88
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру
менеджмент, экологиялық құқық жəне экологиялық бақылау сияқты маңызды пəндер
қамтылмаған. Жоғарыда аталған пəндер бойынша дайындықтың болмауына байланысты,
мемлекеттік жəне жекеше секторларда өнеркəсібін экологиялық зиянды сала ретінде қарқынды
дамып келе жатқан мемлекет ретінде ҚР мамандардың жетіспеушілігі айқын сезіледі.
Халықтың ішіндегі жасы үлкендерге
бейресми жəне арнайы емес экологиялық білім беруге
нақты жауапты болатындай мемлекеттік орган əлі анықталған жоқ.
3.6 ұсыныс:
ҚОҚМ ынтымақтасып отырған Білім жəне ғылым Министрлігі кəсіби даярлаудың жекелеген
салаларына жауапты басқа да министрліктермен (мысалы, Денсаулық сақтау Министрлігі)
біріге отырып, тұрақты дамыту білімі (ТДБ) жөніндегі үйлестірудің ведомствоаралық
механизмін құруы қажет. Мұндай механизм мектепке дейінгі, мектеп жəне кəсіби-
техникалық жəне жоғары білім, сонымен бірге бейресми жəне арнайы емес негізде білім
беруші, жəне
ҮЕҰ мен БАҚҰ қосқанда, басқа да мүдделі тараптардың мамандарының
қатысуын қарастыруы қажет, бұл ЕЭК БҰҰ ТДБ жөніндегі стратегиясын
жалпымемлекеттік деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік берер еді.
89
4 Тарау
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДЕР МЕН
МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
4.1
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың
жалпы негіздері жəне олардың экологиялық қызметтің нəтижелілігі туралы Бірінші
шолу жүргізілгеннен кейінгі дамуы
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызмет нəтижесінің бірінші Шолуы жазылған уақыттан
бастап (2000 ж.) Қазақстан тұтастай алғанда халықаралық ынтымақтастықта жəне ішінара
қоршаған ортаны қорғау саласында белсенді қызмет атқаруын жалғастырды. Экономиканың
қарыштап дамуының нəтижесінде аталған ел өзін аймақтық та, əлемдік деңгейде де ірі
қатысушы ретінде таныта білді. Атап айтқанда, Қазақстан Ресей Федерациясы мен Қытай
аралығында орналасқан маңызды мемлекет бола отырып, Орта-азиялық аймақтағы өз рөлін
сақтап келеді.
Қазақстан Республикасы 24 көпжақты табиғатты қорғау келісімдеріне (КТҚК) қол қойды,
соның ішінде 12 келісім қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызмет нəтижесінің бірінші
Шолуы жазылған соң бекітілді. Қазақстан 2006 жылы 2007 жылдан бастап 2024 жыл аралығы
кезеңіне дейінгі Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға өту туралы Тұжырымдамасын
(ТДӨТ) қабылдады, бұл тұжырымдама елдің тұрақтылықты арттыру жолындағы экономикасы
мен қоғамдық өміріндегі өзгерістерге ықпал етуі мүмкін. Қазақстан КТҚК аясында
қабылданған өзіндік міндеттемелеріне сəйкес, ЕЭК БҰҰ, ЮНЕП, ЖЭҚ, ЕО сияқты
халықаралық жəне Дүниежүзілік банк, сондай-ақ бірқатар донорлық мекемелермен
ынтымақтастықта іс-əрекеттер жоспарлары мен оларды іске асырудың практикалық
шараларын əзірледі.
Елде қоршаған ортаны қорғау мəселелері жөніндегі халықаралық ынтымақтастықтың жалпы
ауқымын қамтитындай бір де бір құжат жоқ. Дегенмен мұндай шеңбердің элементтері
бірқатар құқықтық жəне саяси құжаттарда, атап айтсақ, Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
қызмет нəтижесінің бірінші Шолуы жазылған соң қабылданған Экологиялық кодексте, ТДАТ,
Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау
бағдарламасында (əрі қарай – Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы) жəне Қазақстан
Республикасының
2004–2015
жылдарға
арналған
экологиялық
қауіпсіздігінің
тұжырымдамасында (əрі қарай Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы деп аталады)
көрініс тапты.
Қазақстан халықаралық мекеме жəне форумдар қатарындағы өз рөлін арттыруға ұмтылу
үстінде. 2007 жылдың қараша айында Мадрид қаласында өткен ЕҚЫҰ министрлерінің он
бесінші Кеңесінде Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етеді деген шешімге келді.
Министрлердің “Еуропаға арналған қоршаған орта” (Белград, 10–12 қазан 2007 жыл) алтыншы
Конференцисында ЕЭК БҰҰ аймағының министрлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылға белгіленген кезекті Конференцияны өткізуге қатысты ұсынысын жылы қабылдады.
Қазақстан бұл шешімді халықаралық ынтымақтастықта өз күшінің танылғандығымен
байланыстырып, тұрақты дамуға қатысты алынған бағыттың жалғастыруға ниет білдіруі
ретінде қарастырады.
90
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру
4.2
Басымдықтар, тəсілдер жəне саясат
Қағидаттар мен басымдықтар
Экологиялық кодексте (2007 ж.) Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау жəне табиғатты
қолдану саласындағы халықаралық ынтымақтастығы туралы тарау берілген. Кодексте
халықаралық ынтымақтастықтың басымдылығы мен қағидалары баяндалған (4.1 ендірмені
қараңыз), сондай-ақ оның экономикалық негіздері анықталып, механизмі сипатталған,
Қазақстан осы аталған мəселелер бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық
ынтымақтастыққа қатыса алады жəне өз міндеттемелерін КТҚК аясында орындайды.
Халықаралық ынтымақтастықтың қағидаларында халықаралық деңгейде танылған қағидалар
қамтылған, атап айтсақ, халықаралық міндеттемені орындау, басқа елдердің табиғатына залал
келтірмеудің алдын алу шараларын орындаудағы жауапкершілік, сақтық қағидасы,
трансшекаралық қоршаған ортаға елеулі де маңызды ықпал ететін əрекеттер туралы мəлімдеу,
сондай-ақ ластауға қатысты материалдық жауапкершілік қағидасы. Осылайша, берілген Кодекс
халықаралық ынтымақтастықтың жалпы белгілерін сипаттай отырып, оның құқықтық
шеңберін қалыптастырады.
4.1 Ендірме: Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану
саласындағы халықаралық ынтымақтастығындағы басымдықтар
Адамзаттың өмірі мен денсаулығына жағымды қоршаған ортаны қорғау
Тұрақты дамудың жетістіктері
Қоршаған ортаны қорғау жəне табиғатты қолдану саласындағы ұлттық мүддені сақтау
Трансшекаралық ластанудың алдын алу, төмендету жəне бақылау
Экологиялық стандарт пен талаптарды сақтаудың негізінде еркін халықаралық сауда мен
инвестицияны дамыту жəне қолдау
Төтенше экологиялық жағдай туындағанда халықаралық көмек көрсету
Трансшекаралық жəне аймақтық экологиялық мəселелерді шешу барысында халықаралық құқық
нормалары мен қағидаларын қолдану
Қоршаған ортаны қорғау жəне тұрақты дамыту жөніндегі халықаралық бастамаларға қатысу
ТДАТ (2006 ж.) елдің тұрақты дамуға көшуді жеңілдетуі мен оның халықаралық
қауымдастықтағы жалпы мəртебесін арттыруға көзделген міндеттерінің тізімінен тұрады.
Жекелеген іс-шаралар бойынша Қазақстанда «тұрақты дамудың халықаралық аймағын» құру,
осы елде бас офисі бар халықаралық экологиялық мекеме орнату, ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге
жəне ірі халықаралық экологиялық кездесулер мен форумдарға қатысу туралы мəселелер
қамтылған. Аталған мақсаттардың ішінде бірқатары орындалды (4.1 тарауын қараңыз).
Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы (2003 ж.) халықаралық ынтымақтастықтың негізгі
бағыттарын сипаттайды жəне ол тиімді ұлттық экологиялық саясаттың тірек белгісі болып
саналады. Бұл бағытқа мына мəселелер жатады: халықаралық келісімнің талаптарын іске
асыру; қоршаған орта жағдайын бағалау жəне бақылаудың жалпы тəсілдері мен əдістемесін
жасау; халықаралық тəжірибені қолдану; ұлттық экологиялық бағдарлама жəне жобаларды іске
асыруда, қаржыландыруды қосқанда, халықаралық мекемелерді аса белсенді қатыстыру. Саяси
құжатта Қазақстанның басты экологиялық мəселелеріне жəне олардың шешілуі тиіс деңгейіне
(жаһандық, ұлттық немесе жергілікті) алғаш рет талдау жүргізілді жəне олардың
классификациясы берілді.
Қоршаған
ортаны
қорғау
бағдарламасы
(2004
ж.)
Экологиялық
қауіпсіздік
тұжырымдамасының негізінде халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейту жөніндегі
тəжірибелік іс-шараларды жасауға жəне оларды жүзеге асыруға байланысты бағытталып
жасалынды. Бұл іс-шаралар қатарына ұлттық табиғатты қорғау туралы заңнаманы талдау,
ұлттық заңнаманың ЕО заңнамаға жуықтауын қамтамасыз ету, КТҚК орындау үшін, КТҚК
жүзеге асыру жөніндегі жағдайын бағалау жəне есеп беруді дайындау мəселелері жатады. Осы
міндетті орындау барысында қоршаған ортаны қорғау туралы жаңа бағдарлама жасалынды
(2008–2010 ж).
Достарыңызбен бөлісу: |