Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет56/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   95

177
қатысу мүмкіндіктері болмайды;
- фирманың қызметіне бақылау жүргізеді;
- акционерлерге екі жақты салық салынады
- пайдаға салынатын салық – дивидендтің шамасын кемітеді;
- дивидендке салық салу.
ХХ  ғасырдың  80-жылдарының  ортасында  АҚШ-тағы 
корпорациялардың саны 2 млн. жетті.
24. Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде
Менеджменттің мәні
Менеджмент – кәсіпорынды ұйымдастырудың қағидалары (заң 
жағынан)  туралы,  оны  дамытудың  стратегиясы  (идеологиялық 
бөлігі)  туралы,  қызметкерлерді  іріктеу  (әлеуметтік  жағы)  туралы 
және олардың жұмысын оңтайландырудың тәсілдері (психологиялық 
бөлігі)  туралы  ілімдерді  қамтитын  кәсіпорынды  тиімді  басқару 
ғылымы.
Менеджментте  басты  нәрсе  кез  келген  адамдық  қарым-
қатынастарға  жарайтын  баршаға  ортақ  басқару  қағидаларын  іс 
жүзінде бөлу, анықтау және қолдану болып табылады.
Менеджмент тура мағынасында «адамдарды басқару» ұғымын 
білдіреді.  Менеджменттің  отаны  болған  АҚШ-та  корпоративтік 
бизнес пен мүлікке билік жүргізуді жүзеге асыру бойынша міндетті 
заңға  сәйкес  өз  мойнына  алатын  тұлғаны  менеджер  деп  атайды. 
«Менеджмент»  термині  американдықтар  үшін  фирманың  алға 
қойған  мақсаттарына  қол  жеткізудегі  материалдық  және  адамдық 
ресурстарды  әлдеқайда  тиімді  пайдалануды  және  интеграцияны 
қамтамасыз ететін үрдісті білдіреді.
Басқаша  айтқанда,  менеджмент  –  бұл  нарық  жағдайында 
фирманы және оның қызметкерлерін басқарудың теориясы мен іс-
тәжірибесі.
Менеджмент  –  нарықтық  экономиканың  қажеттіліктері  мен 
жағдайына толығырақ жауап бере алатын басқару типі.
Менеджмент  еркін  кәсіпкерлік,  бәсекелестік,  экономикалық 
мотивация  жағдайларында  туған  нақты  басқарудың  өзінше 
тұжырымдамасында  пайда  болып,  рәсімделеді.  Әміршілдік-
әкімшілік,  технократиялық,  жоспарлы-директивтік,  авторитарлық 
басқарулар оның қарсы түрлері болуы ықтимал.


178
Басқару  типі  ретінде  менеджменттің  негізгі  белгілеріне 
мыналарды жатқызуға болады:
1.  Адам,  оның  қажеттіліктері,  мүдделері,  себептері, 
құндылықтары, нұсқамалары басқаруды ұйымдастырудың бастапқы 
сәті мен оны жүзеге асырушысы болып табылады.
2.  Басқарудың        тәсілдемесінде,        қағидаларында    
және        әдістерінде  экономикалық  құралдар  мен  басқару 
әдістеріне  артықшылықтар  беріледі.  Бұл  әсіресе  маркетингте  – 
тұтынушылардың мүддесін алдыңғы орынға қоятын басқаруда жиі 
білінеді.
3.  Менеджер мен қызметкерге қойылатын басты талап ретінде 
көрінетін  кәсіби  тұрғыдан  басқару  менеджментке  тән.  Менеджер 
экономикалық  және  әлеуметтік-психологиялық  білімдерді  игеріп 
оқуы керек.
4.  Ұйымдастыру 
ісінде 
менеджментке 
жағдайдың 
өзгеруіне  қарай  және  инновациялық  типті  ұйымдастыруда,  яғни 
жаңашылдыққа  жылдам  бейімделе  алатындай  басқаруды  икемді 
ұйымдастыру тән.
5.  Менеджмент  менеджменттің  жеке  басына  қойылатын 
талаптардың кешенін танытуы керек. Олардың ішіндегі негізгілері – 
тапқырлық, байланысқа бейімділік, сенімділік. Бұл сапалар басқару 
өнерін  танытуда  маңызды  рөл  ойнайды.  Менеджменттің  басқару 
өнерімен қатар қойылатыны кездейсоқ емес.
Менеджменттің мыналарды қамтамасыз ететін ең маңызды деп 
саналатын сәттерін бөліп көрсетуге болады:
- еңбек өнімділігін арттыру;
- бәсекеге жарамдылық;
- тұтынушыға бағдарлану, яғни маркетинг;
- іс-әрекетте еркін болу, әрі ереже бойынша жұмыс істеу.
Басқару үрдісі кез келген ахуалға ғылыми тәсілдемені қолдану 
өнері  болып  табылады.  Менеджмент  әрдайым  жағдайларға  қарай 
басқаратын ахуалдық басқаруды білдіреді.
Менеджментте бастысы – ең алдымен кәсіпорынның мүддесін 
көздейтін нақты мақсаттарды (ұзақ мерзімді, алдағы кезеңдік және 
ағымдық) белгілейді.
Ескі стилді ұстанатын кәсіпорын басшыларынан менеджерлердің 
басты, яғни қағидалық айырмашылығы, міне, осында.
Жеке кәсіпорын мен тұтас экономиканың экономикалық жағдайы 


179
түпкі есебінде үш негізгі факторлармен анықталады:
- техника мен технологияның деңгейі;
- жұмысшы күшінің сапасы мен еңбек мотивациясының кеңінен 
пайдаланылуы;
- өндірісті ұйымдастыру және басқару (менеджмент).
Менеджметтің жағдайы техника мен технологияның деңгейіне, 
жұмысшы күшінің сапасына әсер етеді. Осы заманғы менеджмент 
– бұл экономикалық қатынастардың ерекше саласы. Аса көрнекті 
экономист  Альфред  Маршалл  (1842–1924  ж.ж.)  басқаруды  үш 
дәстүрлі – капиталмен, еңбекпен және жермен қатар өндірістің жеке 
факторы ретінде бөліп көрсетуі тегін болмаса керек.
Техника  мен  жаңа  технологияның  дамуы  өндіріс  ауқымының 
өсуі  басқаруды  қиындатып,  оны  арнайы  білімді  талап  ететін 
ерекше қызмет түріне бөлді. Мәселені шешу қажеттілігі тәжірибені 
белсенді  түрде  байытуға,  өндіріс  пен  еңбекті  басқарудың  тиімді 
әдістерін  іздестіруге,  басқару  ғылымының  пайда  болуына  әкеп 
соқты.  (Басқару  тәжірибесін  жүйелеуге  талпыныс  Англияда  XIX 
ғасырдың басында орын алды. Басқару бойынша алғашқы оқулық 
–  математика,  инженер  профессоры,  ағылшындық  кәсіпкер  Ч. 
Бебиджаның  «Экономика  машин  и  производства»  (1832  ж.)  атты 
кітабы болды).
Бұл  анықтамадан  бөлек  басқалардың  көптеген  анықтамалары 
бар. Оның біреуі менеджментті адамдармен қалай қарым-қатынас 
жасаудың тәсілі ретінде, билік және басқару өнері ретінде, ептілік 
және  әкімшілік  машық  (административные  навыки)  және  т.б. 
ретінде қарастырады.
Менеджмент  анықтамасы  менеджер  қызметінің  мазмұнымен 
тікелей  байланысты.  Танымал  америкалық  менеджер  Ли  Якокка 
«Карьера  менеджера»  кітабында  адамдармен  қарым-қатынас 
жасай  білу,  олардың  мінез-құлқын  танып,  жұмысқа  ынталарын 
ояту,  басқаларға  тапсырма  берудің  тәсілдері  сияқты  оның  негізгі 
элементтерін  бөліп  көрсетеді.  Осы  заманғы  басқару  ғылымы  – 
пән  аралық  болады.  Басқарудың  әрбір  функциясы  айрықша  ғы-
лымға жатады: индустриялық социология, инженерлік социология, 
әлеуметтік  психология,  әлеуметтік  инженерия  (экономика)  және 
т.б.  Шетелдегі  менеджменттің  дамуы  басқарудың  нарықтық 
тұжырымдамасын  тудырған  басқару  теориясы  мен  маркетинг 
теориясын біріктірді.


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау