Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет53/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   115

 
4 Тарау: Халықаралық келісімдер мен міндеттемелерді жүзеге асыру 
 
99 
 
 
Қазақстанға  екінші  фазаға  (жүзеге  асыру)  қатысу  туралы  ұсыныс  жасалынды,  мұнда 
көрсетілетін  қолдау  Конвенция  шеңберіндегі  кешенді  тапсырмалармен  байланысты 
мəселелерді шешуші елдерге көмек көрсетуге бағытталған.   
 
Қазақстанда    өнеркəсіптік  апаттардың  трансшекаралық  салдары  туралы  конвенцияны  жүзеге 
асырудың  заңнамалық  базасы  жасалынды.  Қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  қызмет 
нəтижелерінің бірінші Шолуы жазылған соң ҚР Үкіметінің Қауіпті өндірістік нысандардағы 
өндірістік  қауіпсіздік  туралы  Заң  (2002  ж.),  ТЖ  аса  тəуекелді  мекемелерінің  тізімін  бекіту 
туралы  шешімі (2001 ж.),  Қазақстанның 2004–2015 жылдарға  арналған  экологиялық 
қауіпсіздігі  Тұжырымдамасы,  сондай-ақ  Апатты  жағдайлар  мен  өндірістік  апаттардың 
алдын  алу  жəне  əрекеттесу  жəне  осы  саладағы  мемлекеттік  басқару  жүйесін  жетілдіру 
Тұжырымдамасымен  қатар  (2005  ж.).  бірнеше  заңдары,  шешімдері  жəне  саяси  құжаттары, 
қабылданды.  Институционалды  əлеуеттің  дамуын  төтенше  жағдайларды  мемлекеттік 
тұрғыдан  бақылау  жəне  мониторингтеу  жөніндегі  Комитет  пен  Ұлттық  кризистік  орталығы 
(аталған екі ұйым да ТЖ Министрлігінің құрамына кіреді) қамтамасыз етеді. Кен қазушы жəне 
мұнайгаз  салаларындағы,  сонымен  бірге  Каспий  теңізі  жағалауы  аймағындағы  компаниялар 
атқаратын алдын алу жəне дайындық шараларына басты назар аударылады. ТЖМ жəне басқа 
да мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жұмыстары қолға алынған, дегенмен мұндай 
үйлестіруді, ішінара, ҚОҚМ ғана бірігіп іске асыруға болады.   
 
Трансшекаралық ықпалдың қоршаған ортаға қатысты бағасы  
 
2001  жылы  Қазақстан  трансшекаралық  байланыстағы  (Эспоо  Конвенциясы)  қоршаған  ортаға 
ықпал  жасауын  бағалау  конвенциясына  (ҚОЫЖБ)  бірікті.  Қазақстан  Стратегиялық 
экологиялық  бағалау  Хаттамасын  (СЭБ)  бекіткен  жоқ.  Көрші  елдердің  ішінде  осы 
Конвенцияны  Əзірбайжан,  Қырғызстан  жəне  Ресей  Федерациясы  бекітті.  Қазақстан  өз 
заңнамасын осы Конвенциямен үйлестіруге көп күш салды. 2007 жылғы Экологиялық кодексте 
осы  конвенцияның  талаптарына  сəйкесетін  ережелер  қамтылған.  ОВОС  үрдісі  Мемлекеттік 
экологиялық  сараптама  процедурасына  енгізілген.  Алайда  жұртшылықтың  іс  жүзінде  осы  іс-
шараға қатысуы əлі нақтыланған жоқ əрі көп жағдайда бұл тек қағаз жүзінде айтылып жүр (1, 2 
жəне 3 Тар. қар.). СЭБ процесі Экологиялық кодекс шеңберіндегі заңды талап болып саналады, 
дегенмен  мұнда  берілген  атау  туралы  тікелей  аталған  ешқандай  мəлімет  кездеспейді (3 тар. 
қар.).  
 
Эспоо  Конвенциясын  жүзеге  асыруға  қатысты  аймақтағы  елдерге  көмек  көрсету  жəне  басқа 
елдерді  де  осы  Конвенцияны  қосуға  үндеу  мақсатында,  халықаралық  мекемелерге  көмекші 
ретінде екі аймаққа арналған жеке ережелердің екі кешені құрылды, атап айтсақ: Каспий теңізі 
аймағындағы  трансшекаралық  байланыстағы  қоршаған  ортаға  ықпал  етуді  бағалаудың 
негізгі қағидалары жəне Орталық Азия елдері үшін трансшекаралық байланыстағы қоршаған 
ортаға  ықпал  етуді  бағалаудың  негізгі  қағидалары.  ЕЭК  БҰҰ  қатысуымен 2005 жылдан 
бастап  ұшқыш  жобасын  іске  асыру  қолға  алынды  (Эспоо  Конвенциясының    Қазақстан  мен 
Қырғызстанда    тəжірибе  жүзінде  іске  асырылуы).  Қырғызстанның  кен  өндіруші  екі 
компаниясы  бойынша  (Жеруи  алтын  кені  үлескесі  жəне  Андаш  мыс/алтын  қазба  үлескесі) 
ОВОС материалдары Қазақстанға түсініктемелер беру үшін ұсынылды. Ұшқыш жобасын іске 
асыру тұрғысындағы екі ел арасындағы ынтымақтастық үлкен жетістікке қол жеткізді.    
 
4.4 
Екіжақты аймақтық ынтымақтастық жəне халықаралық техникалық көмек 
 
Екіжақты жəне халықаралық ынтымақтастық   
 
Қазақстан  қоршаған  ортаны  қорғау  саласында  екіжақты  жəне  аймақтық  ынтымақтастықты 
белсенді  дамытып  келеді.  Республика  қоршаған  ортаны  қорғау  туралы  оннан  аса  елдермен 
екіжақты  қарым-қатынас  жасауға  қол  қойды  (Ресей  Федерациясы,  Қытай  жəне  Қырғызстан), 
Құрама Штаттары, Швейцария жəне Əзірбайжан. Ресей Федерациясымен жасалған үш келісім 
Байқоңыр  космодромындағы  экология  жəне  табиғатты  қолдану  мəселелерін (2005 ж.), 


100
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
 
 
қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  ынтымақтастық (2004 ж.)  жəне  трансшекаралық  су 
қоймаларын  бірігіп  қолдану  жəне  қорғау (1992 ж.)  мəселелерін  қамтиды.  Қытаймен 
жасалынған  келісім  бойынша  трансшекаралық  өзендер  туралы  гидрологиялық  жəне 
гидрохимиялық  ақпараттар,  мəліметтер  алмасу  үрдісі  белгіленеді (2006 ж.).  Шу  жəне  Талас 
өзендеріндегі  гидрологиялық  құрылыстарды  мемлекетаралық  қолданыста  пайдалану  туралы 
Қырғызстанмен жасалған келісім осы екі өзен бойынша Комиссия құралғаннан кейін өз күшіне 
енді (2000.).   
 
Келтірілген  мысалдар  аймақтық  ынтымақтастық  үшін  трансшекаралық  су  мəселелерінің 
ерекше маңыздылығын атап көрсетеді. Бұдан басқа да аймақтық ірі мəселелер қатарына  Арал 
теңізі бассейнінің экожүйесі мен Каспий теңізіндегі ынтымақтастық жағдайы кіреді.    
 
2000  жылы  ОА  бес  елінің  қоршаған  ортаны  қорғау  министрлігінің  сауалы  бойынша  ірі 
аймақтық  мəселелерді  шешу  мақсатында  қоршаған  ортаны  қорғау  бойынша  атқарылатын 
қызметтің Аймақтық жоспарын құру туралы бастамасын ортаға салды (ҚОҚҚАЖ). ҚОҚҚАЖ 
2001  жылы  тұрақты  даму  жөніндегі  Мемлекетаралық  комиссияның  (ТДЖМК)  жалпы 
жетекшілік етуімен БҰҰДБ жəне ЮНЕП қолдауымен дайындалып шығарылды.  ҚОҚҚАЖ бес 
басым  сұрақтан  тұрады,  атап  айтсақ:  ауаның  ластануы,  судың  ластануы,  жердің  тозуы, 
қалдықтарды басқару жəне таулы экожүйелердің азуы. Əйтсе де ҚОҚҚАЖ шеңберінде жүзеге 
асырылатын  аймақтық  жəне  екіжақты  бағдарламалар  мен  жобалардың  болмауы  сияқты, 
ҚОҚҚАЖ  келесі  қызметі  туралы  да  мəлімет  берілмеген.  Осыған  орай,  аймақтық 
ынтымақтастық  пен  аймақтық  мəселелерге  қатысты  интеграцияланған  əдістерді  күшейту 
туралы жоспардың басымдылығына əлі қол жетпеген деген қорытындыға келеміз.    
 
Трансшекаралық сулар 
 
Қазақстан «Шығыс Еуропа, Кавказ жəне Орталық Азия елдерінің су ресурстары саласындағы 
ынтымақтастығының  басымдылығы»  жобасына  қатысады,  аталған  жоба  ЕЭК  БҰҰ  Су 
конвенциясының жұмыс бағдарламасының шеңберінде жасалынған. Бұл жоба трансшекаралық 
суларды басқарудың түрлі аспектілері бойынша ВЕКЦА елдерінің мамандарын ұзақ мерзімді, 
көп  салалы  дайындықтан  өткізуді  қамтамасыз  етеді. 2007 жылдың  қазан  айында  Алматы  су 
бассейндері, су  басқару жəне  аймақтық жоспарлау  жөніндегі  ЕЭК  БҰҰ, БҰҰДБ  жəне  ЕҚЫҰ 
ұйымдастырған біріккен семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: (a) трансшекаралық суларды 
бірігіп  басқару  институттарын  құру  аясындағы  ВЕКЦА  елдері,  түрлі  мекемелер  мен  жобалар 
аралығында  тəжірибе  алмасуға ықпал  ету  жəне  əлеуетті  дамыту; (b) тиімді  біріккен  органдар 
құруды алға жылжыту.   
 
Жоғарыда  аталған  Қазақстан  мен  Қырғызстан  аралығындағы  Шу-Талас  өзен  комиссиясы 
гидротехникалық  құрылыстарды  мемлекетаралық  қолдану,  сондай-ақ  суды  басқару 
инфрақұрылымының  техникалық  қызмет  көрсетуі  мен  пайдаланылуын  анықтау  жəне  бөлу 
жұмыстарына  жауап  береді.  Осы  уақытқа  дейін  Комиссияның  қызметі  жағымды  қырынан 
бағаланып  келеді  жəне  ол  басым  жағдайда  трансшекаралық  сулар  саласындағы 
ынтымақтастықты  кеңейту  тұрғысын  күшейтуге  байланысты  Орталық  Азияның  көптеген 
елдеріне үлгі болуға лайық.     
 
1992  жылғы Қазақстан  мен Ресей  аралығында қол  қойылған  трансшекаралық  суларды  бірігіп 
қолдану  жəне  қорғау  туралы  Үкіметаралық  келісім    екі  ел  арасындағы  біріккен  қызметтің 
негізіне  айналды.  Трансшекаралық  сулардың  гидрохимиялық  жəне  гидрологиялық 
мониторингі, 
ал 
Қазақстанда 
Солтүстік, 
Батыс 
жəне 
Шығыс 
Қазақстандағы 
гидрометеорологиялық  орталықтар  аралығында  мониторинг  өткізілу  үстінде.  Бұл  Келісімде 
трансшекаралық  сулардың  жағдайы  жəне  өзендер  елеулі  деңгейде  ластанған  немесе  оқыс  су 
тасқыны  болған  жағдайдағы  апатты  мəлімдеу  процедуралары  туралы  жиі  (ай  сайын)  ақпарат 
алмасу үрдісі қарастырылған.  
 
 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау