасқа  кез 
келген азаматты қатыстырудың мүмкіндіктерін кеңейту.
Бизнес және үкімет
Үкімет еркін кәсіпкерлік жүйесінде елеулі рөл атқаруы керек.
Мемлекеттік  реттеуді  алты  негізгі  топқа  бөлуге  болады: 
қауіпсіздікті,  денсаулықты  және  қоршаған  ортаны  реттеу;  көлікті 
реттеу; еңбек қатынастарын реттеу; қаржыны реттеу; энергетиканы 
реттеу.
Реттеу әр түрлі салаларда әр қилы болады. Реттеу бір салаларда 
(көлік,  коммуникация)  кемісе,  екінші  салада  –  артады  (атом 
энергиясы).
Реттеуді  азайту  бәсекелестікті  тереңдетуге,  фирмалардың 
шығынды  қысқартуына,  тұтынушылардың  таңдауын  кеңейтуге, 
бағаны төмен түсіруге алып келуі ықтимал.
Үкімет  бизнесі  салық  салу  арқылы  реттеледі.  Жоғары 
баға  түріндегі  тұтынушылар  салығы  инфляцияны  тудырады. 
Кәсіпкерлерге  салынатын  салық  олардың  табысын  азайтып,  іскер 
белсенділіктерін төмендетеді.
Үкімет  бизнесті  әр  түрлі  форма  арқылы  қолдауды  көрсетіп 
отырады. Оның негізгі үш формасын бөліп көрсетуге болады:
- ақпарат және кеңес беру;
- қарыз;
- тікелей қызмет көрсету.


197
Статистика  агенттігі  бизнесті  фирманың  стратегиясын 
жоспарлау  үшін  қажет  болатын  нарықтың  жағдайы  туралы 
ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Менеджерлер  әрдайым  баға,  нарық,  сұраныс,  технологиялар 
және  т.б.  туралы  ақпараттарды  қажет  етеді.  Ақпаратсыз  дұрыс 
шешім  қабылдау  мүмкін  емес.  Ештеңеден  хабары  жоқ  адамдар 
бизнесте жетістікке қол жеткізе алмайды. Фирма әлемдік нарықта 
жетістікке жетуі үшін мол ақпаратқа және ұзақ мерзімді қамтитын 
жоспарларға ие болуы керек.
Үкімет  кейбір  фирмаларға  кепілдікті  қарыз  береді  (АҚШ).  Ол 
фирмаларды  коммуникациямен  қамтамасыз  етеді.  Оның  үстіне, 
мемлекеттік білім беру жүйесі бизнесті кадрлармен жасақтайды.
Мемлекет өзінің экономикаға араласуын ақтау үшін сылтау етіп 
нарықтың мынадай кемшіліктерін алға тартады:
1. Анық емес ақпарат. Мұндай ахуал – әдетке айналып кеткен, 
яғни  үйреншікті  боп  кеткен  құбылыс.  Бұл  мынадай  себептермен 
түсіндіріледі:
а) толық әрі дәл ақпарат алу қиындау болғандықтан, былайша 
айтқанда, қымбатқа түсетін қажеттілік;
ә)  нарықтағы  бағаға  және  әр  түрлі  болуы  ықтимал  қатерлерге 
қатысты ақпарат та қымбатқа түседі;
б)  ақпарат  тек  тауарларды  көптеп  сатып  алғаннан  кейін  ғана 
ұғынықты болады.
2.  Газбен,  электр  энергиясымен,  телеграфтық  қызметпен 
қамтамасыз ету жүйесіндегі табиғи монополия:
а) мұндай ауқымдағы компания бәсекелестердің жолын бөгейді;
ә) экономиканың осы саласына мол капитал жұмсау қажеттілігі 
де бәсекелестердің жолын бөгейтін үлкен кедергі болып табылады.
3. Сыртқы себеп. Мысалы, қоршаған ортаға келтірілген зиянды 
айтуға болады.
4.  Экономикалық  тиімділікпен  еш  байланысы  жоқ  басқадай 
мақсаттар:
а) қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ету;
ә) ұлттық өндірісті қорғау;
б) жаңа инновациялардың дамуын ынталандыру;
в) денсаулық сақтау, спорт, алькогольді ішімдіктер мәселесі.
5. Маңызды қызметтер мен ресурстар:
а) тұрғын үй құрылысы;


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау