Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет44/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   115

80
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
 
 
2006 ж., ГЭЭ талаптарына сəйкес, бірнеше
 
ҮЕҰ Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы 
мұнайбұрғылау операциялары, Батыс Қазақстандағы мұнайхимиялық кешені жəне «Нұрқазған» 
таукенөндіруші кешені құрылыстарын салу сияқты ірі көлемдегі қоғамдық дəрістерге қатысты. 
ҮЕҰ
 
ұсынған пікірі осы аталған жəне басқа да жобаларға қатысты шешімдерді өңдеп жасауға 
көп ықпалын тигізді. Алайда
 
ҮЕҰ кең жұртшылық кəсіпорындардың болжалдық немесе болып 
жатқан ластаулары жөнінде жеткілікті мəлімет ала алмайды деп есептейді. Олар сонымен бірге 
құрылыс  кезінде  жобаны  жасаушылардың  жұртшылықтың  пікірін  білдіретін  ГЭЭ  шешімін 
елемеген жағдайларын да еске салып өтті.    
 
Мұндай заңдар жұртшылық пен ҮЕҰ дербес қоғамдық экологиялық сараптама (ҚЭС) өткізуге 
мүмкіндік  береді.  ҚЭС  ҮЕҰ  өткізуге  үлгі  боларлық  орындар  да  бар,  мысалы, 2007 жылы 
Экологиялық  қоғам  жəне  «Табиғат»  қоғамымен  ұйымдастырылған  «Қарашығанақ»  мұнайгаз 
кен орындарын ҚЭС атауға негіз бар. ҚЭС қорытындылары ГЭЭ бойынша шешім қабылдауға 
арналған ұсыным ретінде бағаланады.    
 
ҮЕҰ ҚР заң жобаларын талқылауға қатысқандығы туралы да мəліметтер бар. Мəселен, ҚОҚМ 
ұйымдастырған қоғамдық  төрт  дəрісте ҮЕҰ  «экологиялық  кодекс» жобасын  талқылады. 2007 
ж.  шілде  айында  қалалық  аудандардың  экологиялық  қауіпсіздігі  жөнінде  қоғамдық  дəріс 
өткізілді.  Мұндай  дəрістер  көбінесе  аймақтық  деңгейде  ұйымдастырылады. 2007 б.  бойы 
ҚОҚМ  жəне  оның  аймақтық  органдары  қоршаған  орта  мəселелері  тұрғысындағы  қоғамдық 
дəрістер компаниясын өткізді.    
 
Бұған  қоса,  ҮЕҰ  өз  бастамасымен  заңнамалық  актілердің  маңызды  жобалары  бойынша 
қоғамдық дəрістер ұйымдастырғандығы туралы да мысалдар жеткілікті. Олардың ішінде 2002 
жылы  парламенттің  сұрауы  бойынша  «Жасыл  ортаны  қорғау»  экологиялық  қоғамымен 
өткізілген  «Орман  кодексі»  ОЭЭ  жобасы,  сондай-ақ 2003 жылы  ҮЕҰ
 
тобының  бастамасы 
бойынша  радиоактивті  қалдықтарды  импорттауға  қатысты  тыйымды  алып  тастауға 
бағытталған  қоршаған  ортаны  қорғау  туралы  күшін  жойған  заңға  түзетулер  енгізу  жобасы 
бойынша  өткізілген  қоғамдық  дəрістер  бар.  ҚОҚМ  өзінің  барлық  нормативтері  мен 
ережелерінің жобаларын Қазақстанның жеті негізгі өнеркəсіптік жəне іскери кəсіпорындарына 
таратты  жəне  олардың  ұсынылуын  ескеріп  отыр.  Аталған  бірлестіктер  ҚОҚМ  қаулы 
жобаларын талқылайтын сараптамалық кеңесі жөнінен аккредиттелген.   
 
ҮЕҰ  жұртшылықтың  мемлекеттік  органдардың  ірі  шетелдік  компаниялармен  орнататын, 
минералды  ресурс  жəне  энергия  өндірумен  байланысты  өнімдерінің  тарауы  бойынша 
келісімдер  туралы  мəліметке  қол  жеткізе  алмай  отырғандығына  алаңдаушылық  туындауда. 
Олардың  пікірінше,  мұндай  келісімдер  жоғарыда  аталған  келісімдермен  ҚОҚМ 
құжаттамасында  болжалуы  əрі  сипатталуы,  сондай-ақ  жұртшылық  үшін  қолжетімді  болуы 
қажет, елеусіз жағымсыз экологиялық салдары бар жобаларды жасауға алып келеді.    
 
Заңнама жұртшылықтың экологиялық рұқсат беру туралы шешім қабылдау үрдісіне қатысуын 
қарастырмайды.  Жақын  уақытқа  дейін  ҚОҚМ  вэбсайтында  министрлікпен  берілген  рұқсат 
туралы мəлімет берілді.  
 
2004  ж.  елдің  барлық  облыстарындағы  сот  жəне  табиғатты  қорғау  жөніндегі  прокурорларына 
арналған  Конвенции  бойынша  ақпараттар  алу,  жұртшылықтың  қоршаған  ортаға  қатысты 
мəселелер  тұрғысында  шешім  қабылдау  үрдісіне  қатысуы  туралы  мəліметке  қол  жеткізуі 
туралы  оқу  семинарларының  циклы  ұйымдастырылды  (Орхусс  конвенциясы).  Бұл  акцияны 
ҚОҚМ,  сондай-ақ  Қазақстанның  Жоғарғы  соты  мен  Алматыдағы  ЕҚЫҰ  елдік  офисі 
ұйымдастырған еді.   
 
Қазақстанның  Жоғарғы  соты  Орхусс  конвенциясын  жүзеге  асыру  жөніндегі  жұмыс  тобын 
құрды.  Бұған  қарамастан,  Қазақстандағы  қоршаған  орта  мəселелері  бойынша  əділ  сот 
төрелігіне қол жеткізуіне қатысты, азаматтардың жəне ҮЕҰ табиғатты қорғау заңнамаларының 
бұзылуына  байланысты  шағымдары  мен  қуынымдарының  əкімшілік  жəне  сотта  кешіктіріліп 


 
3 Тарау: Ақпарат, жұртшылықтың қатысуы жəне білім 
81 
 
 
қарастырылуы,  сонымен  қатар  сот  орындарының  азаматтар  мен  ҮЕҰ  өтініштерін 
қарастырудағы негізсіз бас тарту жағдайларының артуы қауымдастықты алаңдатып отыр.  
 
2004  жəне  2006 жж.  аралығында  конвенцияны  бақылау  жөніндегі  Комитетке  жұртшылық 
тарапынан  Қазақстанның  Орхусс  Конвенциясының  ережелерін  талапқа  сəйкес  орындамай 
отырғандығы жөнінде төрт үндеуі түсті. Аталған  Комитет өз қорытындысы мен ұсынымдарын 
төрт  үндеудің  үшеуі  бойынша  жариялады.  Ұсынымдарымен  қоса  берілген  бастапқы  екі 
қорытынды 2005 жылы  Алматы  қ.  өткен  тараптардың  Мəжілісінде  мақұлданды.  Комитеттің 
шешімі  бойынша,  Қазақстан  Конвенцияның  ережелерін  билік  жəне  сот,  əсіресе  жергілікті 
деңгейдегі органдардың орындау барысын ретке келтірудегі бақылауын күшейту жұмыстарын 
белсендіруі  тиіс.  Бұл  үшін  биліктің  осыған  сəйкес  органдары  алдымен  мемлекеттік 
қызметкерлер  мен  сот  билігінің  əлеуетін  арттыруға  мүмкіндік  беретін  жүйелендірілген  əдіс 
жасауы  қажет.  Сонымен  қатар  азаматтардың  өзіндік  экологиялық  құқығы  немесе  олардың 
бірлестіктерінің  құқығы  бұзылған  жағдайда  сотқа  жүгіну  əрекеттерін  жеңілдететін  тиімді 
механизмдерді де дамытуды қолға алу қажеттілігі міндеттеліп отыр.    
 
3.5 
Экологиялық білім 
 
Мектепке дейінгі жəне мектеп білімі    
 
2001 ж. мектепке дейінгі білім беруде міндетті талап бойынша экология мəселелері кіргізілді. 
Қазақстанда жыл сайын үш жасар балаларға экология бойынша жиырма төрт  жəне төрт жастан 
алты  жасқа  дейінгі  балаларға  қырық  сегіз  сағат  сабақ  өткізіледі.  Осыған  сəйкес  экологиялық 
бағдарламалар  жасалды;  мектепке  дейінгі  мекемелердегі  мұғалімдердің  бағдарламаларына 
экологиялық мəселелер қосылды.  
 
Қазақстан жаратылыстану, биология, география, химия жəне физика пəндері бойынша мектеп 
курстарына  нақты  экологиялық  мəселелер  енгізу  арқылы  оқушылар  арасында  экологиялық 
білім  жүргізуді  жүзеге  асырады.  Осы  мəселелердің  қоғамдық  ғылымдар  жөніндегі  курстарға 
енгізілгендігі  туралы  айғақ  жоқ.  Экология  өз  бетінше  факультатив  ретінде  өткізіледі. 
Мектептерде экологиялық білім беруге байланысты тұжырымдамалық əдістің болмауы мектеп 
бітірушілерінің  қоршаған  орта  туралы  біртұтас  білімі  туралы  түсінігі  бар  екендігі  жөнінен 
күмəн  туғызуға  негіз  болады.  Экологиялық  пəндерді  тереңдетіп  оқыту  бірнеше  мектептерге 
ғана ұсынылған.    
 
Кəсіби жəне жоғары білім 
 
Экология  жөніндегі  курс  Қазақстанның  бірде  бір  орта-техникалық  білім  беру  мекемелерінің 
оқу  жоспарына  енгізілмеген.  Республикада  қоршаған  ортаны  қорғау  саласына  қатысты 
мамандар даярлайтын кəсіби-техникалық мекеме жоқ.    
 
Экология  барлық  жоғары  оқу  орындарында  міндетті  оқыту  пəніне  айналған.  Дегенмен  басқа 
міндетті  пəндермен  салыстырғанда,  экология  пəні  бойынша  семестр  соңында  сынақ  немесе 
емтихан тапсыру міндеті жүктелмейді, бұл түсінікті себептер бойынша студенттердің көп күш 
жұмсауын қажет етпейді. ҚОҚМ курс пəнін аяқтаған соң емтихан тапсыру қажетті болатындай 
тұрақты даму жөніндегі курсқа айналдырып, өзгерткісі келеді.   
 
Мамандандырылған  экологиялық  оқу  бағдарламалары  қатары  да  бар, «Экология», «Өмір 
қызметі мен қоршаған ортаны қорғау» жəне «Су ресурстар жəне суды қолдану» тақырыптары. 
Мұндай  тақырыптар  Республиканың  шамамен  тек  отыз  ЖОО  ғана  өткізіледі.  Экологиялық 
менеджмент, экологиялық құқық жəне экологиялық бақылау сияқты маңызды пəндер бойынша 
осы  күнге  дейін  оқу  бағдарламалары  жасалмаған.  Жоғарыда  аталған  пəндер  бойынша 
дайындықтың болмауына қарай, мемлекеттік жəне жекеше секторларда өнеркəсіптің қарқынды 
дамып келе жатқан экологиялық зиянды саласы, мемлекет ретіндегі ҚР мұқтаж болып отырған 
арнайы мамандардың жетіспейтіндігі сезіледі.     


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау