167
Басқарудың ұйымдық құрылымын жобалаудың екінші
сатысының («құрылымдау») негізгі ерекшелігі – басқару аппараты
бөлімшелерінің ұйымдық шешімдерін әзірлеуді әрі ұйым ішінде
байланыстарды орнатуды көздейтін басқару аппаратындағы негізгі
бөлімшелердің құрамын анықтайды.
Басқару аппаратының «құрылымдау» сатысы жалпы
құрылымдағы жекелеген блоктардың (желілік-функциялық
бағдарламалы-мақсатты) нақты сипатын анықтайды әрі дербес
бөлімшелердің оңтайлы құрамын да анықтайды.
Басқару аппаратының «құрылымдау» сатысы жалпы
құрылымдағы жекелеген блоктардың (желілек-функциялық,
бағдарламалы-мақсатты) нақты сипатын әрі дербес бөлімшелердің
оңтайлы құрамын да анықтайды.
«Құрылымдау» сатысын жүзеге асырудың нәтижесінде басқару
аппараты қосалқы жүйелерінің ұйымдық схемалары әзірленуі керек.
Үшінші саты – ұйымдық құрылымды «реттемелеу» – басқару
қызметінің процедурасы мен басқару аппаратының сандық
сипаттамасын әзірлеуді қарастырады.
Мұнда екі негізгі реттемелеуші құжат бекітіледі –
бөлімшелердің штаттық кестесі (оның саны осыдан шығады) және
базалық бөлімшелердің ішкі құрылымының сызбалары. Олар
кәсіпорындарда, өндірістік бірлестіктерде тікелей әзірленеді.
Басқарудың ұйымдық құрылымын
жетілдірудің тиімділігін бағалау
Басқару жүйесі мен оның ұйымдық құрылымының тиімділігі
былайша анықталады – өндірістік ұйым қызметінің тиімділігі
басқару жүйесінің іс-әрекет жасау тиімділігіне, ұйымдық
құрылымның сапасына байланысты болады.
Басқару жүйесінің тиімділік белгілерінің кешенді жиыны оның
іс-әрекетін бағалаудың екі бағытын ескеру арқылы қалыптасады:
1) өндірістік-шаруашылық ұйымның белгіленген мақсаттарына
қол жеткен нәтижелердің сәйкес келу деңгейі бойынша;
2) жүйенің іс-әрекет жасау үрдісінің өз мазмұнына қоятын
объективті талабының, ұйымдастыру ісінің нәтижеге сәйкес келу
деңгейі бойынша.
Ұйымдық құрылымның әр түрлі нұсқаларын салыстыруда
қолданылатын
тиімділік
өлшеміне
өзінің
іс-әрекетінде
168
салыстырмалы түрде аз шығынмен басқару жүйесінің түпкі
мақсаттарына әлдеқайда толық әрі тұрақты қол жеткізу мүмкіндігі
жатады.
Басқару үрдісінің тиімділігін бағалауда сандық және
сапалық тұрғыдан бағаланатын көрсеткіштер пайдаланылады.
Бұл көрсеткіштер нормативтік (мөлшерлемелік) сипатқа ие
болып, басқару аппаратының нормативтік сипаттамасы ретінде
пайдаланылуы мүмкін. Оған мыналар жатуы мүмкін:
- өндірушілігі;
- үнемшілдігі;
- бейімділігі;
- икемділігі;
- оперативтілігі;
- сенімділігі.
Басқару аппаратының өндірушілігі басқару аппаратында істейтін
бір қызметкерлерге шаққанда (келетін) ұйым өндіретін түпкілікті
өнім санымен анықталады.
Басқару аппаратының үнемшілдігі – объектімен немесе
өндірістік қызметтің нәтижелерімен өлшенетін басқару аппараты
іс-әрекетінің салыстырмалы түрдегі шығыны (басқару аппаратын
ұстап тұру үшін қажетті шығынның үлес салмағы, басқарушы
қызметкерлердің үлес салмағы және т.б.).
Басқару жүйесінің бейімділігі өзгермелі жағдайлардың белгілі
бір диапазонында тапсырылған функцияны тиімді орындау
қабілетіне қарай анықталады. Бұл диапазон салыстырмалы түрде
неғұрлым кең болса, жүйе соғұрлым бейімді бола түседі.
Басқару құрылымының икемділігі басқару аппараты
органдарының шешім қабылдау үрдісінде пайда болған ахуалға
сәйкес өзінің рөлін өзгертіп, бәсекелестік күрес, болжауға келмейтін
белгісіз жағдай жиі ұшырасатын нарықтық қатынаста айрықша
артықшылық болып табылатын жаңа байланыстарды орнатудағы
ерекшелігін сипаттайды. Ол нарық ахуалдарына жылдам икемділік
танытатын шағын және орта кәсіпорындарға тән.
Басқарушылық шешімдерді қабылдаудың оперативтілігі
басқарудағы мәселелерді дер кезінде анықтауды, сондай-ақ жолға
қойылған үрдістің тұрақтылығын сақтай отырып, алға қойылған
мақсаттарға жылдам әрі көп пайда табумен қол жеткізуді қамтамасыз
ету үшін шешімдерді шапшаң қабылдауды ұйғарады.
169
Басқару аппаратының сенімділігі тұтастай алғанда оның алға
қойған мақсатына сәйкес толассыз іс-әрекет жасауын (іркіліссіз
жұмыс істеуін) сипаттайды. Басқару аппаратының сенімділігін оның
орындаушылығымен, яғни міндеттердің (жоспарлы, бағдарламалы,
тапсырыстың және т.б.) орындалуын қамтамасыз ете алатын қабілеті
арқылы салыстырмалы түрде толық сипаттауға болады.
23. Экономикалық басқарудағы кәсіпкерлік қызмет
Кәсіпкерліктің ерекшеліктері
Нарықтық қатынас кәсіпкерлік міндетті істі орындайтын,
нарықтық шаруашылықты жүргізетін субъектілердің қызметін
ұйғарады. Дәстүрлі кәсіпкерлік қызмет тек пайда алу үшін ғана
өндіріс факторларын жүйелі пайдаланып келді. Өтпелі кезеңді бастан
кешіріп отырған қоғамның нақты жағдайына сәйкес нарықтық
экономиканың тиімді құрылымын қалыптастырудың қажеттілігі
мен осы өтпелі нақты жағдайға сәйкес келетін стандарттарды, әдет-
дағдыны қалыптастыру қажеттілігін ұштастыруы тиіс күрделі де
ұзақ уақытты керек ететін міндетті шешім алу қажет.
Кәсіпкерлікті қалыптастыратын жағдайда:
- алдымен жаңа экономикалық қатынастар мен жаңа
экономикалық құрылым пайда болады, сонан кейін осы қатынас пен
құрылымға араласатын адамдар жаңа әлеуметтік сапаны иеленеді;
- кәсіпкерлер пайда болуы үшін кәсіпкерлік заң тұрғысынан
реттеліп, белгілі бір іспен айналысуына қажетті тауашасын
(нишасын) алуы керек;
- реформа стратегиясын саналы түрде таңдау кәсіпкерліктің
айрықша жолмен қалыптасуына әсер етеді. Кәсіпкерліктің айрықша
қалыптасуына тән бір нәрсе – бұл айрықшалықтардың стратегиялық
мінез-тәртібі шектеулі күйінде қалған. Бұл мінез (яғни, айрықшалық)
кәсіпкерлікті қалыптастыратын жағдайлардың ерекшеліктерімен
ғана анықталып қоймай, сонымен бірге осы заманғы экономикалық
ахуалдың өзіндік ерекшелігіне де қатысты болады;
- кәсіпкерлікке тән мінез өндірістік секторлармен айналысатын
көптеген кәсіпкерлер үшін қысқа мерзімді мақсаттарының шамадан
артық көрсетілетін әсері болып табылады (қызметкерлерді
көбейтуге ұмтылыс).
Достарыңызбен бөлісу: |