Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет54/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   95

170
Кәсіпкерлік қызмет – мүлікті пайдаланудан, тауарларды сатудан 
және  қызмет  көрсетуден  жүйелі  түрде  пайда  алуға  бағытталған 
қызметін өз тәуекелімен дербес жүзеге асырады.
Кәсіпкерлік қызметтің маңызды белгілері:
1)  нарықтық  экономика  субъектілерінің  дербестігі.  Ешкім  де 
басқа біреуді кәсіпкерлік қызметтің ана түрін істейсің немесе мына 
түрімен айналысасың деп мәжбүрлей алмайды;
2)  өндіріс  факторларын  қисындастыруға,  инновацияға,  жаңа 
енгізулерге негізделген бастамашылдығы;
3) тәуекелдік;
4) таза табысты жүйелі алуға бағытталғандығы;
5) шаруашылық жүргізуші субъектілердің кәсіби қызметі.
Кәсіпкерлік қызметтің мазмұны
«Кәсіпкер»  терминін  XVIII  ғасырдың  басында  өмір  сүрген 
француз экономисі Ришар Кантиллон енгізген болатын. Кантиллон 
кәсіпкерлікті  жүйелі  сипаттаған  алғашқы  бизнес  теоретигі.  Ол 
кәсіпкерлікті  ерекше  түрдегі  қызмет  ретінде  ұғып,  кәсіпкерлік 
қызметте әрдайым ұшырасатын тәуекелдік элементін айтып кетті.
Кәсіпкер сөзі жаңа кәсіпорынды ұйымдастырумен немесе жаңа 
идеяны,  жаңа  өнімді  немесе  қоғамға  ұсынатын  жаңа  қызметті 
әзірлеумен байланысты тәуекелге бас тіккен адамды білдіреді.
Кәсіпкерлік  өндірістегі  жаңа  қисындастыруларды,  яғни 
комбинациялары, жаңа нарықтағы әрекетті, жаңа өнімдерді жасауды 
және т.б. жүзеге асыруды білдіреді.
«Кәсіпкер»  және  «менеджер»  ұғымдары  синоним  болып 
табылмайтынын  түсіну  аса  маңызды.  Америкалық  индустрияның 
негізін  XIX  ғасырдың  соңы  мен  ХХ  ғасырдың  басындағы  батыл, 
саусақпен  санарлық  кәсіпкерлер  қалады.  Олардың  аттары:  Джон 
Д.  Рокфеллер  (мұнай),  Дж.  П.  Морган  (болат  және  банк  ісі), 
Эндрю Меллон (алюминий), Эндрю Карнеги (болат), Генри Форд 
(автокөлік).
Әр  жыл  сайын  жаңа  бизнесті  қолға  алатын  жүз  мыңдаған 
адамдар да кәсіпкер саналады. Бұл адамдар экономикада шешуші 
рөлді  ойнайды.  Кәсіпкерлік  сипатына  ие  шағын  бизнес  АҚШ 
экономикасында маңызды орын алады.
Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлерді былайғы жұрт «өзгерістердің 
бекзадалары» деп атауы әдетке айналған.


171
Кәсіпорындардың 
немесе 
ұйымдардың 
мақсаттарын 
қалыптастыруға  белсенді  қатысып,  осы  ұйымдар  қызметінің 
бастапқы  кезінде  өздері  бас-көз  болатын  барлық  кәсіпкерлерді 
менеджер,  деп  атауға  болады.  Олардың  кейбіреуі  кәсіпорынды 
дамытудағы  өзінің  қызметінің  тек  бастапқы  кезінде  ғана  емес, 
сондай-ақ ұзақ жылдар бойы кәсіпорын жұмысын ілгері бастырып, 
қызметін жалғастыра береді.
Кейбір кәсіпкерлердің жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және 
бақылау сияқты басқару қызметін тиімді орындауға қабілет-бейімі 
бола бермейді. Егер аса көрнекті кәсіпкердің менеджерлік қабілеті 
төмен болып жатса, оған таң қалудың қажеті жоқ.
Белгілі  болғандай,  менеджменттің  бірыңғай  тұжырымдамасы 
жоқ.  Тіпті,  менеджердің  еңбегіне  қатысты  көзқарастарда  да 
бірауыздылық жоқ.
Бұл өзіңнің жеке ісің болса да, немесе компаниядағы қалыптасқан 
құрылымда істесең де кәсіпкер болу оңай емес. Ұйымдар да, қоғам 
да  қаншалықты  пайдалы  болатынына  қарамастан  қандай  да  бір 
өзгерістерге  қарсыласып  бағады.  Сондықтан  да  кәсіпкерліктің 
философиясы танымға және мәселелерді жете ұғынуға бағытталған.
Мысалы,  АҚШ-та  шағын  және  ұсақ  кәсіпкерліктің  үлесіне 
жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) 40%-ы және шамамен 40% жұмысшы 
күшінің жиынтығы тиеді екен.
Кәсіпкерлік бастама алдын ала болжанған нәтиженің логикалық 
салдары  болып  табылады.  Кәсіпкерлік  бастамасыз  ұтқыр  идея 
мен  «ең  жоғары  технология»  автоматты  тұрғыдан  экономикалық 
жетістікке  жеткізбейді.  Маркус  Валленберг  (Швецияның  банкирі, 
фабриканты  және  менеджері)  «кәсіпкерлік  –  жаңа  техниканың 
пайдаланылуына қойылатын негізгі талап» деген ойды айтыпты.
Дамушы  елдердегі  ең  үлкен  қиындықты  табиғи  ресурстардың 
жеткіліксіздігі 
немесе 
техникалық-технологиялық 
ноу-хау 
деңгейінің  төмендігі  емес  (бұлар  сөзсіз  шешуші  рөл  ойнайды), 
капиталдың  жетіспеушілігі  тудырып  отыр.  Бастапқы  кезеңде 
кәсіпкерлікті дамытуға септігін тигізетін дәстүр мен саяси жүйенің 
жағдай тудыратын қолайлы атмосферасының болмауы да бұл істің 
бірден өркен жайып кетуіне кедергі болады.
Кәсіпкерлік қызметтің сипаттамасы
Мақсаттарды  анықтап  алу  –  мол  табыстың  көзі.  Мақсаттарды 


172
анықтаудың маңыздылығын кезінде Аристотель де былай деп атап 
кетіпті: «игілік барлық жерде екі шарттың сақталуына қарай болады:
1)  қандай да бір қызметтің түпкі мақсатын дұрыс белгілеу;
2)  түпкі мақсатқа жеткізетін тиісті құралды іздеп табу».
Спиноза Барух (XVII ғ. Нидерланд философы) мақсаттың рөлін 
«Мақсат әлемді билейді» деп қысқа да нұсқа анықтап берді.
Кәсіпкерлік қызметке мына сипаттар тән:
- Шектеу – қоршаған ортаны өзгерту қабілеті. Әр түрлі тәртіп 
тәсілдерін қабылдай алатын қабілет.
-  Көтермелеу  және  өндіріп  алу  жүйесі  –  шығармашылықты, 
бастаманы көтермелеу. Бастама болмаған жағдайда өндіріп алу.
- Мәселе – қайталанбайтын, жаңа.
- Басшылық стилі – қатерлі әрекеттерді ұйғарады. Өзгерістерді 
жатырқамауы үшін адамдарды жігерлендіру.
- Ұйымдық құрылым – икемді, құрылымы да өзгере алатындай 
болады. Қызмет мәселелерге қарай ұйымдастырылады.
- Баламаларды бағалау – баламалар жиынынан тиімдісі таңдап 
алынады.
-  Тәуекелдікке  қатынас  –  жасампаз  тәуекелдік.  Тәуекелдік 
нұсқаларының жиынтығын теңгерімдеу.
Жалдамалы  еңбек  негізінде  жүзеге  асырылатын  кәсіпкерлік 
қызмет кәсіпорын ретінде тіркеледі.
Барлық  нарықтық  экономикалы  елдерде  сан  және  сапа 
параметрлері  бойынша  айрықшаланатын  сан  алуан  кәсіпкерлік 
фирмалар бар.
Негізгі  сапалы  параметрлерге  фирма  сүйенетін  мұндай 
шектеудегі меншік типі жатады.
Кәсіпкерлік  фирмалар  меншік  типтері  бойынша  аражіктері 
ажыратылып көрсетіледі:
- жеке фирмалар;
- жауапкершілігі шектеулі емес ұжымдық кәсіпорын;
- кәсіпорындардың бірлестігі;
- фирманың филиалдары мен өкілдіктері.
Сонымен бірге, кәсіпкерлік фирмалар басқа да сапа параметрлері 
бойынша айрықшаланады. Мысалы:
- қызмет сипаты мен мазмұны бойынша;
- шығарылатын өнімдердің көлемімен және ассортиментінің әр 
түрлілігімен;


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау