Оқулық Алматы 014 Давильбекова Ж.Қ. Кəсіпорын экономикасы: Оқулық Алматы



жүктеу 4,91 Mb.
Pdf просмотр
бет50/85
Дата28.12.2019
өлшемі4,91 Mb.
#25351
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   85

144
мұндағы К
тқ
 – тізімдегі құрамның коэффициенті (К
тқ
>1), N
к
 – қызметкерлердің
жалпы  келу  саны. К
тқ
    тізімдегі  құрамнан  келетін  құрамға  ауысу  үшін
анықталады. К
тқ
 геологиялық ұйымның күнтізбелік кезеңдегі жұмыс тəртібі мен
қызметкерлердің  жұмысқа  шығу  санына  байланысты  болады. Бұл
коэффициентті анықтау үшін, алдын ала 1 жұмысшының жəне ұйымдастыруды
басқару  мен  геологиялық  тапсырманы  орындау  міндетін  атқаратын  маманның
жұмыс  уақытының  баланстары  құрастырылады. 16-кестеде  бір  жұмысшының
жұмыс уақытының болжамды жоспарлық баланстары келтірілген.
16-кесте
Партияның (экспедицияның) тəулік бойына жұмыс жасауы барысында бір
жұмысшының орташа бір жыл ішіндегі жұмыс уақытының болжамды
жоспарлық балансы
Жұмыс тəртібі
Уақытты пайдалану
24-күндік кезекті
демалыс барысында
18-күндік кезекті
демалыс барысында
Жыл ішіндегі күндердің күнтізбелік саны
365
365
Демалыс (жексенбі жəне сенбі) күндері
104
104
Мейрам күндері
8
8
Кезекті демалыстар
24
18
Сырқатына байланысты жұмысқа шықпау
3
2
Мемлекеттік жəне қоғамдық міндеттер
атқару
$$$1
1
Босануға байланысты демалыс
--
2
Барлық шықпаған күндері
140
135
Жұмыс күндері
225
230
Тізімдегі құрамнан келетін құрамға ауысу
коэффициенті
1,58
Үздіксіз жұмыс үшін
365/225=1,62
365/230 =1,58
Үзілмелі жұмыс үшін
305/225=1,35
305/230 =1,39
Геологиялық  барлау  жұмыстарының  көлеміне  байланысты, геологиялық
кəсіпорындар мен ұйым қызметкерлер құрамы  шартты-тұрақты жəне шартты-
ауыспалы  құрам  қызметкерлеріне  бөлінеді. Тұрақты  құрам  қызметкерлерінің
саны  көп  жағдайда, ол  геологиялық  барлау  жұмыстарының  көлеміне  тікелей
байланысты  болмайды. Ол  жұмыс  орындарының  саны  мен  тұрақты  қызмет
көрсетуді  талап  ететін (компрессор  машинистері, көтергіш  машиналардағы
оқпандар, т.б.) агрегаттардың  саны  бойынша  анықталады. Ауыспалы  құрам
қызметкерлерінің  саны, геологиялық  барлау  жұмыстарының  көлеміне  тəуелді
болады  жəне  еңбек  өндірісділігінің  қол  жеткізілген  деңгейін  ескере  отырып,
қолданыстағы өндіріс мөлшері бойынша жоспарланады.
Кадрлар  санын  жоспарлау. Болашақта  еңбек  қорларын  пайдаланудың
тікелей есебін жүргізер алдында, олардың жоспар алды кезеңіндегі жағдайына


145
талдау өткізіледі. Геологиялық барлау саласында жұмыс жасайтындар санының
өсу  қарқыны  мен  жоспарланатын  кезеңге  дейінгі  мерзімдегі  геологиялық
барлаудың еңбек қорларын бөлудегі маңызды үйлесімділіктердің талдауынсыз,
баланстық есептеулер негізінде жатқан  əрбір көрсеткіштің талдауынсыз, еңбек
қорларын  пайдалану  бойынша  жоспарлық  жобалауларды  экономикалық
тұрғыдан  негіздеу  мүмкін  емес. Талдау  мен  жоспарлық  есептеулер  бірыңғай
үдерістің  екі  кезеңін  құрайды. Соның  нəтижесінде, саланың  еңбек  қорларын
пайдалануды жоспарлаудың ең жақсы нұсқасы таңдалады.
Еңбек қорларын талдаудың негізгі бағыттары:
 кадрларды саны мен құрамына қарай пайдалану, бұл кадрларды дұрыс
орналастыруға  жəне  олардың  санының  өндірістік  бағдарламаларға  сəйкес
келуіне септігін тигізеді;
  негізгі  жұмысшылардың  қызметкерлер  құрамының  жалпы  санындағы
үлесін ұлғайту мақсатымен, кадрлар құрылымын талдау;
  жұмысшылардың  кəсіби  жəне  біліктілік  құрамын  талдау, соның
нəтижесінде  жұмысшы  кадрларды  қажетті  мамандықтармен  жабдықтау
бойынша шаралар қолданылады.
Алдыңғы  кезеңде  атқарылған  жұмыс  жөнінде  есептік  мəліметтерді
талдау, еңбек  өндірісділігінің  жоспарлы  өсуі  жəне  геологиялық  барлау
жұмыстарын  өндіру  жоспарының  негізінде  санаттар  бойынша  жоспарланатын
кезеңде қажет болатын қызметкерлер саны анықталады.
Жұмысшылар  санын, еңбекті  мөлшерлеу  мəліметтер  негізінде
анықтайды: өндіріс мөлшері, уақыт мөлшері, озық өндірістік тəжірибені ескере
отырып, агрегаттар мен жұмыс орындарында жұмыс жасау мөлшері.
Агрегаттар  мен  жұмыс  орындары  бойынша  есептеулер  жүргізу
барысында  кезек  бойына  бір  агрегатта (жұмыс  орнында) жұмыс  жасайтын
нақты  штатты  негізге  алады. Бір  агрегатта  жұмыс  жасаудың  штаттық
мөлшерлемесі, техникалық мөлшерлеу мəліметтері бойынша жұмыс жасаудың
озық  əдістерін, мамандықтарды  қатар  алып  жүру  жəне  көп  агрегатта  жұмыс
жасау мүмкіндігін ескере отырып белгіленеді.
Жұмысшылардың  тізімдегі  санын N
т
  төмендегідей  формуламен
есептейді:
т
т
К
n
a
N
N
×
×
×
=
;
мұндағы N – кезек барысында бір агрегатта жұмыс жасауға қажет жұмысшылар
саны; а – жұмыс  жасап  тұрған  агрегаттар  саны; п – тəулік  ішіндегі  кезектер
саны, К
т
 – тізімдегі құрамның коэффициенті.
Жұмыс  бірлігіне  шаққандағы  уақыт  мөлшері  бойынша  жұмысшылар
санын  есептеу, белгілі  жұмыс  көлемін  өндіруге  немесе  жұмыс  бірлігіне
шаққандағы  адамсағат  немесе  адам  кезекпен  берілетін  уақыт  мөлшері
белгіленген 
учаскелер 
үшін 
қолданылады. Бұл 
əдіс 
барысында
жұмысшылардың қажетті тізімдегі саны мен формуласы:


146
б
т
т
T
К
Q
t
N
×
×
=
;
мұндағы t – жұмыс бірлігін орындауға қажет уақыт, сағ. немесе кезек; Q
– жоспар  бойынша  белгіленген  жұмыс  көлемі; Т
б
 – бір  жұмысшының
жоспарлық баланс бойынша жұмыс жасаған уақыты, сағ. немесе кезек.
Өндіріс мөлшері бойынша есептеу жүргізу барысында жұмысшылардың
тізімдегі  саны, табиғи  көрсеткіштермен  берілген  өндірістік  бағдарламаны  бір
жұмысшының  жоспарланатын  кезеңдегі  өндірісінің  сол  көрсеткіштермен
есептелген  мөлшеріне  бөлу  арқылы  анықталады. Бұл  есептеулерді  мына
формула бойынша жасауға болады:
б
ө
т
т
Т
H
К
Q
N
×
×
=
мұндағы  Н
ө
— бір  жұмысшының  бір  жұмыс  сағаты  немесе  кезегінде
орындайтын өндірісінің мөлшері.
Өндіріс  пен  агрегаттардың  нақты  учаскелеріндегі  жұмысқа  қатысы  бар
көмекші  қызметкерлер  құрамының  саны (кезекші  ұсталар, электршілер, т.б.)
жасалатын  жұмыс  мөлшері  бойынша  анықталады. Жұмыс  мөлшерін  белгілеу
барысында  жабдық  саны  мен  оның  күрделігін, учаскелер  саны  мен  олардың
орналасуын, жұмыс  кестелерін  негізге  алады. Жұмыс  мөлшері, зерттеу
нəтижесінде немесе ұқсас алдыңғы қатарлы партиялардың (экспедициялардың)
мəліметтері  бойынша  анықталады. Егер  көмекші жұмысшылар мөлшерленетін
жұмыстарда  еңбек  ететін  болса, олардың  саны    негізгі  жұмысшылардың
санындай анықталады.
Тікелей  геологиялық  барлау  жұмыстары  өндірісінде  жұмыс  жасайтын
жəне  өндірісті  басқару  функцияларымен  қатар, геологиялық  тапсырмаларды
орындайтын  басшылар  мен  мамандардың  саны  геологиялық  ұйымдардың
(партиялардың, экспедициялардың) ұйымдастырушылық  құрылымын, жұмыс
мазмұны  мен  жұмыс  кезектерінің  санын  негізге  ала  отырып  жоспарланады.
Осы  санаттағы  қызметкерлердің  санын, сондай-ақ  геологиялық  ұйымдарды
басқарумен  айналысатын  қызметкерлердің  санын, геологиялық  барлау
жұмыстарының  көлемі  мен  геологиялық  ұйымдардың  ұйымдастырушылық
құрылымына  қарай  типтік  штаттық  сұлбаларды  негізге  алып  анықтайды.
Басшы, маман  жəне  қызметкерлердің  санын  жоспарлау  барысында, артық
қызметтерді қысқарту жəне басқару сапасы мен өндірістің жұмысын жақсарту
мақсатында, олардың жұмысын барынша тығыздауға тырысады.
Кіші қызметкерлер құрамының санын жоспарлау  бір адамның белгілі
бір  көлемде  механизмдер  мен  құрылғыларды  қолдана  отырып  жұмыс  жасау
мөлшеріне негізделеді. Əрбір жеке қызметтің қажеттілігін негіздегеннен кейін,
штаттық кесте құрастырылады.
Сала, бірлестік немесе кəсіпорындардағы қызметкерлердің жалпы саны,
геологиялық барлау жұмыстарының ақшалай түріндегі көлемі жəне дəл сондай


жүктеу 4,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау