3 Тарау: Ақпарат, жұртшылықтың қатысуы жəне білім
75
жағдай жасалынса, оның табиғи ресурстарды тұрақты басқаруға жауапты жергілікті билік
органдары үшін белгілі бір құндылыққа айналары сөзсіз. Бүгінгі таңда мүлдем бұлай емес. Тек
келешекте ғана мəліметтер қоры пароль қолданушы, тіркелген тұтынушыларға (тек
мемлекеттік билік органдарына) толығымен қолжетімді болады деп жоспарланып отыр. Бұған
қарамастан, таяу арада қорға суды қолдану жəне қалдықтар туралы мəліметтер қосып
толықтыру жұмысын жүргізу де жоспарға қойылған.
Энергетика жəне минералды ресурстар Министрлігінің геология жəне минералды ресурстар
Комитеті жерасты суларын пайдалы қазба кадастрының бір бөлшегі ретіндегі мəліметтер
қорын жасады. Аталған қорда жерасты суларының қоры мен қолданылуы, бұрғылардың
орналасқан жері мен жерасты сулары сынамаларының талдау қорытындылары туралы
мəліметтер жиынтығы берілген. Комитет мұны жарияламайды жəне ҚОҚМ мемлекеттік есепте
қоршаған орта туралы жариялау үшін мəлімет бермейді.
2009 ж. Ауыл шаруашылығы Министрлігінің орман жəне аң шаруашылығы Комитеті
Қазақстанның фаунасының жай-күйі жөніндегі электронды мəліметтер қорын (кадастрын)
жасауды жоспарлап отыр.
Экологиялық статистика
2006 ж. ҚР статистика жөніндегі Агенттігі тұрмыстық қалдықтар туралы мəліметтер жинау
үшін статистикалық форманың екі жаңа түрін жасап шығарды. 2004 ж. бастап экологиялық
статистиканың мəліметтерін жыл сайын жариялаудың орнына, аталған агенттік «Қоршаған
ортаны қорғау жəне Қазақстанның тұрақты дамуы» атты статистикалық жинақ шығарып
келеді, мұнда алпыс көрсеткіш бойынша мəліметтер беріліп отырады. Жинаққа маңызды
экологиялық мəселелермен қатар көлік қалдығы, көшетханалық газдардан бөлінетін қалдықтар,
озонды бұзатын заттарды қолдану жəне өнеркəсіптік өндірісінің улы емес шығыстарды қайта
өндіруі туралы мəліметтер тысқары қалған. Жинақта оқырманға түсінікті болуын
жеңілдететіндей, мəліметтер берудің жаңа формалары қолданылмаған (кесте, диаграмма жəне
т.б.). 2006 ж. Агенттік Қазақстанның өнеркəсіптік өндірісінің су сіңірімділігін бағалау
қорытындылары туралы арнайы бюллетень жариялады. Агенттік билік органдарына «2007-
2024 жж. тұрақты дамуға ауысу тұжырымдамасын» (ТДАТ) орындалу барысын бақылауға
көмек беру үшін тұрақты дамудың бірқатар ұлттық индикаторларын анықтаумен айналысады.
Қалдықтардың кадастры жəне кəсіпорындардың есеп беруі
2002 ж. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі Заңында жаңа талап енгізілді, бұл талапқа
сəйкес барлық кəсіпорындар мен ұйымдар статистика органдарына берілетін қалдықтар туралы
мəліметтерге қосымша ретінде, ластаушы заттардың қалдықтарына инвентаризация
жүргізулері қажет. Инвентаризацияның мəліметтерін кəсіпорындардың өздері бекітуі тиіс,
содан соң ҚОҚМ аумақтық органдарымен, яғни қоршаған ортаны қорғау жөніндегі облыстық
аумақтық басқару орындарымен келісілуі керек. Инвентаризациялау процедурасы 2000 ж. 21
желтоқсанда бекіткен атмосфераға ластаушы заттардың қалдықтарының тасталуына
инвентаризация жүргізу жөніндегі Нұсқау (№ 516-б Бұйрық) арқылы жүзеге асырылады.
Қалдықтарды инвентаризациялау барысында кəсіпорын барлық ластаушы стационарлық
көздерден атмосфераға тасталатын жəне автокөлік кəсіпорындарында бар, қолданылатын
технологиялық үрдістердің материалдық баланста көрсетілген барлық зиянды əрі қауіпті
заттарды ескерулері тиіс. Инвентаризация мəліметтері ҚОҚМ қоршаған ортаны қорғау
жөніндегі аумақтық орталықтарымен (ҚОҚАО) келісілгені дұрыс. Инвентаризациялық
материалдардың талдауы аяқталған соң ҚОҚАО кəсіпорынға келесі құжаттарды береді:
•
Мемлекеттік тіркеуді талап ететін қауіпті заттардың тізімі;
•
Кəсіпорынның статистика органдарына жыл сайын статистикалық есеп беруі тиіс
зиянды заттарының тізімі.
76
I
Бөл
ім
:
Саяса
т
жаса
у,
жосп
арлау
жəн
е жү
зег
е а
сыр
у
3.2 Карта:
Қазақстандағы тұрақты радиологиялық мониторинг станциясының орналасқан жері
Дереккөзі:
Волковгеология, 2007
Ескерту: Осы картада көрсетілген шекаралар мен атаулар БҰҰ тарапынан мақұлдауды немесе тануды білдірмейд
3 Тарау: Ақпарат, жұртшылықтың қатысуы жəне білім
77
Осыдан соң кəсіпорын стационарлық ластау көздерінің тіркеліміне ластаушы көздерді жəне
олардың сипаттамаларын тіркейді. Тіркелімге келесі мəліметтер енгізіледі: (а) ластаушы
көздердің саны; (б) əрбір ластау көзі бойынша қалдық нормалары; (в) оның жұмыс уақыты; (г)
сүзілген заттардың мөлшері мен үлесі; (д) атмосфераға тасталынған зиянды заттар көлемін
анықтау əдісі.
Қазақстандағы ластаушы зат қалдықтарының мемлекеттік тіркеу жұмысы осы қалдықтарды
түрлі көздерден біріктіру жолымен жүзеге асыру арқылы жүргізіледі. Қалдықтардың бастапқы
тіркелімі кəсіпорындардың ластағыш зат қалдықтарына жүргізген инвентаризациялық
мəліметтерінен құралады. Инвентаризация мəліметтері облыс, өнеркəсіп саласы жəне жалпы
мемлекеттік масштабта біріктіріледі. Мұндай жүйе барысында статистика жөніндегі Агенттікке
қалдықтардың барлық көздердің тіркелімімен берілген қалдықтар туралы мəліметтерді
байланыстыру мүмкін емес.
Есеп айырысудың сенімді əдістерінің болмау салдарынан Қазақстанда ауыр металдар мен БОЛ
қалдықтарының тасталуы туралы есеп мүлдем берілмеген. Сондай-ақ мемлекеттік
стаистикалық есептің тек стационарлық дереккөздердің қалдықтары туралы мəліметтерді ғана
сипаттайтындығын да айта кеткен жөн. Автожол көліктері мен басқа да көлік дереккөздерінің
(темір жол, əуе, өзен жəне теңіз көліктері) қалдықтары талапқа сəйкес тіркелінбейді.
Қазақстанда қолданылып жүрген есеп айырысу əдістері тек елеулі ғана белгісіздік үлесімен
қалдықтарды бағалауды дайындауға мүмкіндік береді.
Осының нəтижесінде Қазақстанда өндірілетін қалдықтар туралы қолда бар мəліметтер
тұтынушылардың талабына сəйкес жауап бере алмайды жəне олардың мемлекеттік саясатты
жүзеге асыруға жəне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі көпжақты келісімде анықталғандай,
халықаралық қауымдастық алдында есеп беру міндетін жүзеге асыруда тəжірибелік маңызы
жоқ.
Жуық араға дейін Қазақстанның кəсіпорындары өэдерінің экологиялық ақпараттарын ҚОҚАО
өткізетін, осы тұстан бұл ақпараттар ҚОҚМ реттеудің рұқсат етуші жəне ынталандырушы
механизмдері жөніндегі Департаментіне жөнелтіліп отырды. Бұл мəліметтерге бағалау
жұмысы жүргізілмеді.
Экологиялық кодекс талаптарын орындау үшін 2008 ж. Қазақстанда 2001 жылдан бастап
қызмет көрсетіп келе жатқан, қолданыстағы экологиялық өндірістік бақылау жүйесіне
өзгерістер енгізілмек. Осы мақсатқа орай 2007 ж. ҚОҚМ кəсіпорындарды өзінің өндірістік
үрдісінің экологиялық мониторингінің (бақылауының) қорытындылары туралы ҚОҚМ
аумақтық органдарына есеп беруге міндеттейтін жаңа ереже шығарды. Бұл есепте
атмосфералық ауа мен канализацияға тасталатын ластағыш заттардың сапасы туралы
тоқсандық мониторинг мəліметтері берілуі қажет. Кəсіпорындар жылына екі рет су (егер
жүргізілген болса) мен топырақ күйін мониторингтеу мəліметтерін қамтуы тиіс. Ережеде
есепте сипатталуы тиіс параметрлерге қатысты нақты талаптар туралы айтылмаған. Бұл
бақылау органдарының өкілдеріне кəсіпорындардың өз қарауы бойынша есеп беру мазмұнын
талқылауға мүмкіндік береді, осы жайттың парақорлық пен зиянкестікке жол ашатындығы
белгілі.
Экологиялық есеп беру жағдайы
Жуырда ғана орнын экологиялық кодекс алмастырған «Қоршаған ортаны қорғау туралы»
Заңнамаға сəйкес, Қазақстандағы қоршаған ортаның жағдайы туралы (ҚОЖ) мемлекеттік
баяндамалар жыл сайын жарияланып отырады. Мұндай баяндамалар Министрлердің «Еуропаға
арналған қоршаған орта» Бесінші Конференциясында мақұлданған, қоршаған орта жағдайы
жəне оны қорғау туралы мемлекеттік баяндамалар дайындау жөніндегі Нұсқауға (Киев, 2003
ж.) сəйкес құрастырылады. Мұнда көбінесе Шығыс Еуропа, Кавказ жəне Орталық Азия
елдерімен (ШЕКОА) ЕЭК БҰҰ шеңберінде келісілген экологиялық көрсеткіштер басым
Достарыңызбен бөлісу: |