Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет41/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   115

72
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
 
 
жүз су жеткізуші бөлімшелерінің ластануы алаңдатуда, бұл оларды ауыз су дереккөзі ретінде 
қолдануға жарамсыз етіп отыр. Қолданыстағы мониторингтік бағдарламалар ластанудың алдын 
алу  шараларын  жасау  үшін  қажетті  ластаушы  көздер  мен  жерасты  суларының  сапасы 
аралығындағы себеп-салдарлық байланысты анықтауға мүмкіндік бермейді.  
 
Жағалаудағы теңіз суларының мониторингі   
 
2005  ж.  Каспий  теңізінің  қазақстандық  секторындағы  қоршаған  ортаның  жағдайына 
байланысты  туындап  отырған  алаңдаушылыққа  жауап  ретінде, «Қазгидромет»  өзінің  Атырау 
қаласындағы аймақтық базасының  негізінде  Каспий теңізінің  мониторингі  Орталығын құрды. 
Аталған  Орталықтың  мониторингтік  бағдарламасына  мұнай  өнеркəсіптік  нысандарының 
маңындағы ауаның күйін, жауан-шашын, ішкі жəне теңізүсті суларын, теңіз мұнай өнеркəсіптік 
нысандарына жақын су түбіндегі қалдықтарды, қалалық аудандар мен өнеркəсіптік нысандарға 
жақын  маңдардың  жер  қыртысын,  сондай-ақ  радиоактивтілік  деңгейін  бақылауды  жүзеге 
асырады.  Биологиялық  параметрлерге  мониторинг  жүргізілмейді.  Орталық  осы  тораптан 
алынатын  мəліметтерді  дистанциялық  барлау  мəліметтері  есебінен  алып,  толықтыруды 
жоспарлап  отыр.  Дегенмен  мониторинг  станциясының  қолданыстағы  торабы  Каспий 
теңізіндегі тез қарқында дамып келе жатқан мұнайгаз барлауын қамтуы мүмкін.  
 
Жер қыртысының жай-күйін мониторингтеу 
 
«Қазгидромет» 16 қаладағы жер қыртысының ауыр металдармен (кадмий, мыс, қорғасын жəне 
мырыш) ластануына мониторинг жүргізеді (3.1 карта). Сынамалар жылына екі рет өнеркəсіптік 
қалаларда  орналасқан  бірнеше  нүктелерде  жинақталады. 2010 ж. «Қазгидромет»  ауыл 
шаруашылық  жерлерінің  пестицид  жəне  басқа  да  БОЛ  ластануына  мониторинг  жүргізу 
жұмыстарын  бастауды  жоспарлап  отыр.  Қоршаған  ортаны  қорғау  Министрлігінің  табиғатты 
бақылау жөніндегі бақылау Комитеті Республиканың өнеркəсіптік қалаларында сынамалар алу 
жұмыстарын  жиі  жүргізбейді.  Денсаулық  сақтау  Министрлігі  қаланың  тұрғын  үй  жəне 
рекреациялық аудандарындағы сынамаларға эпизодтық іріктеу жүргізеді. «Қазгидромет» жəне 
Денсаулық  сақтау  Министрлігі  кейбір  қалалардың  сынамаларының  мəліметтерін  қайталамай, 
қалай  өзара  толықтырып  отырғандығы  да  беймəлім,  өйткені  олар  ОЭП  тобына  тиісті 
органдардың қызметімен келісілген растаушы куəліктерін көрсетпеген.    
 
