Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет64/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   95

201
білдіреді.
Қаржы немесе ақша нарығы – бұл қаржы құралдарының (ақша, 
облигациялар,  акциялар)  сұранысы  мен  ұсынысын  бейнелейтін 
нарық.  Бұл  нарық  қор  және  валюталық  биржалардың  іс-қимыл 
жасауын (әрекет етуін) ұйғарады. Онда қарызға ақша ұсыну үрдісі 
жүзеге асырылады.
Осы нарықтардың барлығы бір-бірімен органикалық тұрғыдан 
өзара  байланысты  әрі  өзара  ықпалдастықта  болады.  Егер  олар 
тең  қалыпты  жағдайда  болатын  болса,  онда  бүкіл  экономикада 
макроэкономикалық жалпы тепе-теңдік орнайды. Бұл қашан жүзеге 
асады? Бұл тауар мен қызмет нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың 
өзара ықпалдасуының нәтижесінде баға мен өнім көлемінің тепе-
тең  деңгейі  орнағанда,  ал  өндіріс  факторларының  нарығында  – 
пайдаланылған  өндіріс  факторлары  мен  оған  кеткен  шығындары 
тепе-тең болғанда, капитал нарығында – ссудалық пайыздың тепе-
теңдік деңгейі (ссуда шамасына – пайыздық мөлшерлеме, ссуда үшін 
төлем  ретінде  уақыт  бірлігіне  төленетін  ақша  сомасына  қатысты 
анықталатын ақшалай ссуда бағасы) орнағанда жүзеге асады.
Есте ұстайтын этикалық нормалар болады: 
-  ең  жоғары  өнімділік  пен  табысқа  қоршаған  ортаны  бүлдіру 
есебінен қол жеткізуге болмайды;
- бәсекелестік адал жолмен (ережемен) жүзеге асуы тиіс;
-  еңбекпен  келген  игілік,  яғни  еңбек  ету  арқылы  қол  жеткен 
игілік халықтың тапсызданған, яғни табынан айырылған тобының 
пайда болуына жол бермейтіндей етіп бөлінуі керек;
- адам техникаға емес, техника адамға қызмет етуі қажет;
- кәсіпорында жұмыс істейтін, қызмет ететін адамдардың жақсы 
еңбек етуге деген тілегін оятып қана қоймай, олардың жауапкершілік 
сезімдерін де күшейту:
- экономиканың діннен айырмашылығы моральдық нормаларға 
емес,  материалдық  игіліктерді  бөлуге  бағдарланған,  алайда  ол 
қоғамдық  мүдде  тудыратын  қолданыстағы  нормаларға  бағынуы 
керек.
Людвиг Эрхардтың кезінен бері белгілі болғандай, адамдардың 
әл-ауқаты  дұрыс  болуы  үшін,  нарықтық  экономика  да  барлығына 
бірдей қажет.


202
Нарық құрылымы
Осы заманғы нарық әлеуметтік бағдарланған, тиімді реттелетін 
үрдіс ретінде көрінеді.
Нарық – еркін қалыптасқан баға бойынша тауарды сату-сатып 
алуды  жүзеге  асыратын  орын.  Нарықтық  экономика  –  меншіктің 
алуан түрлілігі, яғни барлық меншік формалары болған жағдайда 
ақшаның көмегімен жүзеге асатын тауар мен қызметті сату-сатып 
алу бойынша экономикалық қатынастар жүйесі.
Нарықты жіктеудің түрлері көп. Қосымша объектілері бойынша 
былайша бөлінеді: тауар нарығы, қызмет нарығы, құрылыс нарығы, 
технологиялар нарығы, ақпарат нарығы, несие нарығы, қор нарығы, 
жұмысшы күші нарығы.
Кеңістікті қатынаста былайша бөлінеді: қысқа (локальды, яғни 
тұжырымды), аймақтық, ұлттық, біріктірілген елдер тобы бойынша 
аймақтық, әлемдік нарықтар.
Жұмыс істеу тетіктері бойынша: еркін, монополияландырылған, 
мемлекеттік-реттелмелі; жоспарлы-реттелмелі нарықтар.
Толыққандылығына  қарай:  тепе-тең,  (көлемі  мен  құрылымы 
бойынша), тапшылық және артық деп бөлінеді.
Қоғамдық  ұдайы  өндірісті  реттеу  үрдісінде  нарық  мына 
қызметтерді атқарады:
а)  ақпараттық,  яғни  нарықтық  жағдайда  адамға  қажетті  әр 
түрлі ақпараттарды тарату;
ә)  делдалдық. Дамыған еңбек бөлісі жағдайында экономикалық 
оқшау өндірушілер өз еңбектерінің нәтижелерімен алмаса алады;
б)  шаруашылықты тиімді жүргізуді ынталандыру, тепе-теңдік 
баға  тетігінің  көмегімен  адамдардың  және  қоғамның  шектеулі 
ресурстарды ұтымды пайдалану:
- өндірістің көлемі мен құрылымдық үйлесімділігін ең жоғары 
деңгейде оңтайлы қалыптастыру;
- шектеулі өндірістік ресурстардың оңтайлы бөлінуін қамтамасыз 
ету;
-  өндірістің  технологиялық  ең  мықты  тәсілі  жасалып,  жоғары 
сапалы өнімді ең аз шығынмен өндіруге қол жеткізу;
в)  бөлу және айырбас. Қоғам топтарының арасында бөлу және 
айырбас қамтамасыз етіледі;
г)  үйлесімділік. Нарық өндіріс пен тұтыну арасында сәйкестік 
орнатуға ықпал етеді;


203
д)  сауықтыру.  Әдетте  аса  ірі  банктердің  немесе  мемлекеттің 
көмегімен  ірі  кәсіпорындарды  банкроттан  аман  алып  қалу  үшін 
жүргізетін  шаралар  жүйесі.  Бәсекелестік  күрес  тетігі  арқылы 
нарықты  бәсекеге  жарамсыз  кәсіпорындардан  тазарту  жүзеге 
асырылады.
Нарық  қоғамдық  еңбек  бөлінісі  негізінде  оқшауланған 
өндірушілердің арасындағы байланыс тәсілін анықтаушы әрі соған 
үстемдік жүргізуші ретінде болады.
Тауар  өндірісі  жағдайында  нарықтық  байланыс  экономикалық 
қатынастардың  барлық  жүйесін,  барлық  субъектілерін  қамтиды. 
Нарық  құрамына  өзінің  жұмыс  күшін  сататын  жұмыскерлер  де, 
кәсіпкерлер де және түпкілікті тұтынушылар, ссудалық капиталдың 
меншік иелері, құнды қағаздардың қожайындары және т.б. кіреді.
Миллиондаған  адамдар  бір  орталықтан  басқарусыз-ақ  жүз 
мыңдаған тауар өндіреді және бұл арада сұраныс пен ұсыныстың 
теңгерімділігі қамтамасыз етіледі.
Нарықтық  экономиканы  адам  өркениетінің  жетістігі  ретінде, 
қоғамдық  өндірісті  ұйымдастырудың  барлық  нысандарының 
ішіндегі ең тиімдісі ретінде қарастыруға болады.
Нарық қалай жұмыс істейді, ол негізгі экономикалық міндеттерді 
қалай шешеді? Өйткені миллиондаған тұтынушылар қандай тауарды 
және  оның  қаншасын  сатып  алуда  дербес  шешім  қабылдайды; 
кәсіпкерлердің көпшілігі – қалай өндіру керек немесе аса қатерлі 
де  күрделі,  жауапкершілігі  орасан  зор  міндетті  қалай  орындау 
қажет,  деп  бас  қатырса,  ал  өндіріс  факторларының  қожайындары 
өз таңдауын жасайды – тауарды кімге және қалай сату керек. Бұл 
субъектілер нарық арқылы бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Нарық белгілерінің сипаттамалары маңызды орын алады.
Біріншіден, осы заманғы нарық тұтынушылардың нарығы болып 
табылады. Бұл мынаны білдіреді: нарықта тауарға деген ұсыныс сол 
тіркелген бағадағы сұраныстан асады деген сөз. Нарықтың мұндай 
жағдайы  өз  негізінде  «тұтынушылардың  диктаты»  сатушылармен 
салыстырғанда өнімді тұтынушылардың артықшылықты жағдайын 
анықтап береді.
Сатып  алушы  нарығы  іскерлік  қатынастың  тұрақты  әрі  ұдайы 
өндірістік белгісі ретінде болады.
Нарықтың екінші міндетті белгісіне оның бәсекелестік сипаты 
жатады.  Бұл  мынаны  білдіреді:  бизнес  жүйесінде  әрбір  субъекті 


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау