Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет69/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   95

216
ретінде коммерциялық есептің мазмұнын зерделеудің айрықша мәні 
бар.  Ол  басқарудың  міндетті  ісінде,  экономикалық  тұтқалар  мен 
құралдарды да синтездейді. Ол өндірістің пайдасын – нәтижелерін, 
шығынын өлшеуге бағытталған.
Фирманың  іс-әрекет  жасауының  экономикалық  тетігі 
коммерциялық есеп әдісін пайдалануды ұйғарады. Бұл ұйғарымның 
себептері мынадай:
- өндіру мен өткізудің пайдалы болуын қамтамасыз ету;
- инвестицияларды бөлу және өндірісті орналастыру;
- қаржыландыру және несие беру;
- технологияларды дамыту және т.б.
Орталықтандырылған  тәртіптегі  коммерциялық  есеп  аясында, 
сондай-ақ,  мынадай  экономикалық  тұтқалар  мен  құралдар 
пайдаланылады:
- баға белгілеу саласындағы ғаламдық саясат;
- өндіріс шығындары;
- қаржыландыру және несие беру.
Бұл  саясат  тұрақты  пайда  алып  отыруды  көздейді.  Ол 
коммерциялық есептің түпкі мақсаты болып табылады.
Коммерциялық  есептің  ерекшеліктері,  яғни  ерекше  жақтары 
(орталықтандыруды күшейту және өндірістік бөлімдерге дербестік 
беру) ең алдымен жоспарлау, бақылау функцияларын дамытумен әрі 
коммерциялық есепті осы функцияларды істерді жүзеге асырудың 
әдісіне айналдырумен байланысты.
Коммерциялық  есеп  аясында  ішкі  фирмалық  есеп  деп  атауға 
болатын  фирма  ішіндегі  қарым-қатынастардың  формасы  пайда 
болып,  дамиды.  Бұл  форма  корпорация  ішіндегі  жабдықтаумен 
байланысты  фирманың  жекелеген  бөлімшелерінің  өзара  қарым-
қатынасын,  сондай-ақ  осы  негізде  қалыптасатын  шаруашылық 
қатынасты бейнелейді.
Ішкі  фирмалық  есеп  шаруашылық  жүргізудің  жаңа  әдісі 
ретінде  басқарудың  орталықсыздандырылған  құрылымына  ие 
кәсіпорындарға тән.
Коммерциялық және ішкі фирмалық есеп әдістері шаруашылық 
есептің  біртұтас  жүйесін  білдіреді.  Бұл  олардың  мақсаты  мен 
міндеттерінің  ортақ  болуымен  түсіндіріледі.  Яғни,  бүкіл  фирма 
мен оның бөлімшелерінің алдына қойылған мақсат пен міндеттер 
коммерциялық  және  ішкі  фирмалық  есеп  әдістерін  шаруашылық 


217
есептің біртұтас жүйесіне айналдырады.
Ішкі  фирмалық  есеп  көп  жағынан  коммерциялық  есептің 
элементтерін  қамтиды,  өйткені  ол  коммерциялық  есептің 
мақсаттарын жүзеге асыруға бағдарланған.
Ішкі  фирмалық  есептің  басты  айырмашылығы:  ол  бір  ғана 
компанияның меншік аясында жүзеге асырылады, ал коммерциялық 
есеп – бұл есепті жүргізуге мүмкіндік беретін әрі әр түрлі меншік 
иелерінің арасындағы қарым-қатынасты бейнелейтін шаруашылық 
етудің әдісі болып табылады.
Экономикалық әдістер 
жүйесіндегі баға белгілеу тетігі
Басқару  тетігінің  әр  түрлі  экономикалық  тұтқаларының 
ішінен  басты  орынды  фирманың  экономикалық  қызметін  барлық 
жағынан бейнелей алатын баға және баға белгілеу алады. Нарықты 
монополиялық  тұрғыдан  реттеудің  осы  заманғы  жағдайында 
бағаның  рөлі  мен  мәні,  оны  қалыптастырудың  шарты  мен  даму 
тенденциясы  елеулі  өзгеріске  ұшырады.  Бұл  реттеудің  басы  мен 
нақты нарық күшін тоқайластыруды білдіретін барлық баға белгілеу 
тетіктерінің сапалы түрде өзгергенін айғақтайды. Бұл өзгерістердің 
елеулі жағына бағаның өндірісті тікелей реттеуші ретіндегі рөлінің 
әлсіреу  салдарынан  құн  заңы  әрекет  ететін  салалардың  шектеліп 
қалуы  жатады,  яғни  құн  заңының  ықпалына  бағынатын  салалар 
санының кемуі елеулі өзгеріс болып табылады.
Сыртқы  контрагенттермен  есеп  айырысқанда  фирма  көбінесе 
бағаның  жарияланатын  және  есептесу  деп  аталатын  екі  түрін 
пайдаланады.
Жарияланатын бағаға берік тіркелген бағалар жатады:
- прейскуранттық;
- анықтамалық;
- биржалық бағалардың котировкасы;
- аса ірі фирманың әлемдік нарықтағы нақты мәмілелік бағалары, 
яғни  аса  ірі  фирманың  әлемдік  нарықта  жасаған  нақты  мәміледе 
белгіленген  бағалар.  Мұның  мәліметі  баспасөз  беттерінде  дүйім 
жұртқа хабарланады.
Есептесу  бағалары  –  бұл  күрделі  өнеркәсіп  құралына  немесе 
стандартты  емес  өнімге  белгіленетін,  жеке  тапсырыс  бойынша 
дайындалатын  жабдықтаушының  бағалары.  Яғни,  күнделікті 


218
тұрмыста  (тіршілікте)  сирек  ұшырасатын  өзгеше  өнім  түріне, 
құрылымы  күрделі  құралға  немесе  арнайы  біреудің  тапсыруы 
бойынша жабдықтаушының ұсынатын (белгілейтін) бағасы бо¬лып 
табылады.
Жарияланатын  бағалар  әдетте  әлемдік  бағаның  деңгейін 
көрсетеді.  Оның  ішіндегі  ең  кеңінен  тараған  –  стандартталған 
түпкілікті өнімге белгіленетін прейскуранттық бағалар.
Анықтамалық бағалар да әлемдік нарықтағы бір текті өнімдердің 
бірыңғай  (біркелкі)  деңгейін  және  салыстырмалы  тұрақтылығын 
айрықшалап  көрсетеді,  өнеркәсіптік  шикізат  тауарларының 
анықтамалық бағалары көбінесе базистік деп аталатын бағаларды, 
яғни белгілі бір сапасы мен саны өзіндік ерекшелігі және мөлшері 
бар тауардың бағаларын білдіреді.
Экономикалық әдістер жүйесіндегі 
фирманың қаржылық саясаты
Бір 
орталықтан 
басқарылатын 
(басқарылуы 
орталықтандырылған)   фирмада  қаржылық  саясаттың  рөлі  былайша 
анықталады:  ол  экономикалық  қызметтің  ғылыми-техникалық, 
материалдық-техникалық  жабдықтау,  өткізу  –  барлық  жағын 
қамтып, көптеген сыртқы факторлардың әсерін шоғырландырмалы 
түрде,  яғни  осы  әсерлерді  шоғырландырып  бейнелейді.  Бірыңғай 
қаржылық саясаттың шеңберінде аса зор ауқымда қаржы ресурста-
рының  көздері  мен  олардың  фирма  аясында  қалай  бөлінетіні 
анықталады.  Әр  фирманың  қаржы  саясатының  нақты  формалары 
мен  әдістерін  пайдалануда  өздерінің  елеулі  айырмашылығы 
болады. Алайда, оның жалпы белгілері мен қағидаларын  сондай-
ақ қаржылық саясаттың құралдарын айта кетуге болады. Олардың 
ішіндегі маңыздылары:
- табысты бөлу және қайта бөлу;
-  әр  түрлі  бөлімшелердің  қызметін  қаржыландыру  және 
несиелендіру. Яғни, бөлімшелерге өз қызметін жүзеге асыру үшін 
қаржы және несие беру;
-  фирма  ішіндегі  қаржылық  операциялардың  және  осы 
операциялар есебінің құрылымы мен сипатын анықтау.
ҰАК  (ТНК)  (ұлтаралық  корпорация)  қаржылық  саясатының 
икемділігі 
мынада: 
оның 
орталықтандырылған 
түрінде 
(қалыптасуына)  ол  әрбір  қабылдаушы  (алушы  жақ)  елдің 


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау