Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет52/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   95

164
ғылыми-зерттеу  институттарына,  жобалау  институтта¬рына, 
конструкторлық бюроға, ғылыми-техникалық ақпарат ұйымдарына 
және т.б. сәйкес кешенді түрде жүзеге асатын ғылым мен техниканың 
даму мақсаттарының өзіндік ерекшеліктері болады.
Басқару  деңгейлерін  былайша  бөліп  көрсетуге  болады:  халық 
шаруашылығы,  салалар,  территориялық  кешендер,  бірлестіктер 
мен кәсіпорындар мақсаттары.
Мақсаттардың  уақытша  аспектілері  бөліп  ұзақ  мерзімді 
(перспективалық), қысқа мерзімді немесе ағымдағысы көрсетіледі.
Нақты өмірде мақсаттар белгілі бір ережеге сәйкес бір-бірімен 
тоқайласады, мақсаттар өз иерархиясында, егер осылай деп айтуға 
келетін болса, белгілі бір дәрежеде бір-бірімен матасқан. Мәселен, 
әлеуметтік-саяси  мақсаттарды  белгілеу  өндірістік-техникалық 
таңдауды, ал алдағы кезеңнің мақсаттары – ағымдағыны ұйғарады. 
Жалпы мақсат бірнеше локальдық немесе жекелеген мақсаттармен 
нақтыланады.
Мақсаттардың  жіктеліміне  сәйкес  басқарудың  тиісті 
функ¬циялары бөліп көрсетіледі.
Мақсатты  тұжырымдаудың  салыстырмалы  түрдегі  жаңа 
тә¬сілдемелері мен әдістерін екі топқа біріктіруге болады: зерттеу 
және эвристикалық (эвристика (грек тілінен аударғанда – табамын) 
– «ақиқатты таба білу өнері» – амалдардың логикалық жүйесі және 
теориялық зерттеудің әдістемелік ережесі) әдістері.
Зерттеу 
әдістері 
басқару 
мақсаттарын 
анықтаудың 
экстраполяциялық  тәсілдемесін;  мақсатты  функцияны  және 
шектеулердің жиынын қамтитын экономикалық объекті моделінде 
қолданылатын  оңтайлы  тәсілдемені;  объектіні  алдағы  кезеңге 
бейімдейтін бейімдеуші тәсілдемені пайдаланады.
Білімнің  үш  сатысы  –  нақты  білім,  тұрлаусыз  білім  және 
білімсіздік болашақта болуы ықтимал, деп болжанып отыр.
Эвристикалық  әдістер  –  онда  міндетті  түрде  сарапшылар 
қатысады.
«Дельфи» әдісі – сарапшылар үлкен ұжымға топтасады әрі олар 
бір  жерге  бас  қоспай-ақ,  бір-бірінен  тәуелсіз  болып,  жүйелерді 
дамытудың  мақсаттары  туралы  өз  пікірлерін  айтады.  Пікірлерін 
сауалға  жауап  қайтару  түрінде  білдіреді;  тіпті  сауал  қоюшылар 
сарапшыларға барып, олардан жазбаша түрде жауап алып қайтады.
Түпкілікті  сараптық  шешімді  шығару  бірнеше  кезеңдермен 


165
жүзеге асырылады: 
- жеке сұрау салу (сауалнама);
- анықтамаларды жасау (әр қилы пікірлер турасында);
- жүйе бойынша пікірлердің бар болуы туралы сарапшылардың 
ақпараты.
Сараптық  нұсқаларды  түзету  процедурасы  пікірдің  бірауызды 
болуына қол жеткізетін мақсаттар іріктеліп болғанша бірнеше рет 
жүзеге асырылады.
Операциялық ойын. Сарапшылар белгілі бір сценарий бойынша 
мақсаттарды қалыптастыратын нақты тұлғаның қызметін ұқсатады. 
Жалпы пікірталастыру мәжілісінде мақсаттың ең қолайлы нұсқасы 
таңдап алынады.
«Мақсаттар  ағашы»  әдісі.  Мақсаттарды  рет-тәртіпке  келтіріп 
ұсыну  «мақсаттар  ағашы»  атауына  ие  болған  әдіспен  жүзеге 
асырылады.
«Мақсаттар  ағашы»  –  бұл  мақсаттардың  арасындағы 
байланыстардың  және  бірқатар  эвристикалық  процедураларды 
қолданумен  дедуктивті  логика  қағидасы  бойынша  құрылған 
мақсаттардың байланысына қол жеткізетін құралдардың графикалық 
бейнесі.
Бұл  әдіс  болашақтағы  оқиғалардың  өзара  байланысын  нақты 
әдістердің  тізбесін  алуға  дейін  толық  көрінісін  көрсетуге  әрі 
олардың салыстырмалы маңызы туралы ақпаратты алуға мүмкіндік 
береді.  Ол  мақсаттардың  құрылымы  мен  ұйымдық  құрылым 
арасына  сәйкестік  тудыру  арқылы  тікелей  орындаушыларға  дейін 
мақсаттарды жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз етеді.
«Мақсаттар  ағашы»  иерархия  түрінде  берілген  бірнеше 
деңгейдегі мақсаттардан тұрады: басты мақсат – I деңгейдің (басты 
мақсаттың) қосалқы мақсаты – II деңгейдің қосалқы мақсаты және 
т.б.
Ұйымдық құрылымның 
жүйелі тәсілдемесі
Басқарудың ұйымдық құрылымын ғылыми негізде құру барлық 
уақытта  да  экономиканы  басқаратын  жүйенің  көкейтесті  міндеті 
болып келді.
Жүйелі  тәсілдеме  сандардың  нормативтерін  және  басқарудың 
міндетті  істерін  ғылыми  негізде  анықтау  шартын  тудырады.  Ол 


166
ұйымдық-басқарудың құрылымын қалыптастырушы жалпы үрдістің 
бір бөлігі ретінде қарастырылады. Жүйелі тәсілдеме ұйымдастыру 
ісін жобалаудың әлдеқайда жалпы қағидаларына бағдарланған.
Жүйелі тәсілдеме ең алдымен ұйым мақсаттарының жүйелерін 
бірінші  кезекте  анықтауды  ұйғарады.  Өйткені  олар  басқару 
аппаратының  міндетті  істерінің  мазмұнын  әрі  міндеттерінің 
құрылымын тудырады. Бұл кезеңнің маңызы өте зор.
Басқарудың  ұйымдық  құрылымын  қалыптастыратын  әр  түрлі 
әдістер біртұтас жүйеде қарастырылуы керек.
Бұрындары  басқару  іс-тәжірибесінде  ұйымдық  құрылымды 
қалыптастыратын негізгі төрт әдіс болатын:
1. Мақсаттарды құрылымдау;
2. Сараптық-талдамалық;
3. Ұйымдық үлгілеу;
4. Ұқсастықтар (аналог).
Бұлардың әрбіреуі ұйымдық жобалау міндетін шешуде әр түрлі 
мәнге ие бола алады.
Басқарудың  ұйымдық  құрылымын  қалыптастырушы  барлық 
үрдісті үш ірі сатыға бөлуге болады:
1.  Басқару  аппаратының  жалпы  құрылымдық  сызбаларын 
қалыптастыру («композиция» сатысы).
2.  Негізгі  бөлімшелердің  құрамы  мен  олардың  арасындағы 
байланысты әзірлеу («құрылымдау» сатысы).
3.  Басқару қызметінің процедурасы мен басқару аппаратының 
сандық сипатын әзірлеу («регламенттеу», реттемелеу сатысы).
Осы сатылардың әрқайсысының мазмұны басқару объектісінің 
ерекшеліктері  мен  оның  жұмыс  істеу  шарттарына  байланысты 
болды.
«Композиция» сатысының бастапқы сәтіне басқарудың ұйымдық 
құрылымының мақсаттары мен міндеттерін қалыптастыру жатады. 
Мақсаттық  тәсілдеменің  ұйғаруы  бойынша,  әрбір  мақсаттың 
жетістікке жетуін ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз ететін 
бөлімшесі (функциялық блок, басқару, бөлім, мақсатты бағдарлама) 
көрсетіліп беріледі.
Ұйымдық  құрылымның  бұл  сатысында  басқару  жүйесіндегі 
деңгейлердің  қанша  екені  анықталады  әрі  шешім  қабылдауды 
орталықтандыру  және  орталықсыздандыру,  міне,  осы  екеуінің 
негізгі арақатынасы анықталады.


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау