198
ә) су;
б) энергия;
в) қорғаныс.
Нарықтық
шаруашылық
жағдайындағы
экономикаға
мемлекеттің араласуы бір үлгідегі заңдық орындаушылық және
бақылаушылық сипаттарындағы жүйені білдіреді. Бұл шараларды
әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу әрі
тұрақтандыру мақсатында құқықтық өкілеттілігі бар мемлекеттік
мекемелер мен қоғамдық ұйымдар жүзеге асырады.
Мемлекеттің араласу мүмкіндігінің объективті жағы өндіріс
пен капиталды шоғырландыру, экономикалық дамудың белгілі бір
деңгейіне қол жеткізу арқылы көрінеді.
Әсіресе, осы заманғы жағдайда мемлекеттің араласуы
ұдайы өндіру үрдісінің құрамдық бөлігі болып табылады. Ол әр
түрлі міндеттерді шешеді. Атап айтқанда: экономикалық өсуді
ынталандыру, жұмыспен қамтуды реттеу, салалық және аймақтық
құрылымдардағы ілгері жылжуды көтермелеу, экспортқа қолдау
көрсету. Мемлекеттік араласудың нақты бағыты, формалары,
ауқымы белгілі бір мерзім ішінде елдегі экономикалық және
әлеуметтік мәселелердің өткірлігімен, сипатымен анықталады.
Экономиканы
реттеудің
екі
негізгі
тәсілі
белгілі:
орталықсыздандыру, ол нарық тетіктерінің көмегімен және
тауар-ақша қатынастарымен, баға және т.б. жүзеге асады.
Орталықтандыру – директивтік жолмен болады. Бірінші тәсілде
өндірістің өсуі кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктеріне және өнім
сұранысына тәуелді болады. Екіншісінде – мұндай шектеулер жоқ.
Кәсіпорын аясы тар мақсат ретінде өндірістің тұрақты түрде өсуіне
бағдарланған. Алайда, экономиканы реттеудің орталықтандыру
тәсілі де, нарықтық тәсілі де еш қоспасыз таза күйінде болмайды.
Мұндағы мәселенің мәні былай: бір жағынан, экономикалық
дамудың басында орталықтандыруды күшейту керек болса, екінші
жағынан – кәсіпорындардың дербестігін сақтау қажет.
Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің
өзгешелігі осы заманғы нарықтық экономикада мемлекеттік
дәстүрлі міндетті істердің орындалуы шектен тыс қиындыққа тап
болады.
Ұзақ мерзімді жоспарлаудың негізіндегі микро реттеу
тетіктерінің белгілі бір сабақтастығы толықтай қолайлы жағдай
199
тудырады: ол жаңа жағдайға жоспарлаудың ескі әдістерін бейімдеуге
әрі бір мезгілде осы заманғы әдістерді игеруге талпыныс әрекетін
көп оңайлатады.
Үкімет қызметінің тиімділігі өзара байланысты үш факторға
негізделеді: оның құрылымдық ұйымы, ведомоствалық үйлесімі
және кадрларды дайындау мен іріктеудің деңгейі.
26. Нарық пен бәсекелестік басқару жүйесінде
Нарық ұғымының мазмұны және
нарықтық экономиканың жалпы сипаттамасы
Адам қажеттіліктерін қанағаттандырудың ежелден келе жатқан
мәселелерін шешуде қоғам шектеулі ресурстарды баламалы
әрі ұтымды пайдалану мәселесімен қақтығысуына тура келеді.
Бұл міндетті шешу үшін алға мынандай мақсаттар қойылады:
экономикалық өсуді, толық жұмыспен қамтуды, бағаның
тұрақтылығын, экономиканың еркіндігін, әлеуметтік кепілдікті
және т.б. қамтамасыз ету.
Бұл мәселелер іс жүзінде қалай шешілетінін байқау үшін
нарықтық экономика қалай сипатталатынын анықтап алу қажет. Ол
қандай субъектілермен істес болады, олар өзара қалай әрекеттеседі?
Экономикалық шешімдер көбінесе орталықсыздандыру
жолымен шешілетін экономиканы нарықтық экономика деп түсінуге
болады.
Нарықтық экономика ең бастысы нарық арқылы жұмыс істейді.
Нарықтың көптеген атауы бар. Әйтсе де олардың барлығының
мәні мынаған саяды: ол шешімді дербес қабылдайтын жекелеген
шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара қарым-
қатынастың формасы.
Нақ осы нарық – бұл «экономикалық демократияны» бейнелейтін
қоғамдағы ең жақсы реттеу механизмі (П. Самуэльсон, экономика
бойынша Нобель сыйлығының иегері, 1990).
Бір уақытта бір ғана өнімге бір ғана баға белгіленетін нарық
ең қолайлы әрі оңтайлы нарық деп саналады. Бұл қашан болады?
Көптеген америкалық экономистерінің пікірінше, бұған мынандай
шарттар қажет екен:
а) сұраныстың үлкен әрі ұдайы болып тұруы;
ә) шаруашылық қызметіне қатысушылардың санының
200
шектелмеуі;
б) өндіріс факторларының абсолютті ұтқыр, жұмылдырғыш
күшке ие болуы;
в) сатушылар мен сатып алушылар ортасында еркін
бәсекелестіктің болуы;
г) бәсекеге қатысушылардың қолында ақпараттың барлық
көлемі болуы.
Нақты өмір шындығында бұл шарттар әрдайым (бір мезгілде)
бір орында қатар тұра бермейді. Әлбетте, осыған орай, жетілген
нарық та жоқ, тек бәсекелестік нарық қана әрекет үстінде көрініп
жүр. Соңғысы жұмыс істеуі үшін ең алдымен көп түрлі меншік
формаларын (жеке, кооперативтік, акционерлік, мемлекеттік және
т.б.) жүзеге асыруды және нарықтың инфрақұрылымын жасауды
талап етеді.
Инфрақұрылым үш негізгі элементті қамтиды:
- тауар мен қызмет нарығы;
- өндіріс факторының нарығы (жер, еңбек, капитал және
басқару);
- қаржы нарығы.
Тауар мен қызмет нарығы жасау мен іс-әрекетті (жұмыс істеуді)
қажет етеді:
1) тауарлық биржа;
2) көтерме және бөлшек саудалар;
3) маркетингтік ұйымдар.
Өндіріс факторларының нарығы жер, еңбек, капитал секілді
өндіріс факторларын сатуды және сатып алуды ұйғарады.
Жер – тікелей мағынасында фермерлер мен кәсіпкерлер
пайдаланатын жерді ғана ұғып қоймау керек, ол, сонымен бірге,
жер қойнауынан өндірілетін шикізат және жердің үстіңгі бетінен
алынатын – мақта, астық және т.б.
Еңбек – біліктілігі жоқ жұмысшылардың, кәсіпкерлердің,
меңгерушілердің (басқарушылардың), менеджерлердің қызметтерін
қосып алғанда барлық жұмысшылардың қызметі (еңбегі). Бұл
нарықтың маңызды құралы еңбек биржасы (жұмысшы күшіне
сұраныс, резерв, дайындау және қайта дайындау) болып табылады.
Капитал өндіріс факторы ретінде өндіріс құралдарын, үй-
ғимаратты, құрылғыларды, станоктарды, саймандарды, сондай-
ақ өндіріс құралдарын сатып алуға қажетті ақшалай қаражатты
Достарыңызбен бөлісу: |