Радиобелсенділік мониторингі  
 
«Қазгидромет»  қалалардағы  сəулелендіру-гаммасының  экспозициялық  мөлшерін  жəне 
атмосфералық  радиоактивті  құлаған  заттардың  қуаттылығын  күнделікті  өлшеу  арқылы 
атмосфераның  радиоактивті  заттармен  ластануына  мониторинг  жүргізеді (3.1 карта  жəне 3.1 
кес. қар.).  «Волковгеология» ұйымы Республиканың облыстарын  бұрынғы уран кенін өндіру 
салдарынан ластанған аймақтарға бөледі, осылайша радиация деңгейін жүйелі мониторингтеу 
нүктелерін  анықтайды. «Волковгеология»  Денсаулық  сақтау  Министрлігінің  залалданған 
облыстардың  радиациялық-гигиеналық  сипаттамалары («төлқұжаттары»)  деп  аталатын 
санитарлық-эпидемиологиялық  қызметімен  бірігіп  қызмет  атқарады.  Мұндай  ынтымақтастық  
2004  ж. 011 «Қазақстан  Республикасының  радиациялық  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету» 
бюджеттік  бағдарламасының  шеңберінде  жүзеге  асырылады.  Бүгінгі  таңға  дейін  қол 
жеткізілген нəтижелері 3.2 картада кескінделді (сондай-ақ 8.2 тарауын жəне 8 тар.бер. 8.1 енд. 
қара).  
 
Қазақстанның  Ұлттық  ядролық  орталығы  бұрынғы  Семей  ядролық  сынақ  полигонының 
аумағындағы  жағдайдың  радиологиялық  жəне  экологиялық  жағынан  бағалауды  жүзеге 
асырады.  Радиоактивті  ластану  саласы  бұрын  қауіпсіз  деп  есептелген  жерлерден  табылды. 
Ядролық сынақтың экологиялық салдары себеп-салдарлық байланыс туралы ғылыми білімнің 
жетіспеуіне байланысты бағаланбай келді.    


 
 
 
    
3-
Тарау

Хабар
лама
, жұртшылықтың
 қатысуы
 жəн
е бі
лі
мі
 
   
73 
3.1 Карта: ҚР-ғы экологиялық мониторингтің негізгі желісі
 
 
 
Дереккөзі:
 
«Қазгидромет»
, 2007 
Ескерту: Осы картада көрсетілген шекаралар мен атаулар БҰҰ тарапынан мақұлдауды немесе тануды білдірмейді
 


74
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
 
 
Биоəралуандылық, с.і. орманның биоəралуандылығының күйін мониторингтеу 
 
Ауыл  шаруашылығы  Министрлігінің  орман  жəне  аң  шаруашылығы  Комитеті  бес  жыл  сайын 
қазақстандық  ормандарға  жəне  олардың  əрбір  бес  жылдағы  кешенді  бағалануына  жыл  сайын 
инвентаризация жүргізеді. Олардың қорытындысы жарияланбағанымен, сұраныс жасау арқылы 
алуға болады.    
 
Аталған  Комитет  сондай-ақ  Президент  ісі  жөніндегі  Басқарманың  игілігіндегі  «Бурабай» 
Ұлттық  табиғи  паркінен  басқа,  барлық  күзетілетін  ұлттық  парктерді  басқарады.  Күзетілетін 
барлық  аумақтардың  əкімшілігі  өздерінің  қарамағында  орналасқан  флора  жəне  фауна 
нысандарының  тізімдемесін  жасайды.  Комитет  Ұлттық  Қызыл  кітапқа  енгізілген,  тұяқты 
жануарларды  тұрақты  есепке  алудың  толықтырылған  қорытындысынан  алынған  ақпараттың 
негізінде  Қазақстанның  сирек  немесе  жойылып  бара  жатқан  өсімдік  жəне  жануарлар  түріне 
есеп  жүргізеді.  Бұған  қоса,  шамамен 1500 аңшыдан  құралған  топ  аулауға  рұқсат  берілген 
түрлерінің  саны  туралы  мəлімет  жинақтайды.  Жиналған  мəліметтер  Білім  жəне  ғылым 
Министрлігінің  Зоология  Институтына  өткізіледі,  мұнда  аң  аулауға  рұқсат  беруге  негіз 
жасалады. Заңнаманың аң аулаудан басқа, шаруашылық мақсатта қолданылатын түрлеріне есеп 
жүргізуді  міндеттейтіндігіне  қарамастан,  Комитет  ресурстардың  жетіспеушілігінен  бұл 
міндетті атқара алмай отыр.   
 
Ауыл  шаруашылығы  Министрлігінің  балық  аулау  жөніндегі  Комитеті  балық  түрлерін 
инвентаризациялайды  жəне  Қазақстанда  қоректенетін  балықтардың  тізімдемесін  жасайды. 
Бұған қоса, Комитет сирек кездесетін жəне жойылып бара жатқан балық түрлері мен каспийлік 
итбалықтарды  жүйелі  түрде    инвентаризациялап  отырады.  Соңғы  инвентаризация 2006 ж. 
жасалынды. Олардың қорытындысы жарияланбағанымен, сұраныс жасау арқылы алуға болады. 
 
Жалпы  алғанда,  Республикадағы  омыртқалы  жануарлардың  түрлері  туралы  мəліметтер  ғана 
шектеулі  болып  отыр.  Қазақстандағы  басқа  жануарлар  топтарының  толық  инвентаризациясы 
жүргізілген  жоқ.  Жабайы  өсімдік  түрлері  туралы  мəліметтер  де  шектеулі.  Қазақстанның 
күзетілетін  аумақтардан  тыс  жатқан  жерлеріндегі  жабайы  флораға  жүйелі  инвентаризация 
жүргізілген емес. Орманда өсетін өсімдік түрлері туралы мəлімет жақсы қамтылған. Білім жəне 
ғылым  Министрлігінің  Ботаника  жəне  фитоинтродукция  Институты 2001 ж.  дəрілік 
өсімдіктерге арнайы инвентаризация жасады.  
 
3.3 
Ақпаратты басқару жəне есептілік 
 
Ақпараттар жүйесі 
 
2005  ж.  бастап  ҚОҚМ  ақпараттық-талдамалық  орталығы  табиғи  ресурстардың  тізімдемесі 
бойынша  берілген  мəліметтерді  қамтитын  электронды  база  құру  үстінде  жұмыс  жасауда.  Бұл 
жұмыс  Үкіметтің  2000 ж. 25 қыркүйектегі  № 1449 «Сандық  геоақпараттық  жүйелердің 
негізінде Қазақстан Республикасының табиғи нысандары кадастрының Бірегей жүйесін жасау 
туралы» Қаулысын орындау мақсатында атқарылып отыр. 2007 жылғы Экологиялық кодексте 
осындай кадастрлар мен мəліметтер базасын жасау қажеттілігі туралы мəселе  бекітілген.   
Қазіргі  уақытта  мұндай  мəліметтердің  орталықтандырылған  базасында  күзетілетін 
аумақтардағы  орман  шаруашылығы,  сонымен  бірге  жергілікті,  облыстық  жəне  мемлекеттік 
масштабтағы  жабайы  жануарлар  мен  балық  түрлері  туралы  мəліметтер  қамтылған.  Бұл 
мəліметтерге  көрнекілік  ретінде  карталар  қосымша  берілген.  Бастапқы  мəліметтер,  негізінен 
алғанда,  сəйкес  статистикалық  формалардан  алынады  да,  базаға  қолмен  енгізіледі.  Осы  жайт 
жұмыс барысын баяулатып, оны көп еңбекті қажет ететін деңгейге жеткізеді.     
 
Қазіргі  уақытта  мəліметтер  қорында,  ең  бастысы,  күзетілетін  аумақтар  мен  аң  аулауға  рұқсат 
етілген  жерлердегі  орман,  балық  шаруашылығының  тұрмыстық  жəне  əкімшілік  мəселелері 
толық  қамтылған.  Дегенмен  экологиялық  саясатты  өңдеу  үшін  бұл  мəліметтер  қорын 
пайдалану  аса  тиімді  бола  қоймас.  Егер  бұл  мəліметтер  қорына  қолжетімді,  кедергісі  жоқ 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау