Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет45/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   115

82
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
 
 
Біліктілікті арттыру 
 
ҚОҚМ  ақпараттық-талдау  орталығының  экология  жөніндегі  мамандардың  біліктілігін 
арттырудағы  озық  мекеме  болып  есептеледі. 2005 ж.  бастап  осы  аталған  мекеменің 
басшылығымен жұмысты қоршаған ортаны қорғау жəне табиғатты қолдану саласындағы қайта 
даярлау  жəне  біліктілікті  арттыру  жөніндегі  Орталық  атқарады. 2005 жəне 2007 жж.  осы 
орталық    мемлекеттік  экологиялық  инспекция,  экологиялық  рұқсат  беру  жүйесі,  аудит, 
сақтандыру жəне табиғатты тиімді қолдану туралы бес күндік арнайы курстардан өткен 900-ге 
жуық  мамандар  даярлады.  Оқытудан  өткен  мамандар – бұлар,  ең  алдымен,  ҚОҚМ 
қызметкерлері. Бұған қоса, Қазақстандық экология жəне ауа райы ғылыми-зерттеу институты 
кəсіпорындарға арналған озон қабатын бұзушы заттарға қатысты арнайы тақырыптар бойынша 
курстар  өткізіп  келеді.  Мемлекеттік  басқару  Академиясы,  қызметкерлерді  қайта  даярлау 
жөніндегі бас мекеменің басшылығы өздерінің бағдарламасына экология туралы пəн енгізді.   
 
Мемлекеттік биліктің бірде бір органы үлкендердің бейресми жəне арнайы емес негіздегі білім 
алуы  үшін  тікелей  жауап  бермейді.  Білім  алудың  осындай  түрлерін  ҮЕҰ  жəне  Орталық 
Азияның    Аймақтық  экологиялық  орталығы  (ОААЭО)  жүзеге  асырады.  Олардың  жобалары, 
басым жағдайда, сыртқы донорлардың салымдарының мөлшеріне байланысты болады, осыған 
орай олар қысқа мерзімді сипатқа ие.    
 
3.6 
Саясат жасау мен шешімдер қабылдаудың негіздері 
 
Мониторинг жəне мəліметтер 
 
2000 ж. бастап Қазақстанда елдегі экологиялық мониторинг бойынша өткізілетін іс-шараларға 
ықпал  ететін  бірқатар  заң  жəне  басқару  құжаттары  қабылданды.  Мұндай  құжаттардың 
қатарына  кіретін  құжаттар: «Атмосфералық  ауаны  қорғау  туралы»  Заң  (№ 5, 11 наурыз 2002 
ж.);  Су  Кодексі  (№ 481-II 9 шілде 2003 ж.);  Президенттің 2003 ж. 3 желтоқсандағы  № 1241 
Декретімен қабылданған Қазақстан Республикасының 2004–2015 жж. экологиялық қауіпсіздігі 
туралы Тұжырымдамасы; Қазақстан Республикасының 2005–2007 жж. қоршаған ортаны қорғау 
Бағдарламасы туралы Қарары (6 желтоқсан 2004 ж. № 1278).  
 
Қоршаған орта жəне су ресурстары мониторингінің бірегей мемлекеттік жүйесі арқылы (ҚО ж 
ТРМБМЖ),  түрлі  мемлекеттік  органдар  өткізетін  қоршаған  орта  мониторингі  мен  мəлімет 
жиынтықтарын  үйлестіруді  жақсартуға  арналған  маңызды  құқықтық  жəне  ұйымдастыру 
шаралары  қабылданды.  ҚО  ж  ТРМБМЖ  мақсаты – жауапты  тұлғалар  мен  жұртшылықты 
уақтылы  жəне  сенімді  ақпараттар  жəне  ҚОЖ  қамтамасыз  ету,  сондай-ақ  қоршаған  ортаны 
қорғау шараларының тиімділігін бағалау.    
 
Үкімет 2001 ж. 27 маусымдағы  № 885 Қаулы  бойынша  ҚО  ж  ТРМБМЖ  ұйымдастыру  жəне 
жүргізу  Ережесін  бекітті.  Осыдан  кейінгі  төрт  жыл  ішінде,  ҚОҚМ 2005 ж. (өзінің 2005 ж. 17 
қарашадағы  № 314-б  Бұйрығымен)  ҚО  ж  ТРМБМЖ  ұйымдастыру  жəне  жүргізуге  арналған 
ведомствоаралық  жұмыс  тобын  құрғанға  дейін,  оны  жүзеге  асыруға  байланысты  ешқандай  іс-
шара атқарылған жоқ. Бұл жұмыс тобының құрамына ҚОҚМ жауапты қызметкерлері; Өнеркəсіп 
жəне  сауда,  энергетика  жəне  минералдық  ресурстар,  ауыл  шаруашылығы,  төтенше  жағдайлар, 
экономика  жəне  бюджеттік  жоспарлау,  денсаулық  сақтау,  ғылым,  сондай-ақ  қорғаныс 
Министрліктері; Жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттік; ақпараттандыру жəне байланыс 
Агенттігі,  сонымен  бірге  ғылыми-зерттеу  ұйымдары  кіреді.  Жұмыс  тобы  өз  жұмысын  ақпарат 
түрі  мен  форматын,  сонымен  қатар  онымен  ҚО  ж  ТРМБМЖ  шеңберінде  алмасу  кестесін 
талқылаудан  бастады.  Осының  қорытындысы  ретінде  басқа  министрліктердің  ұсынымдарын 
ескеретін  Қоршаған  ортаны  қорғау  жөніндегі  Министрдің  Қаулысы  шықты (2007 ж. 31 
мамырдағы  № 172). Осы  мəселенің  ҚОҚМ-ға  қажетті  кезде  берілмейтін, (мысалы,  жерасты 
суларының  сапасы  туралы  мəліметтер),  бірақ  экологиялық  саясатты  жетілдіру  жəне  ҚОЖ 
туралы  баяндамалар  дайындау  үшін  аса  маңызды  болып  табылатын  ақпараттар  мен  жекелеген 
ақпараттарға жазбаша өтініш жасауға мүмкіндік береді.    


 
3 Тарау: Ақпарат, жұртшылықтың қатысуы жəне білім 
83 
 
 
ҚО  ж  ТРМБМЖ  алға  жылжытуға  байланысты  басқа  да  қадамдар  қатарына  ҚОҚ 
Министрлігінің осы іске тартылған басқа да үкіметтік органдармен бірігіп қабылдаған (2006 ж. 
13  сəуірдегі  № 112-б  Бұйрығы)  ҚО  ж  ТРМБМЖ  Тұжырымдамасы  жəне  оның  элементтерін 
2007 ж. Экологиялық кодекске енгізу жұмыстары жатады.  
 
Əзірше ҚО ж ТРМБМЖ  көмегімен тек оның құрамына кіретін мекемелерден Экология жəне 
ауа  райы  жөніндегі  Қазақ  ғылыми-зерттеу  институтына  ҚОЖ  туралы  ұлттық  баяндамалар 
жасауға  қажетті  ақпараттарды  жүйелі  түрде  алу  мүмкіндігіне  ғана  қол  жеткізілді. 2004 ж. 
ҚОҚМ төрт негізгі мəліметтер қоры, с.і. қалдық, қоқыс, шығыс, биоəралуандылық жəне табиғи 
ресурстар  кіретін  Интернетке  негізделген,  кешенді  мəліметтер  қорын  жасау  туралы 
бастамасын  ортаға  салды.  Мəліметтер  қорының  операциялық  жобасын  жасау  үшін  тендерді 
жеңіп алған жеке кəсіпорын алынды. Жоба бекітілген соң  келесі тендерлердің жеңімпаздарына 
(екі  жыл  сайын  ұйымдастырылатын)  мəліметтер  қорын  толықтыру  жəне  жаңарту  құқығы 
беріледі.  Мəліметтерді  өңдейтін  мекемелер  үздіксіз  өзгеріп  отыратындықтан,  мұндай  əдіс 
барысында  мəліметтердің  үздіксіз  жиналып  отыруы  да  екіталай.  Осыған  байланысты 
экологиялық жəне табиғи ресурстар туралы мəліметтер блогының ҚОҚМ-нің дербес өндірістік 
операциялары  мен  техникалық  əдістемелерін  қолдана  отырып,  ақпараттық-сараптамалық 
орталығы бірнеше жылдар бойы жасап келе жатқан  мəліметтерімен қайталануы ықтимал.   
 
Экологиялық  кодекс  Қазақстанның  кəсіпорындарының  экологиялық  мониторингі  мен  есеп 
беруін  жақсартуды  жүзеге  асырады.  Оған  өндірістік  экологиялық  бақылау  (мониторинг) 
тұжырымдамасы  кіреді.  Аса  тиімді  жүзеге  асыру  мақсатында  қоршаған  ортаны  қорғау 
жөніндегі  Министр  өндірістік  экологиялық  бақылау  бағдарламалары  жəне  өндірістік 
экологиялық бақылау қорытындылары туралы есеп беру талаптарын келісу ережелері туралы 
Бұйрығын шығарды (2007 ж. 24 сəуірдегі № 123-б Бұйрық).  
 
Жұртшылықтың қатысуы 
 
Парламент  Орхусс  конвенциясын 2001 ж. 11 қаңтарда  бекітті.  Бұдан  кейін  парламентпен 
қабылданған  бірнеше  заңнамалық  актілердің  нəтижесінде  елдің  заңнамалық  қоры  Орхусс 
конвенциясының  міндеттемелерімен  сəйкестендірілді.  Жұртшылықтың  экология  мəселелерін 
шешуге  байланысты  үрдісіне  қатысуы  туралы  жайт 2004 жылғы  «Экологиялық  сараптама 
туралы» Заңға жəне 2007 жылғы Экологиялық кодекске енгізілді.  
 
ҚОҚМ  нақты  процедураларды  белгілейтін  бірқатар  нормативтік  актілер  шығарды,  оның 
ішіндегі  соңғылары – Министрдің  «Көпшілікке  дəріс  беру  ережелері  туралы»  Бұйрығы (2007 
жылғы 7 мамырдағы  № 135-б  Бұйрық),  сондай-ақ    «Қоршаған  ортаға  ықпал  ететін  бағалау 
үрдісіне  жəне  шаруашылық  жəне  басқа  да  қызметтер  жөніндегі  шешім  қабылдау  үрдісіне 
қатысты экологиялық ақпаратты қолдану ережелерін бекіту туралы» Бұйрығы (№ 238-п от 25 
июля 2007 г.).  
 
«Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдау тұжырымдамасы 
туралы»  Қаулы  (2002 жылғы 23 қаңтардағы  № 85 Қаулы)  жəне  «ҮЕҰ 2003-2005 жж. 
мемлекеттік  қолдау  бағдарламасы  туралы»  Қаулы (2003 ж. 17 наурыздағы  № 253) экология 
саласында қызмет атқаратындармен қатар ҮЕҰ қаржы қолдауының негізін қалады.   
 
Осы  аталған  маңызды  қадамдарға  қарамастан,  Орхусс  тұжырымдамасының  ережелерін 
орындауға байланысты Қазақстанға əлі көп жұмыс атқару қажет.   Қазақстанның Экологиялық 
кодексі  жұртшылықтың  жүзеге  асырылу  барысы  қоршаған  орта  мен  қоғамдағы  адамдардың 
денсаулық  жағдайына  тікелей  əсер  етуі  ықтимал  заң,  ереже,  бағдарлама  жəне  тұжырымдама 
жобаларына  мемлекеттік  жəне  қоғамдық  экологиялық  сараптамаларға  қатысу  мəселесін 
қарастырады. Дегенмен бұл заңдарда жұртшылықтың осындай құжаттарды дайындауға қатысу 
процедураларын  жан-жақты  айқындайтындай  нақты  ережелер  берілмеген.  Осыған  орай, 
секторлар  бойынша  стратегиялық  мағынадағы  құжаттардың  жобалары  қоғамдық  талқылауға 
түспейді.  Ереже  жобаларын  оң  пікір  алу  мақсатында  жеті  ірі  өнеркəсіптік  жəне  шаруашылық 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау