173
- әр түрлі фирмалық одақтарға кіру тәсілдері бойынша;
- бәсекелестік күресті жүргізудің әдістері мен тәсілдері бойынша
және т.б.
Кәсіпкерлік фирманы шектеудің негізгі сандық параметрлеріне
мыналар жатады:
- қызметкерлердің саны;
- капиталдың жылдық айналымы.
АҚШ-та қызметкерлердің сандық өлшеміне сәйкес мыналар
бөлініп көрсетіледі:
- өте ұсақ кәсіпорын (10 адамнан көп емес);
- ұсақ кәсіпорын (20 адамнан көп болмайды);
- шағын кәсіпорын (99 адамнан артық болмайды);
- орташа кәсіпорын (500 адамнан көп емес);
- ірі кәсіпорын (500 адамнан көп).
Капиталдың жылдық айналымының өлшемі бойынша, мысалы,
Германияда кәсіпорындар былайша бөлінеді:
- ұсақ;
- орташа және ірі.
Кәсіпкерлік қызметтің маңызды міндеті объектінің (фирмалар,
кәсіпорын, жеке кәсіпкерлер) тиімді іс-әрекет жасауын қамтамасыз
ету болып табылады.
Кәсіпкерлік дербес қызмет ретінде субъектілердің қызметін өз
бетінше, еркін жүзеге асыруын ұйғарды:
- кәсіпкерлік қызмет түрлері мен салаларын таңдау арқылы;
- осы қызметтердің бағыттары мен әдістерін таңдау арқылы;
- шаруашылық шешімдерді қабылдаумен және оларды жүзеге
асыратын құралдарды таңдау арқылы;
- өндірістік бағдарламаны қалыптастырумен, өнім мен қызмет
көздерін және еңбек ресурстарын алатын көздерді таңдау арқылы;
- өткізудің арналары мен әдістерін таңдаумен;
- еңбекақы жүйесін және мөлшерін белгілеу арқылы;
- өнім мен көрсетілетін қызметтің тарифтері мен баға деңгейін
белгілеумен;
- салықтың төлемін және басқа да төлемдерді төлегеннен кейін
қалатын кәсіпкерлік қызметтен түскен табысты иеленумен.
Кәсіпкерлерге мыналар тән:
- қызмет салаларын кәсіби тұрғыдан меңгеру;
- нақты басқару білімдеріне ие және өндіріс, өткізу мен
174
маркетингтік қызмет тәжірибесі болады;
- ресурстар мен қаржылық қаражатты қажет ететін нарықтағы
жағдайды және өз мүмкіндіктерін дәл бағалай алады;
- экономикалық тұрғыдан тұжырым жасай білуі құзіреттілігі,
іскерлік мәдениеті, нақты әдет-дағдысының (машығы мен
тәжірибесі) болуы;
- өндірісті ұйымдастыра білуі және мақсатқа жетіп, пайда алу
үшін тәуекелге бел буып, әрекет ету;
- нарықтың мүмкіндіктері мен жаңашыл идеяларды талдап,
пайдалана білуі.
Түйіндеме. Кәсіпкерліктің мәні нарықтағы болжауға келмейтін
белгісіз жағдайында капитал, мүлік, патенттік құқық және басқа
ресурстар түріндегі меншікті тиімді пайдаланудың мүмкіндіктерін
тауып, осы мүмкіндіктерді нақты іс жүзіне асыруға қол жеткізу
болып табылады.
Кәсіпкерлік тәуелділік
Бұл ең алдымен өз мақсаттарына қол жеткізудегі кәсіпкерлік
фирмалардың жетістік (немесе сәтсіздік) деңгейін бейнелейтін
объективті категория. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлер
жетістікке жеткізетін кепілдеме бермесе де, соған үміттендіретін
шешімдерді жиі қабылдауына тура келеді.
Кәсіпкерлік қатер кәсіпкерлік фирмаға қатысы бойынша
сыртқы ортадағы болжауға келмейтін белгісіздікке орай объективті
негізге ие. Сыртқы орта фирма өз қызметін асыратын объективті
экономикалық, әлеуметтік-саяси жағдайларды қамтиды.
Ахуалдың болжамсыздығы (белгісіздігі) былайша анықталады:
фирманың қызметі мінез-құлықтары шамамен дәл анықтала
бермейтін көптеген өзгерістерге, контрагенттерге және тұлғаларға
тәуелді.
Кәсіпкерлік қатерді әр түрлі белгілер бойынша жіктеуге болады.
1. Тәуекелдік пайда болу табиғаты бойынша былай жіктелмек:
а) меншік шаруашылығы;
ә) кәсіпкерліктің жеке тұлғасына байланысты;
б) табиғи факторлармен себептес.
2. Пайда болу себебі бойынша тәуекелдікті мынадай салдармен
бөліп көрсету мақсатқа лайықты:
а) болашақтың болжауға келмейтіні;
175
ә) серіктестің мінезінің жұмбақ болуы;
б) ақпараттың жеткіліксіздігі.
3. Сақтандырылу мүмкіндігі бойынша кәсіпкерлік тәуекелдікті
былай жіктеуге болады:
а) сақтандырылатын;
ә) сақтандырылмайтын.
4. Кәсіпкерлік мәселені шешу кезеңдеріне қарай қатер мыналарда
пайда болады:
а) шешім қабылдауда;
ә) шешімді жүзеге асыруда.
5. Фирмаға ықпал ететін әсердің ұзақтығы бойынша:
а) қысқа мерзімді;
ә) ұзақ мерзімді.
6. Болжамды нәтижелер бойынша тәуекелдік былай жіктеледі:
а) алыпсатарлық;
ә) жай.
7. Пайда болу саласы бойынша:
а) сыртқы;
б) ішкі.
8. Ауқымы бойынша:
а) қысқа (тұжырымды);
ә) ғаламдық.
9. Ұйғарылу деңгейі бойынша:
а) ұйғарымды;
ә) қиын;
б) апатты.
Тәуекелдіктің түрлері:
- саяси;
- экономикалық;
- техникалық.
Экономикалық қатер мына тәуекелдіктерді қамтиды: өндірістік,
коммерциялық, қаржылық, несиелік, инвестициялық, ақпараттық
және т.б.
Кәсіпкерліктің ұйымдық
формалары (нысандары)
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде кәсіпкерлік ұйымның
үш формасы бар: жекеше шаруашылық, серіктестік, корпорация.
176
Жекеше шаруашылық – бір меншік иесі шешімді өзі жекеше
қабылдап, барлық істің жауапкершілігін өз мойынына алады.
Бірқатар бағалаулар бойынша, АҚШ-та 1980-ші жылдардың
ортасында фермерлік шаруашылықтарды қоспағанда 7 млн. жекеше
шаруашылық болған екен.
Жекеше шаруашылықтың артықшылығы меншік иесі (қожайын)
істің барысына толық бақылау жүргізеді.
Кемшілігі – капитал мөлшері (шамасы) мардымсыз (аз) болады;
меншік иесі залал, зиян, ысырап, қарыз үшін жалғыз өзі ғана жауап
береді.
Серіктестік – екі немесе одан да көп кәсіпкерлер шешімді бірігіп
қабылдайды әрі барлық іс үшін жеке жауап беретін кәсіпкерліктің
ұйымдық формасы, АҚШ-та олардың саны 1 млн. жетті.
Серіктестік жекеше шаруашылыққа тән алғашқы кемшілікті
(капитал мөлшерінің аздығы) жеңуді көздейді. Барлық серіктестер,
меншік иелері залал, ысырап және т.б. орын алған жағдайда бірдей
жауап береді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік деген болады.
Бұл жағдайда ортақ иеленушілер белгілі бір шектеулі мөлшерде
капитал қосуға құқылы болады және кәсіпорын атынан басқару
ісіне немесе келісімге қатыспайды. Серіктестік көбінесе құқықтану,
медицина, брокерлік (басқа тұлғаның атынан тауарды сатушы және
сатып алушы) салаларында тараған.
Корпорация – әдетте кәсіпкер меншік иесі мен меншіктен бөлек,
қаржылық жауапкершілігі де шектеулі болатын акционерлік меншік
негізіндегі кәсіпкерліктің ұйымдық формасы.
Артықшылықтары:
- ол акцияларды сату жолымен елеулі капиталды өз жағына
тарта алады;
- корпорацияның меншік иелері, акционерлер фирманың
міндеттемелері бойынша материалдық тұрғыдан жауап бермейді,
олар банкрот бола қалған жағдайда тек акцияларының құнын ғана
жоғалтады;
- корпоративтік форма тәуекелдік деңгейі жоғары аса үлкен
ауқымдағы өндіріске ірі капитал қажет болатын жағдайда іс жүзінде
өзінің ұтымды әрекет ететінін дәлелдеген (Директорлар кеңесі
басқарушыларды жалдайды).
Корпоративтік кәсіпкерліктің кемшіліктеріне жататындар:
- корпорацияны басқару ісіне барлық акция иеленушілердің
Достарыңызбен бөлісу: |