141
геологиялық ұйымдардың аумақтарын тазарту жəне көркейтумен айналысатын
кіші қызметкерлер құрамын жатқызады.
Басшылар мен мамандар қатарына өндірістік-шаруашылық қызметке
техникалық, өндірістік жəне экономикалық басшылықты жүзеге асыратын
тұлғалар жатады. Олар партия мен экспедиция басшылары, бас инженер-
геологтар, геофизиктер, жоспарлаушылар, т.б. Геологиялық барлау өндірісінің
ерекшеліктері басшылар мен мамандарға үлкен талаптар қояды. Басқа
салалардағы дəл сондай қызметкерлермен салыстырғанда, олар өндіріс пен
шаруашылықты басқарып қана қоймай, көпшілік жағдайда геологиялық
тапсырмаларды негізгі орындаушылар болып табылады. Орындайтын
жұмыстардың сипатына қарай, геологиялық барлау өндірісінің басшылары мен
мамандарының тау-кен инженер-геологы, геофизик, маркшейдер гидрогеологы,
экономист, т.б. мамандықтары болады.
Қызметкерлер қатарына əкімшілік-шаруашылық жұмыстың есептеу,
жабдықтау, өтім, қаржыландыру, кеңселік, т.б. қызмет түрлерін орындайтын
тұлғалар – бухгалтерлер, есепшілер, кассирлер, жабдықтау жəне өтім жөніндеғі
инспекторлар, т.б. жатады.
Кіші қызметкерлер құрамына еден тазалаушылар, күзетшілер, аула
сыпырушылар, курьерлер, от жағушылар, гардеробшылар жатады.
Оқушылар – білікті жұмысшы қатарына өту үшін, кəсіпорында оқып
үйренуші тұлғалар.
Кадрлар құрылымы түрлі санаттағы қызметкерлер саны арасындағы
қатынаспен сипатталады (15-кесте).
15-кесте
КСРО геологиялық қызметі кадрларының құрылымы, %
Жыл
1976
1980 1982
1987
2000 ҚР-
да
Өнер
кəсіпте
БАРЛЫҒЫ
100
100
100
100
100
оның ішінде:
жұмысшылар
52,9
55,1
55,1
52,1
46
70
Басшылар жəне
маман қызметкерлер
40,8
4,3
38,3
4,6
38,6
4,5
{46,3
54
23
Қ, күзет, оқушылар
2
2
1,8
1,6
6,0
Геологиялық қызмет кадрларының құрылымына басшылар мен
мамандардың үлкен үлесі тəн. Себебі, геологиялық барлау жұмыстарының
барлық негізгі түрлерінде, əсіресе геофизикалық зерттеулерде, олар
геологиялық тапсырмаларды негізгі орындаушылар болып табылады. 1976
1987 жж. арасындағы геологиялық қызмет кадрларының құрылымы
142
төмендегідей өзгерген: 1976 жылы жұмысшылар еңбек етушілердің жалпы
санының 52,9%-ын, ал басшылар мен мамандар – 40,8%-ын құраған болса,
2000жылы жұмысшылардың үлесі негізінен, геологиялық барлау жұмыстарын
өндіру барысында геологиялық зерттеулер жүргізумен тікелей айналысатын
мамандар санының өсуі есебінен 46,5%-ға төмендеген.
Геологиялық қызметте еңбек қорларының тиімді пайдаланылуы, көбіне
саладағы еңбек ұжымдарының əлеуметтік-экономикалық мəселелерін шешуге
байланысты болады: еңбек жəне тұрмыс жағдайларын жақсарту, қызметкерлер
мен олардың отбасыларының мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыру,
еңбектің шығармашылық мазмұнын күшейтіп, оны бірте-бірте өмірлік
қажеттілікке айналдыру. Ауыр дене еңбегі мен төмен біліктілікті қажет ететін
еңбек түрлерін күрт азайту. Ал болашақта оларды мүлдем жою, техника
қауіпсіздігін, еңбектің ғылыми ұйымдастырылуы мен еңбекақының төленуін,
қоғамдық тамақтандырудың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету. Сонымен
қатар медициналық қызметті жақсарту, қызметкерлердің отбасыларын жеке
пəтерлермен қамтамасыз ету, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің,
пансионаттардың, мəдениет үйлерінің, спорт базалары мен басқа да демалыс
нысандарының желісін дамыту, т.б. Еңбек қорларын пайдаланудың аталған, т.б.
əлеуметтік-экономикалық мəселелері, геологиялық қызметте, өнеркəсіптің
басқа салаларына қарағанда, күрделі шешіледі. Орталық аудандардан тым
шалғай орналасу, ауыр климаттық жағдайлар, жұмыс орындарының жиі
ауысып тұруы сияқты көптеген факторла, геологиялық барлау жұмыстарының
өндірісіне де, қызметкерлер мен олардың отбасылары өмірінің тұрмыстық
жағдайларына да, өте жағымсыз əсерін тигізеді.
Ұжымды қалыптастыру төмендегілерді қамтиды:
кадрларды таңдау;
кадрларды орналастыру;
қызметті бағалау жəне кадрларды жетілдіру;
кадрларды ұтымды пайдалану.
Кəсіби дамыту төмендегілерден тұрады:
кəсіби оқыту;
мамандар мен басшылар резервін дайындау;
мамандардың мансабын өсіру.
Кадрлар қозғалысының көрсеткіштері:
1) Жұмыс күшінің жалпы айналымының коэффициенті (К
жа
):
от
шығ
қаб
жа
с
с
с
К
+
=
;
с
қаб
– қабылданғандардың
саны, адам.;
с
шығ
– жұмыстан
шығарылғандардың саны, адам.; с
от
– сол кезеңнің орташа тізімдік саны, адам.
2) Жұмыстан шығарылу жəне кету бойынша айналым коэффициенті
(К
шығ
):
от
шығ
шығ
с
с
К
=
;
143
қабылдау бойынша (К
қаб
):
от
қаб
қаб
с
с
К
=
;
3) Кадрлар тұрақсыздығының коэффициенті (К
тұр
):
от
шығ
тұр
с
с
К
1
=
;:
С
шығ
1
– жұмыстан өз қалауымен шыққан жəне еңбек тəртібін бұзғандығы
үшін жұмыстан шығарылған қызметкерлер саны.
4) Кадрлардың ауысу отыру коэффициенті (К
к.а.
):
от
а
ка
с
с
К
=
с
а
– нақты
кезеңде
жұмысқа
қабылданғандардың
немесе
шығарылғандардың ең аз саны.
Геологиялық барлау кəсіпорны кадрларының саны, құрамы мен
құрылымы (ҚР ТҚМ).
Геологиялық барлау жұмыстарында – 80%;
ҒЗҰ-да (ғылыми-зерттеу ұйымдарында) – 15%;
Өнеркəсіпте – 3%;
Басқару ұйымдарында – 2%.
Соңғы 10 жыл ішінде ГБЖ саны 4 есе қысқарған.
Жұмысшы жəне инженерлік кадрларға қажеттілікті қанағаттандыру
көздері: кəсіпорындардың өз қызметкерлерің жұмыссыз жасамайтын халық
арасынан қабылдауы; жалпы білім беретін мектепті бітірген жастарды жұмысқа
орналастыру; елдің кейбір аудандарында жұмысшыларды ұйымдасқан түрде
қабылдау; кəсіби-техникалық оқу орындарын аяқтаған жас жұмысшыларды
орналастыру; жоғарғы жəне орта арнайы оқу орындарын бітіргеннен кейін,
мамандарды орналастыру.
Геологиялық барлау кəсіпорындарының жұмысшыларды қабылдауы,
өздерін кадрларымен толықтырудың негізгі түрі болып табылады.
Кəсіпорынның еңбек күшіне деген қажеттілігінің жартысынан астамы, осы
тəсілмен қанағаттандырылады.
Қызметкерлердің тізімдегі жəне келетін құрамдары. Қызметкерлердің
саны олардың тізімдегі жəне келетін құрамдары бойынша есептеледі.
Тізімдегі құрамға геологиялық ұйымның тұрақты, уақытша, мерзімді
қызметкерлерінің барлығы енгізіледі. Келетін құрамда – берілген күні,
жұмысқа
шыққан
жұмысшылардың
саны
көрсетіледі. Келетін
құрамдағылардың саны демалысқа кету, ауру, т.б. себептер бойынша жұмысқа
шықпауға байланысты тізімдегі құрамнан əрқашан кем болады. ГҰ
қызметкерлерінің тізімдегі құрамы мына формула бойынша есептеледі:
к
тқ
тқ
N
К
N
×
=
;
Достарыңызбен бөлісу: |