84
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру
бірлестіктер жіберуі (жоғарыдағы 3.4 тар.қар.) жұртшылықтың қатысуы деп саналмайды.
Алайда ҚОҚМ кейбір жоспарларына қатысты жұртшылық талқылауға эпизодтық жағынан ғана
қатысып қалады, бұл бағытта олар мақсат-бағдарлық ешқандай қызмет атқармайды.
Жұртшылықты осылайша тарту жағдайлары Орхусс тұжырымдамасының 7 бабы талап
ететіндей, айқын да түсінікті шеңберін мүлдем анықтай алмайды.
Қазақстан қазіргі уақытқа дейін Киев қаласында 2003 жылы қабылданған жəне жұртшылықтың
келісілген жалпымемлекеттік ЛТҚТ ұйымдастыру арқылы ақпаратқа қол жеткізуін кеңейтуге
бағытталған Орхусс тұжырымдамасына қатысты Ластағыштарды тасымалдау жəне
қалдықтардың тізімдемесі (ЛТҚТ) туралы Хаттамаға қол қойды. Елде мониторинг жəне
бақылау, көп салалы министрліктер, өнеркəсіп пен бизнес жəне ҮЕҰ қатысуымен
жалпымемлекеттік ЛТҚТ мекемесінің ұйымдастырушылық жəне техникалық шеңберлерін
талқылау жұмыстарының басталғандығы жөнінде ешқандай мəлімет жоқ.
Экологиялық білім
Экологиялық кодекс пен Тұрақты дамыту мақсатында білім беру Тұжырымдамасында
экологиялық білім жəне дайындық, сондай-ақ тұрақты дамыту мақсатында білім беру (ТДБ)
туралы ережелер қамтылған. Тұрақты дамыту Тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі
ҚОҚМ жоспарында экологиялық білім мен ТДБ насихаттауға арналған нақты қызметтер
аталған. ҚОҚМ жəне Білім жəне ғылыми Министрлігі біріккен бұйрығымен Экологиялық
білім туралы Тұжырымдамасын бекітті (2003 ж. 24 қыркүйектегі № 229-б жəне 2003 ж. 25
қыркүйектегі № 697 Бұйрықтарға сəйкес). Осы аталған құжат бекітілген соң соған сəйкес нақты
қызмет жоспары жасалмағандықтан, оның көпшілікке ықпал етуін, егер осылай болса, бағалау
аса қиын.
Білім жəне ғылым Министрлігінде үйлестіруші орталық құрылмаған, егер құрылса бұл
орталыққа экологиялық білім мен ТДБ үшін жауапкершілік жүктелер еді. 2005-2010 жж.
білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі қызмет жоспарына
экологиялық білім мен ТДБ шаралары кіргізілмеген. Министрліктер мен осы үрдістің негізгі
қатысушылары аралығында жеткілікті өзара əрекеттестік жоқ.
Қазақстан 2005 ж. ТДБ Стратегиясын жасау жəне бекіту туралы жайтпен танысқан ЕЭК БҰҰ
аймақтық бастамасы – ТДБ жөніндегі халықаралық ынтымақтастыққа қатысу туралы шешім
қабылдады. Қазақстан осы уақытқа дейін жалпымемлекеттік деңгейде осы стратегияны іске
асыру жөнінде нақты қадамдар жасаған жоқ.
3.7
Қорытындылар мен ұсыныстар
1990-шы жылдардағы құлдыраудан кейін қазіргі уақытта Қазақстандағы ауа, су сапасы жəне
радиациялық орта жағдайы сияқты салаларға жүргізілетін экологиялық мониторинг қайта
қалпына келтірілу үстінде. 2000 ж. бастап мониторинг станциялары мен пункттердің саны
артуда. Мемлекеттік бюджет тарапынан жақсы қаржыландырудың нəтижесінде ескірген құрал-
жабдықтар мен қондырғылар жаңа құралдармен алмастырылып отыр. Ауа сапасын бақылауға
арналған жалғыз трансшекаралық станция реконструкцияланды жəне автоматтандырылды.
Қазақстан трансшекаралық су ағыстарындағы су сапасын мониторингтеу саласы бойынша
көршілес мемлекеттермен ынтымақтастықты жемісті дамытып келеді.
Бұған қарамастан, бақылау жүйесін қолға алуда елеулі ақтаңдақтардың бар екендігі де белгілі.
Бақылау пунктерінің саны экологиялық мониторинг қолданылып жүрген ережелеріне сəйкес
талап етіп отырған мөлшермен салыстырғанда, едəуір аз. Өлшенетін көрсеткіштердің саны
шектеулі жəне сынамалардың сирек жүргізілу себебіне байланысты, алынып отырған
мəліметтердің сапасының дұрыс екендігі күмəн туғызады. Қазақстанда əлем бойынша
қоршаған орта мен адамның денсаулығына ең зиянды болып есептелетін ластағыш заттар
қатарының ауадағы мөлшеріне өлшеу жұмыстары жүргізілмейді. Аялық мониторинг тек бір
3 Тарау: Ақпарат, жұртшылықтың қатысуы жəне білім
85
станцияда ғана өткізіледі. Əйтсе де елдегі экологиялық мониторинг станциялары халықтың
қоршаған ортаның ластануына ұшырағыштығы туралы жақсы ақпарат құру мүмкіндігіне ие
бола алмай отыр, олар үнемі бірнеше дүркін қалдық тастау жағдайларының салдарын толық
шамада сипаттауға қабілетті емес. Бұған қоса, ауа сапасын мониторингтеудің қолданыстағы
торабы, талапқа сəйкес, ауаның ластану деңгейін қалдық сипатымен байланыстыруға
мүмкіндік бермейді, егер осындай мүмкіндік болса, онда штаттық күн тəртібіндегі жұмыс
барысында қалдық нормалары немесе ауа сапасының бұзылуына себеп болып отырған
əрекеттерді анықтауға көп жеңілдік болар еді.
3.1 ұсыныс:
Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі «Қазгидрометтің» оның кемшіліктері мен қарама-
қайшылықтарын, сондай-ақ əрі қарай модернизациялау жəне халықаралық ұсынымдар мен
озық тəжірибелерге сəйкес мониторинг торабын жаңартуға бағытталған қызмет
жоспарларымен қатар, стратегия жасау үшін өткізіп жүрген экологиялық мониторинг
бағдарламасын қайта қарастырғаны дұрыс. Осындай қызмет жоспарларында төмендегідей
мəселелерге арналған уақыт аясы мен қаржы құралдары көрсетілуі тиіс:
(а)
мониторинг мақсатын жалпы мемлекеттік жəне аумақтық көлемдегі негізгі
экологиялық
мəселелермен
байланыстыру,
сондай-ақ
мониторингті
мемлекеттік
бағдарламалар мен жоспарларда анықталған экологиялық саясаттың мақсаттық
көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бағалау құралы ретінде
қолдану;
(б)
өлшенетін көрсеткіштердң тізімін кеңейту, ішінара, жерүсті озоны, PM
10
, ауыр
металдар жəне қоршаған орта мен су нысандарындағы биолоиялық параметрлеріндегі БОЛ
көрсеткіштерін енгізу;
(в)
халықаралық деңгейде келісілген ұсынымдарға сəйкес, мониторингтің қосымша аялық
жəне трансшекаралық станцияларын енгізу;
(г)
автоматты өлшеуге ауысуды аяқтау жəне мəліметтер сапасын бақылау жəне
оларды сақтау процедураларын жақсарту;
(д)
себеп-салдарлық байланысты белгілеп, ол туралы əрі қарай қолданылатын іс-шаралар
қабылдауға арналған саясатты бақылау жəне өңдеу жөніндегі органдарға хабарлап отыру
мақсатында, қоршаған ортаның сапасы туралы мəліметтерді кəсіпорындардың
қалдықтары туралы мəліметтермен өзара байланыстыру;
(е)
Арал маңындағы мониторинг торабын құру.
2002 ж. «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заңға сəйкес, статистика органдарына
жөнелтілетін қалдықтар туралы есептерге қосымша ретінде Қазақстанның кəсіпорындары
ластағыш заттардың қалдықтарының тізімдемесін жасауға міндетті. Кəсіпорындар ластағыш
көздерді стационарлық көздер мен олардың сипаттамалары тізіліміне белгілейді. Статистика
жөніндегі Агенттікке өткізілетін қалдықтар туралы мəліметтер осы Агенттіктің басқа салалық
іс тізімдемесін басшылыққа алуына байланысты, олардың тізіліміндегі мəліметтермен
салыстырылмайды. Бұған қоса, Қазақстанда есептеудің сенімді əдістері жоқ болуына қарай,
ауыр металдар мен БОЛ қалдықтары туралы ешқандай есеп жүргізілмейді. Мемлекеттік
статистикалық есептерде тек стационарлық көздердің қалдықтары ғана белгіленеді. Жоғарыда
айтылған жайттың барлығы да Қазақстанның өзіндік экологиялық саясатымен, сонымен қатар
халықаралық мекемелер алдында беретін есебіне сəйкес көрсетуі міндетті қалдықтар
кадастрын дайындау барысын күрделендіреді.
Қазақстанның Экологиялық кодексінің талаптарын сақтау үшін 2001 жылы қызмет барысына
кіргізілген, кəсіпорындарды экологиялық жағынан бақылау жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізу
үстінде. Осы мақсатқа орай ҚОҚМ 2007 ж. кəсіпорындарды ҚОҚМ аумақтық органдарына
өздерінің өндірістік үрдістерін экологиялық тұрғысынан бақылау қорытындылары бойынша
есеп беріп отыру міндетін жүктейтін ережесін шығарды. Бұл ережеде есепте тиісті нақты
параметрлердің көрсетілуі жетіспейді. Бұл бақылау органдарының өкілдеріне кəсіпорын
есебінің мазмұнын өз қараулары бойынша жасауына, яғни парақорлық пен осы істі теріс
пайдалануға əкелетіндей мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |