137
Айналымдық
қаражаттарға
қатысты
қосымша
қажеттілік,
қаржыландырудың жеке өзіндік көздері мен несиелік көздері есебінен
қанағаттандырылуы мүмкін.
8.4 ГБЖ саласы қаржыларын
қалыптастыру ерекшеліктері
1. ГБЖ-да өндірістің ерекшелігіне байланысты (14-кесте), айналымдық
қорлардың шикізат, негізгі материалдар жəне сатып алынатын жартылай
өнімдер сияқты элементтері, өндірістік үдеріске қатыспайды. Себебі, жер
қойнауындағы пайдалы қазбалардың кендері «өзіндік зат» болып табылады.
Олар тек өндірілгеннен кейін ғана, минералдық шикізатқа айналады.
14-кесте
Негізгі жəне айналымдық қорлардың ерекшеліктері
Айрықша белгілер
Негізгі қорлар
Материалдық емес
активтер
Айналымдық қорлар
Өндірістік үдеріске
қатысу түрі
Еңбек
құралдары
ретінде
Еңбек құралдары
ретінде
Еңбек заттары
ретінде
Өндірістік үдеріске
қатысу сипаты
Көпқайтара, бірнеше
өндірістік циклде
жұмыс жасайды
Көпқайтара, бірнеше
өндірістік циклде
жұмыс жасайды
Əрбір жаңа
өндірістік циклде
толығымен, яғни,
біррет
пайдаланылады
Бағаны дайын өнімге
ауыстыру тəсілі
Өз
бағасын барлық
қызмет еткен мерзім
бойына бөлшектеп
ауыстырады
Өз бағасын барлық
қызмет еткен мерзім
бойына бөлшектеп
ауыстырады
Өз бағасын əрбір
өндірістік циклде
дайын өнімге
толығымен
ауыстырады
Өндіріс
барысында
табиғи нысанының
өзгеруі
Өзгермейді, өзінің
табиғи нысанын
сақтайды
Материалдық
нысаны
болмайды
Өзгереді жəне
толығымен жаңа
өнімге ауысады
2. «Дайын өнім» деген бап жоқ, себебі ГБЖ ақырғы өнімі пайдалы
қазбалардың барланған қорлары болып табылады.
3. Айналымдық қорлар айналыс қорларынан 4,5 есе дерлік артық: бұл
ГБЖ ерекшелігіне байланысты.
4. ГБЖ АҚ-ның айтарлықтай бөлігі (жалпы сомасының 50%)
жұмыстардың таралу аумағының кеңдігіне, мерзімділігіне, қамсыздандыру
жағдайының
ауырлығына байланысты, өндірістік қорларда қолданылады.
5. Дала құрал-саймандары мен төсек жабдықтары есебінен, құндылығы
төмен жəне тез тозатын заттардың үлесі жоғары болады.
6. АҚ құрамына кіреді: құрылыс-монтаждау жабдығы, құрылғылар,
қаптама құбырлар.
7. Аяқталмаған өндіріс АҚ-да 50-52%-ды құрайды.
8. АҚ-ны патрия бастығы еңбекақыны төлеуге үшін қажет есепті, сомалар
ретінде пайдаланады.