86
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру
3.2 ұсыныс:
Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі жəне Статистика жөніндегі Агенттік
кəсіпорындардың экологиялық есеп беруіне қатысты ережені бірігіп қайта қарастырғаны
дұрыс, осыған сəйкес кəсіпорындардың есептік мəліметтері халықаралық ұсынымдарға,
қалдық кадастрларын дайындау жəне аумақтық түсімді қалыптастыру жəне соңынан
ластағыш зат қалдықтары мен зиянды заттарды тасымалдаудың жалпы мемлекеттік
тізілімін жасауға ыңғайлы болатындай етіп, осы талаптарды сəйкестікке келтіру жəне
оңтайландыру үшін қажетті өзгерістер дайындаулары қажет.
2005 ж. бастап, ҚОҚМ табиғи ресурстардың кадастрлары (тізімдемесі) жөніндегі электрондық
мəліметтер қорын жасаумен айналысады. Мұнда күзетілетін аудандардың орман
шаруашылығын жергілікті, облыстық жəне жалпымемлекеттік деңгейдегі жабайы аңдар мен
балық шаруашылығын басқару туралы карталық мəліметтерінде қосымша берілген мəліметтер
қамтылған. Осы мəліметтер қорын жуық арада суды қолдану жəне шығыстар туралы
мəліметтермен толықтырып, одан əрі жетілдіру туралы жоспарланып отыр. Дегенмен осы
ақпараттарды «Қазгидромет» арқылы алынатын қоршаған ортаның сапасы туралы
мəліметтермен толықтыру туралы ешқандай жоспар қарастырылмаған.
«Қазгидромет» жүйелі түрде елдің, сонымен қатар басқа да бассейндер мен аймақтардың
экологиялық ластануы туралы бюллетендер шығарып отырады. Экологиялық ластану туралы
бюллетендер үкіметтік органдардың ішінде тек ҚОҚМ бекіткен тарату тізімінің негізінде ай
сайын жəне тоқсан сайын таратылады. Басқа мекемелер мен жекеше тұлғаларға келетін болсақ,
«Қазгидромет» өзінің ақпараттық жарияланымдар ақылы негізде таратып отырады.
Кəсіпорынның вэбсайтында аса шектеулі ақпараттар мен мəліметтер берілген. Осыған
байланысты бұл вэбсайт жаңартуды талап етеді; онда күн сайын қоршаған ортаның сапасы
туралы мəлімет жарияланып отыруы тиіс.
3.3 ұсыныс:
ҚОҚМ ақпараттар мен мəліметтердің барлық мүдделі тұлғаларға, соның ішінде барлық
деңгейдегі үкіметтік органдарға, кəсіпорындар мен өндіріс орындарына, сонымен бірге
көпшілікке қолжетімді болуы үшін «Қазгидрометтің» ақпарат тарату жөніндегі
нұсқауларын қайта қарастыруы қажет. Егер шектеулер болса, мұндай шектеулер Қазақстан
бір тарабы болып есептелетін Орхусс тұжырымдамасының аясынан шықпауы керек. Бұған
қоса, «Қазгидромет» атмосфералық ауа, су мен топырақ сапасы туралы ақпараттарды,
«Қазгидромет» торабымен жасалынған өлшеу жұмыстарының көрсеткіштері бойынша
ақпараттар мен бюллетендерді өзінің сайтына орналастырып, оны жаңартқаны дұрыс.
ҚО ж ТРМБМЖ əдістемесін қолға алу арқылы Қазақстан экологиялық мониторинг пен
мəліметтер жинақтау жөніндегі қызметті үйлестіру жөнінде тиімді қадамдар жасады. ҚО ж
ТРМБМЖ ұйымдастыру жəне өткізу үшін ҚОҚМ ықпалымен ведомствоаралық жұмыс тобын
құрды. Аталған жұмыс тобы Жүйе Тұжырымдамасы ведомстволары аралығындағы келісімге,
сондай-ақ сол жүйе шеңберіндегі түрлері, кескіні мен графикасына қарай мəлімет алмасуға
ықпал етті. Осы жұмыс тобымен ынтымақтасудың нəтижесінде қазіргі таңда табиғи ресурстар
кадастрының мəліметтер қоры жасалу үстінде.
Бұған қоса, ҚОҚМ Интернет арқылы қолжетімді болатын, сонымен бірге басқа мəліметтердің
барлығына қосымша, қалдық, қоқыс, шығыс, биоəралуандылық пен табиғи ресурстар туралы
қосымша мəліметтерді қамтитын кешенді мəліметтер қорын жасаудың бастамасын ортаға
салды. Соңғы тестілеу
жұмысы жасалған соң жəне құрылым мен жұмыс күні кестесі
бекітілген соң жылына екі рет тендерлер өткізу негізінде осы мəліметтер қорын басқаратын
компанияны таңдау жұмысы қолға алынады деп жоспарланып отыр. Мұндай əдісті қолдану
барысында мəліметтер оларды өңдейтін ұйымдар жиі өзгеріп отыратындықтан үздіксіз
жиналып отыруы екіталай мəселе. Бұған қоса, экология мен табиғи ресурстар туралы
мəліметтерді қамтитын қордың сегменттері табиғи ресурстар кадастрының қолдағы мəліметтер
қорын қайталауы ықтимал деген де ой бар.
3 Тарау: Ақпарат, жұртшылықтың қатысуы жəне білім
87
3.4 ұсыныс:
ҚО ж ТРМБМЖ ведомствоаралық жұмыс тобын қолдау барысында Қоршаған ортаны қорғау
жөніндегі Министрлік табиғи ресурстар кадастрының мəліметтер қорына қосымша ретінде
қоршаған орта бойынша жеке мəліметтер қорын құру туралы, осылайша осы аталған екі
мəліметтер қорын не өзара бір-бірін толықтырушы, не бірінші мəліметтер қорын оған
қалдық, қоқыс жəне қоршаған ортаның сапасы туралы орасан көп мəліметтер қосып, едəуір
кеңейтуге арналған жоспарды қайта қарастыруы қажет. Мəліметтер қоры ақпарат беріп
отыратын ведомстволарға жəне Орхусс конвенциясының міндеттемелеріне сəйкес қалың
жұртшылыққа қолжетімді болуы тиіс.
Қазақстан елдің заңнамалық қорын Орхусс конвенциясының міндеттемелеріне сəйкестендіруге
ықпал еткен бірнеше заңнамалық актілерін қабылдады. Жұртшылықтың экологияға қатысты
шешім қабылдау үрдісіне қатысуы туралы мəселе 2007 ж. «Экологиялық сараптама туралы»
Заңға енгізілді, ҚОҚМ осы аталған мəселемен байланысты процедураларды нақты анықтайтын
бірқатар ережелер шығарды. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Министрдің Бұйрығы
бойынша Қоғамдық экологиялық кеңес құрылды. ҚОҚМ аумақтық ведомствалары түрлі
мəселелер бойынша үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық орнатқан. Осындай ұйымдар
бірнеше ірі жобалар қатары жөніндегі Мемлекеттік экологиялық сараптама ұйымдастырған
қоғамдық дəрістерге қатысады.
Жасалынған барлық қадамның маңыздылығына қарамастан, бұл жұмыс жақын келешекте
аяқтала қоймайды. Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамасы жұртшылықтың қоршаған
ортаны стратегиялық бағалауға қатысуы туралы мəселені қарастырады. Дегенмен мұндай
қатысу процедурасына қол қойылмаған. Осының нəтижесі ретінде стратегиялық мағынадағы
құжаттардың жобасы қоғамдық дəрістерге енгізілмеген. Ережелер жобасын оң пікір алу
мақсатында өнеркəсіптік жəне шаруашылық бірлестіктеріне тарату мəселесін (жоғ. 3.4
тар.қар.) жұртшылықтың қатысуы туралы мəселе деп қарастырылмайды. Алайда ҚОҚМ кейбір
жобалық жоспарларына қатысты, жұртшылық талқылауға эпизодтық жағынан ғана қатысады,
олардың осы бағытта мақсат-бағдарлы қызметтерге қатысуы қарастырылмаған. Осындай
жағдайлар өздігінен қатысудың айқын да түсінікті шеңберін анықтай алмайды.
Жұртшылықтың экологиялық мəселелерге байланысты сот төрелігіне қолжетімі туралы
бірқатар мəселелердің түйіні əлі өз шешімін тапқан жоқ.
3.5 ұсыныс:
Үкіметке, ішінара ҚОҚМ мен Əділет Министрлігіне ішкі заңнаманы Орхусс конвенциясының
талаптарына сəйкестіруін аяқтап, ережені билік жəне сот, əсіресе жергілікті органдарының
іс жүзінде қолдану шараларын қабылдау міндеті ұсынылады. Бұл үшін, басқа жағдайды
қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотымен ынтымақтастық орнату
барысында мемлекеттік қызметкерлер мен сот төрелігіндегі жұмысшыларды оқытуға,
сонымен бірге азаматтардың экологиялық құқық немесе олар көрсетіп отырған бірлескен
құқықтарын бұзу барысында сотқа жүгінуінің тиімді механизмдерін енгізуге бағытталған
стратегия дайындаған қажет болар еді.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі мен Тұрақты даму Тұжырымдамасында
экологиялық білім, ТДБ дайындық туралы да ереже қамтылған. ҚОҚМ мен Білім жəне ғылым
Министрлігімен бірігіп қабылданған Экологиялық білім Тұжырымдамасында осы уақытқа
дейін жүзеге асырылмаған жалпы ережелер келтірілген. Білім жəне ғылым Министрлігінде
экологиялық білім мен ТДБ жауап бере алатындай үйлестіруші орталық құрылмаған. ТДБ
жөніндегі ЕЭК БҰҰ стратегиясын іске асыру үшін Министрліктер мен негізгі қатысушылар
аралығындағы ынтымақтастықтың өзі жеткіліксіз болып отыр.
Мектеп бағдарламасында экологиялық білім беруге қатысты тұжырымдамалық əдістің
болмауы мектеп бітірушілерінің басым көпшілігінің экологиялық мəселелер туралы біртұтас
көзқарасының қалыптасқандығына күмəн келтіреді. Кəсіби-техникалық оқу орындарының
бағдарламаларында экология жөніндегі курс жоқ. ЖОО бағдарламаларында да экологиялық
Достарыңызбен бөлісу: |